4 (18)-2015

Редактор бағаны

Армысыз, ағайын!

 

Қолдарыңызға ұстап отырған журналдың осы санын дайындау кезінде өкіндірген әрі қуантқан бір жағдай болды. Ол – редакциямызға шартараптан келіп түсіп жатқан хаттардың молдығы. Қуанғанымыз – «DANAkaz» журналының аты талай жерге жайылып, оқырман қауым мен авторларымыз көбейгендігі. Өкінгеніміз – мұның бәрін бірден осы нөмірде жариялау мүмкін еместігі.

Сіз байқаған шығарсыз, журналдың авторлары қатарында кәсіби тарихшылар, атақты ғалымдар көбейіп келеді. Шетелдерде жүрген қандастарымыздың түрлі мақалаларын бұрын да тұрақты жариялап жүрсек, бүгінгі санымызда Ресей Федерациясынан, Түркиядан ұлты басқа ғалымдар қазақ тілінде жолдаған дүниелерін ұсынып отырмыз. Бұл үрдіс болашақта да жалғасары сөзсіз.

Биылдан бастап журналымыз Қазақстанның бас қалалары Астана мен Алматыда, сондай-ақ Атырау, Ақтау, Ақтөбе сынды батыс өңірлерге де тұрақты тарала бастады. Бұл қалаларда біздің журналды қай жерден алуға болатынын электронды поштамызға немесе сайтымызға қосымша хабарласып білуге болады.

Қой жылы құтты болсын, ағайын! 

Бөлісу: 

Жан азығы

Жан азығы

 

Бүгін қазақта бәрі бар. Ең бастысы табиғаты көркем, асты қазба байлығына толы кең байтақ жер, бабалары аңсаған азаттыққа қолы жеткен халық, тұрақтылық, бейбітшілік, бейқам өмір. Оған қоса білім алу тегін, дәрігерлік көмек тегін, кәсіппен айналысам деушіге түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалар, ғаламторға қосылу арзан, түрлі ұялы байланыс арзан. Осылайша тізбектей беруге болады. Міне, бәрі бар. Бұны бәрі де армандайды. Тіпті әлемді төстеп, билеп отырған алпауыт мемлекеттер де біздің бабаларымыздың біз үшін жер шарының кіндігінен ойып тұрып орын алып бергеніне қызыға, қызғана қарайды.

Осы барды сақтау үшін әр адамға терең білім, адал кәсіп және осының берекесін келтіретін ұлттық рух қажет. Мемлекет білім алуға, кәсіппен айналысуға мүмкіндігінше жағдай жасағанымен, ең бастысы, ұлттық рухты көтеру бағытындағы әрекеті барлық уақытта бірдей нәтиже бермей тұр. Жоғарыдан жақсы бастамалар көтеріліп, түрлі жобалар қолға алынғанымен, көпшілік атқамінерлердің істің мәнісін түсінбеуінен дені аяқсыз қалуда. Елбасының өзі «Нұр Отан» партиясының он алтыншы сиезінде бұл ащы болса да шындық екенін айтты. Кадр мәселесіндегі олқылықтар бүгінгі қоғамның басты дертіне айналды. Бұл жемқорлықтың жолын кесу бағытындағы істен маңызды болмаса, бір мысқал да кем емес.

Бөлісу: 

Туысқандар

ТҮРКИЯДАҒЫ НОҒАЙЛАР

ТҮРКИЯДАҒЫ НОҒАЙЛАР

 

Осман Гүндүз Акын,

түркітанушы ғалым,

Диярбәкір қаласы,

Түркия

 

 

Автор туралы аз сөз: Осман Гүндүз Акын – ұлты ноғай, Түркияда тұрады. 28 жылдан бері түркология ғылымымен шұғылданып келеді. Қазақ-түрік-ноғай қарым-қатынасын зерттей жүріп, қазақ тілін де меңгеріп алған. Бүгінде әлеуметтік желілерде ұстаздары Баки Дөкме жане Кұддүс Чолпан мырзалармен бірге қазақ тілін үйретеді. Осман Гүндүз Акын қазақ рулары туралы көп мәлімет жинақтаған. Болашақта қазақ және түрік тілдерінде керей, найман, дулаттар жайлы кітап шығармақ. Біз Осман ағаға түбі бір ноғай ұлты, Түркиядағы және атажұрт – Қап тауындағы ноғайлар туралы айтып беруін өтінген едік.

DK

Бөлісу: 

Өлкетану

Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

 

Жәнібек Аллаярұлы,

тарих ғылымдарының кандидаты

(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)

 

Есенгелді – Ерекше комиссия мүшесі

1823 жылы 26 маусымда Орынбор губернаторы П.К.Эссен Шекаралық комиссияға Сыртқы істер министрлігінің басшысы Нессельроденің Кіші жүзді тыныш жағдайға келтіру үшін құрамы ханнан, үш сұлтаннан немесе құрметті ақсақалдардан және үш молдадан тұратын, соның ішінде қазақтардың құрмет, сеніміне бөленген Сеит слободасының молдасы Абдрахман Мухаметшарифов бар ерекше комиссия құру керектігін хабарлағанын жеткізеді. Жарлықты негізге алған губернатор: «Сол комиссияға хан приставының қатысуымен аяқталмаған істерді өздерінің заңдық ғұрыптары бойынша шешуді беру керек, мүшелерінің міндеттеріне қолдары қойылып немесе мөрлері басылып бекітілген өздерінің жазбаша шешімдерін жүктеп, менің қарауыма ұсыну керек, содан соң, егер негізді деп тапсам, оны шұғыл орындауға бұйрық беремін. Бұл тәртіптің басты мақсаты шептен ұсталған біздің адамдарды міндетті түрде қайтару, содан соң, мүмкіндігіне орай өткен екі жылда жасалған өзге де тонаулар үшін ресейліктерді, сол секілді қазақтарды қанағаттандыру болып табылу қажет», - дейді. Ол Ресейге адал, ордада беделі бар үш сұлтанды немесе құрметті ақсақалдарды, оған қоса ішінде Абдраман бар үш молданы тез арада шақырып, олар келген кезде Шерғазы ханды да шақыруды тапсырады. Яғни хан өзге мүшелермен бірге Орынборға жақын маңда комиссияны құруға тиіс болды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 262-іс, 85-86 пп.; КРО-ІІ. №118-құжат].

Бөлісу: 

Әз Наурыз

Әз Наурыз Күлімдесіп көрісіп, мауқын басып

Күлімдесіп көрісіп, мауқын басып

 

14 наурыз - көрісу айты. Ежелден келе жатқан ұлттық мереке еліміздің көп жерінде ұмыт қалды. Тек республикамыздың батыс аймақтары мен Ресейдің Астрахань, Саратов облыстарында тұратын қандастарымыз арасында сақталып отыр.

Көрісу күні 14 наурыз болып тегін алынбаған. Өйткені ескіше дәл осы күні айдың басталуы. Яғни 14 наурыз күні көктемнің алғашқы айы - наурыз (хамал) туады. Бұл қыстың ызғары қайтып, күн шуағы артып, Жер-Ананың бусанып, дүние бір жаңаратын күн. Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз алты ай қыстан аман шығып, көктемге іліккеніне қуанып, ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады екен. Төс қағыстырып көрісіп, «Жасың құтты болсын!» деп ақ тілеуін білдірген.

Жалпы, көрісу тарихы тереңде жатыр. Ол жөнінде әйгілі Омар Хаямның «Наурызнама» кітабында кеңірек айтылса, данышпан хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп көрісіп, мауқын басып» деп жырлайды. Үлкендердің айтуынша бұл күні адамдар бір-біріне деген ренішін, ашу-араздығы, өкпесін ұмытып, кешірімге, ынтымаққа бас иіп, татуласады. Сондықтан көрісу айты – ағайын мен туыс арасындағы ынтымақ байланысын бекіте түсетін жақсы дәстүр.

Бұл күнге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев та: «Наурыз-жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгіліктің, татулықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің мерекесі» деп баға береді.

Бөлісу: 

Саңлақ

«Ең алғашқы жүлдемді анама бердім»

Нұрбол Серіков,

дзю-додан ҚР спорт шебері,

самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

 

«Ең алғашқы жүлдемді анама бердім»

 

1993 жылы 16 қарашада Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы, Әбіш ауылында дүниеге келген. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 4 курс студенті.

2009 жылы Теміртауда өткен дзюдо күресі бойынша ҚР чемпионатында 1-орын, 2010 жылы Чехияда өткен халықаралық жарыста 1-орын, 2011 жылы Атырау қаласында өткен ҚР чемпионатында 2-орын, 2011 жылы Теміртау қаласында өткен ҚР чемпионатында 1-орын, 2011 жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында 1-орын, 2012 жылы Германияның Бремен қаласы өткен халықаралық турнирде 2-орын, Қарағандыда өткен ҚР чемпионатында 1-орын, Ташкент қаласы Азия чемпионаты 3-орын, 2013 жылы Кореяда өткен Азия чемпионатында алтын медаль, 2015 жылы Беларусь астанасы Минск қаласында өткен ерлер, әйелдер және әскери самбодан Беларусь Республикасы Президенті жүлдесінің 3-орын иегері.

DK

Бөлісу: 

Жәдігер

Бақытжанның төсбелгісі

Бақытжанның төсбелгісі

 

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында Бақытжан Қаратаевтің Ресей Императорлық Университетінің бітірушілеріне берілетін ромб тәріздес Ресей Империясының ақ металдан жасалған гербі бар және көк түсті эмальды крест бейнеленген төсбелгісі сақтаулы. Бұл тарихи құнды ескерткішті музей қорына Бақытжан Қаратаевтің келіні Бақытжанова Бибиажар тапсырған.

Тарихи төсбелгілер екі түрде: мерекелік шеруге және фракқа тағылатын белгі ретінде шығарылған. Мерекелік белгілер салтанатты шеруде, жиындарда, ал фракқа тағылатын белгі кішкене өлшемде күнделікті тағуға арналған. Ресей Империясында төсбелгілерді, наградаларды тағу қатал тәртіппен қадағаланып отырған. Фрак белгілерді сол жақ кеудеге (орден мен медальдар тағылатын орынға) ал төсбелгілерді оң жағына таққан. Сол кезде жиындар мен балға барғанда фракқа тағылған төсбелгісі сәнді көрінген. Бұл төсбелгіні күнделікті киімдерге тағуға рұқсат етілген.

Бөлісу: 

Азаттық

Жусан иісін сезінетін жандарға

 

Жоламан Мұратбек Тауфиқұлы 1966 жылы 13 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, Жосалы ауылында туған.

1973-1983 жылдары А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінде оқыды. 1985 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің «Суретші безендіруші» бөліміне түсіп, III-курстан соң Алматыдағы қазіргі О.Таңсықбаев атындағы сурет училищесінің «суретші-живопись» бөлімінің III-курсына ауысып, оны 1990 жылы бітірді.

1991 жылы Алматы театр, кино және көркем сурет өнері институтына түсті. Мұнда жаңадан ашылған «Станковая живопись» бөлімінде алғашқы 6 студенттің бірі болды. 1993 жылы осы институттың сурет өнерінің 2 факультеті және сурет колледжінің базасында қазақ Мемлекеттік көркемсурет Академиясы құрылды. Ол Академияны 1996 жылы бітірді. Оның «Хан сайлау» атты дипломдық жұмысы басқа дипломдық жұмыстар арасында Академия бойынша «ең үздік» деп танылды.

Бөлісу: 

Азаттық

«Ылғи да асығыс, қарбалас жүретін...»

Мәрия Мұқамбетқалиева,

Мұратбектің анасы

 

«Ылғи да асығыс, қарбалас жүретін...»

 

Мұратбегімнің суреттерін жарыққа шығарып, рухани демеушілік жасап, жылы қабақ танытып жүрген зиялы азаматтардың ешқайсысын бөле-жармай, бәріне де шексіз аналық рахметімді, ризашылығымызды өзімнің атымнан, Мұратбектің жанұясы атынан, бауырларының атынан айтқым келеді. Жасаған жақсылықтары алдарынан шықсын. Мұратбек қаршадайынан кітапты көп оқитын, өнерге, суретке өте құмар болды. Кітапханадан шықпайтын еді. Жасынан жақсылыққа талпынып өсті. Әдемі қоңыр даусы бар, мектепте өтетін барлық шараларға қатысып, өлең айтатын. Жанынан өлең де шығаратын. 10 класс бітірерде соңғы қоңырауда өз өлеңін оқыды. Ақтөбеде оқып жүріп «Өмір – сағым» атты өлеңі аудандық газетке шықты. 10 класс бітіргеннен кейін екі жыл қатарынан, бірінші жылы Алматы құрылыс-сәулет институтының архитектура бөліміне, келесі жылы Оралдың пединститутының графика бөліміне түсе алмай, қатты налып, «Қайтсем де осы оқудың артынан қалмаймын» деп дайындық курсына да қатысып, бір тыншымады. Ақыры үшінші жылы, яғни 1985 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің суретші-безендіруші бөліміне түседі. Студент кезінде қысқы-жазғы демалысқа келгенде қарап отырмай жұмыс істеп, киім кешегіне, оқуына ақша тауып, маған салмақ салмайтын еді. Өйткені інілері де сол кезде студент болатын.

Бөлісу: 

Азаттық

Мұратбек кішткентайынан ұлтшыл еді»

Бауыржан Раянов,

зейнеткер, тарих пәнінің мұғалімі,

Мұратбектің ұстазы

 

«Мұратбек кішткентайынан ұлтшыл еді»

 

1977 жылы Орал пединститутын бітіріп, жолдамамен Жосалыға бардым. Абдолла Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінде еңбек еттім. Мұратбек менің жақсы көретін шәкіртімнің бірі еді.

1977 жылы Мұратбек 5 сыныпта оқитын еді. Тарих пәнін өте қызығып оқыды. Біздің үйде кітап көп болатын, сұрап алып оқушы еді. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері» басында жеке-жеке үш кітап болып шықты. Қолға түсе бермейтін. Мұратбек осы «Алмас қылыш», «Қаһар», «Жанталасты», Мағауиннің «Аласапыранын» менен алып оқыды. Ол кезде тиым салынған Олжас Сүлейменовтің «АзиЯ» кітабын жасырып бердім. Махамбеттің жырларын оқитын. Исатай-Махамбет көтерілісі туралы ғалым Исатай Кенжәлиевтің 1975 жылы шыққан кітабы болды. Міне, осындай тарихи кітаптарға Мұратбек кішкентайынан әуес болды. Сабақ бердім, мектептен тыс жұмыстарға, тарих үйірмесіне қатысты. 

Бөлісу: 

Азаттық

«Тірі болса талай жерге аты шығар еді»Қайыр ОРАЗҒАЛИЕВ, Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы:  «Тірі болса талай жерге аты шығар еді»  1993 жылдың қараша айы болатын. Қасымдағы екі жігіт Қазыбек (Қазақбай) Әжібеков, екіншісі Әділ(ғали) Баяндин деген сол кездегі жас суретшілер еді. Мені ертіп, өздерінің бұрынғы ұшқан ұясы – Алматының Никольский көшесіндегі бес қабатты жатақханаға алып келді. Бұл театр-көркемсурет институтының жатақханасы еді.  Театр және көркемсурет академиясы – қазақ сурет өне

Қайыр ОРАЗҒАЛИЕВ,

Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы:

 

«Тірі болса талай жерге аты шығар еді»

 

1993 жылдың қараша айы болатын. Қасымдағы екі жігіт Қазыбек (Қазақбай) Әжібеков, екіншісі Әділ(ғали) Баяндин деген сол кездегі жас суретшілер еді. Мені ертіп, өздерінің бұрынғы ұшқан ұясы – Алматының Никольский көшесіндегі бес қабатты жатақханаға алып келді. Бұл театр-көркемсурет институтының жатақханасы еді.

Театр және көркемсурет академиясы – қазақ сурет өнерінің мықтылары Кенжебай Дүйсенбаев, марқұм Бақтияр Табеев, Дулат Әлиев, Әлібай Бапанов, Еркін Мергенов, Мұса Сейісов, Мұхит Қалимов .т.б. еңбек ететін, дәріс беретін қара шаңырақ еді.

Сол кезде әр суретшінің бөлмесіне кіргенде алдымен көзіме түскені «Арбаттық» портреттер еді. Қағазға құрғақ қалам техникасымен салынатын бұл жұмыстар сол кездегі студенттердің ақша тауып, тамағын айыратын негізгі кәсібі еді...

Бөлісу: 

Махаббат Аралы

Гүлжәміш БӘКЕЙҚЫЗЫ, суретшінің жары

«Қастеев музейінде көрме өткізсем арманым болмас еді» дейтін

 

Гүлжәміш Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Қызылқайың сұмынында (ауылында) дүниеге келген. Әкесі Бәкей Келемқожаұлы мал дәрігері болып еңбек етіпті. Өз кәсібін терең меңгерген, малдың бас сүйегін ашып, нейрохирургиялық отаға дейін жасаған мықты маман екен. Моңғолияның ең жоғарғы наградасы – «Алтын жұлдызды» екі мәрте алған, елге сыйлы адам болыпты. Көп балалы отбасында өскен Гүлжәміш мектеп бітірісімен ата жұрт – Қазақстанға қарай асығады. Алматы қаласына келіп, П.И.Чайковский атындағы музыка училищесіне оқуға түседі. Мұратбекпен осы жерде, Алматы қаласында танысқан.

DK

 

Әр адамның өмірінде аса маңызды шешім қабылдауға тура келетін сәттері болады емес пе? Бір қызығы, осы қас қағым уақытта қабылданған шешім сенің өмірлік азығың болып, болашаққа апарар жолыңды анықтап беріп жатады. Осынау «Өмір» атты асау өзеннің жойқын ағысына қалай түскеніңді өзің де байқамай қалғандайсың. Сенің өмір-өзенің қай жаққа қарай ағады, қай теңізге барып құяды? Ол туралы ойланып та жатпайсың. Себебі, бәрін басқарып тұрған бір күш бар, ол – сенің тағдырың...

Бөлісу: 

Сырт көз

Бөкей Ордасына көшіп келген рулар

Виктор ВИКТОРИН,

тарих ғылымдарының кандидаты,

Астрахань қаласы,

Ресей Федерациясы

 

Автор туралы аз сөз: Викторин Виктор Михайлович - Астрахань мемлекеттік университеті шығыс тілдері кафедрасының және РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы филиалының доценті, Астрахань өлкесі халықтары этносаяси зерттеулер лабороториясының меңгерушісі, Астрахань мемлекеттік облыстық тарихи-археологиялық музей-қорығы Ғалымдар кеңесінің төрағасы, Астрахань губернаторының ұлтаралық мәселелер бойынша кеңесшісі.

DK

 

Бөкей Ордасына көшіп келген рулар

 

1801 жылы қазақ сұлтаны Бөкей Нұралыұлының ордасына Кіші жүз қазақтарынан бөліне отырып, Жайықтың арғы бетіндегі Төменгі Еділ бойына барып орналасады. Қазіргі кезде қазақ ұлтының бөкейліктегі территориялық-этникалық топтарының жалпы саны 300 мың адамға жақындады. Олардың 120 мыңы – Астрахань облысында, 60 мыңы – Саратов облысында, 35 мыңы – Волгоград облысында, алты мыңға жуығы – Қалмақ қыры мен Батыс Қазақстан облысында Жайықтың жағасын мекендейді. Осы топтардың өздерінің ежелгі салт-дәстүр ерекшеліктерін қаншалықты сақтағандығы туралы салыстырмалы түрде айтқанда, әлі де аз зерттелеп жүр. Олардың көптеген өкілдері Қазақстан территориясынан шеткері тұратынын ескерсек, бұл топтарды қазақтың жалпы этникалық топтары деп қана емес, Бөкей аймағының дәстүрлі мәдениет жетістігі ретінде қарау керек.

Бөлісу: 

Алақай

Ұлы Жеңіс

Ұлы Жеңіс

 

Айназ есекеш Орал қаласында Әлия Молдағұлова атындағы мектептің 5 «а» сыныбында озат оқиды. Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылы орталығы жанынан құрылған «Үлгілі қызғалдақтар» би ансамбілінің мүшесі. Сан қырлы балапан бірінші сыныпта жүргенде «Орал өңірі» газетінің сурет байқауынан жүлдегер атанғаны да бар. Бүгін оқырман қауымға Айназдың «Ұлы Жеңіс» әңгімесін ұсынамыз.

Бөлісу: 

Алақай

Рахимова Инабат Русланқызы 2003 жылы сәуір айының 30-ы күні дүниеге келген. Орал қаласындағы №38 мектептің 6-сынып оқушысы. Өлең өлкесіне 4-сыныптан бастап бағыт бұрған. 2014 жылғы қалалық «V Махамбет оқуларының» жүлдегері. Орал қалалық «Ақберен» жас ақындар мектебінің шәкірті.

Бөлісу: 

Салт-дәстүр сөйлейді

Бесікке бөлеу дәстүрі

Бесікке бөлеу дәстүрі

Бесік Айырқалпақ Айдаһар бидің заманында дүниеге келген деседі. Ол кезде ұлан-байтақ даланы Мизам баб қорғайды екен. 

Қара қытайлар Сарыарқаның кеңдігіне қызығып, жиі шабуыл жасап отырады. Бірақ, Мизам бабқа шамасы жетпей, үнемі жеңіліс табады екен. Мизам баб ағаш егуді, бау-бақша жасауды кәсіп етеді. Жұрт «ағаштың пірі – Мизам баб» деп атайды. Аңызда Жетісу мен Алтай өңіріндегі ну орман Мизам бабтың еккен ағашынан шыққан деседі. Ол жүз елу жыл жасап қайтыс болыпты.

Бабтың дүниеден қайтқанын естіген қытайлар бір күнде келіп, оның орманын өртеп жібереді. Бұл кезде Мизамның баласы Айдаһар алыста жүр екен. Әкесі түсінде аян беріп: «Пейілі тар қаскүнем менің орманымды өртеді», – дейді. Айдаһар би ертесіне жетіп келеді. Орман түгелімен жанып кетіпті. Тек бірлі-жарым тобылғының қисық бұтақтары ғана оттан аман қалған екен. Айдаһар әкесіне Құран бағыштап, қисық ағаштарды өзімен бірге ала кетеді. 

Бөлісу: 

Қазақ хандығы-550

ҚАЗАҚ ОРДАСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАҢБАЛЫ ОҚИҒАЛАР ЖЫЛНАМАСЫ (Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» кітабынан)

ҚАЗАҚ ОРДАСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАҢБАЛЫ ОҚИҒАЛАР ЖЫЛНАМАСЫ

(Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» кітабынан)

 

1456. Қазақ Ордасы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.

1456-1470 шамасы. Керей хан билік құрды. Орда орнықты.

1460. Керей мен Жәнібек Моғолстан ханы Есен-Бұғамен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды.

1465. Керей ханның туы астындағы жұрттың саны екі жүз мыңға жетті.

1470. Керей мен Жәнібек Сыр бойына қайтып оралды. Түркстан өңірінің біраз аймағы Қазақ Ордасының құрамына қосылды.

1471-1480 шамасы. Жәнібек хан билік құрды. Орда нығайды. Сыр-Дария алқабы, Түркстан өңірі үшін қантөгіс майдан ашылды.

1486. Қазақтар Шәйбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырды.

1491. Қазақтар екі үлкен ұрыста моғолдарды жеңді.

1510. Қасым сұлтан қысқы соғыста Шәйбани ханды біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Түркстан уәлаятына қарасты қалалардың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді.

1511-1520. Қасым хан билік құрды. Ежелгі Көк Орда жерінің басым бөлігі және Жетісу Қазақ Ордасының иелігіне айналды, халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті.

1511 шамасы. Қасым хан Қазақ Ордасының «Қасқа жол» аталатын ең алғашқы заң жүйесін қабылдады.

Бөлісу: 

Бәйгеге!

Мұхит ауылының жер-су атаулары

Мұхит ауылының жер-су атаулары

 

Журналымызда өткен жылы басталған «Өскен өлке тарихы» байқауына келіп жатқан мектеп оқушыларының шығармалары көп. Былтыр ол еңбектердің бәрін жариялап үлгермегендіктен, қазылар алқасының шешімімен байқау мерзімін ұзартқан болатынбыз. Бүгін назарыңызға ұсынып отырған шығарма Аружан Қарашқызының өзі туып өскен ауылдық округ аумағындағы жер-су атауларына арналған екен. «Бұл жұмыс арқылы туған өлкенің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, топономика ғылымына үлес қоспақшы болдым» дейді бізге жазған хатында автор. Аружанның ғылыми жетекшісі - география пәнінің мұғалімі Жанар Мұратқызы.

Бөлісу: 

1941-2015

Майор Тәжіғали Уәйісов

Отан үшін жанын қиған бабалар жайлы деректерді анықтап, зерттеп, кейінгіге таныстыру – маңызды мәселе. Қазақтың тұңғыш атты әскер полкінде тәрбиеленіп, қатардағы атты жауынгерден полк командирі дәрежесіне, майор шеніне дейін өскен көктеректік азамат Тәжіғали Уәйісовтың көмескі тарта бастаған ізі, өсу жолы, өзі мен отбасының тағдыры туралы көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.

Қырғын соғыс аяқталған соң тек 20-25 жыл өткенде ғана ел есін жиып, «барды – бар, жоқты – жоқ» – дей бастаған екен. Елін, халқын қорғау үшін майданға аттанып, елге орала алмаған боздақтарды жоқтаушы көбінесе мектеп мұғалімдері мен оқушылар болған. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында жасалатын осындай іздестіру кезінде Көктерек ауылының үлкендері әскери маман, майор Тәжіғали Уәйісов туралы әңгіме өрбітіпті.

Бөлісу: 

Жеті өнер

ҚОЙ СОЯ БІЛЕМІЗ БЕ?

ҚОЙ СОЯ БІЛЕМІЗ БЕ?

 

Қонақжайлық – қазақ халқының бір сипатына айналған ерекше қасиеттің бірі. Сонау XVII ғасырдан бастап қазақ даласын аралаған батыс-шығыс саяхатшыларының жазбаларына қарасаңыз, айлық жолға шықса да азық алып шықпайтын қазақ сахарасының осы қасиетіне таңдай қағып жатады. Қазақ үшін қонақты төбесімен күту – жазылмаған заң. Құдайы қонақты ренжітіп жіберген адам бүкіл қазақ даласына масқарасы шығып, дәстүрді бұзған қасиетсіз жан ретінде елге күлкі болған. Тіпті әулеттің атағына, рудың сүйегіне таңба салған мұндай жан елден аластатылып жіберген. Немесе ат-шапан айыбын тартып, бұл қылығын енді қайталамастай болатын. Бұл жөнінде ұлтымыздың аса бай ауыз әдебиетінен неше түрлі үлгілерді кездестіруге болады. 

Бөлісу: 

Қауырсын

Артур МАҒЗОМОВ

Орындалмайтын арман...

 

Арман бала күнгі алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп келеді. Мектепті жақсы бітірді. Мемлекеттік грантқа түсіп, Астанаға келіп Еуразия ұлттық университетін де ойдағыдай тәмамдады. Оқуын бітірген соң жұмыс та бірден табыла қойды. Өйткені ол студент бола жүріп, соңғы курстарда қосымша істеген еді, соның пайдасы тиді. Азды-көпті тәжірибесімен еш қиындықсыз, кедергісіз республикалық бір газетке тілші болып қабылданды.

Арада екі-үш жыл уақыт өтті. Арман өзінің көңілі жарасқан аруды тауып, отау көтерді. Қазір екі ұлы бар. Бүлдіршіндерінің тәтті қылықтары, былдырлаған тілі оны жұмыстан үйге асықтырып тұрады. Кеш батқанша екі баласының ойынын, бал тілін қызықтап, өзінің де қалай шаршағанын байқамайтын. Көп кешікпей пәтер де аламын деп жоспар қойған Арман, өмірде армандардың бәрі де орындалады деп ойлайтын-ды. 

Бөлісу: 

Қазына

Тілеужанның бақұлдасуы

«Ел іші – өнер кеніші» деп жатамыз. Алдыңғы толқын ағалардың қолсандығында, көне қобдишаларында талай-талай қазына жатыр. Естігенін көкірегіне түйіп, қағазға түсіріп кеткен жанның бірі – БҚО Жымпиты ауданы Жосалы ауылында өмір сүрген Уәлиахмет ШАДЫҒАЛИЕВ (1942-2004) ағамыз екен. Төмендегі сарғайған дәптерден көшіріп беріп отырған мұңды жырдың – 21 жасында қыршын кеткен боздақтың кім екендігі бізге беймәлім. Егер оқырмандарымыздың арасында бұл ақын жайлы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы білетін адамдар болса, редакцияға хабарлассаңыздар екен.

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Байзақ батырдың құлпытасы

Байзақ батырдың құлпытасы

Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылынан батысқа қарай 5-6 шақырым жерде «Байзақ» атты жерде тұрған жалғыз құлпытас.

1.    Қызыл-

2.    ғұрт руғы Олжа-

3.    шы тайфасы Бай-

4.    зақ Төлеген ұғлы

5.    офат 83 йашында

6.    йаздырды ұғлы

7.    ... мырза

8.    1866

9.    (ру таңбасы)

 

Құлпытастың оң жақ қырында қайқы қылыштың суреті қашалған. 

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Ермек байдың ескерткіші

Бөрлі ауданы, Ақсу ауылдық округіне қарайтын Жаңақоныс елдімекенінен оңтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан. Бұл қорымда ескі жерлеу орындары мен қазіргі зираттар қатар орналасқан. Қорымның көне бөлігінде жалғыз құлпытас сақталған, өте әдемі жасалған, көркемөнер туындысы деп айтуға болады. Ескерткіштің басы жұмыр, жоғарғы – үштен екі бөлігі төрт қырлы, тасқа қашалған әртүрлі ою-өрнектен тұрады. Төменгі мәтін жазылған тұсы 8 қырлы болып, жазу жоғарыдан төмен, ұзынынан қашалған. «Табын руы...» деп басталатын батыс қырының төменгі жағында үлкен етіп табын руының тарақ таңбасы қашалған.

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық

Ізбасардағы құлпытас

Ізбасардағы құлпытас

Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылдық округіне қарасты Жаманқұдық ауылынан оңтүстікке қарай 7 шақырым шамада, Ізбасар қыстағының күншіғіс бетінде орналасқан көне қорымдағы ескерткіш. Бұл қорымда барлығы 13 құлпытас сақталған, оның төртеуі ғана тік тұр, өзгесі құлаған, қатты бүлінген. Мұндағы ескерткіштер түгелге жуық Кіші жүз Байұлы бірлестігіндегі Алаша руының Қойсары тайпасы, Торғай бөліміне жататын марқұмдарға арналып қойылған.

Бөлісу: