1-2 (16)-2015

Редактор бағаны

Ассалаумағалайкум, ағайын!

Журналымыз үшін қаржылық жағынан қиын болған, Сіз бен бізді сирек жүздесуге мәжбүрлеген 2014 жыл да артта қалды. Басылымды жыл бойына жаздырып алып, бірақ толық ала алмаған, сонда да болса бізге деген сенімі мен көңілі өзгермеген тұрақты оқырмандарымызға мың сан алғыс айтамыз.

Бөлісу: 

Әрайна

Жан азығы

Бабаларымыз айтқан «Ұлдарымыз – құл, қыздарымыз – күң болмасын» десек, құр сөзден іске көшейік.

Ақбай Баржыұлы

 
Бөлісу: 

Болашақ

А.С.Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

Бөлісу: 

Азаттық

1771-1826 жылдары өмір сүрген Қазақстанның батыс өңірі тарихында ерекше орны бар Қаратай Нұралыұлы да сол дәуірде қайраткерлік іс-әрекетімен, ел басқарудағы қабілетімен, Ресейдің Қазақстанды отарлауына қарсы батыл күресімен көзге түскен тұлға. Ол өмір сүріп, ізін қалдырған XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы халқымыздың жүріп өткен жолындағы ақтаңдақ беттердің бірі екендігі даусыз. Өйткені ұзақ жылдар бойы Қазақстанның Ресей құрамына енуі «өз еркімен қосылды» тәріздес жасанды теориямен дәріптеліп, қазақ халқының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелері біржақты зерттелді. Соның әсерінен отарлау заманында ешқашан үзілмеген ұлт-азаттық күрестер тарихы, ел басқарған қазақ азаматтарының тарихи бейнесі, халқымыздың көршілес елдермен қарым-қатынасы тек орыс халқының мүддесі тұрғысынан баяндалды.

Бөлісу: 

Әуен

Досым МАҚСҰТОВ,

Қазақ ұлттық өнер университеті

Астана қаласы

Бөлісу: 

Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

 

 

Жалғасы. Басы журналдың өткен санында

 

Орынбордағы кездесу

Есенгелді старшын Орынбордың жаңа губернаторы П.К.Эссеннің ұйымдастыруымен Кіші жүз ханы Шерғазы мен Арынғазы, Қаратай сұлтандар араларындағы мәселелерді шешу үшін 1817 жылы тамыз айының соңында айырбас сарайында өткен кездесуге қатысады.

Бөлісу: 

Атажұрт

Тайпақтан Түркістанға дейін

 

Ұлтым -– қазақ, Кіші жүздің баласымын. Руым – байбақты. Атым – қажы Темірқұл. Әкемнің аты – Тәліп. Оның әкесі – молла Естай. Оның әкесі – Беркін. Сол Беркін бабамыз 1777 жылдардың шамасында қатты қиындық көргесін, бұрынғы шалдардың айтуы бойынша, Батыс Қазақстанның Тайпақ ауданы өңірінен 500 шаңыраққа бас болып көшкен екен.

Бөлісу: 

Алаштану

ДӘРІГЕР ДӘУЛЕТШАХ

 

Қазақ тарихында есімі елеусіз қалған қоғам қайраткерінің ішінде европалық үлгіде білім беретін Мәскеу императорлық университетінің түлегі, алғашқы жоғары білімді қазақ дәрігерлерінің бірі Күсепқалиев Дәулетшахтың орны ерекше. Дәулетшах туралы алғаш рет ғылым жолындағы ұстазым Бақтығұл Бірімжаровтан естіген едім. Мақаш Бекмұхамедов, Шәңгерей Бөкеев туралы мақала жазған кезімізде ұстазымның: «...ел аузында есімі сақталса да, тарихта өз бағасын ала алмай келе жатқан Дәулетшах Күсепқалиев туралы да мағлұмат тауып, ел назарына салсақ, қайраткердің атқарған шексіз еңбегін тамшыдай болса да ақтағандай болар едік» дегені жадымда қалды. Осы уақытқа дейін ұстазым Б.Бірімжаров тапсырған аманат – Д.Күсепқалиев туралы мағлұматты жинақтап, ел назарына ұсынуды, қайраткер туралы халқының жадына салып қоюды мақсат еттім.

Бөлісу: 

(«Салт-дәстүр сөйлейді»

Нәрестеге көрімдік беру

Бөлісу: 

Алақай

Жанерке Ғабдрашитова бүгінде Орал қаласындағы №19 мектептің 9 сыныбында оқиды. Төмендегі тырнақалды туындысын кішкентай қаламгер 6 сынып оқып жүргенде жазған екен.

 

Бөлісу: 

Сөз сыры

Дыңдай жігіт боласың

 

Бала күнімізден: «Дыңдай жігіт болып өсесің», – дегенді жиі естіп өскесін, ауырған адамға еш ойланбастан: «Әлі-ақ айығып, дыңдай болып кетесің», – деп жұбаныш айтамыз. Сөздік қорымыздан берік орын алғаны соншалық еш түсінікті қажет етпейтін сияқты. Қала берді «дыр» дегені және бар. Ол туралы сөз кейінірек.

Бөлісу: 

АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕР СЪЕЗІ

АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕР СЪЕЗІ

 

Бұл мақалада қазақ жеріндегі ең алғашқы мұғалімдер съезі 1918 жылы Бөкей Ордасында өткендігі баяндалады. Қазақ даласындағы алғашқы ұлттық мектеп туралы негізгі деректер мен қазақтың тұңғыш кеңес генералы Шәкір Жексенбаевтың осы оқу орнын 1912-1917 жылдарда оқып бітіргендігі туралы аттестаты берілген.

 

Бөлісу: 

Тылсым

Дәдем ата туралы аңыз

 

Қазақ халқының тұтастығын сақтап, қай кезде де елді бірлікке шақырған, дінді насихаттай жүріп, өздеріне берілген кереметтің күшін тек елдік үшін жұмсаған әулие-әмбиелер жеткілікті. Сондай аңыз-адамның бірі – Дәдем ата.

Бөлісу: 

1945-2015

Шын атың кім, Рубахо?!

 

«Совет Одағының Батыры» - жетпіс жыл бойы жарты әлемге әмірін жүргізіп тұрған СССР мемлекетінің ең жоғарғы мемлекеттік наградасы. Бұл атақ отызыншы жылдардың аяғында бекітілгенімен, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде жаппай беріле бастаған. «Батыр» атағы жетпіс жыл ішінде 10 мыңдай адамға тапсырылыпты. Ал Қызыл армия құрамында соғысып, осы үлкен марапатқа ие болған жүздеген ұлт өкілі арасында қазақтар саны жағынан орыс, украин, беларус, еврей және татардан кейін алтыншы орынға ие делінеді.

Бөлісу: 

Мәдениет

Театр – тәрбие құралы

 

Қазір, Құдайға шүкір, «балаларымды қалай асыраймын?» деген сұрақтың өзектілігі осыдан 10-20 жыл бұрын кезге қарағанда кәдімгідей кеміді. Бірақ маңызы баланың ішіп-жемін табудан аз емес, тіпті әлдеқайда қиын өзге бір өзекті мәселе бас көтеруде. 

Бөлісу: 

Жеті өнер

ҚОЙ СОЯ БІЛЕМІЗ БЕ?

Қонақжайлық – қазақ халқының бір сипатына айналған ерекше қасиеттің бірі. Сонау XVII ғасырдан бастап қазақ даласын аралаған батыс-шығыс саяхатшыларының жазбаларына қарасаңыз, айлық жолға шықса да азық алып шықпайтын қазақ сахарасының осы қасиетіне таңдай қағып жатады

Бөлісу: 

Кусто ағайға хат

Кусто ағайға хат

 

Амансыз ба, Кусто ағай!

Менің атым – Әліби, жасым 11-де. Орта мектептің 6Б сыныбында оқимын. Біз – атам, әжем үшеуміз ауылда тұрамыз. Әкем мен апам қалада тұрады. Мен сурет салғанды, кітап оқығанды, табиғат аясында дем алғанды жақсы көремін. Сабақ үлгерімім өте жақсы, ылғи «бестік» бағаға оқимын.

Бөлісу: 

Құттықтаймыз!

Қалекеңнің марапаты

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«Ақ Жайықтың айнасы»

 

«Қазақстан-Орал» телеарнасының құрылғанына 50 жыл толуына арналған мерейтойлық жинақ. 2014 жылы Орал қаласында «Полиграфсервис» баспасынан жарық көрген. 

Бөлісу: 

Кемпірқосақ

Рафаэль Слекенов

1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін үздік бітірген. 1999 жылы республикалық «Шабыт» (Астана) фестивалінің, 2000 жылы жас суретшілердің халықаралық «Жігер» фестивалінің (Алматы) лауреаты. 2001 жылығ «Шабыт» фестивалінің 1 сыйлығын алған. 2001 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 

Бөлісу: 

Көне сурет

Көне сурет

Бөлісу: 

Саңлақ

Өтеген ЖҰМАШЕВ,

күйші, домбырашы:

 

«Ақілмені» ала алмай қалғаныма өкінемін...»

Бөлісу: 

Жәдігер

Сиқырлы айнаның сыры

 

Айна – бәрімізге бала кезден таныс бұйым. Бұл – адамзат баласы ойлап тапқан ең алғашқы ғажайыптың бірі. Айнаның басты қасиеті – қоршаған әлем мен өзіміз көре алмайтын бет-жүзімізді бізге көрсете алатындығында. Мұның өзі, ғажайып сиқыр емес пе? Африка, Австралия аборигендері айнаның кішкене жарықшасы үшін отарлаушыларға қолындағы бар байлығын бергені тарихтан мәлім. Сонда қоладан жасалған алғашқы айналар сыры неде, оны ұғыну үшін біз археология ғылымына үңілуіміз керек. 

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Естеміс қорымы

 

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты Мәстексай ауылының құбыла бағытында 4,5 шақырым жерде «Естеміс қорымы» атты көне зират бар. Осы жерге бізді бастап барып, зерттеу жұмысымызды ұйымдастырушы – осы қорымда жатқан аталардың тікелей ұрпағы, өзінің бесінші атасы Бегімге дейінгі бөкейлік алашаны бес саусақтай тарата білетін Тыныштық аға Өтешқалиев еді.

Бөлісу: