11 (24) 2015

Редактор бағаны

Бізге үш жыл!

 

Қадірлі ағайын, Қазақстан Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерекесі құтты болсын! Бұл күні біздің «DANAkaz» журналының да шыға бастағанына үш жыл толып отыр. Барша оқырманымызды осынау үлкен мерекемен және шағын мерейтойымызбен шын жүректен құттықтаймын!

Кез келген басылым ең әуелі оқырманымен құнды. Біздің әр санымызды асыға тосып, хабарласып, ой бөлісіп, ақыл-кеңес беріп отыратын Сіздер болмасаңыздар, журналдың да ғұмыры қысқа болар еді. Баспасөз нарығындағы мың-сан басылым ішінен бізді таңдап, қол үзбей отырғаныңыз үшін де біз Сіздерге қарыздармыз. Бүгінгі санда еліміздің, тіпті әлемнің әр түкпірінен жүрекжарды құттықтау жолдап, қуанышымызды еселеп жібергеніңіз үшін зор алғыс айтамыз.

Бөлісу: 

Әрайна

Әрайна

 

 

Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

журналдың ақылдастар алқасының

төрағасы

 

1100 күн

Желдей есіп үш жыл өте шықты. Осыдан үш жыл бұрын елдің ертеңіне алаңдағандар бас біріктіріп, болашақ үшін пайдалы іс қылайық деген асыл мақсатпен «DANA.kaz» журналын шығаруды қолға алғанбыз. Ал-ғашқы нөмірінде басылымның негізгі бағытын, атауының мәнін ашып айтып едік. Аты затына сай болуына барымызды салып, негізгі ұстанымнан айныған жоқпыз. Темірқазығымыз тамыры терең тарихымызды таны-тып,  ұлттық  рухты  қайрап,  білімге  ұмтылу  болды.

Тек жазып қана қойған жоқпыз, төл өнерімізді насихаттау бағытында да түрлі шараларды қолға алдық. Театрдың кең залында қазақтың тарихымен бірге өрілген қара домбырамен бұрын-соңды болмаған «Алтын жүрек домбыра» күй кешін, жыршылық өнерді насихаттау мақсатында сонау Семейден Нығметжанов Дүйсенғазы ағаны арнайы алдырып, жыр кешін өткіздік. Ойға ой салып, оқырманмен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында «Өскен өлке тарихы» байқауын  ұйымдастырдық. 

Бөлісу: 

Болашақ

«Үмітім» - мақтанышым

 

Биыл Орал қаласының іргесінде орналасқан Подстепный ауылында отырып-ақ республика бойынша шашасына шаң жұқтырмас жүйріктер баптап отырған «Үміт» гимназиясы 15 жылдығын тойлауда.

 

Білім ордасы Тәуелсіздігіміздің 10 жылдық мерейтойына орай 2001 жылдың қыркүйек айында ашылған болатын. Гимназия құрылысы жаңадан салынды. Бастапқыда 120 оқушыға арналған ғимарат пен 56 орынды интернат пайдалануға берілді. Гимназияны ашылған күннен бері Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, айтыскер ақын Дариға Ғазезқызы басқарып келеді.

Бұл орданың ауасы, тыныс-тіршілігі, көзқарасы өзгелерден мүлдем бөлек. Ұстаздар, шәкірт, ата-ана, бәрі «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», білім шыңына жету мақсатында аянбай жұмыстанады. Осындай табандылық пен ерен еңбек арқасында соңғы 5 жылдың қорытындысы төмендегідей:

2010-2011 оқу жылында ҰБТ тапсырған оқушы саны – 21 болса, оның 10-ы «Алтын белгі» иегері атанды, алтауы – «Үздік аттестат» иесі болды. Орташа балл – 118,6.

Бөлісу: 

Қандастар

Қандастар

Ноғайлының елінде

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

 

«Қазақстан-Орал» телерадио корпорациясының директоры, әріптес ағамыз Асыланбек Ғұбашев хабарласып: «Ресейде тұратын ноғай ағайындарды аралап, деректі фильм түсіруге бара жатырмыз. Бірге жүруге қалайсың?» дегенде қуана келістік. Алдымызда 5-6 күндік сапар, 3 мың шақырымның үстінде жол жатты.

 

Әлқисса

«Ноғай» дегенде біздің ойымызға ең алдымен ХIV-XV ғасырда Алтын Орда құлаған соң пайда болған көшпелі мемлекет Ноғай ордасы еске түседі. Еділ мен Жайық арасынан асып, Арал теңізінің іргесіне дейін қазіргі қазақ даласын түгел алып, батысында Астрахань, солтүстік-батысында Қазан хандықтарымен шектесіп, солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін созылған алып империя XVІІ ғасырдың алғашқы жартысында өзара ырың-жырыңнан қирап, быт-шыт болыпты. 1520 жылы қазақ ханы Қасым Ноғайлының астанасы Сарайшықты өзіне қаратса, 1580 жылы казак-орыс басқыншыларының шапқыншылығына ұшырап, тарихи шаһар жермен-жексен қираған.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«Менің кіші Отаным»

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының жер-су атаулары және тарихи орындарын қамтыған шағын еңбек жақында баспадан шықты. Сырым ауданы әкімінің қолдауымен, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева мен «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасары Ерболат Исановтың редакторлығымен шыққан еңбекте аудан аумағының тарихына қатысты өте қызықты, пайдалы деректер жинастырылған. Аталмыш еңбекті өлке тарихына қосылған тың дүние, игі бастама деп қабылдауға болады.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

 «Алаша руынан шыққан атақты адамдар»

Осындай атаумен жақында жарық көрген белгілі жазушы, өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың жаңа кітабы Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіретін Сұлтансиықтың Алаша руынан шыққан танымал тұлғалар туралы деректерді қамтыған. Мұнда күйші Боғда Қараұлы, ұлт-азаттық қозғалыс басшысы Сейіл Түркебайұлы, Байтоқ жырау Сүтенұлы, күйші-домбырашы Ұзақ Мырзабайұлы, этнограф Молданияз Бекімов т.б. тұлғалардың өміріне қатысты қызықты деректер жинақталған. Сондай-ақ 1930 жылдары Иманмағзом Оразалыұлы жырлаған «қарадан шығып хан болған» Сейіл Түркебайұлы туралы жыр тұңғыш рет толық көлемде осы жинақта жарияланып отыр. 

Бөлісу: 

Жаңа кітап

Жаңа кітап

 

«Көктемгі идиллия»

Жақында жас ақын, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Ермұрат Зейіпхан атындағы арнайы жүлдесінің» иегері Айбол Исламғалиевтің «Көктемгі идиллия» жыр жинағы жарыққа шықты.

Жыр жинағы «Қасым.кз» сериясы жобасы аясында жарық көріп отыр. Бұл жоба - қазақ әдебиеті әлеміне енді адымдап келе жатқан талантты ақындарды қолдап, шабытына қамшы болатын бірегей бастамалардың бірі. Бұл жоба «Қасым.кз» порталының ақылдастар алқасының төрағасы Нұрлан Орынбасарұлы мен қарағандылық ақын Серік Ақсұңқарұлының идеясы бойынша жүзеге асып келеді. Осыған дейін қарағандылық ақын Аян Мираштың «Саған арнадым», семейлік ақын Арман Шеризаттың «Тәңірқұт» деген кітабы шықты. Енді үшінші болып оралдық Айбол Исламғалиевтің «Көктемгі идиллия» кітабы 300 данамен жарық көріп отыр. 

Бөлісу: 

Бізге үш жыл!

Бізге үш жыл!

Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ,

Варшава университетінің магистранты

 

«DANAkaz» журналын 3 жылдық мерей-тойымен құттықтаймын! Журнал қысқа уақыт арасында барша Қазақ елінің ағартушысына айналып үлгерді. Өз ісінің шеберлері журналист аға-апаларымыздың қаламынан шыққан әр қилы тақырыптағы қызықты мақалалар әр жастағы оқырманды баурап алады. Жаңа заман талабына сай журналды ғаламтордан оқуға болатындығы Оралдан қашықта жүрген оқырманға аса ыңғайлы. «DANAkaz» ұжымына рақметімді айта отырып шығармашылық табыс тілеймін!

Бөлісу: 

Қазақ хандығы 550

Қазақ хандығы 550

Империяға бас имей өткен Жоламан батыр

 

Әбілсейіт МҰХТАР,

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

Атырау мұнай және газ институтының проректоры

 

Назардан тыс қалып келе жатқан Жоламан батыр деген кім? Бұл бабамыз қандай еңбегімен ХІХ ғасырдағы мұрағатқа түсті?

Ол белгілі қазақтың ханы Әбілқайырдың бас сардары болған Бөкенбайдың Тіленшісінен туған немересі. Бөкенбай батырлығы Тіленшіге, одан Жоламанға дарыды. Бөкенбай да, Тіленші де, Жоламан да қазақ жауларына қарсы қол бастады. Бөкенбай 1742 жылы түркімендермен болған шайқаста қаза тапса, Тіленші Сырым батырды қолдап, артына 1500 сарбазды ертіп, Ресейге қарсы аттанды. Сырым мен сол 1800 жылы қайтыс болған әкесі Тіленшінің жолын Жоламан іліп әкетті. Оның есімі мұрағат қорларында 1817 жылдан бастап кездеседі. Бұл кезеңде Жоламан би А.И.Левшиннің анықтауынша, Тобыл, Елек, Торғай, Сыр, Жем бойларында көшіп қонып, қыс мезгілінде орыс әкімшілігімен келісе отырып, малдарын Жайық өзенінен Ресейдегі ішкі бетке өткізетін. Сол жылы мал өткізуді қадағалауға келген Орынбор шекаралық комиссиясының шенеунігі В.А.Топориннің озбырлығына шыдамаған Жоламанды әскерилер қолға түсіріп, қол-аяғын кісендеп, бір форпостан екіншісіне жаяу апарып, жер аударамын деп қорқытып, 1 түйе және 50 қой алып, еліне қайтарған. Ол турасында Жоламан би бірнеше адаммен 1817 жылы 14 мамырда арнайы Шерғазы ханға өтініш түсіреді (ҚР ОММ, 4-қ., 1-т., 1774 –іс, 3-4 пп.). 

Бөлісу: 

Қазақ хандығы 550

Қазақ хандығы 550

Қазақтың батыр қызы Бопай ханым

 

Арғы-бергі көшпенділер тарихына көз салып, ой таразысына тартар болсақ, белгілі хандардың көбінің-ақ ханымдары от басындағы оңаша тірлікпен ғана шектелмей, ел ісіне араласып, алдағыны болжайтын қайраткер болған. Олар ерге ердей, серіге серідей серік бола білген. Екі ғасырдан бергі тарихымызға көз жіберсек, Әбілхайырдың Бопайы, Уәли ханның Айғанымы ерлері опат болғаннан кейін олардың орнын басып, билік тізгінін бекем ұстап, бодандығын алған мемлекетпен терезесі тең қарым-қатынас орнатып, балаларын ел басқару ісіне баули білген.

Қазақ әйелдері, әсіресе ханымдар ері алдында ешқашан бүркеншектеу дегенді білмей, орынды жерінде ақыл қосып, шаруасын қашан да оңға бастырып отырған. Солардың бірі Кіші жүз ханы Әбілқайырдың зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, дипломат - Бопай ханым туралы сөз қозғамақпыз. Ол 1693/1695 жылы Елек өзені бойында дүниеге келген. Шыққан тегіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылады. Тарихшы ғалым, зерттеуші Қ.Есламғалиұлы төре тұқымынан, ал қайсыбір авторлар Еділ қалмақтарына қарсы жорықтарда қолбасшылығымен танылған Сүйіндік батырдың қызы дейді. Әбілхайыр мен оның заманын көп зерттеген ғалым С.Өтениязов Бопай – Адай қызы деген деп келтірген.

Бөлісу: 

Қазақ хандығына 550 жыл

Таскешу тиындары тарихи дерек көзі

 

Гүлайна Салихова,

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы

 

2008-2010 жылдар аралығында «Атырау облыстық тарих және археология орталығы» А.Ғарифолланың жетекшілігімен Атырау облысы, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарының түйіскен жерінде орналасқан Таскешу керуен сарайына археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Себебі, керуен сарай – еліміздің тарихы мен мәдениетінен хабар беретін өте құнды ескерткіш болатын.

Керуен сарай Сағыз өзенінің сол жағалауында, Мақат поселкесінен шығысқа 35 шақырым жерде орналасқан.

Таскешу керуен сарайының пішіні төрт бұрышты жалдан тұрады, құландының көлемі 42×42м. Ортасында көлемі 30×30м шамасындағы ауласы бар. Қақпасы оңтүстік жағында орналасқан.

Керуен сарай түгелдей күйдірілген қыш кірпіштен қаланған. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керуен сарайдың батыс қанаты топырақтан тазартылды. Бұл жерде барлығы 11 бөлме ашылды. Ғимараттың барлық бұрышы дөңгелене мұнара түрінде қаланғаны анықталды. Қабырғаларының орта тұсы да ойыс келген мұнаралармен бекітілген. Бөлмелердің ішінде суфалар орналасқан. Кейбір суфалардың бойына пеш кандары жүргізіліп жылытылатын болған. Қазбадан түрлі қыш ыдыстардың бөліктері, мал және балық сүйектері, метал бұйымдар мен шыны сынықтары табылды. 

Бөлісу: 

Қазақ хандығы 550

Қазақ хандығы 550

 

Қазақ хандығынан – егемен Қазақстанға

 

«Көк түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы – біздің елдігіміздің түп тамыры»

Н.Ә. Назарбаев

 

«Бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, дамыған елдердің өздері үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мынау алмағайып заманда алыс-жақын ағайынның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себебі бар», - деген еді биылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынында. Бұл себеп – қазақ мемлекетілігі мәселесі. Қазақ елінің іргесін бекіту мақсатында Елбасымыз Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға мемлекеттік деңгейде маңыз беріп отыр.

Осындай кезекті үлкен шараның бірі – 2015 жылдың 25-26 қыркүйек күндері Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Атырау облыстық әкімдігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақ хандығынан – егемен Қазақстанға» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болатын. 

Бөлісу: 

Қазақ хандығы 550

Қазақ хандығы 550

Ұлы дала елінің тарихы да тұңғиық...

 

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы орталығы Чапаевта тарихшы-ғалымдардың, өлкетанушылардың қатысуымен «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Аудан басшысы Әділ Жоламанов аудан аумағындағы киелі ескерткіштерді зерттеу, ежелгі әйгілі тұлғалардың елге сіңірген еңбегін әйгілеу жөнінде облыс тарихшыларының, өлкетанушылардың, журналистердің жұмысына ризашылық білдірді. Әділ Тауфихұлы Базаршолан ауылының батыс бетіндегі Мәулімберді қорымның ерекшеліктері, кезінде әулие, үлкен ғалым болған шейх Мәулімбердіге қатысты тың деректердің табылуынан мысал келтіре отырып, соның бәрі өткенімізге үңілуге серпіліс беретінін айтты.

Керей мен Жәнібек бастаған Қазақ хандығы әрине, бір күнде пайда болған жоқ. Оның бастауы - дәуірлер қойнауында. Яғни, мемлекеттілік тарихы мыңдаған жыл бұрынғы көшпелі сақ қоғамынан шеру тартады. Конференция мінберіне көтерілген БҚО тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сыдықов өз сөзін осыдан бастап, Қазақ хандығы қалыптасу үдерісінің аумақтық және аймақтық аспектілері жайында әңгімеледі. 

Бөлісу: 

Қауырсын

Құрметті «DАNАkaz» жорналының редакторы

Қазыбек Құттымұратұлына

 

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты айтулы іс-шаралар Бөкей Ордасы ауданында кең көлемде тойланды. «Жайық Пресс» ЖШС және «ДАNАkaz» жорналынының бастамасымен ұйымдастырылған «Жайық қаласынан Хан Ордасына дейін» атты автошеруге қатыстық. Көк Туымызды желбіретіп, мерейімізді асқақтатқан осы жоба қарсаңында Түркілік тарихымыздың тамырына үңілдім.  Санам жаңғырып, бой шымырлап, көкіректі шабыт кернеді. Міне, жүректен ағылған жыр арнасын елдік шамшырағы - алып тұлғаларымыздың рухына бағыштап отырмын.

Бөлісу: 

Бізге 3 жыл!

Бізге 3 жыл!

Өлкетану байқауы мәреге жетті

 

«DANAkaz» тарихи-танымдық журналы 2014 жылы Батыс Қазақстан өңіріне қатысты зерттеулер мен өлкетану материалдарына қозғау салу мақсатында өлкетанушылар, мектеп мұғалімдері және оқушылар арасында «Өскен өлке тарихы» атты байқау жариялаған еді.

 

Байқаудың мақсаты – туған өлкеміздің ежелгі заманнан күні бүгінге дейінгі тарихын зерттеу, кейбір жекелеген оқиғалар, ұмытыла бастаған тұлғалар туралы тарихи деректерді жариялау, жер-су атауларының пайда болуын зерттеу, өлкенің жалпы тарихын қалыптастыру болатын. Ал оқушыларды қатыстыру арқылы мектеп жас буын арасында өлкетану идеясын насихаттап, шығармашылық қабілеті бар шәкірттерге қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Жақында осы байқаудың қорытындысы жасалып, үздік мақала авторлары марапатталды.

Басқосуға «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры, «DANAkaz» журналы ақылдастар алқасының төрағасы Жантас Сафуллин, журналдың бас редакторы Қазыбек Құттымұратұлы, тарих магистрі Айболат Құрымбаев және журнал оқырмандары мен байқау жеңімпаздары қатысты. 

Бөлісу: 

Алақай

Алақай

 

Жайықтың жағасында

Өткен жазда біз балық аулауға бардық. Біз ағам екеуміз бір жаққа, ал әкем мен әпкем бізден алысқа қарай ұзап кетті. Біз балық аулап отырдық, көп уақыт өткеннен кейін мен әкеме қарай барғым келіп ағамнан сұрадым. Ағам «йә» деді. Мен қабаққа шығып сол жаққа қарай ілгері жүріп кеттім. Көп уақыт өтпей қорқа бастадым, ешкім де көрінбеді. Өз-өзімді адасып қалғандай сезіндім. Сол кезде алдымнан құлаған ағаш шықты, оның үстінен ұстап қалып ем, дәл қолымның қасынан сұр ала жылан шыға келді. Осы кезде қатты қорқып кетіп, артқа қарай жүгіре жөнелдім. Су жағасында отырған ағамды көріп қуанып, қасына бардым. Мен сонда тоғайға жалғыз баруға болмайтынын түсіндім.

 

Ағаштың өкпесі

Мен Жайық өзенінің жанында өстім. Бір күні біреулер серуенге шығып, менің қасыма жайғасты. Олар менің бұтақтарымды кесіп, кәуәп пісірді, қоқыстың бәрін менің жаныма тастады. Мен оларға қатты ренжідім. Олар табиғатсыз өмір сүре алмайтынын білмейді. Ауаны тазартып тұрған ағаштар екенін білмейді. Сондықтан да достар, табиғатты аялайық. 

Бөлісу: 

Алаштану

Алаштану

Сахи Дүйсенғалиев халық жауы емес еді

 

1937-нің зобалаң жылдары елге бас болған талай азамат, зиялы қауым өкілі мерт болды, қуғындалды. «Алашордаға қатысы бар» немесе «Халық жауы» деген жаманатқа еріксіз танылып, жазықсыз жазғырылды. Солардың бірі – Сахи Дүйсенғалиев деген азамат еді.

Ол 1888 жылдары қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Көздіғара округіне қарайтын «Бүйрек» дейтін жерде дүниеге келген. Руы – ысық, Қадырқұл бөлімі, оның Қорлыбай-Түмені. Қорлыбайдан: Бітік, Жанбай. Бітіктен: Тұрлықұл, Нұрша. Нұршадан: Бақтыбай, Төртібай, Есеналы, Есенаман, Сүгірәлі. Төртібайдан: Теке, Бұқа, Айғыр. Текеден: Қожахмет. Бұқадан: Батыр ишан. Айғырдан: Шоқбан. Шоқбаннан: Махан, Дүйсенғали. Маханнан: Құмар, Мұқтар, Мұқаш, Мәулім. Құмардан: Бақытжамал, Балапан, Жарас. Мұқтардан: Орынбасар, Қалихан. Қалиханнан: Ғалымжан. Ал Дүйсенғалидан: Сахи, Қабдол. Сахидан: Тілеген. Тілегеннен: Руслан тарайды. 

Бөлісу: 

Алаштану

Алаштану

 

Қарағандыдан олжалы оралды

 

2015 жылдың 16 қараша күні Қарағанды қаласында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік үниверситетінде «ХХІ ғасыр – Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқаудың ІІ кезеңі өтті.

Бұл байқауға ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы ізденушілер қатысты. Байқау шартына сәйкес зерттеушілер төмендегі тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстарын ұсынды:

1.              «Алаш» қозғалысы идеяларының мемлекет құрылысындағы, демократиялық құндылықтардағы және қазіргі Қазақстан қоғамының еуропалық жолды таңдаудағы сабақтастығы.

2.              «Алаш» қозғалысының көшбасшыларының еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды әлеуметтік жаңғытудың мәселелері және осы идеяларды қазіргі заманғы Қазақстанда дамыту.

3.              «Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер.

4.              «Алаш және Қазақ хандығы»

Бөлісу: 

Ұлт дәстүрін ұлықтаған жоба

Ұлт дәстүрін ұлықтаған жоба

 

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен «Балалар үйінің, балабақша және мектеп бүлдіршіндерінің арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс шаралар өткізу» жобасы аясында «Қыздар әлемі» интернет порталы ашылды. Аз уақыт ішінде www.kyzdaralemi.kz порталына 2,4 миллионнан астам интернет қолданушысы кіріпті.

Сайтты пайдаланушылар ғаламтор арқылы қыздар тәрбиесіне арналған сұхбаттар, «Бойжеткені болашақ ғасырымның», «Тәрбиелік жарасады қыз балаға», «Қыздарға әсемдік жарасады», «Махаббат жалыны», «Әдістемелік бұрыш» бөлімдері ай сайын жаңартылып, үнемі тың ақпаратпен толықтырылып отырады. Мұндағы әдістемелік бұрыш сынып жетекшілері мен балабақша тәрбиешілерінің сұранысы бойынша жасақталады. 

Бөлісу: 

Жас ғалымға кеңес

Жас ғалымға кеңес

Мұрағатта не істемеу керек?

1.    Мұрағат құжаттары болмаса зерттеу жұмысым алға баспай қалады деген ойдан аулақ болыңыз. Мұндағы көп мәлімет көзі сіздің тақырыбыңызды аша алмауы мүмкін. Алдымен өз зерттеуіңізге қатысты жарияланымдармен танысып алыңыз, сонда ғана мұрағат материалдарынан іздеген мәліметті оңай таба аласыз.

2.    Құжаттарды жәй қарау үшін алмаңыз. Бос қызығушылықпен мұрағатқа барудың қажеті жоқ. Егер сіз өз мақсатыңызды дұрыс қоя алмасаңыз, сізге ешқандай мұрағат материалы көмектесе алмайды. Жаңалыққа жаның жақын болмай, жаңалық аша алмайсың.

3.    Мұрағатқа қажет қордың нөмірі мен атын білмей барудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда уақытыңыз үлкен каталог пен тізімдерді парақтауға кетеді. Алдымен сізді қызықтырған дерек туралы мәлімет жинап алыңыз. Бұл сізге анағұрлым тиімді жұмыс істеуге көмектеседі.

4.    Мұрағатқа өзіңізбен бірге ала баратын заттар:

Бөлісу: 

Мәдениет

Мәдениет

Оралдың «Музей апасы»

 

Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабындағы «Музей апа» деген кейіпкер есіңізде ме? Ал мен Сара апайды, саналы ғұмырын Батыс Қазақстандағы музей ісіне арнаған асыл жан, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Сара Танабаеваны көргенде «Оралдың Музей апасы» деп атағым келіп тұрады. Көп кешікпей 75-тің биігіне шығатын апамыз әлі де сапта – Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығында қызмет етіп жүр.

 

Кездейсоқ тапқан кәсіп

Сара Есқайырқызы 1941 жылы Орал облысының қазіргі Сырым ауданында дүниеге келген. Әкесі майданға аттанып, 1942 жылы қаза тапқан қаршадай қыздың қалыптасуы, өмір жолы оңай болған жоқ. Әйтеуір білімге ұмтылды. Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында орта мектеп бітірген. 1959 жылы Ташкенде тұратын жездесін сағалап барып, Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсті. 1965 жылы соңғы курста А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына ауысып, дипломды туған жерде алды. Еңбек жолын Талдыбұлақ сегіз жылдық мектебінде мұғалім болып бастаған Сара Есқайырқызы 1969 жылы жолдасының қызметіне байланысты Орал қаласына қоныс аударды.

Бөлісу: 

Тылсым

Тылсым

 

Қара бақсы Тәжбен

 

Бұл қиял-ғажайып ертегіге бергісіз, тылсымға толы хикаяны Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылының тұрғыны, зейнеткер Меңдібике Сәлімгерееваның баяндауынан жазып алған едік. Оның анасы Қаншым әжей де ертегі біткенді жырдай қылып, майын тамыза айтатын әңгімешіл адам болған екен.

 

«Бала күнімде аяқ-қолым қап-қара, домаланған ірі болдым. Оның үстіне әжемнің қасында ер бала секілді еркін өстім. Кей жағдайларда анам: «Өй, осы қыз Тәжбен нағашысы ұқсап, денесіне дейін іп-ірі. Осы ренжімесінші, ренжісе болды, көзі қып-қызыл болып кетеді» деп отыратын-ды. Тәжбен – шешемнің немере ағасы екен. «Қара бақсы» атанған.

Бөлісу: 

Бізге үш жыл!

Бір ел – бір «DANAkaz»

 

Галина ӘЛІМОВА,

«SBC Small & medium Business Corporation» (Корей шағын бизнес корпорациясы) компаниясы директорының орынбасары

 

«Кеттім, кеттім бас ауған жаққа қарай,

Төбемде тұр күмістен қақтаған ай.

Уа, дариға-ай, көрсең ғой мені бәрің,

Осыyдай бір еліткен шақта ғана-ай!»

«Danakaz» тарихи-танымдық журналы мені Жанғали Мырзалиев ағаның өлеңдерімен қызықтырып ала кетті. Алыста жүріп, журналдың www.danakaz.kz сайтына кіріп, қарап, оқып, танысып, көптеген тарихты біле бастадым. Көне заманнан келе жатқан тарихты, ежелгі көшпенділерді, Батыс Қазақстан облысындағы тарихи көрікті жерлерді, батырларымызды, суретшілердің өнерін, ақын-жазушылардың отбасылық өмірін... – бәрін осы журнал арқылы біліп, тани бастадым. «Danakaz» журналының арқасында туған жер жайлы білімім толыға түскендей. Осы журнал менің көңілімнен шықты...

Бөлісу: 

Кемпірқосақ

Кемпірқосақ

МЕРГЕНОВ Еркін Тілекұлы

 

Еркін Мергенов 1940 жылы 6 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. Мүсінші, ҚазКСР-інің халық суретшісі (1992 ж.). Ол 1967-1973 жылдар арасында Мәскеудің В.И.Суриков атындағы Көркемсурет институтында білім алды. 1987-1992 жылдары және 1998 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болып қызмет етті. 1980 жылдан Алматы Театр көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі, 1999-2000 аралығында Қазақстандағы «Сорос-Қазіргі заман өнері» басқармасының төрағасы болды.

Бөлісу: 

Жеті өнер

ҚОЙ СОЯ БІЛЕМІЗ БЕ?

 

 

№12 кеңес

 «КАК БУДЬ-ТО САМ СДЕЛАЛ!»

Тоқсаныншы жылдардың ортасы еді. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының редакциялық баспа бөлімінің меңгерушісі Мәжит Хайырбаев ағамыз бір күні таңертең жұмысқа қатты ренжіп келді.

– Кеше кеште теледидар қарап отырсам, – дейді Мәжақаң, – бір шойындай қара қазақ «голландиялықтарға рахмет, бізге мал союдың қыр-сырын үйретіп жатыр» деп бөсіп отыр. Япырау, талай ғасыр төрт түлік мал баққан халықтың ұрпағы бола тұра, мал союды өзгеден үйренсек, жетіскен екенбіз!

Мәжит ағамыздың реніші орынды еді. Менің есіме кәрі жездем, Ұлы Отан соғысының ардагері, көп жыл бойы Орал облысы Чапаев ауданының Ілбішін кеңшарында тұрған Есқайыр Сисенов атамыздың бір әңгімесі түсті.

Бөлісу: