5 (19)-2015

Редактор бағаны

Қадірлі ағайын!

Күн артынан күн аунап, Сіздермен жүздесер уақыт тағы да жетіпті. Әдеттегідей, журналымыздың бұл санында да қолымызға түскен ең қызықты, ең құнды дүниелерді іріктеп, өздеріңізге ұсынып отырмыз.

Әрине, бүгінгі нөмірдің ең басты мақаласы – Тамимдар Сафиевтің 1916 жылғы оқиғалар туралы естелігі дер едік. Совет үкіметінің сеңі бұзылмай тұрған 1970 жылдардың ортасында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов туралы жып-жылы естелік қалдырып кеткен автордың батылдығына, осы құнды жазбаның бізге аман-есен жетуіне себеп болған Мұстафа ағай Ысмағұловтың, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегіне, араб жазулы қолжазбаны қазіргі әліпбиге түсіріп берген ғалым Гүлмару Мырзағалиеваның біліктілігіне тәнтіміз. Ұлт көсемдерінің жарқын бейнесі жүз жылдан кейін қайта жаңғырып, бүгінгі ұрпағымен табысып жатса, «асылды тот баспайды» дегеннің дәлелі осы емес пе?! Ал, архив қорларында бүгінге дейін жарық көрмеген мұндай құнды құжаттар әлі баршылық. Бұл байлық, мұндай қазына болашақта да «DANAkaz» журналының басты назарында болады.

Мамыр – дала гүлге, көңіл қуанышқа толатын жеңіс айы. Редакция поштасына түскен хаттардың арасында майдангер аға ұрпақтың ерлік өнегесі туралы дүниелер де көп. Біз оларды жыл аяғына дейін жариялай бермекпіз.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, журнал авторларының жағырапиясы күн өткен сайын кеңейіп келеді. Күні бүгін поштамызға өз еліміздің Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан, Ресей Федерациясынан келіп түскен мақалалар журнал бетінен кезегін күтуде. Жақсы мақалаға, құнды құжатқа, деректі дүниеге қашанда төріміз әзір.

Төмендегі қолтаңба – батыр Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың біздің журнал туралы ақжүрек пікірі. Зейнеп апай туралы мақаламызды басылымның алдағы сандарынан оқисыздар. Бір болайық, достар!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналдың бас редакторы

Бөлісу: 

Әрайна

Жан азығы

Мемлекеттің бүгіні бекем, болашағы айқын болуы үшін заңымыз әділ, әрі қоғамдық қатынастарды оңды шешуге ыңғайлы болуы тиіс. Бірінші кезекте заң шығаруға құқық берілген органдардағы қызметкерлер терең білімді және елдің ахуалын толық білетін, қазақтың тарихын, салт-дәстүрін жетік игерген, құқықтық жағынан сауатты болуы шарт.

Екіншіден, заң талабы баршаға бірдей болып, оның орындалуын қадағалаушылар заңның үстемдігін толық қамтамасыз еткені жөн. Әйтпесе қазіргі қоғамда заң алдында бәрі тең қағидасына халықтың сенбеушілігі байқалады.

Үшіншіден, заңды «жеті реп өлшеп, бір рет кес» демекші, болашақты бағамдап бір қабылдау қажет. Орынсыз немесе белгілі бір топтың мүддесіне ыңғайлап өзгерте беруге болмайды. Заңымыз түлкінің құйрығындай жалт бере берсе қадірі кетіп, халықтың көңілі толмайды.

Болашақ кемінде бүгіннен басталатындықтан заңымызды сапалы қабылдап, бұлжытпай орындайық.

Ақбай Баржыұлы

Бөлісу: 

Болашақ

Регина Хисмәтова,

Ақсәскә Ғәлина,

М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері,

Уфа қаласы:

 

«Қазақ тілін үйренгіміз келеді»

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне Уфа қаласындағы М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінен мобильдік ұтқырлық бойынша тәжірбие алмасуға келген башқұрт қыздары Регина Хисмәтова мен Ақсәскә Ғәлинамен сұхбат.

Бөлісу: 

Өлкетану

Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

 

Жәнібек Аллаярұлы,

тарих ғылымдарының кандидаты

 

Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында

 

Кіші жүздегі жаңа өзгерістер

Бұл жылдары Ресейдің қазақ даласында жоспарлы түрде жүзеге асырған отарлық саясаты дәстүрлі хандық басқару жүйесінің әлсіреуіне әкелді. 1822 жылы Орта жүзде хандық басқаруға балта шапқан орыс үкіметі енді оны Кіші жүзде жүзеге асыруды ойластырды. Оның арты губернатор П.К.Эссеннің 1824 жылы Шерғазы ханды Орынборға шақырып, Шекаралық комиссияға «бірінші қатынасушы» етіп тағайындап, жаңа жобаны енгізуіне ұласты. Осыған орай ғасырлар бойына жалғасып келе жатқан дәстүрлі мемлекеттік негізі хандық басқару жүйесі жойылған Кіші жүз даласы Батыс, Орта, Шығыс болып үш бөлікке бөлініп, оларды билеуші сұлтандар басқарды. Батыс бөлікке Қаратай Нұралыұлы, Орта бөлікке Темір Ералыұлы, ал Шығыс бөлікке Жұма Құдаймендіұлы билеуші сұлтан болып бекітілді. Батыс бөліктің билеушісі Қаратай сұлтанға көмекшілікке немере інісі Шыңғали Орманұлы таңдалды. «Шыман төре» есімімен белгілі бұл сұлтанды А.И.Левшин 1823 жылы Шерғазы хан, Қаратай, Арынғазы, Темір сұлтандар секілді Кіші жүздегі танымал да күшті билеушілер қатарында атап, «Шыман Қаратайдың ақылды да атаққұмар, сүйікті немере інісі. Хандық атақтан дәмеленеді, сондықтан Шерғазыны іштей жек көреді. Оның партиясы – Қаратайдың партиясы» деп сипаттаған [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т.IV. 436-б.]. Жаңа реформа бойынша әр бөліктің шекарасы белгіленген тұста Байұлы руларының қоныстары Қаратай сұлтан басқаратын Батыс бөлікке қараған.

Бөлісу: 

Қазақ хандығы-550

ЖАЙЫҚ ҚАЛАШЫҒЫ – ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ БІР ПАРАҒЫ

 

Мұрат Қалменов,

тарих ғылымдарының кандидаты,

Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері

 

Қазақтың тарихы мен мәдениеті бірнеше мыңжылдықты қамтитыны көзі ашық адамға ешқандай күмән тудырмайды. Қазіргі уақытта қазақ ұлтының шығуы, қазақ мемлекетінің пайда болуы, мәдениеті мен дәстүрінің қалыптасуы, басқа этностармен қарым-қатынасы тарих ғылымында өзекті мәселелердің санатына кіреді.

Жазба деректерге көз жіберсек, Қазақ мемлекеті 1470 жылдарға келіп толық қалыптасқанын білеміз. Бұл кезеңге келіп Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында (Жетісу мен Шу өзені алқабы) Жәнібек пен Керей сұлтандар басшылығымен бірнеше ру-тайпа біріккен, «қазақ» этнонимімен тарихи аренаға жаңа мемлекет шыға бастады (Кляшторный С.Г., Турсунов С.И., 1992, 224-240 б.). XVI ғасырдың басында, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы нығайды: мемлекет шекарасы кеңейді; Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығнақ, Созақ, Шымкент сияқты ірі қалалар хандықтың құрамына кірді; Қазақ мемлекеті Азия мен Еуропаға белгілі бола бастады.

Бөлісу: 

Азаттық

Сүйінші, ағайын! Қолымызға 1916 жылғы Июнь жарлығы, қазақ жігіттерін майданға алу кезіндегі оқиғалар жөнінде тамаша естелік түсті. Авторы – қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қазталов өңірінің тумасы Тамимдар Сафиев. 1919 жылдары «Дұрыстық жолы», «Ұшқын» газеттерінің алқа мүшесі болған, Қарақалпақ АССР-інде әдебиет саласында көп жыл еңбек етіп, өмірінің соңғы жылдарында Мәскеуде тұрған Тамимдар Сафиевке өмірбаяндық естелік жазуды қолқалаған – белгілі ғалым, қазақ тарихын жинақтауға бүкіл өмірін арнаған Мұстафа Ысмағұлов екен. Біз бұл екі тұлғаның өмірі мен қызметі туралы журналдың алдағы сандарында толық тоқталамыз.

Ал, төмендегі естелік Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған М.Ысмағұлов қорынан алынды. Араб әрпімен жазылған, бірнеше дәптерден тұратын естелікті оқып, қазіргі әліпбиге түсірген - Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің ғылыми қызметкері Гүлмару Мырзағалиева.

DK

Бөлісу: 

Іссапар

Құлпытас құпиясы шешілер күн жақын

 

Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысы аумағындағы эпиграфикалық ескерткіштерді толыққанды зерттеу мәселесі жиі көтеріліп келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі осы тақырыпқа арналған кеңейтілген отырыс өткізді. Кеңес төрағасы Жантас Сафуллин, облыстағы бірқатар ЖОО басшылары, ғалымдар мен мамандар осы маңызды тақырыпты жан-жақты талқылады. Бұл жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін арнайы нұсқаулық жарық көрді. Ал 2015 жылдың ақпан айының 18-і күні «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Жайық Пресс» медиахолдингі және «Danakaz» тарихи-танымдық журналы өзара бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі меморандумға қол қойды. Мұндағы басты мақсат – облыс аумағындағы көне қорымдардың барлығын тіркеуге алып, құлпытастарды реттік сандармен белгілеп, жазбаларды аудару жұмыстарын бастауға уағдаласу болатын. Меморандум негізінде облыстың барлық аудандарының мәдениет бөлімдері осы игі іске жұмылдырылып, ауылдық округ әкімдері мен сала басшылары өз жұмысын бастауға кірісті. 

Бөлісу: 

1941-45

Барлаушы Мұхтардың хаты

 

Өткен ғасырдың бас кезінде Орал облысы, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылын мекен еткен Бақсайысов Елемес пен Арудың отбасында Хайреден, Ғафар, Рахила, Мұхтар, Нұрхат және Тайыр есімді ұл-қыздары дүниеге келіп, өсіп өнген. Сол бір жылдардағы коллективтендіру, бай-кулактарды кәмпескелеу сынды қызыл белсенділердің саясатынан өзін аулақ ұстамақ оймен Елемес Бақсайысов жылы орнын суытып, көршілес Ресейдің сол уақыттағы Сталинград облысына қоныс аударған. Ұлы Отан соғысына осы әулеттен Ғафар, Мұхтар, Нұрхат және Тайыр аттанған. Солардың арасында қан майданнан елге Ғафар ғана оралған. Елемесов Ғафардың ұрпақтары бұл күнде Жәнібек өңірінде кәсіпкерлікпен танылған азаматтар. Олар ағайынды Ескендір, Есқайыр және Есбол Елемесовтер. Лейтенант шенінде барлаушылар полкін басқарып, жауға қарсы соғысқан Мұхтар Жәнібек аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісіне ағасы Хайреденді іздеп хат жазады. Хат жоғарыда есімі аталған Хайреденнің қызы Рая апайдан алынды. Сол бір сұрапыл жылдардан сақталған хат төмендегіше сыр шертеді. Хатты сол қалпында, еш өзгертусіз орыс тілінде жариялап отырмын.

Бөлісу: 

Алаштану

БАТЫС АЛАШОРДА МҮШЕСІ, ДӘРІГЕР АХМЕДҒАЛИ МӘМЕТОВ

 

Ахмедғали (Ахмет) Мәметов 1895 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей орда ауданы (Астрахан губерниясының Талов қисымы) Қойтоғыт ауылында дүниеге келген. Тегі – Байұлына жататын шеркеш руының Сүйеніш бөлімі. Ахмет Мәметов жасынан әкесіне көмектесіп, жалданып мал бақты. Өз бетінше оқып, сауат ашты, жәдид мұғалімдер ашқан бастауыш ибтидай, орта рушдия медреселерінде оқыды. Елдегі көзі қарақты адамдар қауымының көмегімен 1910 жылдар шамасында Уфадағы «Ғалия» медресесіне оқуға түсті. Медресе шәкірттерімен бірге төте оқулық «Әліппе» оқу құралын, Ғұмар Қараштың «Бала тұлпар» өлеңдер жинағын шығарысты. 1912 жылы Оралда шығып тұрған «Қазақстан» газетінде алғашқы өлеңдерін жариялады. Ахмедғали Мәметов Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспаханасынан 1912-1914 жылдары «Кеңес», «Ғибрат» өлеңдер жинақтарын шығарды. 

Бөлісу: 

Алақай

Бұл ертегілер Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген ұстаз Есенов Сәмер Жантілесұлының жеке архивінен алынған. Сәмер атамыз 1946-1950 жылдар шамасында Орал педагогикалық институтында оқытушы болып жүрген кезінде студенттерге ел арасындағы халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинатқан екен. Жетпіс жылға жуық уақыт бұрын қағазға түскен ертегілерді «DANAkaz» журналының оқырмандарына ұсынған – ұстаздың қызы, БҚО-ның Қаратөбе ауданындағы Егіндікөл орта мектебінің мұғалімі Ардақ СӘМЕРҚЫЗЫ.

Бөлісу: 

Салт-дәстүр сөйлейді

Бос бесікті тербетпе

Бос тұрған бесікке Ібіліс баласын салып қояды екен. Бос бесікті тербеткен шайтанның баласын тербеткенмен бірдей. Сондықтан «бос бесікті тербетпе» деп тыйым етеді. Ібілістің баласы бос бесікте жасырынып жатады екен. Сәбиді бөлер кезде отпен аластамаса, жасырынып жатқан шайтан баланың ішінен нұқи береді. Содан сәбидің іші ауырады. Мазасы қашады. Сондықтан бөпені бесікке бөлерде аршамен, адыраспанмын болмаса жеті шырпымен аластаған жөн деген дәстүр шығыпты.

 

Бесік жыры

Діни-аңыздарда бесік жырын ең алғаш орындаған Хауа ана деп айтылады. Бірде ол егіз ұлын жұбата алмай, қиналып отырады. Сол кезде көктен жеті періште түсіп: «Алла, Алла, Алла» деп, Алланың атын әдемі әуезге салып әндетеді. Әдемі әуенге елтіген Хауаның бөбектері жұбанып, тәтті ұйқыға кетеді. Ән анасына да ұнап қалады. Ол періштелерге: Маған да үйретіңдер, – деп өтінеді. Періштелер келісіп, Хауаға жеті күн бойы әлди әуендерін үйретіпті. 

Бөлісу: 

Сөз сыры

Миығынан күлу

 

Бәрімізге етене таныс осы сөзге «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» мұртынан, мұрт астынан күлді дегендерді қосып, бәрінің мағынасын  езу тарта жымиды деп түсіндіреді.

 

«Миық» басқа сөздермен қосылып айтылмайды, мұның о бастағы мағынасы – мұрт.

2009 жылы жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің сөздігі»: миық – мұрт өсетін жер дегенді білдіреді деп анықтай түседі.

Фразеологизмдердің құрамында бірқыдыру лексикалық, грамматикалық архаизмдер кездеседі. Мысалы, кежегесі кейін тартты – «тыңдамады», «қырсықты», «мойны жар бермеді». Осы фразеологиялық тізбектегі «кежеге» – көнерген сөз. Мысалы, бір нәрсені екінші дүниемен салыстырғанда алдыңғысының бағасын, бәсін соңғысынан түсіріп алмас үшін «бір мысқал кем емес» деп жиі айтқанымызбен, мыскалдың – алтынның сынығы, өлшемнің белгісі (мера веса) екеніне көңіл аудармаймыз. Татар тілінде әлі күнге дейін осы мағынасында қолданылады.

Бөлісу: 

Сырт көз

Жансұлтан Нұрмұханов,

«Тарих-6М011400» мамандығының 1-курс магистранты,

Орал қаласы

 

Санкт-Петербургте қазақ тарихына қатысты құжат көп

 

Автор туралы аз сөз: Жас ғалым Жансұлтан Қайыржанұлы Орал қаласында дүниеге келген. 2010 жылы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-интернатты бітіріп, ҰБТ-дан 115 ұпай жинады. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих және құқық» факультетіне грантқа оқуға түсті. Университет қабырғасында түрлі олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, қоғамдық жұмыстарға қатысты. Бірінші семестрді бітіргеннен кейін жоғарылатылған шәкіртақы, 3 курста Н.Ә.Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері, 4 курста «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының» стипендиясына ие болған. Шәкіртақы сертификатын Алматы қаласындағы «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының» ұйымдастыруымен өткен марапаттау кешінде алған. Автор жақында ғана Санкт-Петербург қаласынан іссапардан оралған еді. 

Бөлісу: 

«Өскен өлке тарихы» байқауына

Шырайлы өлкем – Шыңғырлау

 

  Атажұрт, атамекен – өте кең ұғым. Ол халқымыздың атам заманнан бері мекендеп, суын ішіп, өсіп-өнген, өмір сүріп келе жатқан жері. Оның айдын шалқар көлдері, мөлдір бастаулары мен қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерінің, алып таулары мен жасыл желек жамыла сыңсыған орман тоғайларының атаулары сан мың. Әрбір атаудың тарихы, дүниеге келу сыры бар. «Қайда барсаң, Атамекен көкейіңде жатады екен» - деп, ақындар жырлағандай, әр адамның атамекен – алтын бесігі барша жанға асылдан қымбат.

Мен Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Ақсуат елді мекенінде дүниеге келдім. Бұл өлке сылдыр күміс бұлағымен, ну орманымен, шөбі жайқалған даласымен көрікті. Осынау әсем табиғаттың ортасында біздің ауыл орналасқан. Ауылдың төрт жағында 4 әулие қорым қылған. Менің мақсатым - туған жерімнің тарихын тереңірек біліп, насихаттау, тарату. Өз ауылымдағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихын ұғыну және осы байқаудан бағымды сынау. Осы мақсатта деректер іздестірдім.

Бөлісу: 

Саңлақ

Тайпақта туған тарлан

(эссе)

Кеңес Үкіметінің күркіреп тұрған тұсы. Аудандық «Қызыл ту» газетінің еңбекшілер хаттары бөлімінде жұмыс істеймін. Редакция поштасын ақтарып отырсам, Қызыл ту колхозының шалғай бір бөлімшесінен 8 адамның қолы қойылған арыз қолыма тиді. Арызда селолық советтің депутаттығына кандидаттыққа бөлімше меңгерушісі мен жоғарғы оқу орнында сырттай оқитын атақты малшы түсіпті. Ал сайлауда көп дауыс жинаған малшы емес, 4 дауысқа ие болған меңгеруші сайланғанына наразылық білдіріп, ақиқатын анықтауға көмек сұралыпты. Бас редактор Бақтығұл Ойшыбаев  хатты оқып шығып, аққұба өңі күреңітіп, қабағы түйіле қалды.

Бөлісу: 

Жеті өнер

Қой соя білеміз бе?

№5 кеңес

(етті бұзу, мүшелеу)

Терісі түгел сыпырылып алынған қойдың еті енді мүшеленіп жіліктене бастайды. Қасапшы әуелі қойдың қолын (яғни, алдыңғы аяғын) кесіп алады (суретте). Тәжірибелі сойғыштар жауырынның басын денеден ажыратпай тұрып-ақ қолдағы үш жілікті (кәрі жілік, ортан жілік (кей жерде қол жілік, жұмыр жілік деп те аталады) және жауырын) өз етімен ілезде бөлек-бөлек жіліктеп, теріге тастай береді.

Бір қызығы, әр жіліктің өзіне тән еті болады. Мысалы, кәрі жіліктің етін ортан жілікке, жамбастың етін тоқпақ жілікке жіберіп алу – қасапшы үшін үлкен сын. Әрине, қазақ тұрмысында ет ұстайтын негізінен апа-әжелеріміз болғандықтан, олар да етті мүшелеу ғұрпын өте жақсы білетін. Сүйектен ажыратып алынған сом еттің қай мүшеге тиесілі екенін бір көріп-ақ айтып беретін тәжірибелі апаларымыз ауылдарда әлі де аз емес.

Тәжірибесіз қасапшы жіліктердің ара жігін бірден ажырата алмай, пышақты күшке салып, қидалап, әбігерге түседі. Әсіресе кәрі жілік пен ортан жіліктің жігін ажырату арнайы әдіс-тәсілді қажет етеді. Бұл жөнінде арнайы хикая да бар. Жарықтық анамыз Ұлдай Ермашқызынан естіген төмендегі аңыз қой союды жетік білудің қажеттігін кішкене күнімізден-ақ құлағымызға құя беретін...

Бөлісу: 

Кемпірқосақ

Түсімде көрген сәйгүлік

 

Сөз, Саз және Бояу – Өнер атты Атаның еншісі бір үш ұлы секілді. Әлмисақтан солай. Барша Адамзат үшін солай.

Қазақтың Сөз өнері де, Саз өнері де жарнаманы, тәптіштеп таныстыруды қажет етпейді. Бірақ қазақтың бейнелеу әлемі, қазақ суретшілерінің шығармашылық кеңістігі әлем тұрмақ, сол қазақтың өзіне толық таныс деп айта алмаймыз.

Себеп не?

Бейнелеу өнері – сөзсіз, үнсіз, «мылқау» болғандықтан ба екен?

Әлде қазақ суретшілері шынымен әлсіз бе? Мүмкін, олардың насихаты кем, мемлекет тарапынан көретін көмегі аз шығар?! Бәлкім, қазақ суретшілерінің шығармашылығын талдап, талқылап беретін өнертанушылар жоқ па бізде?!

Мүмкін. Мұның бәрі де мүмкін. «DANAkaz» журналы «Кемпірқосақ» айдарын ашып, осы бір бекзат өнерді – тілдік барьерге бағынбайтын, әлемнің әр түкпірін тәржімашысыз аралай беретін бесаспап, сонымен бірге көкірек көзімен, жүрек жанарымен ғана қараған жанға ғана сырын ашатын құпия, тылсым әлемді өз оқырмандарына барынша насихаттап келеді.

...Француз Анри Матисс: «Суретші болғың келсе, тіліңді түбінен жұлып таста!» депті. Содан ба екен, қылқалам ұстаған қауым өкілдері сөзге көп үйір болмайды. Жұмекен жырлағандай, «қолы шешен» болғанымен, «тілі үнсіз» өнерпаздар көп бізде. Бірақ, осы «үнсіздіктің» кесірінен Өнер Атаның кенже баласы – Бейнелеу әлемі көбімізге жат, жұмбақ...

 

Жақында менің қолыма бір керемет кітап түсті. Түскен жоқ-ау, еңбек авторы Жеңіс Кәкенұлы «Ақ зер» кітабын редакцияға арнайы жіберді. 2013 жылы «Фолиант» баспасынан бар-жоғы 2000 данамен ғана шыққан бұл кітап – әлем және қазақ суретшілері туралы ғажап дүние екен! Автордың өзі кәсіби суретші екенін ескерсек, асыл тастың қадірін шын білетін хас шебердің туындысы, құнды бағасы деу керек. Әлемдік және қазақстандық бейнелеу өнері шеберлері, олардың шығармашылығы, сурет өнеріндегі түрлі ұғымдар мен ағымдар, әр бояудың «температурасы» мен бір-біріне түсірер жарығы һәм көлеңкесі қазақтың шұрайлы тілімен әдемі берілген! Жеңіс Кәкенұлын «тілсіз» өнердің «үнсіз өкілі» деуге ауыз бармайды. Әңгімеміздің басында айтылған – Сөз, Саз және Бояудың өзара үндес, ағайынды екендігін осы жерде тағы ұқтық. «Ақ зер» кітабында Жеңіс Кәкенұлының әр суреті «сөйлеп» әрі «әндетіп» тұрса, автордың қара сөзбен жазған шығармаларынан кемпірқосақтың жеті бояуы мың сан түске малынып, көз алдыңа керемет сурет келеді!

...Қабырғада ілінген картина – өзге бір Әлемге ашылған терезе секілді. Ол «терезеге» үңілсең, суретшінің жан-дүниесі, ішкі әлемі көрінеді. Ендеше, көп сөз не керек?! Жеңіс Кәкенұлының әлеміне көз салайық, қадірлі оқырман!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

DK

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Төлеңгіттер тарихынан...

 

Өлкеміздегі құлпытастарды зерттеу мақсатында Бөкей ордасы тарихи-музей кешені қызметкерлерінен құрылған экспедиция Бисен ауылдық округі маңындағы біраз құлпытасты суретке түсіріп, оқып шықты. Соның нәтижесінде Үштерек елді мекені маңындағы құлпытастардың Шөкі старшын мен оның ұлы Жармұхамедке (Йармухаммед), Айбас молда мен оның ұлы Қожахметке (Хожа Ахмад) қойылғаны анықталды.

Бөлісу: