4-5 (14)-2014

Іздегендеріңізге рахмет!

Оқырман қауым «DANAkaz» журналының жаңа сандарын «жоғалтып» алғанына да біраз уақыт өтті. Теңгенің құнсыздануы, оған ілесе келген қымбатшылық өздеріңізден өзге қолдаушысы, тұрақты қаржылай демеушісі жоқ журналдың уақытылы шығуын кідіртіп тұр. Бірақ, редакциямызға телефон соғып, поштамызға хат-хабар жолдап, бізді іздеушілердің көптігін көргенде тұрмыстың түйткіл күйбеңінен дүр сілкініп, журналдың жаңа санын жасауға тағы да ұмтыламыз...

Бөлісу: 

Жеті атаңызды білесіз бе?

«Dana.kaz» журналының соңғы үш санында қатарынан 1811 жылдың 17 қыркүйегінде Орынбор губернаторына жазылған Кіші Жүз игі жақсыларының хаты, оған қол қойған тұлғалардың тізімі жариялануда. Хат арқылы Орынбор әскери губернаторы Г.Волконскийге қаза тапқан Жантөре хан Айшуақұлының орнына Кіші жүздің ханы етіп Бөкей Нұралыұлын сайлауды ұсынған. Мөрі мен таңбасын басқандар заманындағы елге сөзі жүрген басшылар, сыйлы билер мен батырлар. Тізімнің жариялануында терең мән бар. Әр оқырман осыны жете түсінгенін қалаймыз.

Бөлісу: 

«Еліме пайдам тисе деймін»

Ерболат САДЫҚОВ: Ерболат Садықов – Батыс Қазақстан облысындағы әйгілі «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 2005 жылғы түлегі. Жақында Американың «Towson» университетін «мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру» (special education) мамандығы бойынша тамамдап қайтқан жас маманмен арнайы тілдестік:

Бөлісу: 

ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ – ҚАМШЫДА

  Ел-жұртымыздың мәдени-тұрмысы мен рухани зердесінде кәдімгі қамшы ерекше орын алып келген. Қазақ өмірінде қамшы – өнер туындысы, қамшы – рухани күш-қуат, қамшы – сый-сияпат, қамшы – жігіт пен қыздың сәні мен салтанаты, қамшы – азамат айбыны, қамшы – шебер қолдың айғағы, қамшы – алса қару, қалса мұра. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында 27 қамшы сақтаулы тұр. Бұлардың әрқайсысының тарихы, өзіндік ерекшелігі бар. Солардың бірі – өздеріңіз суреттен көріп отырған тобылғы сапты, күміспен қапталған он өрімді дойыр. Қамшының күміс қаптамасына қара сиямен «Қайролла 1935» деп жазылған.

Бөлісу: 

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАҚТАЛЫНҒАН «АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БАЯННАМАСЫ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

  КІРІСПЕ Халықаралық жағдайлардың құбылмалы тұрақсыздығымен әлемдік саяси күштердің (Алпауыттардың) шикізат және мұнай сияқты өндірістік қуат көздеріне деген мұқтаждығы күннен күнге өрескел өзімшілдіктің, бүлгіншіліктің бүркемелі әрекетіне айналып бара жатырғаны жасырын емес.

Бөлісу: 

«АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ – ОТПАН ТАУ ТАРИХИ МЕКЕНІ

   ОТПАН ТАУ Маңғыстау өлкесінің ескі Қаратау бойындағы ең биік шоқыларының бірі. Халық ауызында Отпан тау туралы әңгіме желісі өте ескіден бастау алады және әртүрлі бағытта баяндалып, киелі мекен ретінде аңыздарға арқау болады. ОТМАН атауының өзі тым ежелгі тарихтың куәсі екендігінің айғағы. Отпан таудың биік шоқысында Ұран-от жағылып, халықты сыртқы жаудың беқұт шабуылынан қорғануға шақырудың амалдары жасалынған. Ел қорғаған Ерлердің табан еті мен маңдай терінің ізі қалып, жүректеріндегі Ар мен Намыстың, Елдіктің Рухы сіңген жер. Бабаларымыздың Ұлы Даланы ұрпаққа аманаттап аман-есен тапсыру үшін, түн ұйқысын төрт бөліп ұлтымызға тән береке-бірлік пен бейбітшіліктің туын құлатпай Көкбөрідей жортуылдап, Арыстандай айбат шегіп, Жолбарыстай жағаласып, ҚЫРАНДАЙ қырағылық танытып, ҰРАН салып өткен жері.

Бөлісу: 

«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..» (немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?) Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

– Қасқыр демекші, Адай-Ата кесенесінің жанындағы алып қасқырды көрген жандар оның не үшін қойылғандығы жөнінде сұрақ беріп мазалап жатады. – Дұрыс, мазалаудың өзі – қызығушылық. Адай-Ата кесенесінің қасындағы Көк Бөрі азу тісін ақситып, қимыл-әрекет үстінде көрініс беріп тұр. Және өзі күншығысқа қарап тұр. Біздің Түркі тектес елдердің тотемі – Көк Бөрі болған. Көшпенділердің, Түркі халқының, жалпы біздің Баһадүр бабаларымыздың дәурені басында тұрғанда, орыстар салық төлеп, қытайлар қорыққанынан қорған-қамал салған кездері болған.

Бөлісу: 

Тыңнан салынған түрен

  Құба жонның құланындай зымырап бара жатқан шіркін уақыт-ай десеңізші... Ақжайық өңірінің мәдени-рухани өміріндегі жылт еткен жаңалықтар мен өлке тарихындағы «ақтаңдақ» беттерді жылнамалауға дер кезінде кіріскен бірден-бір басылым – «DANAkaz» журналының алғашқы санының жарық көргені күні кеше ғана сияқты еді.

Бөлісу: 

«Аруақ!» деп атой салады Ресейдегі қазақ боксшылары

Жақында Ресей Федерациясы Волгоград облысы Палласовка қаласында өткен жасөспірімдер арасында бокстан XIII рет ашық біріншілікті тамашалаудың сәті түскен еді. Ормандай орыстың арасынан озып шыққан қарадомалақтардың мол қарасын көріп, қатты риза болдық. Бұл сайысқа Дағыстан мен Қалмақ Республикаларынан және Ресей Федерациясының Волгоград облысының Волгоград қаласындағы олимпиада резервтері мектебі, Волжск, Михаилов, Городище, Палласовка сонымен қатар Саратов облысының Маркс, Советский, Новоузень, Ровный және Алгай қалаларынан жас боксшылар қатысты.

Бөлісу: 

Жәңгір мектебінің түлегі Жүсіп Шомбалұлы

ХIХ ғасырдың 40-шы жылдарының бас кезінде, дәлірек айтсақ, 1841 жылы Бөкей хандығында тарихи маңызды оқиға болды. Ол – ордадағы қазақ балаларының сауатын ашу үшін қазақ-орыс мектебінің ашылуы еді. Бұл мектептің негізін Жәңгір хан қалағандықтан тарихта «Жәңгір мектебі» деп аталып кетті. Міне, осы Жәңгір мектебі орданың көптеген балаларының сауатын ашып, олардың әрқайсын өз алдына жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етті. Алдымен Жәңгір хан ордада жаңадан ашылған мектепке өзінің саяси сенімді серіктері – Қарауылқожа Бабажанов, Шомбал Ниязов, Ақболат Санғырықов, Жұлғыт Наурызбаев, Саламат Исекенов, Шөке Еділбаев, Балқы Құдайбергенов және тағы басқа қызметкерлерінің балаларын оқуға қабылдады. Әуелі хан өз атынан жоғарыда есімі аталған қызметкерлерінің әрқайсына балаларын хандықта ашылған мектепке беруін сұрап хат жібереді. Сөйтіп, 1841 жылы Жәңгір мектебінде оқуға дайын алғашқы талапкерлердің аты-жөні белгілі болады.

Бөлісу: 

Мұстафаның ғасыры

Биыл туғанына 100 жыл толып отырған Мұстафа Ысмағұловтың есімін бұл күндері санаулы адам ғана білетін шығар. Өмір бойы туған жерінің тарихына қатысты деректерді тірнектеп жинаған, Совет өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Елеусін Бұйрин секілді ұлт арыстарының есімі мен еңбектерін жарыққа шығаруға тырысқан, қазақтың тұңғыш басылымдарының бірі «Қазақстан» газеті туралы көптеген дерек жинап қалдырған, алашордашылардың атын атауға тиым салынған уақытта сол «Алаш» партиясының үні болған «Ұран» газетінің тігіндісін жинақтап кеткен... осы бір ғалымның еңбегі күні бүгін ғана – Қазақстан тәуелсіздігін алып, өз тарихын өзі зерттей бастағанда ғана бағасын алды! Шынында да, соңғы жылдары қазақ баспасөзінің тарихына байланысты ізденістерімізге дәл осы Мұстафа Шәмбілұлы жинап кеткен деректер көп көмек болды.

Бөлісу: 

Құрметті редакция!

Бөлісу: 

ТАРИХИ ТҰЛҒА, ДІНИ ҚАЙРАТКЕР Имам-хатып Хәкімбек қажы Байғазыұлы туралы тың деректер

 Қазақ тарихында елді рухани тазалыққа, ата-бабамыздың мұсылмандық сенімін сақтауға өз үлесін қосқан біртуар азаматтар аз болмаған. Кешегі Ресей империясының отарлау заманында, Кеңестік биліктің ұлттық ұстанымынан айыруға барын салып, дінге қарсы атеистік саясат жүргізіп, оны іс жүзіне асырған жылдарда қазақ халқы өзінің ішкі рухани тұтастығын сақтай білді.

Бөлісу: 

Кенже ұл мен қасқыр

  Бұл ертегі Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген ұстаз Есенов Сәмер Жантілесұлының жеке архивінен алынған. Сәмер атамыз 1946 жылы Орал педагогикалық институтында оқытушы болып жүрген кезінде студенттерге ел арасындағы халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинатқан екен. Дәл осы ертегіні 1946 жылы институттың 1 курсында оқып жүрген Ф.Ғалиева деген студент жазып әкеліпті. Жетпіс жыл бұрын қағазға түскен ертегіні «DANAkaz» журналының оқырмандарына ұсынған – ұстаздың қызы, БҚО-ның Қаратөбе ауданындағы Егіндікөл орта мектебінің мұғалімі Ардақ СӘМЕРҚЫЗЫ.

Бөлісу: 

Мен корей халқын қалай таныдым?

  Әлі есімде, ыстық әрі дымқыл тамыз айы болатын. Танымайтын жер, жат ел. Терезеден қарап тұрып, сапырылысқан халықты көріп, ойға батып кеттім. «Осы корей халқының сырын қалай ашамын, бұларға қалай жақындауға болады?! Басқа ұлт тілін біліп тұрса да, өз тілінде ғана жауап қататынына қарағанда, өте ұлтшыл халық-ау, сірә?! «호랑이 굴에 들어가야 호랑이를 잡는다» – «Арыстанды ұстағың келсе, оның ұясына кір» – деген корей бабалары. Қандай іс, қандай оқиға болса да мен бұл халықтың ұясына кіріп, бәрін үйренем деп ант еттім өзіме. Үш ай далаға шықпастан, осы корей тілін үйрендім. – Енді мен сіздермен сөйлесе аламын! – деп далаға шықтым. Маған әуелі кітап сатып алу керек болды.

Бөлісу: 

Сөз сыры «Қырсыққанда қымыран іриді»

  Бір қарағанда мұны білмейтін адам жоқ, істің орайы келмей жатса, оп-оңай осы түрінде қолдана саламыз. Істің қисыны кетсе қымыран іриді не қырсыққанда қымыран іриді, қысқасы бұл мақалға айналып кеткен. Солай десек те, 1982 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» ашыған айранға піскен сүт қосып сұйылтқан сусын деген мағынасы барын айтады да, арыға баспайды. Дәйексөзге келтірп отырған Қ.Ысқақовқа құлақ түрсек, «...көңілі құрғыр қымыз орнына қымыран ішкендей көншімей отыр».

Бөлісу: 

Сұмырай атқан Ерғали

  Бұл әңгімені өзі басынан өткізген, бүгінде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылында тұратын Шапағат Хабибуллин атамыз былай сабақтайды. «Соғыстың алды, 1939-40 жылдар шамасы еді. Менің бозбала оқушы кезім. Қызылақырап козхозында тұрамыз. Байбақты Қынықтың Итес аталығынан шыққан Бақа Ерғали деген аңшы болды. Бәкене бойлы, көздері кішкентай өткір, құлағы қалқиған, мінезі қатал кісі еді жарықтық. Ауылда «Бақа Ерғали келе жатыр» десе, жылаған бала қоятын. Өзі аңшылығымен қатар құмалақшы, тамыршы еді.

Бөлісу: 

Бір мешіттің тарихы

 Отан от басынан басталады. Кең байтақ Қазақстанды сүю ең алдымен өзіңнің туып-өскен өлкеңді құрметтеуден, оның тарихын жетік білуден шығады. Бізге өзінің туған жерінің тарихы туралы мақала жолдаған Нұрсұлтан көп еңбектенген екен. Шәкіртін осындай терең де тағылымды ғылыми еңбек жазуға баулыған ұстаздарына, Жетекшісі, әлеуметтік педагог Жұбаниязова Алмагүл Тоқтамысқызына, кеңес берген жоғары санатты география пәнінің мұғалімі Әбдрашева Ақжібек Иманбайқызына журнал редакциясы атынан алғыс айтамыз.

Бөлісу: 

Мақаш әкімнің «Жақсы үгіті»

  Өзінің саналы ғұмырын халқының өнері мен мәдениетінің өсіп-өркендеуіне арнаған халқының арда азаматтарының бірі – Мақаш Шолтырұлы Бекмұхамбетов. Ол 1830 жылы дүниеге келген. Сауатын Ордадағы Жәңгір мектебінен ашқан Мақаш кейін Орынбордағы Неплюев кадет корпусына оқуға түсіп, оны 1852 жылы кіші унтер-офицер шенімен бітіріп шығады. Алғашында Бөкей Ордасын басқаратын Уақытша Кеңесте аудармашылық қызмет атқарған ол кейін Орданың 1 және 2 Теңіз жағалауы округінің правителі болып ұзақ жыл қызмет атқарады. Мақаш әкім болып ел билеп, патша үкіметіне қызмет еткен кезінде халқының тағдырын жадынан шығарып, жаңылыс басқан емес. Сонымен қатар ол халқының өнері мен мәдениетін, фольклоры мен тарихын зерттеуде, оны жарыққа шығаруда үлкен еңбек атқарды. Ел ішінен нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, әдет-ғұрыптарға байланысты сықақ өлеңдерді жинастырып, баспа бетінде жариялап отырған.

Бөлісу: 

«...Таңбамды салып, мөрімді бастым» (Жалғасы, басы өткен санда)

   Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат жатыр. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім әсіресе жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз.

Бөлісу: 

Біздің Роза

  Алыстағы ауылда жақсы дәрігер жақын туысыңнан артық болып кететіні бар. Батыс Қазақстан облысының қазіргі Қазталов ауданына қарасты Көктерек ауылында ұзақ жыл қызмет еткен Роза Рамазанқызы да сондай аяулы жан екен. Оны біз бір ауылдан топырлап келген төмендегі хаттардан байқадық. 1971-1973 жылдары Орал қалалық медициналық училищесін «медбике» мамандығында оқып, 1973-1979 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген маман дәрігер 1986 жылдың 28 тамызынан бастап Көктерек дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі болып қызмет еткен екен. Осы жұмысында елдің алғысын алып қана жұмыс істеген Роза өзі де бір қыз, үш ұлдың анасы атаныпты.

Бөлісу: 

Шоқай қабіріне зиярат

  Осы маусым мәңгіге есімде қалады... Биыл, міне, қазақ халқына да жат емес Польшаның астанасы Варшавада білім алып жүргеніме 2 жыл болды. Осы арада Еуропаның бірнеше мемлекетін аралап, жергілікті халықтың мәдениетімен таныстым. Польшадағы қазақ жастар қоғамының вице-президенті ретінде Қазақстанды танытатын бірнеше мерекелік шаралар мен көрмелер дайындауға ат салыстым. Алайда, барша қазақ жастарына үлгі, халқының дара перзенті Мұстафа Шоқайдың мазарын зиярат етуге сәті түспей жүр еді.

Бөлісу: 

Баба тарихына тағызым

  Ұлтжанды қайраткер ұлдарымыз «ұлттық тарихи жадыны сақтап қалу - өз-өзіңді сақтап қалудың жалғыз жолы» деп ой түйген. Осы бағыттағы елдік іргелі іске үн қосу мақсатында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан «Махамбет» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы құрылып, «Бабалар тарихына тағызым» экспедициясы ұйымдастырыла бастады. Мақсат – Батыс Қазақстан аймағы бойынша туған өлке тарихын зерделеуге кешенді тұрғыда кең көлемде ден қою, сәйкесті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, махамбеттану саласына сын көзбен қарап, бүгінгі ұрпақ көзқарасын аңғарту, студент жастарды ата-баба тарихын терең білуге баулу.

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық

«Жайық Пресс» ЖШС мәжіліс залында «Батыс Қазақстан облысындағы ежелгі құлпытастарды зерттеу бойынша экспедиция жүргізу» жобасының бір нәтижесі ретінде жарық көрген «Құлпытас сырын ашайық» жинағының таныстырылымы өтті. Шараға қатысқан тарих ғылымдарының докторы, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Таяу және Орта Шығыс елдері бөлімінің меңгерушісі Әшірбек Мүмінов: «Бұл – әлемдік ғылымға қосылған үлес, әлемдік деңгейдегі ғылыми басылым» деп жинаққа баға берді. Аталмыш жобаның авторы Жантас Сафуллиннің төрағалығымен өткен шараға тарих ғылымдарының докторы, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Таяу және Орта Шығыс елдері бөлімінің меңгерушісі Әшірбек Мүмінов, аталмыш институттың қызметкерлері, тарих ғылымдарының кандидаттары Айтжан Нұрманова мен Дина Медерова, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Талғат Жүсіпқалиев, БҚО тарихи өлкетану музейінің директоры Әбіл Жоламанов, белгілі өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин қатысты.

Бөлісу: 

Ахмет ШАДЫМАН: «Қытай қазақ тарихына ерекше көз тігеді»

   Қытайлық қазақ ғалымы Ахмет Шадыман 1966 жылы Қытайдың Үрімжі қаласында туған. 1989 жылы Шыңжаң Қазына институты қазына факультетін бітірген. 2004 жылдан қазірге дейін Тарих зерттеу институтында ғылыми зерттеумен айналысып келеді. 2010 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың шілде айына дейін Пекин университеті тарих факультетінде Ван Сяопу профессордың жетекшілігімен Қытайдың ерте заман тарихы бойынша стажировкадан өтті.

Бөлісу: 

Мұнайдар БАЛМОЛДА: «Үніңмін, үзігіңмін – Ұраныңның!..»

  1969 жылы 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында дүниеге келді. Махамбет атындағы БҚМУ-дың көркем-сурет және графика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1993 жылдан «Қазақстан-Орал» телеарнасында тілші. «Көкбөрі» (2006), «Ақ тұлпар» (2011) атты өлеңдер мен әңгімелер жинағының, көптеген деректі фильмдердің және «Қағаз ұшақ» көркем фильмінің авторы. * * * Жанымды кереметтей мұң, Жаншиды, елең етпеймін. Аңсаған сені жүрекке, Ешбір ем керек етпеймін.

Бөлісу: 

Әбілхан Қастеевтің Оралдағы қолтаңбасы

  Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында қазақ бейнелеу өнері туындыларының мол коллекциясы бар. Соның ішінде қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің де төл туындылары сақталғанын мақтан етеміз. Көктем мерекесі қарсаңында жабдықталған «Қазақ ханымдары» атты көрмеге музей қорында сақталып жатқан құнды жәдігерлердің бірі көрермен назарына ұсынылды.

Бөлісу: 

Мәскеудегі бөкейліктер

  Бөкей губерниясының бір топ мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлері делегациясы 1923 жылы РСФСР-дың Халық ағарту комиссариаты шақыруы бойынша Мәскеу қаласына барады.

Бөлісу: 

Әлди

Ақ әжем! Әппақ әжем. Осылай әндетіп отырар еді… Бір жастан асқан бауырларымды, мен жатқан бесікке сыймағасын, әкемнің ұзынша келген ескі бесігіне бөлейтін. Әлди әні құлақта жатталып қалған. Бесік тербетіп отырып айтқан жақұт жырдың соңы баяу ыңылға ұласады. Бала күннің елесі немесе әжемнің аялы алақаны есіме түссе болды, осы әзиз әуен қосақтала келеді. Сірә, ең алғаш әрі көп естіген әуенім болса керек. Інілерімді әлдимен тербетіп отырғанда бірден ұйықтап кетер едік. Мені де кезінде осы әуенмен әлдилеп ұйықтатқанына күмән жоқ.

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

   Жетпіс палуанның құлпытасы Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылдық округіне қарасты Хандық деген мекенде орналасқан құлпытас. Ескерткіштің суретін редакцияға ұсынған – Орал қаласының тұрғыны Сейфолла Құмарұлы. 1. Тана руғы Қалқаман 2. тайфасы Игілік 3. бөлімі Мәулім 4. немересі Бақтыбай 5. баласы Жетпіс 6. офат 84 йашында 7. 1896-нчы йылда 8. (тана руының таңбасы) Түсініктеме: Ел аузындағы шежіре деректеріне қарағанда Жетпіс Бақтыбайұлы заманында ерен қайратты, мықты палуан болған.

Бөлісу: