8 (9)-2013

Журналдың жобасы


 

Көшпелі қазақ қоғамының өзіндік ерекшелігіне сәйкес, өткен ғасырлардан бізге дейін жеткен нақты құжат, тарихи жәдігер өте аз. Сол аз жәдігердің бір түрі – көне қорымдардағы құлпытастар. Мұндай ескерткіш, әсіресе, Қазақстанның батыс өңірінде өте көп. Бұл құлпытастардан марқұмның аты-жөні, шыққан тегі, лауазымы, әлеуметтік дәрежесі, қай жылдары өмір сүргендігі, ұрпақтары туралы мәлімет алуға болады. Алайда соңғы жылдары көне қорымдар мен құлпытастар уақыт тезінен тозып, жойылып барады. Сондықтан тез арада көне жерлеу орындарын анықтап, зерттеу нысанасына айналдыру керек.

Бөлісу: 

Жан азығы

Бөлісу: 

«Мен – рухы асқақ қазақпын!»

 


 

– Дәурен, “Ұя жақсы, тек онда балапан боп сыясың, шықпас еді қырандар қия алмаса ұясын” деген-дей, өзіңнің өскен ортаң, балалық шағың туралы әңгімелеп берсең?

– Төсінде жайсаңдар аунап-қуна-ған, топырағын ақындар жыр қылған, төскейінде малы мыңғырған Жәнібек ауылында 1989 жылы 2 тамызда «Кең дүние, есігіңді аш, мен келемін» деп өмірден өз үлесімді сұрай келген ұлдың бірімін. Балалық шағым – менің аппақ армандарымның ұясы. Әкем Марат Тілепқалиұлы – Ақтөбенің педагогикалық-индустриалдық техникумының түлегі, анам Роза Доллина – Орал ауыл шаруашылығы техникумын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. Ата-анам отбасымыздағы ағам Досымның, қарындасым Динараның, сондай-ақ менің жан-жақты білім алып, тәрбиелі болып өсуімізге қатты көңіл бөлді. Адамның негізі балалық шақта қалыптасады десек, ата-анамыз алаңсыз білім алуымызға жан-жақты жағдай жасай отырып, бізді еңбекқорлыққа, білімге құштарлыққа, жауапкершіліктің жүгін терең сезінуімізге баулыды. 2001 жылы әкем дүниеден өткен соң отбасын асырау міндеті, бізді оқытудың бар ауыртпалығы асыл анамның иығына артылды. Үмітін ертеңгі нұрлы күнмен байланыстырып, бізге зор сенім артқан анашымның арқасында ағам Құрлық Әскерлері әскери институтын бітірді. Қазір Алматыда өз мамандығы бойынша аға лейтенант шенінде қызмет атқарады. Ал қарындасым – Қазақ Ұлттық университетінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» факультетінің 3-ші курс студенті, грант иегері.

Бөлісу: 

Ноқтаға басы сыймаған Құныскерей

 


 

Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналып, елдің аузына іліккен тұлғалар көп қазақта. Солардың бірі – Құныскерей Қожахметов. Өзімен тағдырлас Нарынның Аманғалиы, «байлардан таңдап ат алатын» Ерғали Аязбайұлы, қызылдармен атысып, жастығын алып өлетін маңғыстаулық Тоқабай Құрмаш секілді «банды» атанған Құныскерей. Қазақстанның батыс өлкесіне атағы мен дақпырты түгел тараған, ақылы мен айласы арқасында кешегі КСРО секілді алып мемлекеттің тұзағына түспей, Сібірден секіріп, түркімен жерінде тыным тапқан тұлғаның аңызы мен ақиқатын, соның ішінде көпшілікке беймәлім өмірінің соңғы кезеңі туралы мақаланы ұсынамыз.

Құныскерей туралы тынымсыз ізденіп, бірнеше кітап жазған өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың айтуынша, Құныскерей Қожахметұлы 1895 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы-ның Тайсойған құмында, Нөсер қыстағына жақын орналасқан Кеңқоқты, Тарқоқты деген екі көлдің ортасындағы жазықта өмірге келген. Әкесі – Қожахмет Жанбасарұлы. Руы – Кіші жүз, Байұлының ысығы, оның ішінде – Тоғызбай. Тоғызбайдың Назар, Базар, Есназар, Сағын, Түкі деген бес ұлын Қызылқоға бетінде «Бес Тоғызбай Ысық» деп атайды. Құныскерей Тоғызбайдың Сағынынан тарайды. Сағыннан Көпен. Көпеннен Жанбасар, Малбасар туады. Жанбасардан Қожахмет, Малбасар-дан Сәлімгерей, Орынбай деген екі бала болған.

Бөлісу: 

Тарих тағылымы отбасы тәрбиесінен басталады...

 


 

Орал-Алматы пойызы... Абыр-сабыр басылып, әркім өз орнына жайғасып болған. Жүктерімізді орналастырып, төсек-орнымызды сайлаған соң көрші орналасқан жолаушылар бір-біріміздің бет-жүзімізге бажайлап қарай бастадық. Оң қолымнан орын тепкен көрші апамыздың ашықжарқын адам екенін байқадым. Бөтен көрмей, бірден бауырына тарта сөйледі. Жары Қуаныш ағай екеуі қыз жасауының шаруасымен Алматыға жол жүріп барады екен. Жөн сұраса келе, Жамал апамыз рулас болып шықты. Кісіге бірден жұғыса салуым қиындау еді. Бірақ мені ерлі-зайыптылардың мейірімі мен бауырмалдығы бірер сағатта баурап алды. Ұзақ сапарды әңгіме-дүкен құрып қысқарта отырып, біраз жайға қанықтым.

Бөлісу: 

Құныскерейдің соңғы сәті

 

1960 жылдардың басы. Қазіргідей күнді жалғап жағы сембей жататын теледидары, киносы жоқ ауылдың сабақтан соңғы бар алаңы – кітап. Кітаптың да көзі көп емес. Іздеп оқимыз, таласып оқимыз. Оқығанның оқиғасын әңгімелеп, әсерін ортаға салу – ол енді кішігірім жәрмеңке. Сол уақытта талай балаң оқырманның ықыласын баурап, қиялын қырық құбылтып тамсантқан шығарма Х.Есенжановтың «Ақ Жайығы» еді.

 

Біз, әрине, онда романның негізгі идеясына, басқа да қалтарыстарына ой жіберетін пайымнан мақұрымбыз. Көбіне еліктіретіні – жалаң оқиғасы. Басты кейіпкер Құныскерейдің кесек қимыл әрекеттері. Әлі есімде, ауыл сыртында қаптаған әскерді насыбай атқан болып алдаусыратып қоршаудан сытылып кеткен, Жолмұқанды жолдан торыған Құныскерей болып талай ойнадық. Бейне біздің бала тілегімізді қабыл алғандай, жазушы «Ақ Жайығын» жалғастыра берді. Оны ілесе оқыған біз де естияр тарттық. Құныскерейді арғы Үстірттің қырына аяғын іліктіріп тастап, қимай-қимай қоштасып тындық ақыры. Кейіпкердің онан арғы тағдыры қалай болды, ол жұмбақ болып қала барды. Ел аузындағы қауесетке қарағанда, ол аман-есен әлде Өзбекстан, әлде Түркіменстан не Тәжікстан, әйтеуір, «станның» біріне барып, үйлі-баранды болып, қоңырқай шаруа тірлігін кешіп, бертінде өз ажалынан бақилық болыпты-мыс.

Бөлісу: 

Жиембет жырау қалай үйленген?!

 


 

Шежіренің бір тарауында «Алаштан» әкеліп «Қазақты», одан «Бекарыс» Кіші жүзді таратқанда, «Бекарыстан» үлкен «Алшын» руы тайпасы өрбиді.

 

«Бес ғасыр жырлайды» жинағында: «Жиембет жырау Бортоғашұлы – XVІ ғасырдың соңғы ширегі, XVІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген «Алшын» руынан шыққан, еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры. Ол, әсіресе, 1620 жылғы ойраттармен күресте өз ерлігімен ерекше көзге түскен» делінген. Өз кезегінде Кіші жүзді құрайтын үлкен рулардың бірі – Он екі ата Байұлы болса, оның бір тармағы – жеті баулы Тана. Жиембет осы Тананың рубасы, әрі жауға шапқанда ұраны да болған. Рудың өзінің көпшілігінің кісі аттары екендігі де тарихтан белгілі.

Жасы 98-ге келіп қайтыс болған Жиембет тана Баташ қария «Жиембеттің әкесі кітаптағыдай «Бортоғашұлы» емес, дұрысы «Біртоғашұлы» - дейтін. Бұны арғы аталары ретінде Жиембет жырау жайлы біраз шежіре, жыр-әңгімелерін білетін, 80-ге жуықтап келіп дүние салған анам – Зиза Шапикқызы да растайды.

Жиембет жырау шешендігі, ақындығы, ерлігі арқылы көзге түсіп, халық, хан алдында үлкен беделге ие болыпты. Өзіне бірқатар сұлуды да жар етіпті.

Бөлісу: 

Алаш антына адалдық

 


 

«Алашорда» сабағы мектептерде оқытыла бастайтыны туралы жақсы хабар шықты. Соңғы кездері елімізде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да Алаш тарихына қатысты зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле бастады. Бұл істердің басында Жаһанша Досмұхамедұлы атындағы «Қайраткер» қоғамдық қоры жүр.

Бөлісу: 

Бостанды білетіндер бар ма?

 


 

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Қурайлысай ауылдық округінде, Сайқұдық ауылынан 6 шақырым жерде жергілікті жұрт «Бостан қауымы» деп атайтын көне зират бар. Бұл зиратта Кіші жүз Бай ұлы ішіндегі Сұлтансиық атасына қарайтын Тана руының адамдары жерленген. Көне құлпытастар-дың бірінен көзімізге мынадай мәтін түсті:

Бөлісу: 

«Махамбеттер тірі екен!..»

Жақында Астана мен Орал қалаларында «Махамбеттер тірі екен!..» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Біз 1991 жылы Орал қаласында болған қыркүйек оқиғасы жөніндегі фильмнің авторы, сол күндердің куәгері болған белгілі ақын, журналист Мұнайдар Балмолданы әңгімеге тарқан едік.

 

– Мұнайдар аға, «Махамбеттер тірі екен!..» атты деректі фильміңіздің тұсаукесерін алдымен Астанада жасауыңыздың мәнісі неде?

– Фильмді Астанада алғаш көрсетудегі негізгі мақсатым – еліміздің жүрегі болып саналатын Астана жұртшылығына, ондағы зиялы қауымға азаттық жолындағы күрес жайлы жеткізу. Өйткені қыркүйек оқиғасынан Орал халқы азды-көпті хабардар ғой. Ал Арқадағы үш жүздің баласы жиылған жердің халқы бұдан мүлдем бейхабар. Сол себепті ондағы басты-басты деген БАҚ өкілдерін де шақыртып, Ұлттық академиялық кітапханада тұсаукесерін жасадық. Ол мейлінше сәтті өтті. «Хабар» және «Қазақстан» телеарнасынан, ғаламтор жүйесі мен баспасөз беттерінен бірден жарық көрді.

Бөлісу: 

Ұлықпан хәкім қиссасынан

 

 

Ұлықпан хәкім өте әдепті болыпты. Одан біреу:

- Хәкім, әдепті кімнен үйрендіңіз? – деп сұрады.

- Әдепсізден, - деп жауап берді.

- Әдепсізден не үйренуге болады?

- Өтірікшіден өзім бездім. Себебі, өтірік айтып, басы дауға шатылды. Мылжыңнан да қаштым. Бос сөзден оның жүрегі қатайып, жаман мен жақсыны айырудан мақұрым қалды. Өсекшіден аулақ кеттім. Қарасы жұқты. Мақтаншақ өз дамбалын өзі былғады. Одан да жиіркендім. Күншіл көршім менімен бақталасып, өз бағын өзі тепті. Дөрекі мен тұрпайыдан шошындым. Қасында жанашыр туысы қалмады. Қылжақбас, қырсықтан жырақ жүрдім. Досынан айырылды. Өзімшіл тәкаппардан сақтандым. Оларды Құдай ұрды. Осы бақытсыз пенделердің өмірін зерделеп, олардан үлгі алдым. Ғибрат алатын адамға оларда да ғылым бар екен, - депті.

Бөлісу: 

Бүркіт

 

 

Ұлықпан хәкім өте әдепті болыпты. Одан біреу:

- Хәкім, әдепті кімнен үйрендіңіз? – деп сұрады.

- Әдепсізден, - деп жауап берді.

- Әдепсізден не үйренуге болады?

- Өтірікшіден өзім бездім. Себебі, өтірік айтып, басы дауға шатылды. Мылжыңнан да қаштым. Бос сөзден оның жүрегі қатайып, жаман мен жақсыны айырудан мақұрым қалды. Өсекшіден аулақ кеттім. Қарасы жұқты. Мақтаншақ өз дамбалын өзі былғады. Одан да жиіркендім. Күншіл көршім менімен бақталасып, өз бағын өзі тепті. Дөрекі мен тұрпайыдан шошындым. Қасында жанашыр туысы қалмады. Қылжақбас, қырсықтан жырақ жүрдім. Досынан айырылды. Өзімшіл тәкаппардан сақтандым. Оларды Құдай ұрды. Осы бақытсыз пенделердің өмірін зерделеп, олардан үлгі алдым. Ғибрат алатын адамға оларда да ғылым бар екен, - депті.

Бөлісу: 

«Менің қызым боласың» деп еді...

 


 

Тірлігінде қабағы түсіп, көңілі жабырқап жүрген қаламгер қандай құнды шығарма жазуы мүмкін? Шығармашылық иелерінің көңіл-күйін баптап, олардың «асау» мінездеріне шыдап, жаманын жасырып, жақсысын асырып отыратын ақын-жазушылардың жарлары екенін көпшіліктің мойындайтыны ақиқат. Егер талантты жазушының қаламынан құнды шығарма дүниеге келсе, ең бірінші ол – жазушының жарының еңбегі. Сол шығарманы оқып отырып біз білмейтін, бірақ аяулы ана, сүйікті жар әр ақын-жазушының жұбайына үлкен алғыc айтуға тиістіміз. Өмірлі шығарманың иесінің сол туындыны дүниеге әкелуіне қаламгер жарының еңбек үлесі ерекше екені даусыз.

Осы орайда, Жайық өңірінде туып, әдебиет майданында ерен еңбегімен танылған, «Қазақтың Қадыры» атына ие болған көрнекті қаламгер Қадыр Мырза Әлі ағамыздың жары Салтанат Мырзалиевамен әңгімелескен едік...

Бөлісу: 

Арыстан әулие

 


 

Тайпақ топырағында туып-өскен, елге есімі кеңінен мәлім әулие Арыстан Жұмалыұлының руы – тана, бөлімі – Жиенбет. Жиенбеттің Масай аталығынан шыққан. Қызыл шырайлы, көркем жүзді, дембелше келген, мінезге бай адам екен.

Арыстан қарт – мұсылманша білімі терең, «нақуды тауысқан» дейді білетіндер. Нақу бітірген молдалар екі түрлі жолға түседі екен. Біріншісі бас пайдасын көздеп, оқудың күшімен жын-перілерге жұмысын жасатады. Болмаса адамдарға ішірткі, дуа жазып беріп, тағдырын өзгертіп, қорлыққа салады. Бұл қазіргі тілмен айтқанда қара магия сияқты.

Бөлісу: 

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ Ақтөбе қаласы

 


 

БЕЙУАҚ

 

 

 

«Ай, заманым, заманым,

Қайда кетіп барасың...».

Таппағасын амалын,

Жұрт... жалайды жарасын.

 

Тіл байланып, жақ сынды,

Күн байыды, кеш кіріп...

Белең алған ат сынды,

Уақыт тұр тепсініп.

 

Алуан-алуан қос құрып,

Күнге ашқызып түңлігін.

Шуылдасқан көпшілік

Естімейді бір-бірін.

 

Сор айналып жан-жағын,

Келмей қойды Бақ қатал...

Дуалы ауыз қалмады,

Мынау жұртты тоқтатар.

 

Астамсып кіл күшенген...

Кім не десін бұларға?

Көктен Ғайса түсер ме,

Жерден Мәді шығар ма...

 

Өтірікке ел үйренді...

Қайтпағасын меселі,

«Бас-басына би болды,

Өңкей қиқым...» кешегі.

 

«Ақырзаман боларда...»

Мықты екенсің, ай, шалым.

Көл арнасы толар ма,

Күні туып Ғайсаның...

 

Жүрсе де көп түңіліп,

(Сенген жанға құт ерер).

Жүрегіне үңіліп,

Бір ғажапты күтеді ел.

 

Астамсып кіл күшенген...

Мен не дейін бұларға?

Көктен Ғайса түсерде,

Жерден Мәді шығарда...

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: 

Домбыра құны – құлынды бие

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бөкей ордасы» залы бар. Осы залға келген көрермендердің көзі ерекше шебер жасалған домбыраға түседі. Бұл – шебер Темір Аманшиннің қолынан шыққан туынды.

 

 Темір Аманшин туралы көп мәлімет жоқ. Оның 1890 жылы туғаны ғана белгілі. Осы шебер жасаған тағы бір домбыра Жәңгір хан атындағы этнографиялық музейдің экспозициясында тұр.

Домбыраның шанағы қақ жарылған алмұртқа ұқсас, көлемді, Батыс Қазақстан үлгісінде, жөке ағашынан жасалған. Жалпы ұзындығы  – 102 см, мойыны – 65 см, 20 перне тағылған. Бұл пернелер кең тынысты, дыбыстық ауқымды, иірім-қайырымдарын дәл беруге ыңғайлы келеді. Демек, бұл домбыра күй тартуға арналғандығы байқалады. Шанағы құрамалы, жеті тілшеден жасалған. Шанағында геометриялық және өсімдік өрнектері ойылып салынған. Уақ тесіктері бар әшекейлі сүйек жапсырмалар түрлі-түсті барқыт негізге жапсырылған. Қақпағының төменгі жағы «қошқар мүйіз» өрнегімен әшекейленген. Тиегі, екі ішегі бар домбыраның мойынында әшекейлі сүйек жапсырмалар қондырылған.

Бөлісу: 

«Екі беті нарттай»

Бөлісу: 

Серікқали ШАРАБАСОВ, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Орал қаласы

 


 

«DANA.kaz» – еліміздің батыс аймағындағы шығарылып отырған тұңғыш тарихи-танымдық журнал. «DANA.kaz» ешқашан баспасөз бетін көрмеген тың деректерімен бағалы. Ал ол деректер бір облыстың тарихнамасы ғана емес, қазаққа ортақ құнды тарих. Бірлі-екілі республикалық журналды айтпағанда, дәл мұндай ұлтымыздың тарихы, ұрпақ тәлім-тәрбиесіне таптырмас тың деректерді, өлке тарихнамасын, аймақтың ғылым-білім, әдеби-мәдени өмірін бір басылымға тоғыстырып отырған керемет дүниені өзге облыстар жақсы ұйымдастыра алмай отыр. Бастама бар, енді халықтан да, биліктен де қолдау болса екен деймін.

Бөлісу: 

«Данаға» тілек!

 

 

 

Индира НАБИОЛЛАҚЫЗЫ,

Махамбет Өтемісов атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

шетел тілін және аударма ісін оқытудың

теориясы мен практикасы

кафедрасының аға оқытушысы

 

Қазағым, серпілсін деп сенде сана,

Шырылдап бұл өмірге келді «Дана»!

Уақыттың қойнауына үңіліп кеп,

Тарих пен тілдің ашты қырын жаңа.

Тәуелсіздік мәңгілік болсын десең,

Ұлтын сүйген ұл-қызым, бері қара!

Сусында «Дана» көзден, текті таны,

Деп тілек айта келген мен бір ана.

Қазағым, серпілсін деп сенде сана,

Шырылдап бұл өмірге келді «Дана»!

Уақыттың қойнауына үңіліп кеп,

Тарих пен тілдің ашты қырын жаңа.

Тәуелсіздік мәңгілік болсын десең,

Ұлтын сүйген ұл-қызым, бері қара!

Сусында «Дана» көзден, текті таны,

Деп тілек айта келген мен бір ана.

Бөлісу: 

Әленғали КЕРЕЙТЕГІ, өлкетанушы, «Ақжайық ауданының құрметті азаматы»


 

 

Тарихи танымдық тақырыптар мен озық ойлы жастар туралы, өнер мен білім жөнінде өңірімізде алғашқы жарық көрген «DANA.kaz» журналын кең байтақ еліміздің оқырман қауымы өте жылы қабылдап отыр.

Көпшіліктің көкейінен шығып, елінің намысын қорғаған талай жүректі батырлар мен дана билеріміздің, халқына қызмет еткен арқалы әулиелердің кесене, мазарларын тауып, құлпытастарын сөйлетіп, мұражай деректерімен нақты дәлелдеген, мазмұны кең, көркемдік сапасы жоғары, қазақ елінің жастарын ұлттық салт-дәстүрге бағыттайтын бұл басылым ешкімді бей-жай қалдырмайтын, үлкенді де, жастарды да өзіне тарта білетін, заман талабына сай туындаған ерекше журнал деп білемін. Осы журналды үзбей оқитын жастардың тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болатындығына сенімдімін!

script

Бөлісу: 

Алғашқы жорық

 

 


 

Журналымыздың өткен санындағы «Жаһаншаның «Мерседесі» қайда екен?» атты мақаламызға алғаш үн қатқан – Орал қаласының тұрғыны, біздің тұрақты оқырманымыз Берік Шадығали болды. Өзі Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты ауданы Жосалы ауылында туып-өскен Беріктің нағашылары қарақұнан таналар екен.

Бөлісу: 

Шым бойындағы сырлы тас

Бөлісу: 

Құбаша қауымындағы құлпытас

 

 

БҚО, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінде Құбаша атты көне қауымда ХІХ-ХХ ғасырдың басына жататын көптеген құлпытас сақталған. Солардың бірінде мынадай жазу бар:

 

Алаша руы

Барамық тайпасы

Тоқбас бөлімі

Байтұр баласы

Асман опат

63 жасында 1884-нші жылда

Тас қойды баласы Торғай

(сурет 2010 жылы 28 мамыр күні түсірілген)

Бөлісу: 

Әтібектегі құлпытас

 

 

Әтібектегі құлпытас

БҚО, Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылдық округіне қарасты Әтібек елді мекенінің жанындағы көне зиратта тұрған белгі:

 

Алдыңғы жағында:

Байбақты руы

Батақ тайпасы

Күшпен бөлімі

Шындәулет немересі

Құрмантай баласы

Алтынбек опат

87 жасында

 

Оң жақ қырында:

1897-нші жылда

Бұл тасты қойды

Баласы би Тәйкі мырза

 

(Сурет 2013 жылы 25 шілдеде түсірілген)

Бөлісу: 

Сайқұдықтағы құлпытас

 

 

БҚО, Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылдық округіне қарасты Сайқұдық ауылынан 6 км жердегі Бостан қауымындағы ең биік құлпытас:

 

Тана руы

Қалқаман тайпасы

Мәмбет аймағы

Құдайберген немересі

Сафи баласы

Жайнақ опат 63 жасында

1879 жылда

Бұл тасты алып қойды

баласы Қазы мырза

(соңғы жол тігінен жазылған)

(Сурет 2013 жылы 24 мамырда түсірілген)

 

Араб әрпімен жазылған мәтіндерді оқыған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Бөлісу: 

Құбаша қауымындағы дөңгелек құлпытас

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округіне қарасты Құбаша қауымында жатқан дөңгелек құлпытас.

Бөлісу: