Дешті Қыпшақ даласы

Қазір көбі тиын-тебен жинаса шетел асып демалуды жөн көреді. Өзгенің табиғаты мен тарихын танып, жиған-терген қаражатын шетелгеапарып береді. Әр адам өз ақшасына қайда барып демалуды өзі біледі. Бірақ, ұсынысым - кемінде жылына бір рет туған жерінің тарихи маңызды, табиғи әдемі жерлерін көруді мақсат етсе жөн болар еді. Ішкі туризм дамып, бастысы туған жерді тану арқылы терең тарихымызға бойлап, бойға ұлттық рухты сіңірері сөзсіз. Осыған орай, кең байтақ даламыздағы әсем табиғат пен маңызды тарихи орындарды таныстыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде "Дешті Қыпшақ даласы" атауымен бейнероликтер шығаруда. Бұндай жобалар ауадай қажет. Іске сәт!

  Ақбай Баржыұлы

Бөлісу: