Батыс Алашорданың мөрі

Алаш автономиясының Батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімнің мөрі. Жымпиты. 1918-20 жылдар.

Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесі (9.1918-12.1919) - Батыс Қазақстанның айтарлықтай бөлігін басқару үшін құрылған Алаш автономиясы үкіметінің (Алашорданың) бөлімшесі. 1918 жылы 11 қыркүйекте Уфа қаласында Ә.Бөкейханов, У.Танашев, X.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, А.Бірімжанов, Ә.Ермеков және М.Тынышбаев қатынасқан мәжілістің шешімімен құрылған. Шешімде «Құрамына Бөкей Ордасы, Ойыл өңірі, Закаспий облысының Маңғыстау уезі, Торғай облысының Ақтөбе және Ырғыз уездері кіретін Алаш автономиясының батыс бөлімшесін басқару үшін... Алашорданың Батыс бөлімшесі кұрылды» делінген. Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы Жанша Досмұхамедов. Алашорданың Батыс бөлімшесі құрылуына байланысты Ойыл уәлаятының үкіметі таратылып, оған осы кезге дейін бағынып келген Батыс Қазақстанның қазақтар мекендеген жерлері аталған бөлімшенің қарамағына берілді.

Бөлісу: