Мөр

Мөр

Қаратау бидің мөрі

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAkaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашып отыр.

Әлбетте, тарих ғылымында мөртаңбалардың шығу тарихын, ерекшелігін зерттейтін «сфрагистика (грек. Σφραγις — мөр, таңбалау) немесе сигиллография (латын. Sigillum — мөр, таңбалау) атты салалары бар екенін білеміз. Бірақ, біздің мақсатымыз ол ғылыммен түбегейлі шұғылдану емес, ұлт тарихында орны бар тарихи тұлғалардың қалың оқырманның қолы жете бермейтін алыс архивтерде, сарғайған құжаттарда сақталған қолтаңбаларын, дәлірек айтсақ, мөртаңбаларын жария ету.

 

Қаратау Өмірзақұлы (ХVІІІ-ХІХ ғғ-да өмір сүрген) — ел қорғаған батыр әрі би, Сырым Датұлының үзеңгілес жолдасы. Тегі — Он екі ата Байұлына жататын ысық руының сары атасынан. Қаратау би 1773-75 жылдары Е.Пугачев көтерілісін қолдап, патша әскеріне қарсы соғысқан. Сондай-ақ ол 1737-97 жылдары Батыс Қазақстан аймағында өршіген ұлт-азаттығы қозғалысын ұйымдастырып, оның Датұлынан кейінгі басшыларының бірі болған.

 

Мөр суреті «Тұтқындар туралы» атты істен алынған. Ресей Федерациясы, Орынбор мемлекеттік архиві, 5 қор, 1 тізім, 30 іс, 64 бет. 1789-1790 жж.

 

Мөрдегі жазу: «Қаратау би бин Өмірзақ»

Бөлісу: