10 (11)-2013

Қадірлі оқырман!

Журналымыздың бүгінгі саны негізінен Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің шыға бастағанына 95 жыл толуына байланысты мақалаларға арналып отыр.

Бөлісу: 

Жан азығы

Асан қайғы, Жиембет, Сырым, Исатай, Махамбет, Жаханша тізе берсе еліміз үшін аянбай еңбек еткен тұлғалар жетерлік.

Бөлісу: 

«Мақсатым – Нобель сыйлығына қол жеткізу!»

 

Айбар БЕЙБІТҰЛЫ,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың жаратылыстану-география

факультетінің ІV курс студенті, жас ғалым

Бөлісу: 

Құдағи жүзік

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішіндегі қайталанбас туындылардың бірі – зергерлік бұйымдар.

Бөлісу: 

Ғасырға таяу ғұмыр

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің тарихы да қазақ халқының аумалы-төкпелі, талайлы тағдырымен сабақтас. Атауы сан мәрте өзгерсе де үзілмей шығып келе жатқанына бір ғасырға жуықтаған бұл басылымның бетінде талай ұлт зиялыларының үкілі үміті, асқақ арманы, елге қызмет етсем деген мақсат-мүддесі көрінді.

Бөлісу: 

«Екпінді құрылыс» газетінің ұжымы, 1934 жылғы 5 мамыр

«Орал өңірі» газетінің 2008 жылғы 13 қарашадағы санында «Шежіреге бай басылым» атты мақаласын: «Біздің жанұяда «Екпінді құрылыс» газеті ұжымының суреті сақталған.

Бөлісу: 

Жыр төгілген кеш

 

Жуырда «Dana.kaz» тарихи-танымдық журналының 1 жылдығына орай облыстық қазақ драма театрында белгілі семейлік жыршы, республикалық ақындар айтысы мен жыршы-термешілер байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы Дүйсенғазы Нығметжановтың жыр кеші өтті.

Бөлісу: 

Көпірі көп Корей елі

 

Редакциямызға алыстағы Оңтүстік Корея елінен хат келді. Авторы – қандасымыз, «JMT-KOREA» компаниясында менеджер-аудармашы болып қызмет етуші Галина ӘЛІМОВА.

Бөлісу: 

Алақай!

 

Қас пен кірпік

Адамда қас пен кірпік болмапты. Маңдайдан тер аққанда көздің ішіне кіріп, удай ашытыпты. Шаң-тозаң да көзге тез кіреді екен. Көз бір күні Құдайға арыз қылып:

– Иә, Алла, мен қиналдым. Шаң мен теріден сақтайтын қорған бер, - дейді. Мейірімді Алла дұғаны қабыл етіп, көздің төбесіне қасты, айналасына кірпікті қадапты. Осыдан бастап аққан тер қасқа тіреліп, көзді айналып ағатын болыпты. Кірпіктер көзді шаң-тозаңнан  қорғапты.  Екеуі  де  көздің  ажарын  кіргізеді.

Бөлісу: 

Сұраусыз қалған «алтын адамдар»

 

Тарихты білу, зерттеу не үшін керек? Біздің ойымызша, мұның ең басты екі негізі бар. Біріншіден, өткенімізді біліп, болашақты са-ралау үшін керек. Екіншіден, өткеніміздің жақсы жағын алып, болашақ ұрпақ-ты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін қажет. Туған жерінің тарихын терең білмей, елдің, әлемнің тарихын білем деу – қате. Әр адам өзі туып-өскен жерді елінің, әлемнің тарихымен байланыстыра зерделесе, оң болады.

Бөлісу: 

Тәуелсіздік таңы тудырған театр

Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін ел ағаларының бірден рухани құндылықтарымызды түгендеуі – қазіргі көзқараспен салыстырғанда, ерлікке пара-пар іс. Әбіш, Шерхан, Өзбекәлідей ұлт жанашырлары дін, тарих, әдебиет, этнография секілді қыруар байлығымыздың бас-аяғын жинауға шұғыл кірісті. Рухани баянды істердің бірегейі болып, жер-жерде қазақ театрлары ашыла бастады. Солардың бірі – Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры.

Бөлісу: 

Мәжит ҚАЙЫРҒАЛИЕВ

Қазақстанның құрметті журналисі, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетін 1991-2002 жылдар аралығында басқарған Мәжит Қайырғалиев ағамыз өлең өлкесінде де өзіндік өрнегін қалдырған қаламгер. Журналымыздың жырсүйер қауымына ағамыздың бір топ өлеңін ұсынамыз.

Бөлісу: 

Бейсеует кісі

Бейсауат, бейсеует, бейсеуіт түрлерінде де қолданыла береді. Бәрінің де мағынасы бір, түн қараңғысында ат құрғатпай суыт жүрген де адам емес, барыңды жайып салар құдайы қонақ та емес, беймезгіл келген бейтаныс адам. Жыға айыра алмаса да екінің бірі осылай деп жорамал жасап топшылайды.

Бөлісу: 

Іздегенім табылды

 

«DANA.kaz» журналын алғашқы санынан бері оқып келемін. Өзім үшін ақтандақ болып жүрген біраз мәліметті осы жерден тауып, қатты қуандым. Менің руым – байбақтының әлтеке бөлімі. Жасым үлкейгесін, өз руыма қатысты деректерді жинап жүремін. Аманжол Зинуллиннің бір кездегі «Еділ-Жайық» газетінен, Ким Ахметовтің «Сұлтансиық шежіресі» кітабынан жинаған деректерден шежіре тізбегін алдым, бірақ онда тарихи әңгімелер аз, коментарийлері жоқ. Ал «DANA.kaz» журналынан үлкен аталарымның атын көріп, тарихын оқып қуандым. Қолға түспей жүрген, таба алмай жүрген материалдар еді. Сіздерге үлкен рахмет!

Бөлісу: 

Нардағы кесенеге сапар

 

Қаны бар қазақ ата-баба қонысын ұмытпайды, ата-баба зиратын қастерлейді. Тағдырдың әр түрлі тауқыметімен тамырынан алыстап кеткен адамның өзін тыншытпай, түн ұйқысын бұзатын да – осы бір құпия сыр...

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық

 

Өлеңтідегі құлпытас

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданына қарасты Өлеңті көне қонысындағы құлпытас. Бұл жер – белгілі ақын Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған өңір саналады.

Бөлісу: