«Елқазық» (зерттеу)

Тарихшы Зұлқожа Шарафутдиновтың Орал қаласындағы «Полиграфсервис» баспасынан 500 данамен шыққан бұл кітабы 306 беттен тұрады.

Бұл еңбекте автор елі мен жерінің қазығы болған Еділ-Жайық аралығының көнеден бүгінге дейінгі тарихына шолу жасап, өзіне дейінгі ізденушілердің еңбектерін саралай отырып, оқырманды жаңа тарихи танымдарға жетелейді. Кітапта Бөкей хан, 1837-1838 жылдардағы Исатай-Махамбет соғысының батырлары, күйші Дәулеткерей Шығайұлы туралы тың деректер берілген.

Бөлісу: