Мөр

Мөр

Есенгелді байдың мөрі

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAkaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға әйгілі бай, старшын, сардар Есенгелді Жанмырзаұлы «мөрін басты».

Есенгелді Жанмырзаұлы (1741-1834) — ел аузында 12 екі мың жылқы айдаған байлығымен әрі баласы Бекейді өлтірген қатыгездігімен қалған тұлға. Тегі — Он екі ата Байұлына жататын тана руының Асан атасынан. Бейіті қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылының маңында жатыр.

Есенгелді Жанмырзаұлы туралы «DANAkaz» журналы 2013 жылғы №10, 2014 жылғы №6-7, 2015 жылғы №1-2, 4, 5, 6-7, 8 сандарында егжей-тегжейлі жазылған болатын. Біздің тұрақты авторымыз, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин Орынбор мемлекеттік мұрағаты материалдарының негізінде тарихи тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне барынша толық шолу жасаған еді.

Есенгелді бай 1781 жылдан бастап ел басқару қызметіне араласқан. Әуелі тана руының қатардағы старшындарының бірі болады, Есім ханды, Бөкей ханды сайлауға қатысады. 1795 жылы Бөкей хан Нұралыұлының ұсынысымен Есенгелдіге «тархан» атағы беріледі. Әр жылдары Есенгелді Орынбор Ерекше комиссиясының мүшесі, Жайық бойындағы №4 дистанция бастығы секілді лауазымды қызметтерді атқарған.

 

Мөрдегі жазу: «Старшин Есенгелді бин Жанмырза»

Бөлісу: