1 (2)-2013

«Хан жалғыз да біз үшеу...»

«DANA.kaz» журналының №1(2) санындағы Жиембет жырау туралы топтама оқырман қауым тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Ел ішінде жырау туралы түрлі хикая-әңгімелер әлі ұмытыла қоймаған екен. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ музейінің меңгерушісі, журналымыздың жанашыры Нұржан Төлепов 2009 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен жарық көрген «Ойыл» кітабынан (авторы Сырым БАҚТЫГЕРЕЙҰЛЫ) қызықты деректер жіберіпті.

Бөлісу: 

Әскери аристократия өкілі

XVІІ ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен әуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларының біздің заманымызға шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVІІ ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған Еңсегей бойлы ер Есіммен байланыстырылады.

...Бортоғашұлы Жиембет жырау көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарының және көне шежірелердің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы – ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау – XVІ ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам.

Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы. Сонымен бірге Жиембет – ел аузынан алынған тарихи әңгімелерге және өз шығармаларындағы кейбір сөздерге қарағанда, заманының ірі феодалы, мемлекет істерінде үлкен рөл атқарған қабырғалы биі

Бөлісу: 

Жиембет жырау

Арғысы алты ғасырға созылатын қазақ әдебиетінің бастауында тұрған жыраулардың бірі һәм бірегейі – Жиембет Бартоғашұлы. Бір қызығы, туып-өскен жері, ата-қоныс атаулары күні бүгінге дейін өзгермесе де, кіндігінен тараған ұрпақтары өсіп-өніп, «жиембет тана» атанған бір қауымға айналса да, Батыс Қазақстан өңірінде Жиембеттің насихаты мүлде жоқ деуге болады. Қазақтың ең атақты, ең әлеуетті хандарының бірі болған Еңсегей бойлы ер Есімнің оң тізесін басқан би, қол бастаған батыр, жалындап сөйлеген жырау бүгінде тіл мамандарын даярлайтын ЖОО-ларда бірер семестр жүретін «Хандық дәуір әдебиеті» атты курстың кейіпкері ғана болып қалған. Жиембет жыраудың өмірі мен өнерін, тарихтағы орнын, күні кешегі Махамбетке дейінгі жырауларға әсер-үлгісін ден қойып зерттеген ғалым жоқ секілді. Жыраудың аты-жөнінде, өмір жолындағы тарихи даталарда бірізділіктің болмауы сондықтан болса керек. Батыс Қазақстан өңірі – бүкіл қазақ эпосының отаны, жорық жыршыларының мекені саналады. Бірақ, біз әлі барымызбен мақтана алмай келеміз. Өткен жылы Астанада Жиембет жырау атына көше берілді. Атырау облысы Индер ауданының атауын Жиембетке өзгеруге ұсыныс жасауда. Ал жырау туып-өскен Батыс Қазақстан облысының бірде-бір елді мекенінде Жиембет жырау атында ең болмаса бір көше жоқ екен... «DANA.kaz» журналы Жиембет жырау жөнінде бұрын-соңды жарияланған түрлі деректердің басын қосып жариялай отырып, тиісті сала мамандарының назарын аударуды жөн санап отыр

Бөлісу: 

Фалар - өмілдірік

Туған жеріміздің талай ғасырға тартатын терең тарихы бүгінде көненің аңызында және музей-мұражайлардың қоймаларында сақталған. Бірақ соны біз білеміз бе? «Жәдігер» айдары облыс музейлерінде, мұрағаттарында, кейбір жекелеген азаматтардың қолында сақталған ерекше құнды мұраларды таныстыруға арналмақ.

Жәдігердің атауы – фалар (қалқанша). Фалар – ат әбзелінің әшекейіне жатады, қайыстан жасалған өмілдірік-құйысқанға бекітілетін металл жапсырма.

Бөлісу: 

Ақынның атын ардақтаған мектеп-гимназия

Қазталов ауданының Қараоба ауылындағы мектеп-гимназия ойшыл ақын, журналист, қоғам қайраткері жерлесіміз Ғұмар Қараштың атында. Мектепке кіріп келгеннен «Көзіміздің қарашығындай ғазиз балаларымыз болашақта рахатшылықта өмір сүрсін десек жастайынан өнер-білім үйретуіміз қажет» деген Ғұмардың сөзі ілінген.

Қазталов ауданындағы Ғұмар Қараштың есімін ардақтап отырған бұл мектеп-гимназияның жетістіктері айтуға тұрарлық. Әдетте мектеп-гимназиялар аудан не облыс орталықтарында орналасса, аталмыш білім ошағы шалғайдағы шекарада жатыр. Негізінен гимназияларға үлгерімі жақсы балалар іріктеліп алынса, мұнда Қараоба ауылының барлық баласы оқиды. Бүгінде оқушы саны – 318. Тағы бір ерекшелігі – бүгінде мұғалімдерінің 70 пайыздан астамы өздерінің түлектері екен.

Бөлісу: 

Сеул әсері

2012 жылдың 10-17 желтоқсан аралығында қазақстандық бір топ маман Корея астанасы Сеул қаласына барып қайтты. «Өрлеу» Ұлттық орталығының әр өңірдегі 33 педагогі құрамында Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Елдос Сафуллин де болған еді. Сеул Кибер университеті қабырғасында е-learning жүйесі бойынша өткен семинарға қатысып қайтқан маманға арнайы жолыққан едік.

Бөлісу: 

Жан азығы

2012 жылдың желтоқсан айы, ұлы мейрам тәуелсіздік күні қарсаңында өңірімізде қуанышты жәйт орын алды. Көптің көкейінде жүрген тарихи-танымдық, жастарға тәрбиелік мәні зор, білім мен ғылымды терең игеруге насихаттайтын «Dana.kaz» журналымыздың алғашқы нөмірі жарық көрді.

Журналдың таралымының дені тез өтіп кеткендігін білгенде марқайып қалдық. Түрлі білім ордаларында басылымның тұсаукесері ұйымдастырылды. Жастар шын жүрекпен қолдау білдіріп, жақсы ықылас танытқанда риза болып, еліміздің болашағы жарқын екендігіне сүйсіндік.

Бөлісу: 

Ойлы оқырманға бір ауыз сөз

«Қазақта бір мақал бар: «Палуан бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген. Осы мақалға қарағанда өткен замандарда қазақ халқы өнер-білімнің қадірін білген екен ау деп ойлаймыз...» – қазақтың біртуар ұлы, заңгер Бақытжан Қаратаев осыдан 100 жыл бұрын «Қазақстан» газетінде (№4, 2 қаңтар, 1912 жыл, Орал қаласы) жарияланған «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз» атты мақаласын осылай бастаған екен.

«...Абайласақ, өнерлі уа білімді халықтардың басшылары журнал уа ғазита көрінеді. Мәштектерін терлетіп, қазақтың ауыл-аулын қыдырып жүріп, есіткен-білгенін жүзбе жүз айту ешкімнің қолынан келмейді. Сол себепті біз есіткен-білгенімізді «Айқап» пен «Қазақстанда» жазып тұрмақшы болдық. Енді жұртшылық етіп, бұ журналымызды һәм ғазитамызды қазақ азаматтары жазылып алып тұрса, өзінің ортасынан шыққан білімділерінің сөздерін оқып-біліп тұрса еді. Һәм надандық дариясынан уа қараңғылығынан тез құтылар еді...»

Бөлісу: