5 (35) 2017

Мұхит Мерәліұлының кесенесі

Алты Алашқа аты әйгілі әнші, композитор ақын Мұхит Мералыұлының (1841-1918) кесенесі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округіндегі Ақбақай төре қорымында орналасқан. Ол Саралжын ауылынан 5 шақырым жерде, Ақбақай көлінің жағасында тұр.

Кесене биіктігі 8 м, жалпы көлемі 36 шаршы метр. Ақтаудың әк тасынан тұрғызылған шығыс үлгісіндегі кесене құрылысын маңғыстаулық шебер Ермұханбет Әлиев жасаған. Құрылысқа 13 млн теңге қаржы жұмсалған.

 

Бөлісу: 

Қазақ құлпытастары ислам мұрасына айналады

Алматы қаласында«Арал-Каспий өңірінiң мұсылмандық мұрасы» атты халықаралық жоба бойынша ғылыми семинар өтті. Оны Ислам әріптестiк ұйымы жанындағы Исламдық тарих, мәдениет және өнерді зерттеу ғылыми орталығы (IRCICA) ұйымдастырды.

Бөлісу: 

«Аққозы батыр елінің азаматы»

Орал қаласындағы «Парасат» баспасынан шыққан өмірбаяндық шағын кітап еңбек ардагері Ескендір Сұлтанғалиевтің өмір жолы, естеліктеріне арналған.

Еңбек авторы Нұрлан Сәдір ақсақалдың еңбек жолын, өлке тарихын түгендеудегі тынымсыз еңбегін жақсы суреттеген. Кітапта Қаратөбе өңірінде өткен Аққозы батыр, Боғда, Ұзақ күйші туралы мәліметтер де айтылады.

 

Бөлісу: 

«Алашорда қозғалысы: қазақ мемлекеттігі идеясының дамуына ықпалы»

Орал қаласында 2017 жылы 31 мамырда өткен осы аттас республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы.

Конференция Алашорда қозғалысының 100 жылдығына және Батыс Алашорда көсемдерінің қызметіне арналған. Оны ұйымдастырушылар – Орал қаласы әкімінің Ішкі саясат бөлімі, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры». 160 беттен тұратын жинақты құрастырушы – тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Қалменов пен тарих магистрі Айболат Құрымбаев.

Бөлісу: 

«Елқазық» (зерттеу)

Тарихшы Зұлқожа Шарафутдиновтың Орал қаласындағы «Полиграфсервис» баспасынан 500 данамен шыққан бұл кітабы 306 беттен тұрады.

Бұл еңбекте автор елі мен жерінің қазығы болған Еділ-Жайық аралығының көнеден бүгінге дейінгі тарихына шолу жасап, өзіне дейінгі ізденушілердің еңбектерін саралай отырып, оқырманды жаңа тарихи танымдарға жетелейді. Кітапта Бөкей хан, 1837-1838 жылдардағы Исатай-Махамбет соғысының батырлары, күйші Дәулеткерей Шығайұлы туралы тың деректер берілген.

Бөлісу: 

«Естеліктер және ой-толғамдар»

Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданының тумасы Нұрлан Ізтілеуовтің «Естеліктер және ой-толғамдары» еңбегін ұсынамыз. Биыл жарық көрген жинақта атауы айтып тұрғандай, автордың әр жылдары басылым беттеріне шыққан толғамдары, естеліктер берілген. Айта кету керек, Нұрлан Ізтілеуұлы экономист маман ретінде арендалық мердігерлік әдістің кең тарауына, фермерлік қозғалыстың дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Бөлісу: 

«Әдебиеттегі Әлихан Бөкейхан бейнесі»

Жуырда Қарағанды қаласынан жарық көрген 184 беттік еңбекте Алаш көсемінің терең қатпарлы бекзат болмысын, қайраткерлік тұлғасын арқау еткен арнау өлеңдер мен эпиграмма, поэмалар мен пьесалар, прозалық шығармалардан үзінділер үлгісінде топтастырылған. Жинақты құрастырған Сағымбай Жұмағұл. Оның пікірінше, көркем мәтін Отан тарихындағы Алаш дәуіріне бойлап, әдеби үрдісті эстетикалық танымда түсіндіруге мүмкіндік береді.

Бөлісу: 

Музей қорындағы «Қырық мысал»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының әйгілі «Қырық мысал» кітабының түпнұсқасы сақтаулы тұр.

Бөлісу: 

Садақада ысырап жасамайық

Қазіргі таңда жаназа кезінде қайтыс болған адамның рухына Құран бағыштап ас беру бәсекеге айналып барады. Тіпті өзгелерден қалмас үшін несие алып, қонақасыны мейрамханаға жасайтын отандастар көбейгені алаңдатады.

Бөлісу: 

Айболаттың әлемі

Біздің кейіпкеріміз Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі қолы шебер, өнерге жақын адам болыпты. Бір нәрсені бұзып, өзге зат құрастырып беретін, домбырамен ортеке ойнататын өнері болған. Осы қасиеттері ұлына дарыған болуы керек, Айболат бала кезінен бір нәрсені қиып, бүлдіріп, бұйым жасағанды жақсы көреді екен. Міне, қолөнермен айналысуға деген қызығушылық әлі де жалғасып, жаңа нәрсе үйренуге деген шабытты шыңдай түсуде.

Бөлісу: 

«Атамұра» халық аспаптар оркестрі мүшелері бір сыныпта оқиды

Бөлісу: 

Саяхаттау – бала кезден арманым

Динара Болат

«Саяхат» айдарының бүгінгі кейіпкері – блогер Динара Болат. Психолог маманды әлемді шарлауға не жетеледі? Жылдың төрт айын сапарда өткізетін саяхатшының отбасы бұған қалай қарайды? Аруды алда қандай елдер күтіп тұр? Кейіпкеріміздің өзін сөйлетейік.

Бөлісу: 

«Димаш ағам сияқты әнші болғым келеді»

Ержан МАКСИМ, Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының оқушысы, жас әнші:

Жуырда Ержан Максим Италияның Сан-Ремо қаласындағы жас орындаушылардың халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанып, жұртшылықты қуантты. Өнерлі өрен үлкен оркестрдің сүйемелдеуімен сол елдің тілінде ән салды. Енді ол Витебскіде өтетін халықаралық «Славян базары» байқауында өнер көрсетпек.

9 жасар өнерпаздың қоржынындағы жүлделер:

2016 жылғы желтоқсанда Ригада өткен жас орындаушылардың бесінші «Riga Symphony 2016» халықаралық фестивалінде үш мәрте жүлдегері;

Жеті жасында Мәскеуде өткен «Бегущая по волнам» фестивалінің бас жүлдесі;

Бөлісу: 

Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА, ақын: «Тәрбие сағатын жастар үшін жазамын»

Әлеуметтік желі қолданушылары ақын Шолпан Қыдырниязованың тәрбие сағаттарымен жақсы таныс. Бүгінде мектеп мұғалімдері ақынның ой-түйіндерін тәрбие құралы ретінде қолдануда. Құрметті оқырман, назарларыңызға бірқатар тәрбие сағатын ұсынғымыз келеді. Оқыңыз, ой түйіңіз!

*   *   *

Бөлісу: 

Ақтаңдақтарға арналған кеш

31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы «Қазақтың ақтаңдақтары» тарихи кеш ұйымдастырды.

Кешке Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық факультеті Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Даниял Тәнзенов және кітапхана оқырмандары қатысты.

Бөлісу: 

Асқар таумен теңескен асқаралы биіктік!

Әкенің балаға деген махаббаты әркімде әр түрлі. «Айналайын» деп, еміреніп, еркелететін жандар бар да, дәл осы сөзді көп айтпаса да, жүрегімен сездіретіндер де бар. Мейірім нұрын төгетін, келбетпен көрсетпейтін жандарды «айналайын» деп еміренбейді деп айтуға келмес. Мейірім сәулесі де адамдарға бірдей төгілмейді. Жаратушының жазуымен миллиондаған шақырымдарды секундтарда жүріп өтіп, жұмыр жерге тіршілік нәрін сыйлайды ол. Ол адамзатты сүйеді. Адамзат та оған ұмтылады. Маған әке мейірімі де сол аппақ сәуледей көрінеді.

Бөлісу: 

«Алаш жолымен...» Жымпиты-Семей сапарының жолжазбасы

Мамыр айының 16-шы жұлдызы күні түске дейін Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Орал және Семей қалаларындағы филиалдарының арасында «Азаттықты аңсаған Алашорда» атты Жымпиты мен Семейді байланыстырған өңірлік телекөпір өтті. Ақпарат құралдары бұл туралы кезінде толығырақ хабарлады.

Бөлісу: 

Батыс Алашорданың біз білмейтін кейіпкері

Медет Тілепов

Медетов Тілеп Ығылманұлы 1883 жылы туған. Ол - Ығылманның бесінші баласы (Жұмағали, Сүлеймен, Кемал, Сары, Тілепі, Жанғали).

Кейіпкеріміздің ата-тегін жіктесек, Кіші жүздің ішіндегі Байұлының алаша руынан болады. Алашаның - Қарабурасы, Қарабурадан – Әйтілес, Божан. Әйтілестен – Өтес, Өтестен – Шолан. Шоланнан – Құрманқұл. Құрманқұлдан – Медет, Ықылас, Бисенбай. Медеттен – Ығылман. Ығылманнан – Жұмағали, Сүлеймен, Кемал, Сары, Тілеп, Жанғали.

Тілеп ауыл молдасынан білім алғаннан кейін Күйік қаласындағы (Илецк) екі жылдық орыс-қырғыз (қазақ - Қ.Х.) мектебінде оқып, оны үздік бітіреді. 1904-1912 жылдар аралығында сегізжылдық мектепті тәмамдаған. Кейін екі жылдай Орынбор қаласындағы мектеп семинариясында білім алады.

Бөлісу: 

«Әлемдік деңгейдегі кино түсіремін!»

Бақытжан Қадер, «Болашақ» шәкіртақысының иегері, Нью-Йорк фильм академиясы продюсер мамандығының студенті. Лос-Анджелес. АҚШ

Бөлісу: 

Дешті Қыпшақ даласы

Қазір көбі тиын-тебен жинаса шетел асып демалуды жөн көреді. Өзгенің табиғаты мен тарихын танып, жиған-терген қаражатын шетелгеапарып береді. Әр адам өз ақшасына қайда барып демалуды өзі біледі. Бірақ, ұсынысым - кемінде жылына бір рет туған жерінің тарихи маңызды, табиғи әдемі жерлерін көруді мақсат етсе жөн болар еді.

Бөлісу: 

Армысыз, ағайын!

Бүгін қолыңызға ұстап отырған журналымыздың жаңа санынан бір нәрсені анық байқайсыздар. Ол – журнал бағытының өзгеруі, жастар тақырыбы, қазіргі күннің өзекті мәселелеріне көбірек орын берілген. Бұл біздің редакциямызға келіп қосылған жаңа леп, тың күштің нәтижесі.

Бөлісу: