Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы

Фото : 

Туған жылы, күні, айы

1963 жыл, 15 қараша

Ғылыми дәрежесі

Педагогика ғылымдарының докторы (2002ж., 06 наурыз,  № 2 хаттама, FД № 0002618)

Ғылыми атағы

Профессор (2008ж., 29 ақпан, №2 хаттама, ПР № 0000375), Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі (2009 ж., 17 сәуір, № 0050 ҚР)

Мамандық шифры, ғылым кандидаты:

ғылым докторы:

13.00.02 – Оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)

13.00.02 – Оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы:

 

Докторлық диссертациясының тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы /Методическое наследие Ахмета Байтурсынова  (ғылыми жетекші – ф.ғ.д., профессор Н.Оралбаева, Алматы қ., 1995 ж., 29 маусым, № 31 хаттама, ҒК № 0002146)

Шешендіктануды оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздері /Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бөлімдері бойынша/. Научно-методические основы обучения риторике / для гуманитарных отделений высших учебных заведений/. (2001, Алматы қ., Ғылыми кеңесші – Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Оралбаева)

Лауазымы, жұмыс орны

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Махамбет» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыты

Қазақ тілін оқыту әдістемесі, шешендіктануды /риторика/, шешендік өнерді оқыту теориясы мен практикасы. Педагогикалық, техникалық жоғары оқу орындарындағы және орта мектептердегі риторика, оны оқытудың әдістемесі және технологиялары. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. Махамбеттану. Ахметтану.

Білімі (ЖОО атауы)

1981-1985 ж.ж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, біліктілігі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» /Орал қаласы/;

1993-1995 ж.ж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасы жанындағы аспирантура /Алматы/;

1999-2001 ж.ж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері /Алматы/.

Ғылыми және қоғамдық жұмыстарына қатысы

·                     1995-1996 ж.ж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Қазақ тілі білімі» кафедрасының, 1996-1997 ж.ж. «Қазақ лингводидактикасы» кафедрасының меңгерушісі; 2002-2004 ж.ж. филология, қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика және психология факультеттерінің деканы; 2006-2009 ж.ж. «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы» кафедрасының меңгерушісі; 2009 ж. (тамыз) – 2010 ж. (ақпан) Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Кәсіптік білім» кафедрасының меңгерушісі; 2010 ж. (ақпан-тамыз) Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры; 2010 жылдың 27 тамызынан бастап Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі;  2011 жылдың 11 тамыздан М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың педагогика факультетінің деканы, 2012 ж. 01 қыркүйектен бастап Халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры, ал 2013 ж. мамыр айынан бастап «Махамбет» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

·         2003 /қаңтар/ - 2007 /наурыз/ ж.ж. аралығында

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңесінің мүшесі;

·         2007 /наурыз/ - 2008 /маусым/ ж.ж. ҚР Білім және

ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жанындағы педагогика және психология мамандығы бойынша эксперттік комиссия мүшесі және ғалым хатшысы /ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 12 наурыздағы №183 Бұйрығы/;

·         2008 жылғы      25 сәуірдегі      Қазақстанның

Педагогикалық ғылымдар академиясы Президиумы шешімі бойынша Қазақстан ПҒА-ның корреспондент мүшесі (Диплом № 0027 ҚР), ал 2009 ж. 17 сәуірдегі Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясы Президиумы шешімі бойынша Қазақстан ПҒА-ның академигі (Диплом № 0050 ҚР);

·         М.Өтемісов атындағы БҚМУ хабаршысының

(2003- 2009 ж.ж.; 2011 ж. жалғасады), Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Ғылым және білім» ғылыми-практикалық журналының (2009-2011 ж.ж.) редакциялық алқаларының мүшесі; Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Білім технологиялары»/ «Образовательные технологии»/ журналының ақылдастар алқасы мүшесі (2009 ж. бастап);

·         2009 /қаңтар/ Ресей Риторикалық қауымдастығының

/Мәскеу/  мүшесі;

·         Батыс Қазақстан облысының «Ағартушы»

мемлекеттік тілді оқыту орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы (Орал қ., 2005 – 2012 ж.ж.);

·          «Қазіргі қоғамдағы және білім беру саласындағы

шешендіктанудың өзекті мәселелері» атты тұңғыш республикалық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушы /Орал қ., 2008ж., 14 қараша/

·         2010 ж. /қаңтар-желтоқсан/ Ш.Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы филология /Мамандығы – 10.02.01 – орыс тілі, 10.02.19 – тіл теориясы/, педагогика / Мамандығы  - 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)/ ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.27 диссертациялық кеңесінің мүшесі;

·         2010 ж. /қараша-желтоқсан/ ҚР Білім және ғылым

министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті жанындағы педагогика және психология мамандығы бойынша эксперттік комиссия мүшесі /ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 12 қарашасындағы   Бұйрығы/.

Грант иегері

·         ҚР  Білім және  ғылым  министрлігінің  таңдаулы ғалым мамандарға арналған мемлекеттік стипендия иегері / 2006 жылдың желтоқсанның 6-сынан 2008 жылдың желтоқсан айы аралығы/ Стипендиат государственных научных стипендий для ученых и специалистов, внесших выдающийся вклад в развитие науки и техники на 2006-2008 г.г. / Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан №627 от 06.12.2006 года/.

·         ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 22 ақпандағы №92 Бұйрығы бойынша 2007 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 2013 ж. екінші мәрте «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Даярланған шәкірттерінің саны

1. Ғылыми кандидаттары – 2.

2.1. Мұханбетқалиев Әскен Самұратұлы, педагогика       ғылымдарының кандидаты, Көкшетау, 2010 ж., 29 қазан;

2.2. Әжіғалиев Марат Қайыржанұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Көкшетау, 2010 ж., 17 қараша;

2. Магистранттары – 8.

1.1. Өмірзақов Бауыржан Есенжолұлы (2007ж.)

1.2. Қарекенов Манарбек Айдынғалиұлы (2008ж.)

1.3. Сұлтаниязова Индира Сағындыққызы (2008ж.)

1.4. Тұрғаналиева Ганмиркүн Ганмирханқызы (2009ж.)

1.5. Тәжіғалиева Зәмзагүл Тілепбергенқызы (2009ж.)

1.6. Аралбаева Ақмарал Жәдігерқызы (2009ж.)

1.7. Мұхамедиярова Зулфия Тыныштыбайқызы (2009ж.)

1.8. Әбуғалиева Аягүл Құдайбергенқызы  (2013 ж.)

Негізінен оқитын курстары

Бакалавриат: Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика, морфология, синтаксис). Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Педагогика. Этнопедагогика. Кәсіби педагогика. Риторика. Сөйлеу мәдениеті. Педагогикалық шешендіктану. Шешендік өнер. Ахметтану. Іскерлік шешендіктану. Қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту. Мемлекеттік тілде іс жүргізу. Ахметтану. Махамбеттану

Магистратура: Педагогика. Тілдік қатынас. Психолингвистика. Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі.

Еңбектерінің көлемі (барлығы)

300, оның ішінде 5 монография, 25 оқу-әдістемелік құрал, оқу құралы, бағдарламалар, 4 электронды оқу құралы

Бірден-бір маңызды жарияланымдары

·         Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы /Монография/. Орал, 1998.-8,0 б.т.

·         Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік

негіздері /Монография/. Алматы: «Білім», 2000.-15,0 б.т.;

·         Педагогикалық практика-мамандыққа баулу сатысы /

/Оқу-әдістемелік құрал/. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2000.-2,5 б.т.;

·         «Шешендік өнер» курсының бағдарламасы

/Гуманитарлық жоғары оқу орны студенттеріне арналған. – Алматы: Арыс, 2000.-2,5 б.т.

·         Шешендіктану . Оқулық. Орал, 2004.-9,5 б.т.;

·         Шешен-лектор профессиограммасы. Оқу құралы.Орал, 2004.-3,5 б.т.;

·         Шешендік тағылымы. Оқу құралы, Орал,2006.-8,5б.т.;

·         Іскерлік шешендіктану қағидалары. Оқулық. 2007.4,0 б.т.;

·         Педагог мамандардың шешендік шеберлігін жетілдіру талаптары. БҚМУ,2007 /Электронды оқулық/;

·         Кестелі шешендіктану. Оқу құралы.Орал, 2008.-5,5б.т.;

·         Шешендіктану: теориясы және әдістемесі (монография) Орал, 2008.-150б.

·         Ахметтану тәлімі (оқу құралы). Орал, 2008-120б.

·         Шешендіктануды  оқыту  әдістемесі. Оқу құралы. Орал, 2008.-90 б.

·         Педагогтің  шешендік шеберлігін жетілдіру

әдістемесі.  Оқу құралы.  Орал, 2008. -70 б.

·         Тілдік қатынас мәдениеті /Бағдарлама/. Орал, 2008.  1,5 б.т.;

·         Педагогикалық шешендіктану /Бағдарлама/.

Орал,2008. - 1,5 б.т.

·         Риторика. Оқу құралы. Орал, 2011.-320 б.

·         Материалдарды слесарлық өңдеу технологиясы. Оқу құралы. Орал, 2011.-192 б.

·         Практикалық қазақ тілі курсы бойынша  мәтіндер

мен тапсырмалар. Оқу  құралы, Орал, 2011.-63 б.

·      Шешендіктану: теориясы және практикасы. Монография. Орал, 2013.