9 (22) 2015

Редактор бағаны

Ар ма, әлеумет!

Тарих тереңіне тартып, Қазақ хандығының 550 жылдығын сүйіншілеген 2015 жыл мәреге жақындаған сайын ел мен жердің еңсесін көтеретін, ұлтты рухтандырып, ұрпаққа ой салатын шаралар легі көбейді. Бүгінгі санымыздың негізгі бөлігі де осы тақырыпқа арналып отыр. Бұйырса, Тараздағы қорытынды той мерекелі жылдың мерейін асыратын басты белес болса керек.

«Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» - дейтін жетім бала есіңізде ме?! Тәуба, талай ғасыр тапаған отаршылдықтың табаны астында жоғалған рухымызды, жанышталған намысымызды жоқтап күйзелген ұлт зиялыларының көз жасы кебетін уақытқа да жеткен секілдіміз. Соңғы кезең сергелдеңі көп, тіршілікке тар, тұрмысқа ауыр келсе де, санамыз серпіліп, көз алдымыздағы тұман тарап келе жатқандай. «Кімнен таяқ жегендей, біздің түріктің баласы. Алдырып жүрген дұшпанға аузының аласы» деген ақиқатты ұғып, алға ұмтылған өрендер бар. Тегінің тектілігін таныған ұрпақ бар. Үміт соларда. Тәңірім жар болсын!

Бөлісу: 

Болашақ

Болашақ

Болат Насырғазы,

Ұлыбританиядағы Ковентри қаласындағы Уоруик (The University of Warwick) университетінің магистранты:

 

Қазіргі қазақ жастарына зерде керек

 

- Әңгімені туған жер, өскен ортадан бастасаңыз.

- Туған жерім Орал қаласы. Балалық шағым Оралдағы «Құрылысшы» ықшамауданында, жазғы демалысым Ордадағы ағаларым мен Жыланды ауылындағы нағашыларымның үйінде өтті. Ата-анам – асыл адамдар. Маған әрдайым шексіз махаббаты мен мейірімін беріп өсірді. Әкем – электомонтер, анам – құрылысшы. Барлық тапқан-таянғанын маған жұмсайтын. Не жеймін, не киемін демейтінмін. Соңғы ақшаға маған ең жақсы киім, ең сапалы зат алатын. Менің рухани, интеллектуалды және жан-жақты болып дамуыма барын салды. Ең бастысы, маған керемет қазақи және имани тәрбие берді. Сол үшін оларды әрдайым бақытты қалыпта көргім келеді және олардың ризашылығын алу үшін қолымнан келгенше бар жақсылық жасауға тырысамын.

 

Бөлісу: 

Қазақ хандығы 550

Қазақ хандығы 550

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

ҚР Президенті:

 

Қазақ хандығы – Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері

 

11 қыркүйек күні Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Парламентінің төрағасы Исмет Йылмаз бастаған көптеген мәртебелі меймандар қатысты. Салтанатты жиында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі.

Бөлісу: 

Қазақ хандығы-550

Қазақ хандығы-550

 

Қазақ хандығының ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы сыртқы саясаты

 

Қазақ хандығы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Ресей, Түрік, Иран, Жоңғария, сәл кейін Цин (Қытай – Ә.М.) мемлекеттерімен белгілі дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Әрине бүгінге дейін оқырман қауым негізінен қазақ-орыс қарым-қатынасын көбірек танығанымен оның да біржақты сараланғаны жасырын емес. Көп жағдайда халқымыздың сыртқы саясаты Ресей қалыптастырған тарихи таным аясында зерделенді. Бір ғана Тәуке ханның орыс елшілері Ф. Скибин мен М. Трошинге «Түрік сұлтанының немесе Иран шахының Тәуке ханнан несі артық! Олар да оның өзіндей!» немесе 1691 жылы орыс патшасына жазған хатында «Сіздің бабаларыңыз бен әкеңіз сол кездерде өз адамдарын бізге жіберіп, ал біздің елшілер сіздерге барып тұратын-ды. Екі елдің арасындағы сауда адамдары бір-бірімен кеңесте болып, достық қатынаста болатын» деген сөздері қазақ елінің өзіндік саясатын дәлелдейді [1, 27-28 б.].

Соңғы жылдары Иран шахының да Тәукеге жолдаған хаттары табылды. Мұның өзі де қазақ тарихына жаңаша саралауға мүмкіндік береді.

Бөлісу: 

Қазақ хандығы 550

Қазақ хандығы 550

Кіші жүзде хандық билік қалай жойылды?

 

Кіші жүз халқы ғасырлар бойы қалыптасқан хандық басқару дәстүрінен бас тартпағанына қарамастан, Ресей империясы қазақ даласын басқаруды орыс жүйесіне көшіруге дайындығы ХІХ ғасырдың 20-шы жылдары басында аяқталып қалды. Патшалық Ресейдің алдын-ала жоспарлы түрде ойластырған отарлау саясаты көздеген мақсатына жетті.

1824 жылы 3-қаңтарда Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссенге Кіші жүздің Қаратай сұлтан бастаған 66 сұлтаны, старшындары мен билері Бөкей Ордасының ханы Жәңгір Бөкейұлын барлық Кіші жүздің ханы етіп сайлауы туралы өтініш жібереді (История Букеевского ханства 1801-1852 гг. Сборник документов и материалов. - Алматы, 2002. – c.238-240.).

Бұл кезеңде Кіші жүз даласындағы дағдарыс өзінің шыңына жеткен-ді. Дәстүрлі хандық билік әлсіреп, хан саяси биліктен алыстай бастады, ал старшын мен билер билігіне қатаң бақылау жасалды. Сондықтан хан мен сұлтандар орыс ұлығының көмегімен билігін сақтап қалу үшін жанталасты. Ал патша үкіметі әкімшілігі қазақтар арасындағы өзара ру және саяси билік таласын дер кезінде пайдаланып, оны ушықтырып отырды.

Бөлісу: 

Бастама

Бастама

Жайық қаласынан – Хан ордасына!

 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы 25-26 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында республикалық деңгейде аталып өтті.

 

Осы тойдың қарсаңында «Жайық Пресс» ЖШС мен «DANA.kaz» журналы мерекенің құрметіне автошеру ұйымдастыру туралы бастама көтерді. Автошерудің мақсаты - Қазақ хандығының 550 жылдық тойын нағыз халықтық мерекеге айналдыру, өңірдегі белсенді азаматтардың басын қосып, Жайық пен Еділдің арасында көк туымызды желбіретіп, байтақ даланы дүбірлетіп салтанатпен жүріп өту, ел тойына үлес қосу болатын. Бұл ұсынысты БҚО әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және жекелеген азаматтар қызу қолдады.

Бөлісу: 

Алақай

Алақай

Тұсау кесу

Ұлық Алла Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жаратып, жер бетіне жібереді. Олар өте ажарлы, сұлу болған екен. Бір-бірін ұнатып қалады. Ұлық Алла екеуіне:

– Некелерің қиылмай, бір-біріңе қосылмаңдар, – деп ескертеді.

Бір күні екеуі шыдай алмай, бір-біріне қосылып қояды. Дүниедегі ең алғаш зинақорлық осыдан басталыпты. Діни-аңыздарда, қиямет қайымда зинақор адамдар Әбілет пен Тәбілеттің қауымында тіріледі екен деседі. Некесіз қатынастан дүниеге Ібіліс келеді.

Адам ата мен Хауа ананы жер бетіне жіберер кезде Ұлық Алла оларға да ескертіп:

– Некелерің қиылмай қосылмаңдар, – дейді. Адам ата мен Хауа ана: «Мақұл!» – деп уәде береді. Бірақ, ол заманда Ібіліс малғұн атанып, оларды азғырып, тура жолдан тайдыруға серт берген кезі екен. Ұлық Алла Жебірейілге:

– Адам мен Хауаның аяғын тұсаула. Жерге табаны тиген соң, тұсауларын кес. Ібілістің азғыруына еріп, тура жолдан таймасын, – дейді. Жебірейіл олардың аяқтарын көк шөппен байлаған екен. 

Бөлісу: 

Азаттық

Азаттық

Дәуқара батыр

 

Кіші жүздегі байбақты руының ұранына айналған Дәуқара батыр басында ас берілетінін естіп, ол жерленген БҚО, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округі аймағындағы Жігерлен елді мекеніне Орал қаласынан жол тарттық.

 

Бізді далалық жолға ыңғайлы, бауыры биік «Джип» автокөлігімен жеке кәсіпкер Амангелді Лұқпанов алып жүрді. Әжептәуір ұзақ жолға бір мақсатта шыққасын, ә дегеннен танысып, әңгімелесе бастадық. Амангелді ағамыз байбақты руының Әлтеке тайпасынан тарайтын Мамат бөлімінің ұрпағы екен. Жуырда ғана тындырылған сауапты іс – Дәуқара батыр қорымын қоршап, басына тақтайдай тегіс етіп өрнектас төсеп, бағалы материалдан белгі орнатуға қол ұшын созған батырдың аталас ұрпақтарының бірі болды.

Бөлісу: 

Мәдениет

Мәдениет

Гүлнәр ЖАҚЫПОВА,

Қазақстанның Халық артисі:

 

Жағымпаздық – қазақтың қасиетіне айналып барады

 

– Гүлнәр апай, дәл осы өнерде, оның ішінде театр өнерінде ел ішіне жүріп, орталыққа қарай ауысу оңай емес. Мойындалмай тұрып, маңайлай алмайсың. Сіз еңбек жолыңызды М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық театрынан бастап, Батыс Қазақстан облыстық драма театрында жалғастырып, соңында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында өз ойын өрнегіңізді көрсетіп, көрерменіңізді қуантып келесіз. Сөз басын өскен жеріңіз бен азамат болып қалыптасқан ортаңызды әңгімелеуден бастасақ...

Бөлісу: 

Алаштану

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ НҰҒМАН САРБӨПИН

 

 

Қазір біз – азат елміз. Қазақта «Тегін білмеген – тексіз» деген мақал бар. Елбасы Алаш қозғалысын «Мемлекетшілдіктің бастауы» деп ұлықтап отырғанда, билік басындағылар, жауапты қызметкерлер, білім мен мәдениет жүйесіндегі мамандар зиялы, зайырлы іс пен демократия жолында жанын салған ұлт тұлғаларының еңбегін лайықты зерделеп, байыптап насихаттауға тиіспіз. Бүгінгі «Мәңгілік ел» мұратымыз – Алаш жолын зерделей түсіп, зерттеп жас ұрпаққа мұра ету.

ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары елінің, халқының болашағы жолында саяси күрес додасына түсті. Еліміздің мемлекеттілігі туралы мәселе көтерді және сол тәуелсіздік жолында тағдырларын тәлкек етіп, бастарын құрбандыққа тікті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлыв, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы және биылғы мерейтойы тойланып жатқан, біздің жерлесіміз – Нұғман Сарбөпин

Бөлісу: 

1945-2015

1945-2015

 

«АТАЛАРДЫҢ ЕРЛІГІН ЖЫР ЕТЕМ КЕЛЕР ҰРПАҚҚА»

 

Биыл Хамза Есенжанов атындағы Батфс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап «Аталардың ерлігін жыр етем келер ұрпаққа» облыстық қолжазба кітаптар байқау өткізді. Облыс көлемінде алғаш рет өткен, балаларға арналған мұндай ауқымды байқау облыстық әкімшілік және облыстық мәслихат депутаттарының корпусының қаржылай қолдауы арқасында жүзеге асты.

Байқауға 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қамтылды. Байқау барысында облысымыздың 12 ауданынан, ауылдардан, қала аумағынан балалар қатысып, олардан 330-дан астам жұмыс жиналды.

Бөлісу: 

Мәдениет

Мәдениет

Кітапхана тарихи сана қалыптастырады

 

Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Егемендігіміз бен мемлекеттігіміз бекіген кезеңде халқымыз рухани жағынан жаңарып, әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайында қалыптасқан идеологиялық ұстанымдардан бас тартып, отандық тарихымызды жаңаша зерделеуге жол ашылды.

Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың «ақтаңдақ» беттері ашылып, рухани байлық пен өзіндік мәдениетімізге жаңаша қарауға мүмкіндік туып отыр. Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысы қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықтың, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторы. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусын алады. Сол себептен өткен заман оқиғаларын баяндағанда, тек елдің саяси тарихын, маңдай алды саясаткерлердің қызметін әңгімелеумен шектеліп қоймай, рухани және материалдық мәдениет тарихын әр салада жан-жақты толық зерттеген дұрыс. Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 403 кітапхана халыққа қызмет көрсетсе, оның 3-уі облыстық. 12-сі аудандық, 1 қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханалар. Олардың кітап қорында 5599,7 мың дана әдебиет болса, оның 1927,7 мың данасы қазақ тіліндегі басылымдар. Жалпы қордағы әдебиеттің 1046,9 мың данасы, яғни 18,9% қоғамдық саяси және тарихи әдебиет. Кітапханалар 307,7 мың халыққа қызмет көрсетеді.

Бөлісу: 

Жеті өнер

Жеті өнер

ҚОЙ СОЯ БІЛЕМІЗ БЕ?

 

9 кеңес

«СЫБАҒАМНАН АЙЫРМА!»

Жоғарыдағы бір сөзімізде халқымыздың әр адамға өзіне лайық атақ-дәрежесіне лайық сыбағасын беріп, дастарханның әрбір деталімен-ақ үнсіз сөйлесіп, тілсіз түсінісе беретінін далалық дипломатияның ғажайып үлгісі деп атап едік. Шынында да нағыз қазақ әрқашан, әр жерде өзіне лайық сыбағасын талап етіп отырған. Одан жаза басқан жан кім болса да аяусыз сыналып, масқара болатын.

Біреудің үйіне бейсеует кіріп, өзгенің дастарханынан сынық нан жеуді әбестік көретін бүгінгі «қалалық мәдениет» қаншалық қусырса да, өз дәстүрімізден өзіміз жеріп қайтеміз, қолдана алмасақ та ең болмаса біліп жүрейік деген оймен әңгімемізді ары қарай жалғастырамыз.

Бөлісу: 

Қауырсын

Қауырсын

Сөз өнерінің мектебі

 

Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Ол шындығына келгенде, қазақтың тарихы мен әдебиетінің шежіресі. Осыған орай, қазақ әдебиетіндегі би-шешендердің ұлағатын осы шығармама арқау еттім.

Бүкіл адамзат қоғамы балаға білім беруге, оны абзал азамат етіп тәрбиелеуге үнемі көңіл бөліп келген, өйткені бала – өмірдің жалғасы. Сондықтан жас ұрпақтың бойына дана бабалардың ұлағатын дарытып, батыстың білгірлеріне бас шұлғи бермей, халқымыздың білімділік қасиеттері мен даналық құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру арқылы жаңа, ашық нарықтық қоғам құрушыларды ізгілік бастауы саналатын даналыққа жетелеу – аға буынның парызы. Қай халық болмасын, үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан бүкіл қоғам болып ұлттық құндылықтардың негізінде айрықша азаматтық қасиетке ие болатын ұрпақ тәрбиелеу – уақыт талабы. 

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Құлпытас сырын ашайық!

 

Жұмағазы хазіреттің бөкейлік ағайындары

 

Батыс Қазақстан өңірінде ел-жұрт «Дәдем ата» деп атап кеткен Жұмағазы хазіреттің Кіші жүз Жетіру бірлестігіндегі тама руының Төлек тайпасынан тарайтыны белгілі. Бірақ хазірет туралы басқа мағлұматтарды, ата-тек шежіресін бұрын соңды кездестірмеп едім. Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданына қарасты Қайыңды ауылындағы орта мектеп директоры, өлкетанушы Серікжан аға Сүлейменов екеумізді тарихқа деген қызығушылығымыз табыстырды десе болады. Сұрасып келгенде екеуміз де тама руына жиен, бірімізге біріміз бөле болып шықтық. Серікжан аға сары алашаның барбатыр тайпасынан болғанымен, нағашыларымыздың да шежіресіне жүйрік екен. Бөле ағамның айтуынша, Сырым ауданында жерленген Тәңкеұлы Жұмағазы хазіреттің аталары ХІХ ғасырдың басында Бөкей ханмен бірге Жайықтың Самар бетіне көшіп келіп, Сарыөзеннің екі бетіне, қазіргі Қазталов ауданының Ақкөл ауылы маңына қоныстанған екен. Бірақ, 1820-1825 жылдар шамасында қазіргі Жайықтың сол жағына (қазіргі БҚО, Сырым ауданының жері) кері көшкен екен. 

Бөлісу: