Қаражат

Қаражат

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ:

ӨТКЕНГЕ КӨЗ ТАСТАУ

 

Нұржан Қалдыбеков,

«Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысы

Джордж Вашингтон университетінің түлегі

 

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда тауар айналымы біршама өсті, ол банк капиталының туындауымен және кредит мекемелерінің құрылуымен бірге жүрді. Батыс Қазақстан облысында ақша-кредит жүйесі сонау революцияға дейінгі уақыттан бері дамуы жағынан бұрынғы КСРО-ның көптеген республикаларының алдында болды. Оған дәлел ретінде 1860 жылы император Александр II жарлығымен Ресей Империясының Мемлекеттік банкінің құрылғандығын, ал 1876 жылы Қазақстан аумағында Мемлекеттік банктің бірінші Орал бөлімшесінің ашылғандығын айтудың өзі жеткілікті.

 

Ресей империясы капитализмге әлсіз экономикасымен кірді, сондықтан, Ресейдің экономикалық қатынастардың жаңа қатарына өту ерекшеліктерінің бірі мемлекеттің экономика мен банктердің барлық түрлерінің кейбір салаларындағы жеке секторға айтарлықтай қолдау көрсету болды. Мемлекеттік банк болса осы экономикалық саясаттың органы болды.

Ішкі ақша ресурстарын жұмылдыру нысандағы салымдар мен ағымдағы шоттар Мемлекеттік банк бөлімшесінің негізгі ресурстары болды. Мемлекеттік банктің Орал бөлімшесі ақша реформасын жүргізуге – 1892 және 1896 жылдары банкноталарды айырбастау барынша ат салысты.

Ресейде XIX ғасырдың 90-шы жылдары темір жол және өнеркәсіп құрылысының көтерілуімен сипатталады, өнеркәсіп Орал облысында да бас көтерді. Мемлекеттік банктің Орал бөлімшесі осы үдерістермен тығыз байланыста болды. Ол банкноталарды эмиссиялау құқығына ие болды. Есепке алу операциялары сауда-өнеркәсіп вексельдері үшін бұрынғыдай 6 ай емес, 12 айға дейінгі ұзағырақ мерзіммен жүргізілді. Тауарды кепілге қойып несие алу біршама жеңілдеді. Мемлекеттік банктің Орал бөлімшесі жүргізген шаралары қатаң тәртіппен, мұқияттылықпен, қандай да бір акцияларды өткізудің мерзімдерін сақтаумен ерекшеленді.

Дами келе, Мемлекеттік банктің Орал бөлімшесі банк жүйесінің және облыс экономикасының негізгі есеп айырысу да, резервтік те орталығына айналды. Клирингтік операцияларды, яғни банктер арасындағы қолма-қол емес өзара есеп айырысуларды Мембанк бөлімшесі басқармасының жанындағы есеп айырысу бөлімдері орындады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мемлекеттік банк пен оның бөлімшелерінің қызметі негізінен кредиттік билеттер шығару есебінен оны қаржыландыруға бағытталған белгілі.

XIX ғасырдың аяғында Орал қаласында орыс сауда-өнеркәсіп коммерциялық банкінің бөлімшесі ашылды, оның Бас банкі Санк-Петербург қаласында болатын. Кеңес үкіметінің 1917 жылғы 14 желтоқсандағы «Банктерді мемлекет меншігіне айналдыру туралы»декретімен банк ісін мемлекеттік монополия етіп жариялауға байланысты банк жүйесі біздің облысымызда да қайта бастады. Бұл 1919 жылы қаңтарда Орал қаласын Кеңес үкіметінің қарсыластарынан босатқан кейін болған еді. Екі банктің – Мембанктің Орал бөлімшесі мен орыс сауда-өнеркәсіп коммерциялық банкінің Халық банкінің бөлімшесі болып бірігуі басталды. Бұл бөлімше П. Хаустов басқаратын Облревкомның қаржы бөліміне құрылымдық бірілік ретінде кіреді. Банктің алдында кәсіпорындар мен халықтың қолындағы үлкен ақша массасын байланыстырып, ақша айналысын теңдестіру секілді негізгі мақсат тұрды.

Жаңа кеңестік Мемлекеттік банк БОАК-нің 1921 жылғы 7 қазандағы декретімен құрылды. Осы жылы КСРО Мембанкінің Орал бөлімшесі құрылды. Мембанк пен оның сол уақытта жер-жердегі бөлімшелерінің алдында нарықтық қатынастарды пайдалану, кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру, құнсызданған ақша белгілерін тұрақты кеңестік валютаға ауыстыру негізінде азаматтық соғыстан қираған өнеркәсіп пен ауыл қалпына келтіру міндеті тұрды.

Мембанктің Орал бөлімшесі айналыс ведомісінің деректері бойынша 1922 жылғы қазан айында баланста 46 087 102 рубль болды, оның ішінде ауыл шаруашылығына берілген несие 4 658 694 рубль, көбірек бөлігі жеке тұлғалар мен мекемелерге тиесілі болған, есепке алынған вексельдер 13 257 000 рубльді құрады. Вексельдік кредитке деген қажеттілік өтпелі кезеңнің көпқатпарлы экономикасының ерекшеліктерінен туындады. Кредит ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде жақсы роль атқарды. Ол тауарды айналымын күшейтіп, жеке меншік капиталының көлемін ұлғайтты, мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындарға өз қаражаттарын икемдеуге көмектесті. Бағалы қағаздарды, траттарды, девиздерді және басқаларын кепілге қоя отырып берілген несие 111 300 рубль болса, тауарлар мен тауарлық құжаттардыкепілге қойып берілген мерзімді несиелер 2 537 035 рубльді құрады.

Банктермен қоса облыста басқа да кредиттік мекемелер жұмыс істейді. Сол уақытқа тән кооперативтік қозғалыс көбірек дамыды. Кооперативтік қозғалыс бірнеше түрге бөлінді: кредиттік кооперация, тұтыну кооперация, ұжымдық шаруашылықтар және ауылшаруашылық кооперациясы.

Облыстың халық шаруашылығын жалпы алғанда егіншілік, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және бау-бақша құрағандықтан, сол кездегі өнеркәсіп қалыптасу кезеңінде болды. Мәселен, Орал губерниясының кооперативтік қозғалысының шолуында мынадай деректер беріледі: «Өнеркәсіпке келсек, ол әлі әлсіз еді. Онда 1912 жылы облыста 1 367 жұмысшы еңбек етті, жалпы өндірістің сомасы 5 536 426 р. болды. Бұл ретте ұстаханалар, су және жел диірмендері, тары ақтағыштар мен май шайқағыштар өнеркәсіп кәсіпорындарына кіргізілді (Губэкокеңестің 1921-22 ж. есебі, 99-бет)», оларды фабрика-зауыт шаруашылығына емес, ауыл шаруашылығына (ұсақ) әбден жатқызуға болар еді. Алдыңғысына небәрі 455 жұмысшысы бар 63 зауыт жұмыс істеді, ал өндіріс сомасы 1 481 414 рубль ғана болды. Әр зауытқа шаққанда, жұмысшылардың орташа саны 6,9-дан келді. Бұл ұсақ фабрика-зауыт өнеркәсібі еді. Кәсіп түрлерімен: мия тамырын өндірумен (1 683 отбасы 17 516 пұт өндірді), тұз өндірумен (әскери аймақта 162 адам), қолөнер кәсібімен (1 247 адам) және жүкшілік кәсібімен халық аз шұғылданды. Осы деректерден халықтың кәсіппен, қолөнер кәсібімен және фабрика-зауыт қызметімен айналысатын %-ы шамалы (5-6%-ға жуық) болғаны көрінеді».

Кредиттік кооперацияның мәні шаруашылықтарды ақша кредитімен немесе өндірістік мақсаттарға арналған басқа нысанда қамтамасыз етуге келіп тірелді. Шағын кредит ұйымдастырудың бұл жүйесінің негізіне кооперативтің барлық мүшелерінің жаппай жауапкершілігі алынды. Егер сол уақытта халық шаруашылығы жүйесінде жалғыз-жарым, ұсақ шаруашылықтар көзге көрінбей, елеусіз болса, ортақ және өзара жауапкершілікпен байланысқан осындай бірнеше ондаған шаруашылық кредиттік қаблетінің шамасы едәуір екенін әбден көрсетті.

Кредиттік кооперацияның тарихы Германиядан басталады. Дәл осында Райффейзен, Шульце-Делич және Оффенбах 19-ғасырдың 60-шы жылдарында классикалық түрдегі үш кредиттік бірлестік құрды.

Кредиттік серіктестіктің райффейзендік типі мынадай мақсатымен сипатталады:

1) Мүшелерінің серіктестік міндеттемелері бойынша шектелмеген жауапкершілігі;

2) Серіктестіктің тар ауқымды аумақтық шекаралардағы шектелген қызметі;

3) Бір ғана мүшелік, немесе басқа серіктестіктерге мүше болуға тыйым салу;

4) Пай немесе кіру жарналарының болмауы;

5) Басқарма жұмысының ақысыз болуы.

Шульце-Деличтің несие-жинақ серіктестіктері негізінен қолөнершілерді біріктірді. Олардың ауқымы тар шеңбермен шектелмеді. Пай және қор капиталы белгіленді. Кредит барынша қысқа мерзімді және өзгермелі болды.

Оффенбах жүйесі Райффейзен кредиттік серіктестігіне негізделді, бірақ оның пайы аса жоғары болмады, шектеулі жауапкершілікке жол берілді және құрылтай қоры болмады.

Орал губерниясында кредиттік кооперация несие-жинақ және кредиттік серіктес түрінде болды. Олардың алғашқы типі бойынша Шульце-Делич кредиттік серіктестіктеріне ұқсас болды, бірақ онша жоғары емес пай белгіленді. Осының арқасында оларға көпшілік бұқара кіре алды. Екіншілері Райффейзен кредиттік серіктестігі түріне жақынырақ болды.

Алғашқы серіктестіктер Мемлекеттік банктің бастамасы бойынша құрылды. Кейіннен кооперация пайдасын сезіне келе, халықтың өзі-ақ өз еркімен немесе шағын кредит инспекторларының бастамасы бойынша серіктестікке ұйымдаса бастады.

Бірінші серіктестік (несие-жинақ) Орал қаласында 1908 жылы 11 қаңтарда ашылды. 1908 жылдың аяғында-ақ 12 несие-жинақ және бір кредиттік серіктестік ашылды (1-кестені қараңыз).

 

1-кесте.

Губерния бойынша кредиттік және несие-жинақ серіктестіктерінің жылдар бойынша 1 қаңтар алдындағы құрамы

 

Кооперативтердің типі

1909

1910

1911

1912

1913

1914

1915

1916

1917

Несие-жинақ серіктестіктері

12

12

15

23

30

33

33

34

37

Кредиттік серіктестіктер

1

3

7

12

13

15

15

17

31

Барлығы

13

15

22

35

43

48

48

51

68

Ескерту. 1917 жыл үшін осы цифрлар бүкіл Орал облысы бойынша, ал басқа жылдар бойынша – тұтас алғанда, 1922 жыл шекарасымен Орал губерниясын қамтитын Мембанктің Орал бөлімшесі қызмет еткен аудан бойынша (Орал ауданы: Орал., Гурьев және Лбищ. уездері).

 

Кестені жалпы шола отырып, 1916 жылдың қарсаңында серіктестіктердің жалпы санының 51-ге жеткенін көруге болады. Мұндай өсудің себебі 1910-1911 жылдары астық шықпай қалған еді, сондықтан бұл уақытта көптеген шаруашылықтар өз күшін біріктіруге мәжбүр болды. Астық шықпай қалған жылдары және кейінгі жылдары кредиттік институттар кеңінен дами бастады.

Серіктестіктің қаражаты негізгі қор капиталдарынан және ерекше мақсаттағы салымдардан, заемдардан және басқа сомалардан тұрды:

Негізгі капитал мүшелердің пай жарналарынан, серіктестікке қайтарымсыз немесе қарызға берілген сомалардан және түскен пайдадан жасалған аударымдардан құралады. Заемдар Мембанк немесе шағын кредит басқармасы арқылы 13 жыл мерзімге дейін берілді. Кредиттік серіктестіктердің жарғы бойынша пайы болмады, сондықтан негізгі капитал заемдар мен аударымдардан құралды.

Қор капиталы кепілдік, несиелік және делдалдық операцияларға байланысты шығындарды жабу үшін құрылды. Ерекше мақсаттағы капитал делдалдық операциялар және басқа мақсаттар үшін құрылды.

Басқа сомаларға барлық қаражат және де атап айтқанда делдалдық бойынша сомалар кірді, кейін серіктестіктердің баланстарына «делдалдық бойынша сомалардың» жеке шоты орын ала бастады.

Ол жылдары салымдар серіктестіктерде үлкен роль атқарды. Егер 1912 жылы астық болмауы салдарынан салым азайған болса, 1915 жылға қарай салымдардың күрт ұлғайғаны байқалады. Бұл үрдісті ақшаның құнсыздана бастауымен түсіндіруге болады. 1916 жылы кредиттік серіктестіктер салымдарының үлесі 59,1%, ал несие-жинақ серіктестіктерінікі 53,5% болды. Сол шолуда мынадай мәлімет беріледі: «Кредиттік кооперативтер халықтың, әсіресе оның ауқатты бөлігінің сеніміне ие бола отырып және кең танымал болып, салымдардың 88,2%-ын тіпті кооперативке бірікпеген жергілікті тұрғындардан алды. Салымдардың 55%-ының орташа мөлшері 624 рубльге тең салымдармен жабылуы бұл тұрғындардың ауқатты болғанын көрсетеді. Ал 624 рубльді кедей сала алмайды! Жергілікті жердегі кредиттік кооператив қаражаты кеңінен сіңірген, ал кейін көргеніміздей, оларды мол бөлген халық банкі шықты. Жылдық 3-9% арасында ауытқан салымдар бойынша % едәуір роль атқарды»(«Об’ ясн. зап. за 1915 г.» және «Пам. кн. на 1917 г.») (2-кестені қараңыз).

 

2-кесте

 

Облыс бойынша салымдардың 1916жылғы 1 қаңтардағы құрамы

 

Салымдардың түрлері

НЕСИЕ-ЖИНАҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРІ

КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕРІ

Серік.саны

Салымдар саны

Сомасы

Салымдардың жалпы с-на % қатынасы

Салымның орташа мөлшері

Серік.саны

Салымдар саны

Сомасы

Салымдардың жалпы с-на % қатынасы

Салымның орташа мөлшері

Мерзімі белгіленбеген

34

608

228297

29,4

375

26

354

90879

20,8

257

Мерзімі 12 айға дейінгі

32

631

418113

53,8

663

28

435

247228

56,6

568

1 жылдан 3 жылға дейінгі

18

165

121664

15,7

798

19

440

88941

20,4

202

5 жылдан жоғары

7

22

3163

0,4

144

5

263

2938

0,7

11

Шартты

8

50

5434

0,7

109

13

57

6735

1,5

118

Барлығы

35

1476

776671

100

526

29

1549

436721

100

282

 

Қаражаттың басқа маңызды бір көзі – заемдар болып табылады. Серіктестіктер қарыздары негізіне Мембанктен, содан соң Мемжинақ кассасынан, Шағын кредит басқармасынан және жеке адамдардан алды. Шағын кредит басқармасы шамалы ғана сомалар берген болса, Мембанк үлкен қаражат берді.

Мембанк бөлімшесі серіктестіктерге арнайы кредит берді. Осы кредиттің есебінен мүшелеріне жергілікті баға бойынша есептелетін ұн құнының шамамен 66%-ы есебінен несие берілді (басты кепілдік өнім астық болды – автордың ескерт.). Астық көп жағдайда заем алушыларда сақталды. Бұл операцияның қаншалықты маңызды болғаны Мембанкке кредит бойынша берілетін берешектің мына төмендегі цифрларынан көрінеді: 1916 жылы 1 қаңтарына 11 несие-жинақ серіктестігі бойынша 134500 рубль және 17 кредиттік серіктестік бойынша 328500 рубль. Несиелер жылдық 9-12%-бен берілді. Орташа жылдық пайыз 11,5%.

А.С. Домашнев өзінің «Орал облысында кредиттік кооперацияның дамуы» деген еңбегінде мынадай деректер келтіреді: «Несиелердің 70-80%-ы 50 рубльге дейінгі кішігірім несиелермен, 9-12%-ы 50-100 рубльге дейінгі және 100 рубльге жоғары несиелермен берілді. Барлық несиенің 1-ден 10%-ына дейін берілді» (3-кестені қараңыз).

 

3-кесте.

Несиелер құрамы

 

Несиелер

1908

1909

1910

1911

1912

1913

15 рубльге дейін

29

35

19,7

28

18,4

19,3

15 рубльден 25 рубльге дейін

17

31

26,7

22,2

20,4

19,3

25 рубльден 50 рубльге дейін

33,6

23,3

36,4

31,1

30

30,7

50 рубльден 100 рубльге дейін

19

9

13,8

15,2

21,8

21

100 рубльден 150 рубльге дейін

0,7

1,3

2,8

2,5

6,6

6,2

15 рубльден жоғары

0,7

0,4

0,6

1

2,8

3,5

Барлығы

100%

100%

100%

100%

100%

100%

Берілген несиелер әр түрлі мақсаттарға пайдаланылды. Мәселен, халықтың басым бөлігі жұмысқа салатын ірі қара сатып алды. Бұл жерде егер салымдарды халықтың ауқатты бөлігі салған болса, несиелердің негізінен кедей бөлігіне берілгенін айта кеткен жөн. Сондықтан да, статистика егер 1908 жылы 26,7% несие берілген болса, онда кейіннен бұл пайыздың ұлғайып, 1912 жылы 44,4%-ға жеткенін көрсетеді.

Үлес салмағы бойынша келесі орынды тұқым сатып алу алады. Осы мақсатқа несие беру 13,1% және 27,3% арасында ауытқыды. Бұдан әрі, үнемі азайып отырғанына (1908 жылы 29,9% және 1912 ж. 4,6%) қарамастан, едәуір пайызы машина және жұмыс күшін жалдауға кетті. Ауылшаруашылық машиналарын сатып алу үнемі ұлғайып отырды. Мәселен, 1913 жылдың алдында 5 жыл осы мақсаттарға жұмсалған несиелердің пайызы 1908 жылы 9 есе (0,9% және 8,3%) артты. Осы деректерден несиелердің басты бөлігі (75%-85%) егін шаруашылығының қажеттіліктеріне жұмсалғаны көрінеді. Бұдан әрі, несиелердің құрамында кәсіптік мақсаттарға берілген несиелер (1,9%-дан 11,7%-ға дейін) өздеріне назар аударады. Ең соңында, малға жем сатып алуға берілген несиелер көзге түседі. Бұл несиелер едәуір өсті – 1908 жылы 0,5%, ал 1912 жылы 5,1% берілді. Біз осы деректерден несиелердің егіншілік (71,8%), кәсіптік (1,9%),мал шаруашылығы (5,1%), өнеркәсіп-сауда (7,9%), қолөнерлік (5,4%) және басқа да (7,9%) мақсаттарға берілгенін байқай аламыз. Осы деректер 1912 жыл үшін келтіріледі, бірақ жалпы алғанда, олар басқа жылдарды да көрсетеді.

Әрине, кредиттік бірлестіктердің мүшелері барлық заемдарды бірдей дер уақытында қайтара алмады. Берілген барлық несиелердің ішінде кешіктірілген сомалардың ең үлкен пайызы астық шықпай қалған 1911 жылға тиесілі, сол кезде несие-жинақ серіктестіктері мүшелерінің 11% несиесінің және кредиттік серіктестіктер мүшелерінің 6,6% несиесінің мерзімі кешіктірілді. Кредиттік серіктестіктер кешіктірген несиелердің пайызы азырақ. Кешіктірілген несиелердің барлық сомасы берілген несиелердің жалпы сомасына қарағанда 9%-дан аспады. Бірақ кешіктірілген несиелердің арасынан жыл аяғында көптеген несие қайтарылып, барлық несиенің 6,1%-нан аспайтыны қалды. Жыл аяғында барлық осы кешіктірілген несиелердің жалпы сомасы берілген несиелердің жалпы сомасының 4,6%-ынан аспады. Барлық осы деректер кредиттік бірлестік мүшелерінің алған несиелерін ыждағатты түрде қайтарғанын көрсетеді, сөйтіп, кешіктірілген несиелер оларды берген бірлестіктерге зілдей ауыртпалық түсірмеді. Бірақ үмітсіз несиелерді серіктестің өзі өтеген жағдай да кездесті.

Кредиттік серіктестіктердің негізгі міндеті ауылшаруашылық өндірісін дамыту, шаруалар қауымын ауылшаруашылық мүкаммалымен жабдықтау, ауылшаруашылық өнімдерін өткізу және бастауыш кооперативтердің капиталдарын құру болды. «Барлық жаңа нәрсе жақсы ұмытылған ескі нәрсе» деп халық айтқандай, ақша-кредит саясатын дамытудың бай тәжірибесіне ие бола отырып, шетелдік тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибемізге де сүйенуіміз қажет, бұл айтарлықтай нәтижесін беретін болады.

 

Бөлісу: