6-7(15)-2014

Ағайын, армысыз!

Соңғы кезде елімізде тарихи тамырымызды іздеуге талпыныс күшейіп келеді. Республика Президентінің өзі келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтілетінін мәлімдеді. 2012 жылдан бері «DANAkaz» тарихи-танымдық журналын шығарып, түрлі қиындықтарға қарамастан еңбек етіп келе жатқан журнал редакциясы бұл өзгерістерге ерекше қуанышты. Өйткені, өткенін ұмытпаған ұрпақтың болашаққа бағдары дұрыс болмақ.

Бөлісу: 

Жан азығы

Қалтасы қалың қандас болашағын болжай алмай, аяғының астындағыдан әрі көре алмай жүр. Әрине бәрі бірдей емес. Бірақ көпшілігінің бүгінгі бейнесі солай болып тұр. 

Бөлісу: 

«Біздің біліміміз ешкімнен кем емес!»

Гүлнұр Беркенова:

«Біздің біліміміз ешкімнен кем емес!»

                                          

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қарадомалақ қазақ балаларынан бөлек, Ауғанстан, Қытай, Корея, Ресей т.б сынды өзге ұлт өкілдері де білім алып жүр. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың талантты шәкірттері «академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-ларда тегін оқи алады. Осы бағытта Түркияның Стамбул университетінде білім алған журналистика факультетінің 4 курс студенті Беркенова Гүлнұр Ерланқызы – бүгінгі қонағымыз.

 

Бөлісу: 

«Шура» журналы

Жәдігер

 

«Шура» журналы

 

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қоры 2008 жылы құнды жәдігерлермен толықты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, «Ақ Жайық» трилогиясының авторы Хамза Ихсанұлы Есенжановтың тұтынған заттары, киген киімдері, құжаттары, фотосуреттерімен бірге жеке кітапхана қорын жазушының туғанына 100 жыл толу қарсаңында музей қорына ұлы Әлихан мен келіні Дина тапсырған еді. 

Бөлісу: 

«Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы!»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:

 

«Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы!»

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы тамыз айының соңында Ұлытау өңірінде берген сұқбаты Қазақстан бойынша кең талқыланып жатыр. Президенттің әсіресе ел тарихы, саяси жағдайы туралы пікірлерін «DANAkaz» оқырмандарына да ықшамдап ұсынуды жөн көрдік.

DK

 

Бөлісу: 

«...Таңбамды салып, мөрімді бастым»

«...Таңбамды салып, мөрімді бастым»

(Жалғасы, басы өткен санда)

 

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат жатыр. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім әсіресе жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!

Бөлісу: 

Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

 

Жәнібек Аллаярұлы,

тарих ғылымдарының кандидаты

 

Кімнің бай болғысы келмейді – құдайы қаламайды,

Кімнің би болғысы келмейді – халқы қаламайды,

Кімнің батыр болғысы келмейді – жүрегі дауаламайды.

Қазақ сөзі

Бөлісу: 

Аталарым бар екен

Аталарым бар екен

 

«DANAkaz» журналының 2014 жылғы №1 санынан бастап «...Таңбамды салып, мөрімді бастым» айдарымен Орынбор архивінде сақталған ХІХ ғасырдағы қазақ игі жақсыларының, сұлтан-старшындарының тізімі мен мөрлері, таңбалары жариялана бастады. Бұл өте құнды мәліметтер екен. Журналдың №2-3 санынан Кіші Жүз Байұлы шеркеш руының 16 сұлтаны мен старшыны аты-жөнімен басылғанын көрдік. Осы тізімнен өзімнің аталарымды көріп, ерекше қуанып, қолыма қалам алдым.

Бөлісу: 

Жаңғырық

Аталарым бар екен

 

«DANAkaz» журналының 2014 жылғы №1 санынан бастап «...Таңбамды салып, мөрімді бастым» айдарымен Орынбор архивінде сақталған ХІХ ғасырдағы қазақ игі жақсыларының, сұлтан-старшындарының тізімі мен мөрлері, таңбалары жариялана бастады. Бұл өте құнды мәліметтер екен. Журналдың №2-3 санынан Кіші Жүз Байұлы шеркеш руының 16 сұлтаны мен старшыны аты-жөнімен басылғанын көрдік. Осы тізімнен өзімнің аталарымды көріп, ерекше қуанып, қолыма қалам алдым.

Бөлісу: 

Алаштану

Ахмет Мәметов

және большевизмге қарсы күрескен газет

 

Бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастауы өткен ғасырлардан басталады. 1918-1919 жылдар аралығында қазақ халқының тұңғыш Ұлттық үкіметі аталған Алашорда өмір сүрді.

Бөлісу: 

Дастархан

Корейлердің ас мәзірі

 

«Астан үлкен нәрсе жоқ» дейді халқымыз. Бұл ас-тағамның адам өмірінде тек биологиялық қажеттілік емес, рухани өмірде де ерекше маңызды нәрсе екенін көрсетеді. Әр халықтың жанына етене жақын салт-сана, ғұмыр-дәстүрінде астың алатын орны, мәні өте зор. Әр халықтың өзіндік дәстүрлі тағамдары, өзіндік ас мәзірі болуы содан шығар.

Отандастарым менен корей тағамдары туралы көп сұрайды. Сондықтан «DANAkaz» оқырмандарын бүгін корей дастарханымен жақынырақ таныстырғым келіп отыр.

Бөлісу: 

Тырнақалды

Жас дос! Бүгін Нұрай Абзалқызы деген талантты қызымызды таныстырамыз. Ол Орал қаласында «Ақниет» гимназиясында оқиды. Нұрай оқу озаты ғана емес, керемет өлең де жазады. Оқып көріңізю Сіздерден де өлең-жыр, ертегі, сурет күтеміз.

 

Бөлісу: 

Сүйінші сұрау

Алматыдағы «Атамұра» баспасынан «Отбасы хрестоматиясы» айдарымен «Салт-дәстүр сөйлейді» атты жаңа кітап жарық көрді. Бұл – «DANAkaz» журналында жиі жарияланып келген «Әлдиден эпосқа дейін» кітабының заңды жалғасы десе де болады. Санжар Керімбай, Болат Бопайұлы, Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби секілді авторлардың ортақ еңбегінен туған бұл жинақта халқымыздың ежелгі ырым-тиымдарының шығу тегі туралы айтылады. 

Бөлісу: 

Сөз сыры

Сөз сыры

Сүмбіл шаш

 

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» сүмбіл шаш, ұзын әрі жуан, мойылдай қара шаш деп түсінік береді.

Бөлісу: 

Сәкеннің Жымпитыға сапары

Сәкеннің Жымпитыға сапары

 

Сырым ауданы тарихында атап өтетін маңызды оқиғаның бірі –Сәкен Сейфуллиннің 1923 жылғы Жымпиты уезіне ат басын тіреуі.

1922 жылы 6-13 қарашада өткен советтердің ІІІ съезінде Сәкен Сейфуллин 28 жасында халық комиссарлар кеңесінің төрағалығына сайланды. Ол сонымен қатар өзі негізін қалаған «Еңбекшіл қазақ» (кейінгі «Социалды Қазақстан», бүгінгі «Егемен Қазақстан») газеті мен «Қызыл Қазақстан» (кейінгі «Ауыл коммунисі», «Қазақстан коммунисі», бүгінгі «Ақиқат») журналының жауапты редакторы міндетін қоса атқарды. (Р.Нургали «Алашординцы», 114 б. «Алаш» баспасы, Алматы-2004)

Бөлісу: 

Тайшетте қалған Аманша

Өлке

 

Тайшетте қалған Аманша

 

ХХ ғасырдың 30-50 жылдары тек қазақ емес, бұрынғы КСРО құрамына кірген мемлекеттердің тарихына да «үлкен террор дәуірі» деген атау берсе болады. Бұл сталиндік репрессия машинасының толық қуатында жұмыс істеген кезі еді. Мұны Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да бастан кешірді. Саяси репрессия жылдарында облыста 5 мың адам сталиндік тоталитаризм қармағына ілікті. Оның 1300-і ату жазасына кесілді. Бөкей Ордасынан да 100-ден астам адам құрбан болды. Солардың бірі – менің әкем Шамұраттың нағашы жұрты – Шақаев (Беккожин) Аманша атам. 

Бөлісу: 

«Сұлулық байқауын біздің ділімізге қарай бейімдеу қажет»

 

«Сұлулық байқауын біздің ділімізге қарай бейімдеу қажет»

 

Осы бір тамаша әйелге тамсанбау мүмкін емес. Оның мақамы, байсалды жұмсақ дауысы өзіне еріксіз тартады. Оған қарап отырып: «Міне, нағыз қазақ әйелі! Өн бойында бәрі үйлесімдік тапқан: нәзік қыз, сүйікті жар, қамқор ана, ізетті келін және табысты бизнес-вумен» деп еріксіз ойлайсың. Әңгіме «Star Model Studio» моделдік агенттінің директоры, «Орал аруы-2014» («Мисс Уральск-2014») сұлулық байқауының ұйымдастырушысы Жұлдыз Хұспанова туралы болатын. Бұған қоса, Жұлдыз – төрт баланың анасы, кішкентай ұлы 8 айлық болса, үлкен қызы 15 жаста.

Бөлісу: 

Обадан сақтандырған кітапша

 

Көне кітап

Обадан сақтандырған кітапша

 

Ел ішінде, жекелеген азаматтардың қолында тарих үшін құнды қазына, баға жетпес байлық саналатын қолжазбалар, көне кітаптар жетерлік. Осындай сирек кездесетін кітаптардың кейбірін сақтап отырған Ерсайын Мергенбаев ағамызды таныстырамыз.

Бөлісу: 

Кемпірқосақ

 

Кемпірқосақ

 

Аңса МҰСТАФА

 

Танымал суретші Аңсаған Құрманғазықызы 1979 жылы Атырау облысы Миялы ауылында дүниеге келген. Алматы сурет колледжін, Жүргенев атындағы Өнер академиясының графикалық дизайн бөлімін тәмамдаған.

Бөлісу: 

«Ресейдің қазақтары ұйымшыл»

 

Сәті түскен сұқбат

 

Жұмағали БАЯНАСОВ,

зейнеткер,

Тұзтөбе (Соль-Илецк) қаласы,

Орынбор облысы,

Ресей Федерациясы

 

«Ресейдің қазақтары ұйымшыл»

 

Бүгінде Ресейде тұрып жатқан қандастарымыз арасында қазақтың көне әңгімелерін білетін ақсақалдар аз емес. Жұмағали ағамыз туралы да «кеудесі тұнған шежіре» деген бағаны естіген соң, ол кісімен жолығуға асықтық. Арнайы іздеп барған ниетімізге қарай Жұмекең де небір хикаяның тиегін ағытты. Төменде сол сұқбаттың бір парасын «DANAkaz» журналының оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Бөлісу: 

«Мен кіммін?»

 

«Мен кіммін?»

                

Мөлдір бала кезінен томаға-тұйықтау боп өсті. Өзімен-өзі жүретін, көп үндемейтін. Жанындағы құрбыларымен де ашық-жарқын сөйлесіп араласқанын көрген емеспіз. Үнемі төсегінде бүк түсіп жататындығы ғана есімізде қалыпты.

Бөлісу: 

«Ұран» кітабы Астана мен Алматыда

 

«Ұран» кітабы Астана мен Алматыда

 

1917-1918 жылдары Бөкей ордасындағы Орда қаласында жарық көрген, Алаш қайраткерлерінің асыл идеясын қолдаған «Ұран» газеті туралы «Ұран» газеті. 1917-1918» атты жинақтың тұсауы жуырда Алматы мен Астанада кесілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің баспасөз клубында және Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің Отырар кітапханасында өткен таныстыру кешінде ғалымдар мен мамандар «Жайық Пресс» ЖШС-ның мұрындық болуымен жарық көрген бұл еңбектің құндылығын бірауыздан мойындап, үлкен баға берді.

Бөлісу: 

«Ғұмар Қараш»

 

Алаш қайраткері, ағартушы, ақын Ғұмар Қараштың туғанына келер жылы 140 жыл толады. Осы айтулы дата қарсаңында Ғұмартану ғылымына тағы бір сүбелі еңбек қосылды.

 

Бөлісу: 

Ақбалшықтағы қос құлпытас

 

Ақбалшықтағы қос құлпытас

БҚО, Жаңақала ауданындағы Бірлік ауылынан аудан орталығына баратын жолда Ақбалшық ауылы бар. Бесқасқа Байсейіт Құмарғали ақсақал Қайыржанов: «Менің әкемнің зираты жанында үш құлпытас бар еді, оқып берші» деп өтінгесін, Ақбалшық ауылының құбыла бетіндегі көне қауымға бардық. Мұндағы үш құлпытас та арабша жазылған екен. Біреуінің жазуы дұрыс көрінбеді, өше бастаған. Екіншісінің жоғарғы жағында: «1877» деген сандар ойып жазылған.

Бөлісу: