10 (23) 2015

Редактор бағаны

Қадірлі ағайын!

 

Журналымыздың осы санының біраз бөлігі кең байтақ Қазақстанда жан-жақты аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып отыр. Тарихи-танымдық басылым үшін бұл заңды да. Дегенмен, еліміздің батыс шетінде отырған бізге көмек қолын созған әріптестеріміз болмаса, мұншалық құлашымызды кең сілтей алмас едік. Сондықтан, шымкенттік журналист Ғани Қалмахановқа, ақтөбелік Бауыржан Бабажанұлына, Орбұлақ шайқасының орнына барып қайтқан Гүлфайрус Уәлиахмет қарындасымызға журнал оқырмандары атынан көп-көп алғыс айтамыз. 

Бөлісу: 

Болашақ

Болашақ

 

Темірлан Сейтеков,

Пермь Мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің магистранты:

 

«Болар жігіт «болдым» демес,

Болдым десе, болғаны емес»

 

Темірлан Талантұлы М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін бітірген. Бүгінде Ресей Федерациясы Пермь Мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің магистратурасында геолог мамандығы бойынша білім алуда.

 

- Әкем Талант – Қарағанды медициналық институтында, анам Светлана Бахтығалиқызы – Қарағанды педагогикалық институтында оқып жүргенде отау құрған екен. Кеншілер қаласында, студенттік отбасында 1993 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келіппін. Бірақ Күйгенкөл ауылында тұратын атам Сейтек пен әжем Тілекқанымның бауырында, асыл әжемнің бесік жырында тербеліп, ертегісіне елітіп өстім. Ешкінің сүтімен асыраған әжем өлең-жырды жадыма құйғандықтан шығар, кішкене кезімнен кітап оқуға құмар болдым, - дейді Темірлан. 

Бөлісу: 

Азаттық

Азаттық

Жәнібек Әбілпеисов

«Жерұйық» мұражайы жетекшісі

 

 

«Сөйлер сөзге келгенде

Сары садақтың оғындай

Көлденеңдеп зырғисың»

Бисекеш ақын

 

Садақшымен кездесу

 

Қазақтың Ұлттық рухын оятатын нәрсенің бірі – батырдың бес қаруы. Кезінде европалық зерттеушілер бабаларымызға «Ұлы атқыштар елі» деп баға берген екен.

«Татарлармен соғысқа кірісу өте қауіпті. Тіпті, шағын ғана қақтығыстың өзінде басқа бір халықтармен соғыстың қандайынан болса да көбірек кісі өледі, өйткені олар қатты және дәл атады. Садақ тартуда машыққаны сондай, әлемдегі барлық жұрттан асып түскен» (Гайтон), деп бағалаған батыр халықтың ұрпағы ретінде ең әуелі садақты өз мұражайым төрінен көргім келді. Осы ізденістер мені ғаламтор арқылы атыраулық Мұрат Ғабдусалимовпен таныстырды.

Мұрат қалада туып, қалада өскен, орта мектепті орысша оқып бітірген кәдуілгі қалалық жігіт. Бірақ қанындағы батырлық, ұлттық рух оны тек жатқызбай ең әуелі шығыс жекпе-жегі каратэмен шұғылданып белгілі дәрежеге жетіп қара белдік иегері атанған. Одан соң бірте-бірте қазақтың дәстүрлі жауынгерлік, аңшылық өнері садаққа ықыласы ауа бастаған. Сөзге сараң, бірақ әр сөзін шегелеп, түйіп айтатын мінезінен, айбынды жүзінен іскерлік пен ішкі рухтың мықтылығы сезіліп тұрды.

Бөлісу: 

Қазақ хандығына 550 жыл

ӘБІЛҚАЙЫР ХАНМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШҚАН КҮН

 

Биыл қазақ үшін айтулы жыл: Ұлы Даласын, асыл жұртын қорғап, ақырғы деміне дейін ат үстінен түспеген ұлы бабамыз — Әбілқайыр ханға арналған мемориалдық кешен ашылды. Мемориалдық кешен Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданындағы Толыбай елді мекенінен 90 шақырым қашықтықтағы «Хан моласы» қорымында орналасқан.

«Хан моласы» — XVIII ғасырдан бар көне қорым. Мұндағы Әбілқайыр бейітін қазақтар екі ғасырға жуық уақыт зиярат еткен. Тек ХХ ғасыр басындағы дүрбелеңдерден кейін ғана хан зираты ұмыт болған. Ел аузында да, қағаз бетінде де деректері сақталып қалғанымен, жермен-жексен болған Әбілқайыр бейітін анықтау бүгінгі зерттеушілерге оңайға түскен жоқ. Бұл жерде Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты этнология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали бастаған ғалымдар кешенді зерттеу жүргізді. Сөйтіп, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс, «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деп, әрдайым өткеніне қарайлаған қазақтың бүгінгі ұрпағы ата-бабалары даңқты ханын, дана басшысын арулап көміп, аза тұтқан, қасиетті санап, тәу еткен жерде үлкен жиында бас қосты. 

Бөлісу: 

Қазақ хандығына 550 жыл

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ ТАРИХЫ ӘРІДЕ ЖАТЫР!

 

Қазақ хандығының 550 жылдығы тойы аясында Ақтөбе қаласында «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы: дәуір, оқиғалар, тұлғалар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

 

— Біздің мақсат — қазақтың тарихын, қазақ мемлекеттілігінің қай кезде құрыла бастағанын, қазақта қандай хандардың, билер мен қолбасшылардың болғанын зерделеу, өз тарихымызды түгендеуге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізгенімізді айту. Ел тәуелсіздік алған күннен бастап 24 жыл бойы қазақ тарихын зерттеп жүрген ғалымдар, мамандар іргелі жұмыс жасады. Соның барлығы болашақ үшін, ұрпақ үшін жасалып жатыр. Жақында Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған үлкен той өтті, осы той аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, болашағы жөнінде баяндама жасады. Іс-шаралар тек Астана, Алматы секілді қалаларда ғана емес, ел аймақтарында да өткізіліп келеді. Ақтөбеде өткізіліп жатқан той соның бір дәлелі, — деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Бөлісу: 

Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл

 

Қазақстанда тұңғыш рет тарихи реконструкция ұйымдастырылды

 

2015 жылдың 2 қазанында Алматы облысы әкімшілігі және Жастар департаментінің шақыртуымен қазақ тарихындағы айтулы шайқастардың бірі Орбұлақ шайқасының тарихи реконструкциясын өз көзімізбен тамашалауға мүмкіндік алған едік.

Қазақ тарихын жасасқан тұлғалардың мерейтойлық даталарын атап өткенімізбен, елеулі тарихи шайқастардың даталары көлеңкеде қала беретіні бар. Орбұлақ шайқасын тарихтан бәрімізге жақсы таныс Фермопильдегі 300 спарталықтың 20 мыңдық парсы әскерімен болған ұрысымен теңестіруге болатынын тарихшылар айтып жүр. Куликов шайқасы, 300 спарталықтың ерлігі туралы көпшілік хабардар болғанымен, өзіміздің 600 қазақтың ерлігі туралы жұрт біле бермейді. Сондықтан ұйымдастырушылар еліміздің әр аймағынан танымал журналистер мен блогерлерді арнайы алдырыпты.

Бөлісу: 

Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ТАРИХИ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Айболат ҚұрымбаеВ,

тарих магистрі,

Орал қаласы

 

2015 жыл - Қазақстан үшін көптеген атаулы датаға толы болды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы - Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы екені анық.

 

Осы жылдың 1-10 тамыз аралығында бір топ ғалым, өлкетанушы, БАҚ қызметкерлерінің қатысуымен тарихи-экологиялық экспедиция ұйымдастырылды. Сапар маршруты: Орал-Атырау-Астрахань-Волгоград-Палласовка-Хан Ордасы-Орал аралығын, барлығы 3500 шақырымды қамтыды. Экспедиция өз жолында 4 хан, 1 болыс-би (правитель), 2 дін өкілінің, 5 күйші-композитор, 3 Кеңес Одағының Батыры зиратына соғып, 5 ортағасырлық қала, 2 хан ордасы, 2 тау, 2 өзен, 2 жеке мұражаймен танысты. Жобаға «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» басшылық жасады.

Бөлісу: 

Сұқбат

Сұқбат

 

Абат ШЫНЫБЕКОВ,

Сырым ауданының әкімі,

Батыс Қазақстан облысы:

 

«Өңірлік туризмнің тынысы ашылса дейміз»

 

- Қазақ жерінің қай пұшпағы да қасиетті ғой. Сіздің ойыңызша, Сырым ауданының тарихы өзге өлкеден несімен ерекше, несімен бөлек?

- Иә, қазақ жерінің әр түкпірінің тарихы баршамызға ортақ. Алайда әр қазақтың туған жеріндегі төл тарих сол жердің адамдарымен, тұлғаларымен ерекше. Ұлы даланың төсінде талай оқиға өтті. Оны жасайтын – сол заманның адамдары. Бүгінде сол бабалардың табаны тиген әр өлкенің өз тарихы, өз батыры бар. Біздің Сырым ауданы – сөз бастаған шешен, даналыққа арқау болған ақылды да әділ, табанды батырдың туған жері болғанымен де ерекше. Сырым батыр қазақ сахарасында Ұлт азаттық күрестің туын көтеріп, ұланғайыр жерді қорғап, он төрт жыл бойы ат үстінде өмір сүрді. Арманда кеткен батырдың тәуелсіздік жолындағы күресін екі ғасыр өткен соң Алаш зиялылары жалғастырды. Олар атылып, қуғын-сүргін көріп, жер ауып кетті. Бірақ, Ұлы Отан соғысында осы өлкеден төрт мыңға жуық азамат қан майданға тағы аттанды. Қара сөздің қаймағы бұзылмаған қаймана қазақтың төл топырағынан жасындай жарқ еткен Абдолла Жұмағалиев шықты. Күллі қазаққа танымал абыз Қадырдай ақынның да осы өңірде дүниеге келуі заңдылық шығар. Бұл – біздің ауданды ерекшелеп тұратын тарихтағы текті жандардың тек аузымызға ілігер ірілері ғана. Ал, қазбалап қарап, жіліктеп шақсақ том-том кітапқа айналар тарихты зерделеу ісі әлі алда. 

Бөлісу: 

Қазақ хандығына 550 жыл

Туған жер тарихын түгендеген экспедиция

 

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Менің кіші Отаным» жобасы аясында тарихи-танымдық экспедиция екінші мәрте ұйымдастырылды.

Батыр баба есімімен аталатын екі жер атауы бар екен: оның бірі – Сырым ауданының Алғабас, Тоғанас ауылдары маңындағы «Сырым шыққан төбе» болса, екіншісі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Көздіқара елді мекені маңындағы «Сырым бөгеті» деген жер. Міне, экспедицияның басты мақсаты осы екі аралықты автокөлікпен жүріп өтіп, сол бағыттағы ел мен жерді көріп, тарихымен танысып білу болды. Сырым аудандық әкімдігінің қолдауымен аудандық туризм орталығы ұйымдастырған тарихи-танымдық сапарға ардагерлер, ұстаздар, туризм саласы мамандары, ауданның белсенді жастары, мектеп және колледж оқушылары қатысты.

Бөлісу: 

Бәйгеге

Бәйгеге

Егіндікөл тарихы

Мен Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылында туып өстім. Егіндікөл – табиғаты әсем жер. Солтүстік беті Шыңғырлау ауданымен шектеседі. Ылдиы мен өрі, өзені, көлі, мөлдір бұлағы, сай-саласы, шағылды құмдары мен ну орманы алтын бесік туған жердің ажарын ашып, көркін асырып тұр.

Туған жердің тарихы да терең әрі бай. Осынау өлкеде жасаған белгілі адамдар, әулие-әнбие, ишан-қазіреттер жайында көнекөз қарт, хабары бар жандардан сұрастырып, деректерін тиянақтап жүретін әке үлгісі біз үшін әдетке айналды. Әкенің жақсылығы жаман ұлға қырық жылдық азық дегендей, ауыз әдебиетінің асыл қазыналары да, шынайы тарих та бастауларын өлке тарихына қатысты аңыздар, ел жадында сақталған әңгімелерден алатынын түйсіндік. Шежіре қарттардың әңгімелерін тарихшы ғалымдардың еңбектері және белгілі жазушылардың тарихи шығармаларымен бір арнаға ұштастыра келгенде, аядай ауылдың арғы-бергі өткені арқылы бір ғана өлкенің емес, тұтас қазақ ордасының тарихынан, тіпті адамзат тарихының көне кезеңдерінен сыр шертерлік деректерді кездестірдік. Оның жарқын мысалына осы мақалада қысқаша болса да нақты тоқталамыз.

Бөлісу: 

Қандастар

Қандастар

 

Жайнагүл Хамидолла

М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранты,

Уфа қаласы,

Ресей Федерациясы

 

 

Абай балалары башқұрт жерінде

 

Ақын Т. Айбергеновтың «Алматыға» өлеңіндегі:

«Жарқыраған көк тасыңда көшеңнің

Ізі қалған Сәкен бәтеңкесінің», - дегеніндей, жоғары білімді Мағжан оқыған Уфа қаласында жалғастырғымыз келді. Қазақтың бас ақыны – Абай заманында өмір сүрген ағартушы, ойшыл, ақын М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалык университетінің башқұрт филологиясы факультетіндегі салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі мамандығына магистратураға қабылдандық. Университет алдына Ақмолланың ескерткіші қойылған. Оқу ғимараттарының қабырғаларына М. Ақмолланың суреттері ілініп, «Башқұрттарым, оқу керек, оқу керек!» - деген сынды нақыл сөздері жазылған.

 

Бөлісу: 

Жаңғырық

Жаңғырық

 

Атамның атын көргенде...

 

Атам Қалдыбайұлы Қитардың есімін «DANAkaz» журналының (2014 жылғы №1-2) кезекті нөмерінен кездестіргенде қандай қуандым десеңші!? Аталмыш журналдағы «...Таңбамды салып, мөрімді бастым» тақырыбымен Кіші жүздің Байұлы тармағының бас адамдарынан Орынбор әскери губернаторы Григорий Волконскийге 1811 жылдың 17 қыркүйегінде жазылған хат көзіме оттай басылды.

Жантөре хан Айшуақұлының орнына сұлтан Бөкей Нұралыұлын хан сайлауын ұсынған хатқа қол қойған алаша руының сұлтан, старшын-билерінің тізімінде мөрін басқан Қитар Қалдыбайұлының лауазымы – старшын екен.

Мен өмірімде талай үлкен кісілерден «Би ауылдың қызысың», - деген сөзді жиі естіп өстім. Тіпті, қарақалпақ елінде тұрғанымда бір күні кабинетіме егде жастағы кісі келді. «Қызым сенің Оралдан екенің рас па? -деді. «Ия» - деген жауабымнан соң руымды, аталарымды, әкемнің атын сұрады да, көзінен тамшы жас мөлдіреп, «би ауылдың қызы екенсің ғой», - деді. «Өзіңіз туралы айтыңызшы» дегеніме: «уақытыңды алмайын, қызым», - деп бір күрсініп шығып кетті.

Бөлісу: 

Алаштану

Алаштану

 

 

Тәуке хан және Жаһанша Досмұхамедұлының қазақ мемлекеттілігі туралы ой-тұжырымдары

 

     Қазақ хандарының ішіндегі көреген саясаткер, ұлы мәмілегер, құдіретті хан – Жәңгірдің ұлы Тәуке. Тәуке ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуы еді. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті – құқық, әскери және идеологиялық міндеттерді атқарудағы ерекше рөлі болды.

Тәуке хан «Билер Кеңесінің» қолдауына сүйене отырып, аса маңызды мәселелерді шешіп отырды. «Тәуке хан кезінде «Билер кеңесі» Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласы маңындағы Мартөбеде, Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілді»1,- деп жазады С.З.Зиманов «Несколько слов о Жеты Жаргы» деген ғылыми еңбегінде.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

Жаңа кітап

 

Әкелеріміз айтатын әңгіме

 

Жас ақын әрі жазушы Ырысбек Дәбейдің «Әкелеріміз айтатын әңгіме» атты жаңа эсселер жинағы жарық көрді.

Жинақ авторы Ырысбек Дәбей жаңа кітап туралы: «Қазақ әдебиетінде» жүрген кезімде бас редакторым Жұмабай Шаштайұлы шақырып алып: «Газеттің бір бетіне лайықтап, ауыл өмірінен материал жазсаң қайтеді» деді. Келістім де, жазуға кірістім. Осылайша, «Әкелеріміз айтатын әңгіме» деп ағаның алдына апарып бердім. Ол кісі эмоциясын үш рет білдірді: Біріншісінде, «Жазғаның мынау ма?!» дегендей болды. Сосын «Жап-жақсы дүние екен» деді. Аяғы өзіне шақырып алып: «Ырысбек, бұл жазғаның Расул Ғамзатовтың «Менің Дағыстанымындай» болайын деп тұр» деді. Ағаның осы бір ауыз сөзі кітаптың дүниеге келуіне себеп болды» дейді.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

Жаңа кітап

 

Шоқан туралы кітап

 

«Аруна» баспасы жасөспірімдер мен балаларға арнап «Даңқты адамдар» сериясымен «Шоқан Уәлиханов» атты кітапты баспадан шығарды.

Әлем тарихында айрықша із қалдырған, қазақтың тамаша ғалымы әрі саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына байланысты жарық көрген бұл еңбек ғалымның өмірі туралы жан-жақты мәлімет беріп, қызықты деректермен таныстырады. 

Бөлісу: 

Жаңа кітап

Жаңа кітап

«Сияр Шәріп» кітабы жарық көрді

 

Бұдан бұрын «Отбасы хрестоматиясы» айдарымен оқырманға жол тартқан «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді» атты кітаптарының соңынан «Сияр Шәріп» атты жаңа жинақ жарық көрді. Жақында осы жобаның авторы Санжар Керімбай Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында оқырмандармен кездесіп, жаңа жинақ туралы айтып берді.

Оралдық оқырман алдыңғы екі кітапты жақсы білуі тиіс. Біздің «DANAkaz» журналының «Алақай» айдарында бұл екі кітаптан үзбей үзінді беріліп келді. Алдыңғы екі кітапта халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жөнінде баяндалса, «Сияр Шәріп» жинағында Мұхаммед пайғамбарымыздың қиссалары қазақ дүниетанымы бойынша баяндалған. 

Бөлісу: 

Жеті өнер

Жеті өнер

ҚОЙ СОЯ БІЛЕМІЗ БЕ?

 

 

№10 кеңес

 

БАС ҰСТАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?

Сіз талай жерде қонаққа барасыз, тіпті ең сыйлы қонақ атанып, төрдің төбесіне шығып қалуыңыз да ғажап емес. Осындай мезетте алдыңызға бас келе қалса, оны ұстаудың жөн-жоралғысын білесіз бе? Әлде «әкем тірі еді, ұстай алмаймын» деп ұзақ құтылмайтыныңыз анық. Сондықтан бұл да бір қадеңізге жарар деп, осы бір ақыл-кеңесімізді ұсынып отырмыз.

Бөлісу: