3-4 (34) 2017

Бостандықтың жасыл туы

Биылғы 2017 жыл ел тәуелсіздігі тарихындағы айтулы жылдың бірі болмақ.

Тарихи құжаттардан белгілі, 1917 жылдың 13 желтоқсаны – екінші жалпықазақ съезінің аяқталып, қазақ даласының түкпір-түкпірінен келген съезд делегаттарының тарқаған күні. Ал, Алаш қайраткерлерінің жекелеген естеліктері мен құжаттары Алашорда үкіметінің құрылған күні деп желтоқсанның он екісін көрсетеді. Ал, съезд делегаты, математик Әлімхан Ермековтің мақаласы үкіметтің жасақталған уақыты мен автономия туралы қуанышты хабардың қай сағаттарда айтылғанын нақтылай түседі: «Декабрьдің 12-күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты Алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді… Жасасын Алаш автономиясы!» [«Сарыарқа» газеті, 22 қаңтар, 1918 жыл.]

Бөлісу: 

Туризмге бет бұрған Баку

Біздің болашағымыз - білімде. Сондықтан қазіргі жас ұрпақты саналы білімге жетелеу үшін көршілес мемлекеттермен қарым-қатынас ұстап, ондағы білім беру жолдарын көріп, түсіну мақсатында Баку қаласындағы «CLOBAL CAREER INSTITUTE» стажировкадан өттік. Стажировканың негізгі мақсаты: білім беру жолдарындағы жаңашылдық деңгейлерін бақылап көру, бакалавр, магистратура, докторантураның негізгі бағдарламаларын, ондағы өзгерістерін айқындау болатын.

Бөлісу: 

ЖАН АЗЫҒЫ

Рухани жаңғыру – терең білім, саналы ой, қажырлы еңбек, дұрыс тəрбие арқылы жүзеге асады.

Халықтың бəрінің бірдей санасы жаңғырмайтыны анық, сондықтан ұмтылғандарын мемлекет қолтықтап сүйемелдеуге міндетті. Əйтпесе бəрі бос.

Рухани жаңғыруды ұйымдастыруға міндетті мемлекеттік қызметкерлер алған жалақыларына сəйкес қызмет ететін уақыт келді. Тапсырма бермей-ақ елге қызмет етуді мақсат еткендер аянбай іс қылуда. Енді тапсырма бергенде ғана қозғалатындар осыларды дұрыстап қолдаса жақсы.

Ақбай Баржыұлы

Бөлісу: