Мұхит Мерәліұлының кесенесі

Алты Алашқа аты әйгілі әнші, композитор ақын Мұхит Мералыұлының (1841-1918) кесенесі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округіндегі Ақбақай төре қорымында орналасқан. Ол Саралжын ауылынан 5 шақырым жерде, Ақбақай көлінің жағасында тұр.

Кесене биіктігі 8 м, жалпы көлемі 36 шаршы метр. Ақтаудың әк тасынан тұрғызылған шығыс үлгісіндегі кесене құрылысын маңғыстаулық шебер Ермұханбет Әлиев жасаған. Құрылысқа 13 млн теңге қаржы жұмсалған.

 

Бөлісу: