Тарих толқынында

Тарихшы-өлкетанушылар назарына! Тарихи-танымдық DANA.kaz журналы Батыс Қазақстан өңіріне қатысты тарихи мақалаларды, өлкетану деректерін танымал тұлғалар туралы мәліметтерді www.danakaz.kz сайтына жинақтау үстінде.

Сондықтан Сіздерден туған жер тарихына қатысты бұрын-соңды жазылған мақалаларңызды, мақалаға қатысты суреттерді және өзіңіз жөнінде деректерді (аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, байланыс телефондарыңыз фотосуретіңіз) dana.kaz@inbox.ru электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Сіз жіберген материалдар www.danakaz.kz сайтына жарияланып, көпшілік назарына ұсынылатын болады.

«Mangi el» жаңа халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналының сү

«Mangi el» журналы мына міндеттерді іске асыру үшін ашылған: қазақтар мен Еуразияның басқа да түркітілдес халықтарының тарихы мен мәдениетін тереңдетіп зерделеу; оқырманның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; Қазақстанның ұлттық тарихы жетістіктерін танымал ету және насихаттау.
Ғылыми-көпшілік басылымның бас редакторы «Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов болып табылады. Тарихи журналдың редакциялық алқа құрамына (18 адам) танымал мемлекет, қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар кіреді.
Журнал 3000 дана таралыммен шығады және 10 айдардан тұрады: «Тарих толқынында», «Көшпенділердің ұлы мұрасы», «Ұлт жетістігі», «Отандастар. Шекара», «Жусан», «Қорамсақ», «Болу үшін», «π белгісімен», «Сөз арасында», «Күн тәртібінде».
Журналдың таралу аумағы – Қазақстан, таяу және алыс шетелдердегі түркітілдес мемлекеттер. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналының келесі нөмірі 2013 жылғы қарашада шығады.