Жаңабек Жаңабайұлы Жақсығалиев

Фото : 

1975 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Орал педагогикалық институтын  үздік  дипломмен  тәмамдаған. 1995-1999 жж. ОПИ жанындағы педагогикалық  лицейде  тарих  пәні  мұғалімі  болып  еңбек  еткен.

Республикалық «Жыл мұғалімі-99» байқауының Гран-при жүлдегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Мұғалім-зерттеуші» номинациясының иегері (Астана қаласы, 1999).

1999-2002 жж. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аспиранты. Тарих ғылымдарының кандидаты (2003).

2001-2002 жж. республикалық «Қазақ тарихы» журналының ақылдастар алқасының мүшесі. 2006-2008 жж. аталмыш журналдың Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2003-2006 жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, қазір аталған университеттің аға оқытушысы.

50-ге жуық ғылыми, әдістемелік, танымдық мақалалары мен 10 шақты оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген.