4-5 (28) 2016

Редактор бағаны

Армысыздар!

 

Журналымыздың осы саны мамыр айына шығуы керек еді. Көлденең себептерге байланысты кешігіп, енді ғана қолдарыңызға тиіп отыр. Оның есесіне журналдың көлемін қалыңдатып, бетін көбейтіп, айыбымызды өтеуге тырыстық.

Осы уақыт ішінде біздің тарихи тақырыптарды сүйетін оқырманға жағымды бір үлкен жаңалық – «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени, табиғи мұрасы» атты өлкетану олимпиадасы дер едік. Оқушылар арасында өткен бұл олимпиада Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Бөкей Ордасының 215 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мақсаты – өлкетану қозғалысын жандандыру, шығармашылық қабілеті бар, өлкетанудан зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізіп отырған және өз көзқарасын қорғай білетін дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, өлкетану саласында зерттеу әдістерін шыңдау. Тәжірибе алмасу, жұмыс нәтижесін қорытындылау. Біздің «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы осы шараны ұйымдастырушылардың бірі болды, әрі іріктеу кезеңінен өткен оқушылар екінші сатыда журналда жарияланған тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Журналымыздың алқа мүшесі, тарих магистрі Құрымбаев Айболат Шамұратұлы қолға алған осы жоба – өлкетанушы оқушылардың олимпиадасы болашақта дәстүрлі түрде өтеді деп жоспарланып отыр.

Оқушылардың осы олимпиадаға келіп түскен үздік жұмыстарын болашақта журнал бетінен көресіздер.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Бөлісу: 

Әрайна

Әрайна

 

110 және 1

 

Кез-келген мемлекеттік жоба экономикалық жағынан 100% тиімді болғанымен тəуелсіздігімізге 1% қауіпті болса, осы 1% үшін тəуекелге баруға болмайды.

 

Жантас САФУЛЛИН

Бөлісу: 

Болашақ

Болашақ

Талғат ӘМІРХАНҰЛЫ,

«Нобель» компаниясының қызметкері,

Астана қаласы:

 

«Өзімнің зертханамды ашсам деймін»

 

«Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездесетіні» рас. Бүгінде Елордада қызмет етіп жүрген жалынды жастарымыз көп-ақ. Соның бірі – Талғат Утупов. Ол Астанадағы «Нобель» фармацевтикалық компаниясында белді қызметкер. Талғат 1990 жылы 6 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. Талабы таудай жас жігіт студент кезінен ғылымға деген құштарлығының арқасында біршама жетістікке жеткен. Оны өзінің айтқан әңгімесінен байқадық.

 

- Талғат, әңгімемізді өзіңіз туып-өскен жер туралы бастасақ...

- Мен Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келдім. Сол жерде мектеп бітіріп, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне биотехнология мамандығына оқуға түстім. Бакалаврда оқып жүрген кезден ғылым жолына қызықтым. «Семей өңірін ауыр металдардан тазалау» тақырыбындағы дипломдық жұмысымызды одан әрі дамытқымыз келгенмен, ешқандай қолдау таппады. Оқуды бітіргесін, магистратураға түспес бұрын ауылға барып, жарты жылдай жұмыс істедім. 2013 жылы магистратураға түстім. Сол уақытта біраз шет мемлекетке шықтық. Атап айтқанда, Франция, Испания, Италия, Литва, Түркия, Ресей сияқты мемлекеттерде болдық.

Бөлісу: 

Жәдігер

Жәдігер

Көктерек музейіндегі көненің көзі

 

Әңгімемізге арқау болып отырған ХVІІІ ғасырдың туындысы, қазір өте сирек кездесетін ағаш ер қолдан-қолға өтіп, музейге жеткен. Қасына келген көрермен таңдайын бір қақпай кетпейтін бұл жәдігердің ерекшелігі сол – ешқандай шеге қолданбай, ағаш қапталға таспамен бекітілген. Алдыңғы қасы арқы қасына қарағанда биік жасалған. Қастың үстіне қыран құстың бейнесін оюлап салған. Ер қатты емен ағашынан жасалған, жақсы сақталған. Ердің үстіне қойылған барқытпен қапталған көпшігі, қылдан есілген айылы, таза қайыстан жасалған таралғысы, сабы еліктің алдыңғы аяғынан сапталған сегіз өрім қамшысы бұл ердің сәнін аша түскен.

Бөлісу: 

Алаштану

Алаштану

 

Шахзада Шонанова (Қаратаева) – саяси қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ қызы

 

Альфия Байболсынова,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті,

тарих ғылымдарының кандидаты,

Рыскүл Қатарова,

тарих мамандығының 3 курс студенті,

Орал қаласы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мәңгілік Ел» идеясында «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық»[1,4 б], - деп өскелең ұрпақтың болашағына үлкен үміт артып, нық сеніммен қарауы бізге зор жауапкершілік жүктейді. Әсіресе, Елбасы аса назар аударып отырған ел тарихының қатпарлы тұсы, Алаш Орда тарихы мен Алаш зиялыларының ұлт мүддесі жолындағы қызметі – Мәңгілік еліміздің ұлы мұраттары жолында заманның қаталдығына мойынұсынбай қайсарлық көрсеткен, өжеттілігі кейінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай қызметі бүгінгі ғалымдар мен зерттеушілер назарында. Ендеше, бүгінгі ұсынылып отырған зерттеу тақырыбымыз – күні бүгінге дейін өзінің тарихи бағасын ала алмай келе жатқан, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары саяси қуғын-сүргін кезеңінде ең ауыр жазаға кесілген санаулы қазақ қызының бірі, Алаш зиялысы Арон Қаратаевтың қызы – Шахзада Шонанова (Қаратаева) туралы болмақ. 

Бөлісу: 

Өлкетану

Өлкетану

Батыс өңіріндегі сармат ескерткіштері

 

Гүлайна Салихова,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы,

Атырау қаласы

 

Көне тарихымыздың ең негізгі куәсі, яғни қолмен ұстап, көзбен көруге болатыны – ескерткіштер. Жер шарының түрлі халықтары тарихи дәуірлерде қол жеткізген мәдениеттің ұлы жетістіктері тарихи-мәдени ескерткіштерде көрініс тауып, бүгіндері дүниежүзілік маңызы бар мұраға, мақтанышқа айналуда. Тарих ғылымының шымылдығын айқара ашудың бір ғана жолы – сол ескерткіштерді зерттеу, сақтау, келешек ұрпаққа табыстау.

Елімізде археологиялық қазбалар нәтижесінде ежелгі адамадар мекен еткен қоныстарда, тұрақтарда, қалашықтарда, қорғандарда, адам еңбегінің белгісі ретінде олардың пайдаланған еңбек құралдары, тұрмыстық заттары, қару-жарақ түрлері, әйел адамдардың әшекей бұйымдары, тағы басқа заттар табылуда. Осылайша жүз жыл, тіпті мың жылдықтар бұрын ата-бабаларымыз мекендеген аймақтарда сол заманның өмірі мен шаруашылығынан мағлұмат беретін тарихи жер қабаттары қалыптасып отыр.

Бұрынғы заманда қазіргі Қазақстанның жерінде біздің бабаларымыз – жауынгер сармат тайпалары б.з.б. VI ғасырдан б.з. VI ғасырына дейін ұланғайыр территорияны иеленіп, даңқты ғұмыр кешкен. Оған дәлел боларлық бірнеше археологиялық қазба нәтижелерін айтуға болады.

Бөлісу: 

Өлкетану

Өлкетану

Сармат тайпаларының жерлеу ғұрпы

 

Лилия Үмітқалиқызы,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы,

Орал қаласы

 

Археологиялық деректемелерге қарағанда, б.з.б. VІІ-ІV ғасырларда Қазақстанның батыс аймақ далаларын мәдениеті мен этникалық жағынан туыс тайпалар - аростар мен роксаландар мекендеген. Тарихи зерттеу жұмыстары олардың сармат тайпалары екендігін дәлелдеп отыр. Олардың қалдырған ескерткіштері Солтүстік Каспий маңында, Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында және Қобда, Елек, Ор, Жем өзендерінің бойында табылған. Олар бір-біріне ұқсас болып келген. Обалардың биіктігі әрқалай 1,5-2 м, көлемі 20-26 м, олар жерленген адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты болған. Осы уақытқа дейін сармат тайпаларының ескерткіштері толық зерттеле қоймаса да, қазылған обалардан алынған материалдар оларда әлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын көрсетеді. Сынтас обасынан табылған, ерекше атап өтетін бұйымның бірі – сүйектен жасаған қасықтар, мұндай қасықтарды күнделікті тамақ ішуге пайдаланбаған. Сыйлы қонақтар келгенде ас ішуге берілуі мүмкін. Қасықтың сабындағы ойып жасалған суреттер, сармат шеберлерінен кейінгі ұрпақтарға қалған өшпес-өлмес өнердің бір туындысы іспетті. Суреттің мағынасы өз дәуіріндегі қиял-ғажайып аңызды хабарлап тұрғандай. Мұндай қымбат бағалы заттар барлық обалардан кездесе бермейді. Сондықтан да жерленген адамдардың бай, кедей немесе ру-ақсақалы, тайпа көсемдері екендіктері бірден байқалады. Ал адамдардың дүние-мүліктерімен бірге жерлеу олардың о дүниедегі өмірге сену, ата-баба аруағына сиыну сияқты діни наным сенімдердің сармат тайпаларында да болғандығын дәлелдейді. Сармат тайпаларының мекендерінен табылған әшекей, сәндік бұйымдар оларда шебер зергерлердің болғандығын көрсетсе, ал темірден жасалған үзеңгі, ауыздық және оның сулықтары, тағы да басқа металл бұйымдар бұл тайпаларда он саусағынан өнер тамған тамаша темір ұсталарының болғандығының айғағы.

Бөлісу: 

1916

Тұяқбай Рысбеков,

тарих ғылымдарының докторы,

профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері

 

Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың жалғасы

 

Осының алдындағы мақаламызда («DANAkaz» журналы, №1(25), 2016) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы ерекше екендігін атап өттік. Бұл көтеріліс бұған дейінгі Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстармен, атап айтқанда, Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары, Есет Көтібарұлы, Жанқожа және т.б. азаттық үшін, жер мәселесін шешуге бағытталған көтерілістерімен сабақтас екендігін баса айтуымыз керек. Бұл ұлт-азаттық қозғалысы Қытай, Үндістан, Түркия мен Ирандағы отарлыққа қарсы толқулар, соғыстар, төңкерістермен бір арнада жатқан қозғалыс. Бұл қозғалыстың еліміздің тарихының кейінгі кезеңдегі тәуелсіздік жолындағы болған тарихи қозғалыстармен сабақтастығы да біраз мәселені аңғартып, оның тарихи маңызын арттыра түсіреді. Биылғы жылы елімізде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығымен қатар, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы ерекше аталып өтеді. Сондықтан да бұл көтеріліс Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстарының ғасырлар бойы жүргізілген заңды жалғасы деп айта аламыз.

Бөлісу: 

Махаббат аралы

Махаббат аралы

 

«Жайықта Шарабасов біреу ғана...»

 

Ақ Жайық өңірінің асыл перзенті, әдебиеттанушы-ғалым Серікқали Ғабдешұлы Шарабасовтың өңір тарихында алар орны ерекше. Ар мен адалдық желкенін биік ұстап, тегі есіміне айнала жаздаған Шарабасовтың өмірі көпке үлгі болды. Ауыр дерттен арылмай кеткен аңыз адам 70-ке толар шағында мәңгілік сапарына аттанып кетті. Оқырман назарына Серік ағаның бала шағының куәсі болған сыныптасы Ғабдырашит Карменұлы мен жары Әспет Өтеғалиқызының естеліктерін ұсынамыз.

DK

Әспет Өтеғалиқызы,

Серікқали Шарабасовтың жары:

 

«Серік үй шаруасына олақтау еді...»

Біз Серік екеуміз 1972 жылдың қаңтарында таныстық. 1971 жылы Орал пединститутының физика-математика факультетін «математика пәнінің мұғалімі» болып бітіріп, өз ауылыма – қазіргі Сырым ауданына жұмысқа орналасам деп қайтқан едім. Алайда ауданнан жұмыс табылмай, мені аудан орталығынан 18 шақырым жердегі Абай совхозына жіберді. Енді орналасқан кезім. Ол кезде Серік институттың қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып жүрді. Аудандарды аралап, тексерістер жүргізіп жүріп біздің ауылға да келген екен. Мен ол кезде машинка да басамын, Серік маған келіп, анықтама болмаса тағы басқа қағаздарын бастырып алатын еді. Осылай таныстық... Кейін қалаға оқуға, білімімді жетілдіруге келген кезімде Серікті көріп жүрдім. Екеуміз көңіл жарастырып, 1974 жылдың тамызында үйлендік.

Алғаш құрсағыма біткен қызымыз шетінеп кетті. Ұзақ күттіріп, 1980 жылы ұлымыз Жайық өмірге келді. Араға төрт жыл салып Еділ туды. Серіктен көрген қос қуанышым, қос бақытым, қос қанатым – екі ұлым еді. 

Бөлісу: 

Мәдениет

Мәдениет

«Өнер - өмір жемісі»

«Назерке» үлгілі би ансамбліне- 20 жыл

 

Сан жұртқа мекен болған даңқты даланың шежіресі оның рухани өмірін айшықтайтын мәдениетінің дамуымен баяндалатыны сөзсіз.

Қазақ өнерінің үзілмес ұйытқысы, сарқылмас қоры саналатын Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданының мәдениеті де өзіндік ерекшеліктерге бай өлке болса, сол өнердің бірегейі – әсемдік әлеміндегі би өнері.

Би - халықтың жүрек қалауымен ұштасқан, көңіл төрінен орын алар биік өнер, ең нәзік те сезімтал сала.

Би өнері адамның жоғарғы сезімдерін ояту, эстетикалық, ұнамдылық тәрбие беру үшін қоғамда қолдауға ие. Сондықтан бұл өнердің қадір-қасиетін бағалай білуіміз қажет.

Би әлемінде үлгілі «Назерке» би ансамблі айшықты орын алған.

Өнерпаздың талабын ұштап, өнер айдынында қанат қағуына жол ашқан педагог-психолог, балетмейстер әрі ансамбльдің көркемдік жетекшісі Мұқанғалиева Айнұр Хамитқызы 1996 жылыалғаш қазақ және шығыс би үйірмесін қалыптастырып, кейіннен «Назерке» би ансамблі атауы берілді.

Бөлісу: 

Ғұмыр-дария

Ғұмыр-дария

Сәрсенбай атаны сағындық...

 

Өмірде ерекше бір адамдар болады. Олар да біз сияқты өмір баспалдақтарынан өтеді. Бірақ өмірдің әр белесі олар үшін ізденіс, толысу, түлеуге ұласып, уақыт өте ол адам өзгелерден өресі биік, адамдығы жоғары, иманы мықты, қадірлі тұлғаға айналады. Қадірлісі, ол - біріншіден, иманына селкеу, адамдығына ақау түсірмейді, екіншіден, ұлтын ойлайды, ойлағаны сол - ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруге күш салады, елі үшін тер төгеді. Ол адам ортамызда елеусіз жүреді. Бірақ онымен кездескен адам онымен қол алысқан сәтте-ақ өз бойына жылы нұрдың құйылғанын, оның әр сөзі арқылы жүрегіне ізгіліктің ұшқыны түскенін аңғара бермейді. Білетіні - көңілі көтеріліп, ол адамның қасынан кеткісі келмейді. Жанына соншама жайлы бір жылылықтың қасында тұра бергісі келеді...

Міне, осындай тұлғалардың бірі – Сәрсенбай Әшенов болыпты. Мен ол кісіні көрмедім. Бірақ ол туралы әңгімелеген адамдардың сөзінен, бет-құбылысынан оның дәл осындай адам болғанын ұққандаймын.

Бөлісу: 

Мәдениет

Мәдениет

Атыраудан асқақтаған ән мен жыр

 

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясына – 50 жыл

 

Адам алдымен рухани байлығы өтелмей оның еңбекке, өмірге деген құштарлығы артпайды. Міне, осындай қажеттілікке орай елімізде елуінші жылдардан бастап, әдебиет пен өнер, оның кеңінен дамуына ерекше көңіл бөлінді. Ал алпысыншы жылдардың екінші жартысында бұрынғы мәдениет басқармалары жандарындағы жекелеген өнерпаздардан құрылған концерт бригадалары енді облыстық филармонияларға беріліп, халыққа мәдени қызмет көрсететін басыбайлы мекеме ашылды. Оның құрамында халықтық өнердің біраз түрі қамтылды. Бүгінгі Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония сондай игі істің жемісі еді. Одан бері де тура елу жыл өтті.

Бөлісу: 

Бастама

Бастама

Құлпытас зерттеу жалғасады

 

Жақында Орал қаласында, «Жайық Пресс» ЖШС-ның мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы XVIII-ХХ ғасыр аралығындағы араб әліпбиімен жазылған құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесіне арналған кезекті жиын өтті.

 

Басқосуда өткен 2015 жылы БҚО әкімінің жанындағы ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының қаулысына сәйкес аудан әкімдіктеріне жүктелген жұмыстардың орындалу барысы талқыланды. Жиынға облыстың барлық ауданынан келген жұмыс топтарының өкілдері, тарихшылар мен зерттеушілер қатысты. Айта кетейік, өткен жылдың ақпан айынан бастау алған бұл игі шара көптің қолдауына ие болды. Алғашқы өткен басқосуларда «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы мен «Мирас» қоғамдық кеңесінің, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы, «Жайық Пресс» ЖШС және «DANA kaz» тарихи танымдық журналы өңіріміздегі XVIII-ХХ ғасыр аралығындағы араб әліпбиімен жазылған құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге уағдаласып, меморандумға қол қойған болатын. Өңір аудандарында көне қорымдар мен құлпытастарды зерттеу бойынша құрылған жұмыс топтарының көмегімен жыл ішінде бірқатар шаруа атқарылған. 

Бөлісу: 

Руханият

Руханият

 

Күллі түркі жұртына ортақ тұлға - Ясауи

 

Заңгер Абзал Құспанды «DANAkaz» журналының оқырмандары «Отбасы хрестоматиясы» - ата-бабамыздан қалған ғибрат» атты мақаладан (№1(25), 2016, авторы Айдана Хамидуллина) жақсы біледі. Ұлттық дәстүр, халықтық тәрбиенің қазынасына айналған «Отбасы хрестоматиясы» сериясы, осы сериямен жарық көрген «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Сияр Шәріп» кітаптары бүгінде қазақ қауымы үшін нағыз бестселлерге айналған. Абзал Құспанның қаржылай қолдауымен жарық көрген бұл туындылар қарапайым оқырманның да, маман-ғалымдардың да көңілінен шықты. Жақында Абзал Құспан Анкарадағы Қожа Ахмет Ясауи университеті ұйымдастырған «Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи симпозиумына» арнайы шақыртумен барып қайтты. 

Бөлісу: 

Сұқбат

Сұқбат

Айбол ИСЛАМҒАЛИЕВ,

ақын,

«Көктемгі идиллия» жыр жинағының авторы:

 

«Мен – қалада туған қазақпын»

 

- Айбол, Ақ Жайыққа – өзің туған, өзің өскен мекенге қош келдің. Әңгіменің әлқисасын бала кезіңнен бастасақ...

- Балалық шағым Орал шаһарының елеусіз бір бұрышында өтті. Олай дейтін себебім, қала ішіндегі тұрмысы нашарлау аудандардың бірінде өсіп жетілгенбіз. Қандай болса да, әлі күнге дейін ол жердің маған ыстық көрінетіні анық. Қыс бойы көктайғақтан көз ашпайтын жолдары мен көктем келе қалың батпақ пен лайдың астында қалатын тар көшелерінің жаз басталысымен ойын балаларына долданып, бұрқырай жөнелетін шаңын жұтып өстік.

Ауылдағы балалықтың бөлек екенін айтып, ондай өмірдің иісін сезбеген мені аз-мұз кекеткісі келетін достарымның бар екенін де жасырмаймын. Енді не қыламын?! Уақытты артқа жылжытайын ба? Әлде әке-шешеме ренжіп, бар өкпемді жайып салайын ба?..

Жоқ, оның бәрі – болмашы нәрсе. Меніңше, біреудің біреуден артықшылығы, я кемшілігі болуы мүмкін емес. Болып жатса, ол – тәрбиеден, не Тәңір берген қасиет пен дарыннан. Әйтпесе, сол ауылдың тентектеріндей тілді де, дінді де, ділді де білемін һәм ұлттық бейнемізді айқындайтын басты құндылықтардың салмағын сеземін.

Бөлісу: 

Өлкетану олимпиадасы

АУЫЛ ТАРИХЫН АҚТАРСАҚ

 

Тайпақ жері талай текті қыранға тұғыр болған қасиетті, киелі жер. Тайпақ деген сөздің өзі, тегіс жазық деген мағынаны білдіреді. Бұл өлкенің тарихы терең, қойны қазынаға толы. Патшалы Ресей Қазақ елін отарлай бастағанда ең алдымен осы Еділ мен Жайықтың қазынасы - қызылбалығына қызыққаны шындық. Қазақ халқын Жайықтан әрі-бері өткізбеу үшін, тіпті 1000 метрден артық жақындатпау үшін Жайық өзені бойынан оншақты шақырым сайын бекініс станциялары салынып отырған. Солардың бірі біздің ауыл, кезінде патша құжаттарында Антонов форпосты деп аталған.

Патша заманында шыққан 2 томдық «Рыболовство» деген кітапта «қызылбалықтың ең жақсы ауланатын жері поселок Антоново» деп көрсетілген. Біздің ауылда тұрған казак-орыстардың қолынан екі нәрсе ғана келетін болған. Біріншісі Жайықтан қызылбалық аулап, оны Петербургтегі патша асханасына жөнелту, екіншісі бұйрық келгенде қолына қару алып барып бүлікші қазақтарды қырып келу. Жайық бойындағы казактардың қызылбалық аулауға қатты мән бергендігі соншалық көктемгі уылдырық шашу кезінде шіркеудің қоңырауын қағуға тиым салған. Яғни оларға діннен де гөрі балықтың үрікпей уылдырық шашуы маңызды болған.

Бөлісу: 

Тылсым

Тылсым

Балалар емшісі Жантуған ата

 

 

Ақжайық өңіріне аты танымал балалар емшісі болған Жантуған ата – Жантуған Нұрғалиұлының (1893-1978) ата тегі – беріш руының Жайық бөлімінен. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының Сайхын ауылында дүниеге келген екен.

Жасынан аруақ қонып, домбырамен емдейтін «қара бақсы» атанған. Аруақты нағашысының батасымен 17 жасында қасиет қонған көрінеді. Кеңес өкіметі алғаш орнаған жылдары бақсы боп кісі емдегені үшін қудаланып, қамауға алынады. Қамаудан қашып шығып, Атырау жағына кетіп, теңізде балықшы боп бірнеше жыл қызмет істеген. Бір күні суға құлаған орысты құтқармақ болғанда, әлгінің созған қолы жауырынына тиіп кетіп, арқасы ұстап есінен танып, суға құлайды. Теңіз түбіне батып кеткенде алдынан басқа әлем ашылғандай көрінген. Біршама уақыттан кейін есін жинап қайта шыққанда су жұтып тұншықпағанын көріп жұрт таң қалған. Осыдан соң арқасы ұстап қалатын талма ауруға ұшырап, жұмыс жасай алмай бір жылдан соң елге қайтып келеді. Соғысқа да сол себепті алынбай қалған. 

Бөлісу: 

Кемпірқосақ

Бижанов Досжан Кенжеболатұлы 1990 жылы 23 желтоқсанда БҚО Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында дүниеге келді.

Орал қаласының Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Сәндік қолданбалы өнер және дизайн» мамандығын, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын алған.

Досжан Бижанов бүгінде БҚО, Ақжайық аудандық балалар шығармашылығы орталығының «Қолөнер» үйірмесіне жетекшілік етеді.

2013 жылы «Ел іші – өнер кеніші» атты қолөнер шеберлерінің аудандық байқауында І орын алды.

2014 жылы ауданда ұйымдастырылға жыл үздіктері байқауының «Үздік жас ұстаз» аталымының алғыс хатын алған. 2014 жылы X Ұлттық жастар Дельфий ойындарының облыстық кезеңінде «Халықтық көркем кәсіптер және қолөнер» номинациясы бойынша Гран-При, республикалық кезеңнен алтын медаль иеленіп, Ресейдің Орел қаласында өткен халықаралық X Ұлттық жастар Дельфий ойындарында дипломант атанды.

2015 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасын, облыстық «Дала дарындары» байқауынан бас жүлде, республикалық «Шабыт» фестивалінде диплом, «Жыл үздігі-2015» аудандық жастар сыйлығының «Өз ісінің шебері» аталымы бойынша аудан әкімінен диплом алды.

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Құлпытас кілтін ашайық!

 

ЖАНАЛЫ ҚОРЫМЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚҰЛПЫТАСТАР

 

Атырау облысы Махамбет ауданында төре-сұлтандардың, оның ішінде Нұралы хан ұрпақтары жерленген Жаналы аталатын көне қорым бар. Қорым Жайық өзенінің сол жағалауындағы Алға ауылынан солтүстік-батысқа қарай 21 км жердегі шағын төбеде орналасқан. Қорымның уақыты ХVІІІ-ХІХ ғасырды қамтиды.

Алғаш рет 2005 жылы бұл қорымға тарих ғылымдарының докторы С.Әжіғалиев бастаған Батыс Қазақстандық кешенді этноархеологиялық экспедициясы зерттеулер жүргізген болатын. Алайда, бұл экспедициялық топ аталмыш қауымда Нұралы ханның ұрпақтары жерленгені туралы ғана жалпылама атап өтеді.

Осыған орай, 2013 жылы Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының маманы, марқұм Ринат Өтеуғалиев алғаш рет ондағы құлпытастардағы төте араб жазуларын оқып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілік назарына ұсынды. Кейін Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының басшысы Нұрлан Құлбаев та толықтыру жасап, қайта қарап шықты. 

Бөлісу: