7 (30) 2016

Еуропадан хабар

Еуропадан хабар

Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ,

«DANAkaz» журналының

Варшавадағы тілшісі

 

«Жібек жолын жаңадан саламыз!»

 

Арыстанбек Орынбасаровтың есімі «DANAkaz» журналы оқырмандарына жақсы таныс. Польшаның Вистула университетінде білім алған жас талап бүгінде Варшавадағы Леон Козмински атындағы университеттің магистратурасында оқиды. Бұйырса қаржы саласын терең игеріп, инвестициялар бойынша маман болып шықпақ. Оқуға қоса, Арыстанбек еңбек етеді. Жұмыс орны – институциялық инвесторларға қызмет көрсететін Еуропаның ең ірі француз банкінің Варшавадағы бөлімшесі. Қат-қабат шаруасына қарамастан журналымыздың Польшадағы тілшісі қызметін атқарып жүрген бауырымыздың төмендегі мақаласына көз салайық.

DK

 

XX-ғасырдың басындағы қиындықтардың арасында жүріп білім алуға ұмтылған қазақ жастары көбіне Орал, Семей, Верный және Ташкент сияқты заманындағы ірі қалаларда орналасқан гимназияларда оқыған. Ол білім ордаларында латын, грек, неміс, француз және орыс тілдерімен қатар физика, логика, география пәндерін де үйренетін. Әрине, бұл мектептерде тәлім алған шәкірттердің көбі әл-ауқаты бар бай-шонжардың, армия офицерлерінің әрі өнеркәсіп иелерінің балалары болған. Барлыбек Сыртnанов, Сәрсен Аманжолов, Мұхаметжан Тынышбаев, Жұбаныш Бәрібаев, Ораз Жандосов тәрізді есімі елімізге белгілі азаматтар осыylq гимназия түлектері еді.

Кейін алыс-жақын ірі қалалардағы институттарда оқуын жалғастырған қазақтың болашақ зиялылары Польшаның астанасы Варшавада да болған екен. Демек, Польша жеріне білім алу мақсатымен қазақ жастарының келуі еліміз Егемендік алғанынан кейін ғана емес, сонау XX ғасырдың басында басталып кеткен құбылыс. 1910-1920 жылдары Варшавада оқып кеткен зиялылардың арасында есімдері ел аузына аса танылмай қалған Қанай Боранбаев, Әбілмәжін Күшіковтер де болған. Қанай Боранбаев кейіннен ҚАССР-інің Әділет (Юстиция) халық комиссары – республика прокуроры лауазымында болған; сот, прокуратура органдарының қалыптасуына, кадрларды тәрбиелеуде зор үлес қосқан.[1] Ал Әбілмәжін Күшіковке келетін болсақ, ол ауыл шаруашылығы саласында өзінің зор үлесін қосқан маман болған.

ҚАССР-інің Юстиция халық комиссары - республика прокуроры ҚанайБоранбаевтуралыдерек”, ЕгеменҚазақстангазеті, 28-05-2012

 

Бөлісу: 

Мөр

Мөр

Есенгелді байдың мөрі

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAkaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға әйгілі бай, старшын, сардар Есенгелді Жанмырзаұлы «мөрін басты».

Есенгелді Жанмырзаұлы (1741-1834) — ел аузында 12 екі мың жылқы айдаған байлығымен әрі баласы Бекейді өлтірген қатыгездігімен қалған тұлға. Тегі — Он екі ата Байұлына жататын тана руының Асан атасынан. Бейіті қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылының маңында жатыр.

Есенгелді Жанмырзаұлы туралы «DANAkaz» журналы 2013 жылғы №10, 2014 жылғы №6-7, 2015 жылғы №1-2, 4, 5, 6-7, 8 сандарында егжей-тегжейлі жазылған болатын. Біздің тұрақты авторымыз, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин Орынбор мемлекеттік мұрағаты материалдарының негізінде тарихи тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне барынша толық шолу жасаған еді.

Есенгелді бай 1781 жылдан бастап ел басқару қызметіне араласқан. Әуелі тана руының қатардағы старшындарының бірі болады, Есім ханды, Бөкей ханды сайлауға қатысады. 1795 жылы Бөкей хан Нұралыұлының ұсынысымен Есенгелдіге «тархан» атағы беріледі. Әр жылдары Есенгелді Орынбор Ерекше комиссиясының мүшесі, Жайық бойындағы №4 дистанция бастығы секілді лауазымды қызметтерді атқарған.

 

Мөрдегі жазу: «Старшин Есенгелді бин Жанмырза»

Бөлісу: 

Өлкетану

Өлкетану

Жайық қалашығының орны мұражай бола ма?

 

Мұхтар ӨТЕС,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қор сақтаушысы

 

Мәдени мұраларды зерттеу және қорғау – Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму барысындағы бірден-бір басым бағыт.

Мәдени мұра – рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капиталдың құндылығы. Оны жан-жақты зерттеу, насихаттау, антропогендік, техногендік араласу және табиғи күйзеліс салдарынан қауіп-қатерге ұшыратпау – маңызды ғылыми мәселелердің бірі. Батыс Қазақстан облысы аумағында табылған барлық ескерткіштердің сақталуы, сонымен қатар белгілі ескерткіштерден мұражай қорықтар немесе археологиялық саябақтардан мұражай кешен құру мәселесі әрқашан мамандардың назарында тұр.

Бүгінгі әңгіме – Ақ Жайық өңіріндегі аса маңызды археологиялық ескерткіш – ортағасырлық Жайық қаласы туралы болмақ.

Жайық қаласы XIII-XIV ғасырларға даталанған, қазба жұмыстары барысында шығыс моншасы – хамам, кірпіш күйдіргіш пеш, 3 тұрғын мекені, 2 кесене және басқа да құрылыстар табылған.

Жайық қалашығы - ортағасырлық ескерткіштердің тек біреуі ғана. Аймақта қоныстар мен қалалардың кең таралуы Алтын Орда кезеңімен, сонымен қатар Өзбек, Жәнібек хандарының қала құрылысы қызметімен байланысты. Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысы аумағында БҚО тарих және археология орталығы археологтарының жұмысының нәтижесінде 4 қала қонысы табылған. 

Бөлісу: 

1916

1916

Махамбет рухының көрінісі

Аққали АХМЕТ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекет университеті Гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің деканы,

тарих ғылымдарының докторы

 

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толды. Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстардың тарихын тың мұрағат құжаттары негізінде кешенді түрде зерттеуді, жаңаша тұрғыдан зерделеуді жүзеге асыру қажет. Қазақ елінің тарихында отарлау заманында азаттық үшін 300-ден астам көтеріліс ұлы дала төсін шарпыған екен. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде азаттық қозғалысы барысында халқымыздың ұлттық мемлекеттік идеясы төңірегінде топтастыру формалары мен әдістері, осы жолда ұланғайыр қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу еліміздің ішкі, сыртқы саясатына толықтай сай келеді.

Бөлісу: 

Мәдениет

Мәдениет

Көші түзу көне кітапхана

 

Нұрлыгүл Аяпқызы,

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі,

Орал қаласы

 

Кітапхана адамның қажетті ілім мен ғылымды игеріп, қалыптасуына мүмкіндік беретін, ештеңемен айырбастауға болмайтын, телегей-теңіз, шалқар қазына ғой.

Ақпараттық қоғамның қалыптасуына байланысты болып жатқан қуатты мәдени өзгерістер біздің өміріміздегі кітапхананың алар орыны мен маңызын қайта қарап, жаңаша ойластыруға итермелейді. Әрине бүгінгі кітапхана – мыңдаған кітаптан қайысып тұрған сөрелер жиынтығы емес, ол сонымен қатар заманның талабына сай әр түрлі электрондық ресурстардан да тұрады. Кітапхана қоры – ғылым мен өндірістің, саясат пен экономиканың, мәдениет пен білімнің бойына өмірлік нәр беретін өміріміздің құрамдас бөлігі. Бүгінде Батыс Қазақстан облыс кітапханалары өз оқырмандарына білім бұлағынан емін-еркін сусындауға барлық жағынан керемет техникалық мүмкіндік беріп отыр.

Батыс Қазақстан облысында еліміздің ақпараттық қорының үлкен жиынтығын иеленген мемлекеттік жүйеге қарасты 396 кітапхана жұмыс істейді. Бұлар біздің шын мәніндегі баға жетпес мәдени байлығымыз, ұлттық қазынамыз. Қазіргі кезде облыс кітапханаларының кітап қорын толықтыру жағдайы елеулі өзгерістерге ұшырады. Біз соңғы 5 жылды салыстырмалы талдау барысында жыл сайынғы облыс кітапханаларының кітап қоры, соның ішінде қазақ тіліндегі кітап қоры өсіп келе жатқанын байқаймыз.

Бөлісу: 

Жолсапар

Жолсапар

 

Жаңылсын Аманқұлқызы,

БҚМУ 4-курс студенті

 

Америка әсерлері

 

Адам әрбір күнін, әрбір сағатын мақсатсыз өткізбеуі керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін, әсіресе жастар, бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің іссіз, мазмұнсыз бос болмауын қадағалау керек. «Уақыт бар ғой» деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Мен үш жыл уақытымның зая кеткеніне әлі де өкінемін. Сондықтан да айтарым «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, ағылшын тілін үйренуге кеңес беремін. Себебі, қазіргі дамыған заманда шет елге шығу үшін тіл керек, магистратура оқу үшін де тіл керек, беделді жерге жұмысқа тұру үшін де ағылшын тілін талап етеді.

Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде «Work and travel» атты бағдарламаны естіген едім. Қызықтым. Армандадым. Бірақ мақсат қоймадым, мүмкін желкенің қыры жібермеген шығар. Әбден үшінші курсқа келгенде ғана баруға шешім қабылдадым. Бұл ойыма үйдегілер де түсіністікпен қарады.

Айта кетейін, бұл бағдарламаға қатысу үшін жалпы ағылшын тілін түсініп, диалог құрып сөйлесе білуің керек. Ешқандай да тестті, я болмаса деңгейді қажет етпейді. Мен 2015 жылы қыркүйек айынан сәуір айына дейін Орал қаласында ағылшын курсын оқыдым. Ол үшін өкінбеймін, өйткені көп нәрсе үйрендім. Бірақ, АҚШ елшілігі қызметкерімен сұхбат кезінде бағы жанып, ешқандай курссыз-ақ виза алғандарды кездестірдім. Иә, бақ шаба ма, әлде бап шаба ма деген осы. 

Бөлісу: 

Жаңа кітап

Жаңа кітап

 

Таласбектің томдары

 

Белгілі жазушы, сценарист, музыкант, домбырашы Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағы ҚР Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрді.

Көптомдықтың алғашқы кітабына «Талтүс», «Кәрі күйші», «Тәттімбет сері» (аяқталмаған) атты күйшілік туралы романдар енген.

Екінші том прозалық шығармалар мен киноромандардан тұрады. Олардың ішінде «Шымдан», «Кәрі ат», «Атайы», «Арылу», «Үш аяқты ит», «Болмашы әңгіме» сияқты 1980 жылдары жазылған шығармалардан бөлек, ХХІ ғасырдың бергі жағында туған «Біржан сал», «Тұмар падиша», «Бекторының қазынасы», «Шатырда тұратын суретші», «Құнанбай», «Маңғыстау жорығы» атты туындылар да бар.

Бестомдықтың үшінші томына орыс тілінде «Царица Томирис», «Смерть ханского коня», «Биржан сал», («Последний трубадур»), «Жезтырнак», «Приемыш», «Медный город» (аяқталмаған) киноромандары мен «Смирение» әңгімесі кіріпті.

Таласбек ағаның төртінші томы «Сырлы сарын» және «Әдебиет әлемі» атты екі бөлімнен тұрады. Аты айтып тұрғандай, бұл жинақта автордың музыка және әдебиет туралы әр жылдары жазылған мақалалары топтастырылған екен.

Ал бесінші томға автордың мифология, тарих, қоғам жайында әр кезеңде жарияланған мақалалар кірген. 

Бөлісу: 

Руханият

Руханият

Дұғашы мен аса асыл мұраны сақтаушы

 

 

 

Өткен жылы екі бірдей асылдың ұрпағымен сұхбаттасқан болатынмын. Бірі немересі, бірі шөбересі. Бірақ күнделікті қарбаласпен жүріп тіпті ақпарат та жазылмай қалды. Биылғы Ақтөбеде болған қанды оқиғадан соң асылымызды танудың маңызды екендігі анық болды. Қазақты дінінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан айыру арқылы қарусыз жаулау – отарлаудың басты құралы болғаны белгілі. Кеңес заманында терең білімділерді, соның ішінде сауатты имам, молда тағы басқаларында «халық жауы» деп айыптап, қуғындаудың басты себебі де осы екені анық. Соңғы жылдары еліміздің әр өңірінде діни сауатсыздықтың кесірінен орын алған қанды оқиғалар осы көп жылдық солақай саясаттың жемісі. Жақында ғана Ақтөбеде болған жантүршігерлік оқиға тіпті тәуелсіздігімізге қатер екендігін көрсетті. Қатердің алдын алып, тамырымызды тауып, қазіргі буынмен қайта жалғау үшін ағартушылықпен айналысып, халыққа білім шашқан діни терең білімді тұлғаларымызды зерттеуді қолға алу күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Өңірімізде осындай тұлғаның бірі - Мәулімберлі Байшеркешұлы.

Бөлісу: