3 (17)-2015

Редактор бағаны

Қадірлі әлеумет!

«DANAkaz» журналының жаңа санында биылғы жылдың басты оқиғасы – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты бірнеше мақала ұсынып отырмыз. Өткен сандарымызда жарық көрген «Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?» атты мақаланың жалғасын келесі нөмірге қалдырдық. Соңғы кезде еліміздің әр түкпірінен, тіпті шетелден мақала ұсынып, журналымызға жариялағысы келетін авторлар көбейді. Сондықтан, кейбір оқырмандарымыздан келіп түскен хаттардың жарық көруі сәл кідіріп жатыр. Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

Бөлісу: 

Әрайна

Жан азығы

 

Биліктегі басшылардың айналысында өресі тар, білімі тайыз, тәжірибесі аз қызметкерлер  жиі ұшырасады. Ең жаманы осылар өздерінің айналасына дұрыс адам келсе соны орнынан тайдырмайынша, басын игізіп, тізесін бүктірмейінше тынбайды. Осылайша қорлықты басшыдан емес, талай адам қосшыдан көруде.

Құрметті басшылар, айналаңызға жаны таза, рухы биік, елдің қамы үшін шынайы жаны ашитындарды көбірек жинасаңыз, халық үшін игілікті іс болар еді.

Басшыларымыз парасатты болса, елдің рухы көтеріліп, Мәңгілік ел боларымыз анық.

Ақбай Баржыұлы

Бөлісу: 

Болашақ

Тілек Қадыров:

«Тіл меңгеру - бәселестікке төтеп берудің кілті»

 

Ол ауылда ержетіп, ауыл мектебінен түлеген қарапайым жан. Жан-дүниесі қазақы, елшіл жас. Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ-та білімін шыңдап келіп, бүгінде еліміздің мұнай-газ саласында еңбек етуде. Аталмыш сала жайлы, шетел тәжірибесі жайлы аз-мұз әңгімеге тартқан едік.

Бөлісу: 

Көне сурет

Жымпитының белсенділері

 

Бұл сурет 1920 жылдардың ортасында Жымпиты ауылында түсірілген. Белгілі өлкетанушы Қайыржан Хасановтың «37-нің Оралдиеві» атты кітабында алғаш жарияланған бұл суретте Жымпиты уезі ВКП (б) өкілдері бейнеленсе керек. Егер суреттегі тұлғалардың бірін танысаңыз, редакцияға хабарласуыңызды өтінеміз. 

Бөлісу: 

Қисын

Аралтөбенің «Алтын адамы»

 

 

 

Келтір Шәненов,

өлкетанушы,

ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы,

ҚР мұнай-газ саласына еңбегі сіңген қызметкер,

Жылыой ауданының құрметті азаматы

 

Діни-сопылық ілімнің аса көрнекті өкілі, көзінің тірісінде-ақ әулие Пір Бекет атанған, есімі Адай ұлысының ұранына айналған Бекет Мырзағұлұлы 1771-75 жылдары қазіргі Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай селолық округінде «Ақмешіт» жерасты мешітін тұрғызған. Осы жерден тура күнбатысқа қарай 7,5 км жүрсеңіз, Аралтөбе атты биік обаны көресіз. 1999 жылы дәл осы обаның астынан бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi (б.д.д.) III-II ғасырларда өмір сүрген сарматтар көсемiнiң сүйегі табылды. Ромб тектес алтын пластинкаларды балық қабыршақтандырып тағып, әдемілеп тіктірілген сырт киіммен жерлеген сүйек бірден «Алтын адам» атанып кетті. Әйгілі Есіктен кейін Қазақстан территориясынан табылған екінші «Алтын адам» Құлсары қаласынан солтүстік шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан. 

Бөлісу: 

Алаштану

РУХЫ ЖЫҒЫЛМАҒАН ЖҰРТ ЖОҒАЛМАЙДЫ

 

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инженерлік­гуманитарлық университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының профессоры,

алаштанушы,

Орал қаласы

 

Алаш зиялылары Қазақ елінің рухын тәуелсіз ұлт дәрежесіне жеткізу жолына бүкіл арман-мұратын, қайратын, талантын тағдыр талайына салған тұлғалар. Олар сол заманда өмір сүруімен де бостандық рухының қасиетті бейнелеріне айналды. Олар ұлттың тәрбиеші зиялылары ретінде танылып, исі алашқа мойындалды. Ұлттық биліктен айырылып, Абай атамыз айтқандай: «Өз қолынан өзінің ырқы кеткен соң» да қазақтың қамын жеп, елінің мұң-мұқтажын жоқтай білді. Азаматтық мойынсынбауды, Рухани Тәуелсіздікті, Ұлт Азаттығын мұрат тұтты.

Бөлісу: 

Алақай

Фаризаның жүлдесі

 

Фариза Елдосқызы Орал қаласындағы № 46 мектептің 4-сыныбында оқиды. Ол оқуда озат. Төмендегі майлы бояумен салынған кескіндеме Фаризаның 3-сыныптағы еңбегі. Аталмыш туынды оқушылардың шығармашылық көрмесінде жүлделі үшінші орынға ие болған.

Бөлісу: 

Салт-дәстүр

Бала емізудегі тыйым

Әйел бала емізгенде жалаң бас отырмайды. Қазақ ырымында шайтан әйелдің шаштағы кірін бөпе еметін сүтке араластырып жібереді екен. Осыдан баланың жаны кірленіп, бойына жамандық ұялайды. Есейгенде мәңгүрт, безбен, тілазар болады деп сенеді. Сондықтан көзі ашық кісілер келіннің шашын жауып отыруына аса қатты мән берген екен. 

Бөлісу: 

Құлпытас – қазақтың төлқұжаты

Құлпытас – қазақтың төлқұжаты

 

Қайтыс болған адамның аты-жөні, қай жылы туғаны, неше жаста қайтыс болғандығы, қай ру, белгі қойған кімдер екендігі құлпытаста көрсетіледі. Тіпті, кейбірінде қайдан білім алғандығы, ұстазы кім болғандығы туралы да мәлімет болатынын ескерсек, бұл тарихты зерттеуге таптырмас мағлұмат болары анық. Араб әліпбиімен жазылған құлпытастардың дені XVIII-ХХ ғасыр аралығын құрайды. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы сондай құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесі бойынша ғалымдардың, билік өкілдерінің, дін қызметкерлерінің, өлкетанушылардың тұңғыш рет басқосуы өтті.

Бөлісу: 

Құттықтаймыз!

Жаңабектің ер жасы

 

Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, біздің «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы шыға бастағаннан бері тұрақты авторымыз, ақылдастар алқасының мүшесі болып келе жатқан Жаңабек Жақсығалиев 40 жастың қырқасына шығып отыр.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

Шуақбаевтар әулеті

 

Өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың тағы бір кітабы Байұлы-Сұлтансиық-Масқардан тарайтын Ержанұлы Шуақбай әулетінің тағдыр-талайына арналған. 

Бөлісу: 

Жаңа кітап

Шымырұлы Едіге

 

1850-1926 жылдар аралығында Қаратөбе өңірінде өмір сүрген белгілі сынықшы, ел-жұрты әулие тұтатын Едіге ишан туралы кітап жарыққа шықты. Авторы – белгілі өлкетанушы Қайыржан Хасанов.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ»

 

Жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлының «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты кітабы жарыққа шықты.

Кітап 7 бөлімнен тұрады. Монографияда Қазақ хандығы құрылуының теориялық-әдістемелік мәселелері, хандықтың құрылуының зерттелуі, оның деректері, этникалық және саяси алғышарттары, хандықтың құрылу барысы мен кезеңдері, «қазақ» этнонимі, сондай-ақ хандықтың құрылуының тарихи маңызы сияқты мәселелер қарастырылған.

Бөлісу: 

Мәдениет

Жансая МУСИНА,

айтыс ақыны:

ІШКІ ЖАН-ДҮНИЕМ ӨТЕ НӘЗІК...

Жансая Мусина 1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Бөкейордасы ауданы, Сайқын ауылында дүниеге келген. 2000-2002 жылдары М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының қабырғасында білім алды.

Бөлісу: 

1945-2015

ДЗОТ ҮНІН ӨШІРГЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

 

Бақтылы Боранбаева,

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің доценті,

тарих ғылымдарының кандидаты

 

1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыста жауынгерлік ерлік көрсеткен кеңестік патриот қыздар туралы Кеңес Одағының Маршалы К.К.Рокоссовский: «Сол бір қиын жылдардағы халқымыздың ерлігін ойласам, әсіресе совет әйелдерінің табандылығына ерекше тәнті боламын. Олар ер азаматтармен бірге соғыстың шаңды жолын бірге өтті, батпақта былғанды, қолма-қол ұрыстарға қатысты. Мерген қыздар алғы шепте күні-түні дұшпанды аңдып, жойып отырды», - деп жазған еді. Әскери қолбасшы тебірене айтқандай, жеңіс күнін жақындатуға үлесін қосқан сол мерген қыздардың арасында дзот үнін өшірген қазақ қызы Мүслима Кожахметова да болды.

Бөлісу: 

Жеті өнер

№3 кеңес

(сою әдістері)

Бауыздалған қой екі түрлі тәсілмен сойылады. Бірі – жерге төселген арнайы тақтаның үстіне жатқызып сою да, екіншісі артқы екі тілерсектен ағаш өткізіп іліп сою (мұны кей жерде «асып сою» деп атайды).

– Малды асып сойғанның ең басты тиімділігі сол – ет таза болады, – дейді Орал қаласындағы «Ел ырысы» базарының қасапшысы Сәдібек Талыпұлы. – Ол үшін шамамен 1,6-1,7 метр биіктікте бекітілген арнайы ағаш (кейде металдан да жасалады) құрал керек. Бұл құрал жылжымалы (яғни көтеріліп-түсетін) болса тіпті жақсы.

Бөлісу: 

Құттықтаймыз!

«Мәңгі ел» жеңіске жетті

 

 

Атыраудағы «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2011 жылдан беріліп келе жатқан «Алтын қайық» жүлдесін 2014 жылдың қорытындысы бойынша оралдық қолөнерші, зергер Төлепберген Сарманбеков жеңіп алды.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары бейнелеу өнерінің шеберлері қатысатын бұл өнер сайысына биыл оннан аса суретші қатысыпты. Олардың ішінде Әділқайыр Жантасов (Атырау) «Үздік кескіндемеші», Асхат Әбдешов (Орал) «Үздік графика», Ерғали Бекешов (Орал) «Үздік мүсін», Нұрсұлтан Қалиев (Атырау) «Үздік қолөнер» аталымдары бойынша жүлдеге ие болды. «Жыл жаңалығы» жүлдесін атыраулық Әділқайыр Жантасов жеңіп алды. Жүлдегерлердің әрқайсына арнайы диплом мен 120 000 теңгенің сертификаты табысталды. 

Бөлісу: 

Шағырай батыр

Шағырай батыр

 

Жайық өзені үшін қазақ халқы жүздеген жылдар бойы орыс-казактарымен, башқұрт, қалмақтармен ұзаққа созылған күрес жүргізген.

1734 жылы Ресей патшайымы Анна Иоановна қазақтарға Жайық өзенінен өтуге қатаң тиым салынған жарлық шығарды. Орынбор әскери губернаторы Кіші жүз ханы Әбілхайырға патшайымның жарлығын таныстырды. Сонда Әбілхайыр хан: «Жайық өзені тартылып, кеуіп кеткенше қазақ елі бұл жерді мекендей береді» деп, жарлыққа бағынбаған екен.

Әбілхайыр ханнан соң Жайық өзені үшін Кіші жүз елінің әрбір ру-тайпаларының батыр-билері ел-жұртын бастап күресіп, ақыр түбі Жайықты қазақ халқы жайлап, мекен етіп, тәуелсіздікке жетіп, егеменді ел болды.

Жайық өзені үшін соғысқан батыр, бидің бірі – Шеркеш руының ұраны болған Шағырай батыр.

Бөлісу: 

Кемпірқосақ

Қосан Манап Өтемағанбетұлы 01.09.1970 жылы Маңғыстау облысы, Шебір ауылында туған. Орал педагогикалық институтының «Көркемсурет-графика» факультетін бітірген. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Батыс Қазақстан аймақтық «Алтын қайық» суретшілер қорының мүшесі. «Өнер дағдарысқа қарсы. Инвентаризация» республикалық суретшілер форумының және «...бүгін ертең...» көрмесінің Маңғыстау облысынан қатысушысы (Алматы қаласы 2009ж.) Қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық көрме-байқаулардың лауреаты. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Жұмыстары Америка, Португалия, Ресей елдерінің жеке коллекционерлеріне алынған. Қазір Маңғыстау өнер колледжінде «Кескіндеу» циклдік пән бірлестігінің төрағасы болып қызмет жасайды. 

Бөлісу: 

Түбі бір түрік елінде

Түбі бір түрік елінде

 

2014 жылы желтоқсан айының соңында түбіміз бір, тамырлас туыс түрік халқының ежелгі тарихи шаһары – Стамбұл қаласына табанымыз тиді. Іссапарымыздың мақсаты халықаралық бағдарламаға сәйкес тәжірибе алмасу негізінде білім жетілдіру болатын.

 

Оқу бағдарламасы бізге тілдің қадір-қасиетін айқындап, жер көріп, ел танып, туыс халықтың тарихи-мәдени орындарын аралап, тұрмыс-тіршілігімен танысуға және ірі оқу орындарында болуға мүмкіндік берді.

Бөлісу: 

Сисем ата кешеніндегі эпитафия

Маңғыстау облысындағы ең ірі және ежелгі қорымның бірі саналатын Сисем ата қорымы Маңғыстау ауданы, Өтес селосынан 35 км солтүстік бағытта, N 44 37, 256, E 053 34, 835 координаталарында орналасқан.

Зерттеу нәтижесінде қорымда 1328 ескерткіш есепке алынды. Оның ішінде 22 күмбезтам, 155 сағанатам, 382 құлпытас пен қойтас, 129 шала өңделген тастардан әр түрлі пішінде қаланған тас қоршаулар мен тас белгілері, арқартастар, өзге де қабірүсті ескерткіштері шоғырланған. 

Бөлісу: