Үкі би Төлепұлы

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAqaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға белгілі би Үкі Төлепұлы «мөрін басты».

Үкі би Төлепұлы ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүздің қоғамдық-саяси өмірінде көзге түсіп, ел істеріне белсенді араласқан, сол тұстағы мұрағат деректеріне есімі таңбаланған тарихи тұлға. Оның қызметі атақты Сырым батыр заманынан бастау алып, Айшуақ, Жантөре, Шерғазы, Бөкей хандардың, Қаратай, Орман, Арынғазы сұлтандардың ел басқару кезіндегі күрделі де қым-қуыт тарихи оқиғалармен байланыста дамыды. Шежіре бойынша бидің ата-тегі Байбақты – Әлтеке – Жабағы – Қожамсүгір – Марғұл – Дәуіт – Төлеп – Үкі болып тармақталады.

Үкі бидің әкесі Төлеп те би әрі старшын болған. Ал Үкі бидің өзі Кіші жүздегі Хан кеңесінің заседателі, старшын атанған. Белгілі тарихшы Жәнібек Исмурзиннің мұрағат құжаттары негізінде жазылған «Үкі би жəне оның заманы» атты ғылыми мақала «DANAkaz» журналының 2 санында жарық көрді. Əйгілі Үкі бидің басына қызыл кірпіштен сегіз қырлы етіп кесене тұрғызылған. Бұл кесене Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Базартөбе селолық округіне қарасты Қызылжар ауылында орналасқан.

Бөлісу: 
Дополнительные фотографии: