1 (12)-2014

Манчестерде оқып жүр...

 

Ақылбек КЕНЖЕҒАЛИЕВ – Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің І курс студенті. «Болашақ» бағдарламасы негізінде оқып жатқан қазақ жастарының бірі. Қазақы болмысынан қарапайым ауыл баласы екендігін айқындап тұрған иманжүзді жігіт білім бәйгесіне ат қосып, маңдай терімен біраз жетістікке жетіпті.

Бөлісу: 

Айбалта

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Алтын Орда» залы экспозициясында қазақ батырының қару-жарағы – бес қаруы көрсетілген.

Бөлісу: 

Азаттық

 

Тақсайдан табылған «алтын адам»

 

2012 жылы күзде Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының археологтары Теректі ауданынан «Алтын адам» тапқаны хабарланған болатын. «Тақсай» кешенінде жүргізілген қазба жұмыстары барысында ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек бай әйелдің жерленген орны табылған. Қабірде әйел адамның алтын әшекей бұйымдары, ерекше шошақ төбелі алтындаған баскиім қалдығы, соғыс көрінісі бейнеленген тарақша (гребень) т.б. көптеген зат болған екен. Табылған алтын бұйымдардың салмағы 3 келіге жуық!

Бөлісу: 

Көрерменнің көңілінен шыққан фильм

 

Жақында қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы, 1911-1913 жылдар аралығында алдымен Бөкейордасы, кейін Орал қаласынан шыққан «Қазақстан» газеті туралы деректі фильм жарық көрді.

Бөлісу: 

“Қызыл тудың” қаламгерлері

Бұл сурет Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында тұратын 80 жасар Роза әже Медешованың жеке архивінен алынған. Ол – 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілген журналист Медеш Оралдиевтің қызы. Суретте Медеш Оралдиев екінші қатарда, оң жақтан екінші отыр.

Бөлісу: 

Алақай!

 

Қарынбайдың малы

 

Мұсаның заманында Қарынбай деген бай болыпты. Малы қисапсыз болса да, өзі сараң екен. Таңертең атына мінсе, төрт түлігін ақшамда әрең аралап бітеді екен. Малын азсынып, Құдайдан «бұдан да көп мал бер» деп тілейді. Тілеуі қабыл болып, малы көбейеді. Ол малын айлап санайды. Байыған сайын, сараңдана береді.

Бөлісу: 

Алдаспан

 

Дүйсенғазы жыршы

 

Қазақ қашан да өнерге, соның ішінде ақын мен жыршыға бай халық десек те, жыраулық өнердің бүгінін бір кезеңдерде өмір сүріп, кейін мүл-де құрып кеткен динозаврлардың та-рихымен салыстырғандай кепке енге-німіз жасырын емес. Өйткені жалпақ жұртымыздың ішінен бұрынғының хиссасын, батырлар жырын таңды таңға ұрып жырлайтын жыршыны таппай қалғанымыз шындық. Оны айтасыз, қазіргі кезде бір ғана жыр, мәселен, «Қобыланды батыр», «Ал-памыс батыр» немесе «Қыз Жібекті» басынан аяғына дейін толық жырлай-тын жанды кезіктіру оңайға соға қояр ма екен? Ал ұлттық салт-сананың, тәрбиенің ең асыл көзі, мәйегі сол жыр-дастандарда емес пе?

Бөлісу: 

Халық тарих толқынында

 

«DANA.kaz» журналының өткен №6 (7) санында «Байбақтыда Наушадай батыр өткен...» атты Қазбек Құттымұратұлының мақаласы басылып, азаттықты ту еткен тұлға төңірегіндегі біраз мәлімет оқырман қауымға жеткен еді. Осыған орай батыр тарихынан сыр шертетін қолда бар деректер негізінде ой қосып, пікір бөлісуді жөн көрдік.

Бөлісу: 

Меценат

 

Соналы болысы Сарғожин

1891 Теке (Орал) қаласына орыс патшасының мирасқоры Николай Романовтың келуі құрметіне салтанат – ат жарысы, күрес, түрлі спорт ойындары ұйымдастырылады.

Бөлісу: 

Ақжарма

– Қазақ баспасөзінде өзіндік биігін қалыптастырып үлгерген «Dana.kaz» журналының алғашқы саны жарық көргеннен-ақ оқырман жүрегіне жол тапты деп ойлаймын.

Бөлісу: 

Қандастар

Қазандағы қазақтар

Жақында Ресей Федерациясында-ғы Қазан қаласына жол шығып, ондағы қазақ зиялы қауымы өкілдерімен жүз-десудің сәті түсті. Алдымен елден апар-ған жаңа басылымдар мен кітаптардан тарту жасадым. Татарстандағы қазақ-тардың ұлттық мәдени автономия ор-талығы Қазан қаласында 1989 жылы құрылған екен. Оның құрамына білім-ғылым жолындағы екі мыңға жуық сту-дент пен аспирант Қазақ жастары кіріп-ті. Батыржан Кенжетаев, Далихан Таубаев, Мәди Бексұлтанов бастаған жастар Қазан авиация институтының зертхана меңгерушісі Сағит Жақсыбаев-қа қазақ жастарына төраға болу ұсыны-сын білдіреді. Міне, 1991 жылдан бері Татарстандағы қазақ ұлттық мәдени автономия орталығын Сағит Көдебай-ұлы басқарып келеді екен.

Бөлісу: 

Жас қалам

Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облыстық жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Орал қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері арасында «Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы: зорлық бар жерде отбасы жоқ» атты тақырыпта шығарма байқауын өткізген екен. Төменде сол байқаудың жүлдегері Сымбат Самиғоллинаның шағын әңгімесін ұсынып отырмыз.

Бөлісу: 

Алашорда

Қаратөбедегі қазақ съезіне ескерткіш

 

1917-1919 жылдары Батыс Қазақстан өңірінде Орал қазақтары-ның бес съезі өткен. Оның алғашқы-сы – 1917 жылы 19-22 сәуірде Орал қаласында, екіншісі – 1917 жылы 2-6 шілде аралығында Ойылда, үшіншісі – 1918 жылы 18 ақпанда Қаратөбеде, төртіншісі – 1918 жылы 18 мамырда Жымпитыда, бесіншісі – 1919 жылы 19 қарашада Жымпитыда (кей деректе Қызылқоғада деп көрсетеді – авторы Д.Сүлейменова)

Бөлісу: 

Сөз сыры

...Жетеу, сегізеу емес!?

 

Тіліміздегі жинақтау сан есімдерін жасаушы -ау (-еу) аффиксінің 1-ден 7-ге дейін ғана қосылуы қызық құбылыс. 1977 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» осылай тұжырым жасайды. Бірақ татар, құмық тілдерінде сегізеу, тоғызау, онау деп жалғаса береді. Бізде неге жетімен тоқтайды?

Бөлісу: 

Қазына

Ел ішінде ата-бабасынан қалған кітап, көне жазба, тарихи жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтап отырғандар көп. Әулеттің ең құнды мұрасы саналып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіліп отыратын мұндай жәдігерлерді көпшілікке таныстыру мақсатында «DANA.kaz» журналы жаңа айдар ашып отыр. Айдардың алғашқы қонағы – ақын Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА.

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Әлжан сордағы құлпытас

 

Теректі ауданында ел-жұрт шипалы санап, ыстықта тұзды балшығына шомылатын Әлжан сордың күнбатыс жағындағы көне қорымнан түсірілген. Осы қауымда жерге аты берілген Әлжан Есіргемесұлының да құлпытасы бар.


 

Бөлісу: