«Өскен өлке тарихы»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халына Жолдауында (17.01.2014 ж.), Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясын жариялай келе, оның құндылықтары ішінде: Жалпыға ортақ еңбек қоғамы және тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығының ерек-ше атап өткен болатын. Жаңа қазақстандық патриотизм-нің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Әсіресе, бұл Стратегия жастарға арналғанын баса айтып, «Оны жүзеге асыратын да, жемі-сін көретін де сіздер. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!» деген болатын. Елбасының «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ: Жал-пыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласындағы 13-ші тапсырмасы дәл осы ұлттық тарихымызды түгендеуге арналған болатын.
Байқаудың мақсаты – туған өлкеміздің ежелгі заманнан күні бүгінге дейінгі тарихын зерттеу, кейбір жекелеген оқиғалар, ұмытыла бастаған тұлғалар туралы тарихи деректерді жариялау, жер-су атауларының пайда болуын зерттеу, өлкенің жалпы тарихын қалыптастыру;
Ал байқаудың оқушылар арасында өтетін бөлігі мек-теп оқушылары арасында өлкетану идеясын насихаттап, шығармашылық қабілеті бар шәкірттерге қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Өлкетану жұмысына ынталы жастарды анықтап, өлкетану тақырыбында ізденуші дарынды оқушыларға практикалық көмек көрсетіледі. «DANAkaz» журналының бетінде мектеп мұғалімдеріне «Өлкетану» пәні бойынша сабақ беру бағдарламаларын, сыныптық календарлық жоспар үлгілерін және көмек материалдарын ұсынамыз.


ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ
Байқауға қатысатын мақалалар мен суреттер «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының электронды поштасында danakaz@list.ru қабылданады.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
«DANAkaz» тарихи-танымдық журналы редакциясы

ӨТУ ЖОСПАРЫ
1-кезең. Байқауға арналған мақалалар 1.12.2014 ж. қабылданады.
2-кезең. Комиссия отырысы.
3-кезең. Марапаттау.

ҚАТЫНАСУ ЕРЕЖЕСІ
Байқауға қатысушы жоғарыда көрсетілген мерзімнен қалдырмай төмендегі материалдарды жіберуі тиіс:
Қатынасу туралы өтініш (өтініште автордың аты-жөні, мәліметтері, оқушы болса – мектебі, оқушының АЖТ, класы, тақырыбы, бағыты, байланыс телефоны, же-текшісінің АЖТ туралы мәлімет болуы тиіс)
Өлкетанудан іздестіру жұмысы. Техникалық талапта-ры: көлемі 3-10 бет, беттердің нөмірі болуы тиіс, А4 формат, Times New Roman, 14 шрифт, интервал бірлік (одинарный), сол жақ ақ жолағы - 3 см, оң жақ - 1,5 см, жоғарғы жақ - 1,5 см, төменгі жақ - 1,5 см, абзац - 1 см.
Суреттер, кестелер және т.б. бөлек файлмен сақталуы тиіс.
Жұмыс соңыңда әдебиетке сілтеме болуы тиіс. (Ав-тордың тегі, аты-жөні, әдебиеттің атауы, басып шық-қан жері, жылы, беті)
Жұмыстар қазақ тілінде ұсынылады, бұрын баспа бе-тін көрмеген, жарияланбаған болуы шарт;

МАРАПАТТАУ
Байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі – 16 желтоқсан қарсаңында қорытындыланады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтар-мен марапатталады.

ҮЙЛЕСТІРУШІ
Координатор Құрымбаев Айболат Шамұратұлы
ұялы: 87058341570, e-mail: kraevedkaz@mail.ru