7 (8)-2013

Ойлы оқырман, армысың!

 


 

 

 

Міне, күз де жетіп, қыркүйек басталды. Жазғы демалыс кезінде қоғамда тыныштық орнап, мамыражай қалыпқа түссе, қыркүйекпен бірге қарбалас қозғалыс қайта басталатындай. Мектептерде қоңырау соғылып, университеттердің оқу залдары да студентке толады. Жаз бойы ұйықтамаса да мызғып алғандай болған саясаттың да көрігі қызып, қым-қуыт тірліктің қазаны қайнайды. Осылай уақыт дөңгелегі айнала бермек.

Бөлісу: 

Жан азығы

 

Қазақта «бұл дүниеде  бақытты болғың келсе – саудамен айналыс, о дүниеде бақытты болғың келсе – дінмен айналыс, екі дүниеде бірдей бақытты болғың келсе – білім, ғылыммен айналыс» дейді. Менің осыған қосарым – біздің қазақ  екі дүниеде қатар бақытты болғысы келсе, білім, ғылыммен қатар ұлттық тәрбиемен айналысуы қажет. Ұлттық тәрбие біздің салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз, мемлекеттілігіміздің белгісі деп те атауға болады. Шынайы ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ әдебиет, тарих, тіл, дінді терең білу арқылы иманды әрі еліміздің нағыз жанашыры,  қорғаншысы  болары  анық.  

Бүгінде біздің нағыз әлсіз тұсымыз – әр отбасының бала-шағасына жүйелі ұлттық тәрбие беруден аса осалдық танытып тұрғаны. Бұған себеп – Ресейдің патша үкіметінің отарлау саясатын Кеңес үкіметі аса ыждағаттықпен жалғастыруы қазақты ұлттық санасынан айыру үшін ғасырлардан қалыптасқан жүйелі ұлттық тәрбиемізді жоюда аяусыз көптеген жұмыстар жүргізуі. Бұның әсері тек қарапайым адамдарға емес, тіпті Кеңес үкіметінің тұсында барша елімізге танылып, бүгінде ұлы тұлғаларға теңеп жүрген асылдарымызға да әсер етті.

Бөлісу: 

“Еліме еңбек ету – басты мақсатым”



 

Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ – Орал қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 2012 жылғы түлегі. Қазір ол «Халықаралық қатынастар және экономика» мамандығы бойынша Варшава қаласындағы Вистула университетінде оқиды.

Арыстанбек жазғы демалысқа елге келгенде онымен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен болатын.

 

– Арыстанбек, шетелге барып білім алуыңа түрткі болған қандай жағдай еді?

– Лицейде оқыған кезімде оқушылар арасындағы республикалық пәндік олимпиадада ағылшын тілінен алған күміс жүлдем және оқудағы басқа да жетістіктерім себеп болды. Варшава университетінен біздің қазақ-түрік лицейінің түлектеріне арнап екі грант бөлінген еді. Осыған орай лицейдегі ұстаздарым маған ұсыныс жасады. Мен оқып жатқан университеттің мақсаты – өзіне шетелден келіп оқитын студенттерді көбірек тарту. Қазіргі таңда онда 35 мемлекеттің өкілі білім алуда. Осы себепті Варшава университетіндегі білім беру деңгейі жоғары қарқынмен дамып келеді. Мен білім алатын оқу орны Польша университеттері арасында білім сапасы жағынан 6-орында.

 

Бөлісу: 

Мөр – құжаттарды куәландыратын белгі

 


 

БҚО тарихи-өлкетану музейінің Экспозиция жәнеБатыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында мөрлердің ағаштан, тастан, әйнектен, металдан жасалған, әр дәуірге жататын түрлері сақталған.

 

Солардың ішінде бір мөр ерекше көзге түседі. Оның бетінде араб жазбалары бар. Аталмыш мөрді Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында тұратын 10-сынып оқушысы Өмірбек Иргазиев кездейсоқ тауып алып, 1962 жылы музей қорына тапсырған еді. Мөр дөңгелек пішінді, диаметрі 3 см ақ металдан жасалып, бетіне араб әріптерімен жазу жазылған.

Бөлісу: 

«Қыз Жібек» жырындағы қателік

 


 

Әйгілі Мұхтар Әуезовтің өзі: «Әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген және қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі» деп сипаттаған «Қыз Жібек» жырының қазіргі нұсқасында өрескел қателік орын алып, бір әулеттің сүйегіне таңба болып жүргенін білеміз бе?

 

Оқиға қай заманда болған?

Зерттеушілердің барлығы да бірауыздан «Қыз Жібек» жырының шынайы болған оқиғадан туғанын айтады. Мұхтар Әуезов 1948 жылы жазылған зерттеуінде: «Жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. Мөлшермен айтқанда, «Қыз Жібек» әңгімесі XVII ғасырда туғанға ұқсайды» деген жорамал келтірген.

Бөлісу: 

№1 «Қазақстан барысы» Қаратөбеден шыққан

 


 

Өз ауылының намысын боз кілемде қорғап, белдесіп жүрген палуандар әр жерде де болған ғой. Олардың өздері өмірден өтсе де, есімі, күрескендегі айла-тәсілдері, қара күші күні бүгінге дейін әңгіме болып, ауыздан ауызға тарап келеді. Соңғы жылдары ұлттық күрес өнері насихатталып, «Қазақстан барысы» атты сайыс өткізіле бастағаны мәлім. Ал бір кездегі барша қазақ даласында қарсылас шыдатпаған түйе палуандар Қаратөбеден де шығыпты...

 

Ерен күштің иесі Еңсеп

Ендігі әңгіме палуан Еңсеп Досқалиев жайлы болмақ. Атырау облысының Қызылқоға ауданының Тайсойған құмының теріскей беті – ысық Сейділдің баласы Қарақұрсақ-тан тарайтындардың ежелгі қонысы. Қарақұрсақтан Бекпентай, Әлмағамбет, Жұмаш, Қатайдар, Дүйсе деген бес бала тараған.

Бекпентайдың Кенже, Әбіш, Досқали деген үш баласы болған. Олардың қыстауы – Тайсойған. Жаз жайлауы кей жылы Қаратөбеде, кей жылы Ойыл бойында болыпты.

Бөлісу: 

Жеңісіне жер алған Жетпіс палуан


Қазақ даласы қай уақытта да орасан зор қара күш иесінен, батырлар мен палуандардан кенде болмаған. Есімі елімізге мәшһүр атақты Балуан шолақ, өнерімен әлем жұртын таң қалдырған Қажымұқан Мұңайтпасов немесе журналымыздың осы санында жария болып отырған Еңсеп Досқалиев сынды жойқын күш пен әдіс иесі ерлерді бұрынғы батыр бабалардың сарқыты десек болады. Ал олардың ішінде бір жағы кешегі салқын саясаттың салдары, бір жағы уақыттың өтуімен ұрпақ жадынан ұмытылып бара жатқан-дары қаншама? Құдай дарытқан ерекше қажыр-қайратымен ағайын-тума, халқының қорғаны болып, жұртының жоғын жоқтаған сондай ерлердің бірі – Жетпіс палуан.

Бөлісу: 

Редакциядан:

Өлеңті мен Сайқұдық елді мекендерінің арасында Мәулім Таналардың Құттыбай аталатын ескі қорымы бар. Осы екі ауыл тұрғындары палуан құлпытасын нақты нұсқай алмаса да, үлкендерден естіген әңгімелері бойынша “Жетпіс ата осы Құттыбай қорымына жерленген” деседі. Сайқұдық ауылының тұрғындары Еркін Нығметов және Сұлтанғали Есепов бізді аталған қорымға «Осында Жетпіс атамыздың құлпытасы бар» деп бастап барған еді. Бірақ құлпытас жазуларының көмескіленуіне байланысты әріптері анық оқылмады.

Журналымыздың алдыңғы санында жарияланған, Науша батырдың жатқан жерін дәл көрсетіп берген өлеңтілік Наурызбай Әбілқайыров ағамыз да Жетпіс палуанның нын айтады.Құттыбай қауымына жерленгеніне шүбә келтірмейді. Ол Құттыбай қауымы маңында бүгінде кеуіп кеткен, бұрын Жетпіс атымен аталған көл болғанын айтады.

Бөлісу: 

Сырыңды аш, көне кесене!

Тарих ғылымдарының докторы Серік Әжіғали ағамыздың «Көшпелілер архитектурасы» атты керемет еңбегі бар. Онда қазақ халқының дүниеден өткен адамдарын жерлеу мәдениеті, кесене салу дәстүрі, көне балбалдардан күні бүгінге дейінгі құлпытастар туралы кеңінен баяндалады.

Бөлісу: 

Тойқожа бейіті

Ақжайық ауданы,Базартөбе ауылдық округі аумағында,Сексен елді мекені тұсында орналасқан.Құлап бітуге таяу.Құлпытастардың бірі 1830 жылы 93 жасында опат болған асан тана руының адамына арналған.

Сурет 2010 жылы 29 мамыр күні түсірілді. 

Бөлісу: 

Жұмыр-Сасық қауымы


 

Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінде, Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылдық округі Төлен ауылынан батысқа қарай 10-15 шақырымдай жерде. ХІХ ғасырда белгілі тұлғалар, байбақты руының старшындары жерленген қорым. Құлпытастар сақталмаған. Кесене құлаған.

Сурет 2010 жылы 30 мамыр күні түсірілді.

Бөлісу: 

Керік моласы


 

Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінде, Жаманқұдық ауылынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Құлпытасы бірнеше жерінен сынып, құлап түскен. Ел аңызына қарағанда, Керік есімді әйелге қойылған. Сақталуы жақсы.

Сурет 2010 жылы 30 мамыр күні түсірілді.

Бөлісу: 

Үкі би мазары


 

Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі Қызылжар ауылында орналасқан. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған, кезінде төбесі күмбездеп жабылған секілді, қазір құлап түскен. Үкі би – тарихи тұлға, байбақты руының қожамсүгір бөлімінен тарайды. Кейбір деректерге қарағанда, Үкі би Сырым Датұлымен бірге Хиуаға барған.

Сурет 2010 жылы 28 мамыр күні түсірілген.

Бөлісу: 

Шошақ мола немесе «Қыз моласы»


 

Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің орталығы – Қосарал ауылы маңында орна-ласқан. Алаша руына тиесілі әйел адамға арнап 1858 жылы салынған. Құлпытасы сақталған, оның мәтіні журналымыздың өткен №6 санында жарияланды.

Сурет 2013 жылы 17 сәуірде түсірілген.

Бөлісу: 

Айт мазары

 


 

Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің Тұщықара мекенінде, Егіндікөл ауылынан шығысқа қарай 18-20 шақырымдай, Қалдығайты өзенінің оң жағында орналасқан. Құлпытасы жоқ. 8х8 метр пирамида түрінде салынған, биіктігі 6 метрдей, қабырғасының қалыңдығы 2 метрге жуық. Сақталуы біршама жақсы, төменгі жағы мүжіле бастаған.

Сурет 2011 жылы 9 шілде күні түсірілген.

Бөлісу: 

Қашарсойған мазары

 


 

Ақжайық ауданы Тайпақ өңіріндегі Базаршолан ауылдық округі аумағында орналасқан. Сегіз қырлы, ерекше үлгімен салынған құрылыс. Төбесі құлай бастаған. Құлпытасы бар, ысық руына тиесілі.

Сурет 2012 жылғы 26 мамыр күні түсірілген.

Бөлісу: 

Құмқұдық мекеніндегі белгісіз мазар


 

Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі аумағында орналасқан. Мазар құлап, жойылуға жақындаған, ал құлпытасы ерекше – 8 қырлы, әр қырында жазу немесе ою-өрнек салынған.

Сурет 2010 жылы 30 мамыр күні түсірілді.

Бөлісу: 

Таймас мазары


 

Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінде орналасқан. Кезінде қатар салынған үш кесененің екеуі құлап, біреуі ғана қалған. Ол да құлағалы тұр. Байбақты руының құл тармағына қарай-тын азаматтар жерленген.

Сурет 2013 жылғы 6 шілде күні түсірілген.

Бөлісу: 

Үркін-Сәти мазары


 

Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің аумағында, Жаңақұдық мекенінде, Сәтбор кенішіне жақын орналасқан. Масқар руынан шыққан батырларға қойылған. Сақталуы нашар, құлап, таусылуға айналған.

Сурет 2013 жылғы 6 шілде күні түсірілген.

Бөлісу: 

Далбан моласы


 

Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінде, Саспан деген жерде орналасқан. Ысық руынан шыққан батыр әрі барымташыға арнап салынған. Көне құлпытасы сақталмаған, заманауи белгісі бар. Құлай бастаған.

Сурет 2013 жылғы 6 шілде күні түсірілген.

Бөлісу: 

Қызылоба мекеніндегі кесене

Бөлісу: 

Мұрагер

Өлеңті мен Сайқұдық елді мекендерінің арасында Мәулім Таналардың Құттыбай аталатын ескі қорымы бар. Осы екі ауыл тұрғындары палуан құлпытасын нақты нұсқай алмаса да, үлкендерден естіген әңгімелері бойынша “Жетпіс ата осы Құттыбай қорымына жерленген” деседі. Сайқұдық ауылының тұрғындары Еркін Нығметов және Сұлтанғали Есепов бізді аталған қорымға «Осында Жетпіс атамыздың құлпытасы бар» деп бастап барған еді. Бірақ құлпытас жазуларының көмескіленуіне байланысты әріптері анық оқылмады.

Журналымыздың алдыңғы санында жарияланған, Науша батырдың жатқан жерін дәл көрсетіп берген өлеңтілік Наурызбай Әбілқайыров ағамыз да Жетпіс палуанның нын айтады.Құттыбай қауымына жерленгеніне шүбә келтірмейді. Ол Құттыбай қауымы маңында бүгінде кеуіп кеткен, бұрын Жетпіс атымен аталған көл болғанын айтады.

Бөлісу: 

Анажан

 


 

Ақ сүтін  баладан

Аямас  –  балажан.

Ардақтап  сүйеміз

Аман  бол,  анажан.

 

Ана  –  біздің  күніміз,

Ананың  біз  гүліміз.

Ұландарды  қуантып,

Ұзақ  өмір  сүріңіз!

 

Әдібай Т

Бөлісу: 

«Біз бір жылдай Өлеңтіде тұрдық»

 


 

Жұбан Молдағалиев – өршіл де асқақ Махамбет рухымен үндестік тапқан, ұлтымыздың ұятына, күллі алаш жұртының ар-намысына айналған азамат ақын. Сұрапыл соғыстың қан майданында жүріп жазған алғашқы өлеңдерінен бастап, өмірінің соңғы тұсындағы жазған жырларына дейін ақын жүрегі елінің, жерінің тынысымен бірге соқты. “Жеңіс жырларымен” жарқ еткен жас ақын “Мен – қазақпын!” деп қасқая қарсы сөйлер хас ақынға айналды. Тоталитарлық қоғамның жиынтық бейнесін жасаған “Хатшыға хат” өлеңінен-ақ ақынның өзіндік өрлігін, биік парасатын пайымдауымызға болады. “Асан боп туып қазақтар, Өледі Асан Қайғы боп” деп халқымыздың сан ғасырлық трагедиясын екі-ақ жолға сыйғыза жырлады. Қадірше айтсақ: “өзі де Асан боп туып, Асан Қайғы боп өліп aкеткендердің бірі” еді...

Бөлісу: 

Қуаныш АМАНДЫҚОВ

 


 

1971 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Қоскөл ауылында туған. Дәулеткерей атындағы Орал мәдениет институтын режиссура мамандығы бойынша бітірді. Қазір Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының белді артисі.

Бөлісу: 

Қадірменді Ғаділше!

 


 

Аман-саумысыз?!

Кітабыңызды  екі  апта  бұрын  алғанмын.  Рақмет!

Парақтап  шықтым.  Пайдалы,  қажетті,  парасатты  еңбек  екеніне  көз  жеткіздім.

Кейбір тараулары маған таныс көрінді. Сірә, кей жерлерден оқыған болуым керек.

Әсіре  зер  салғаным  –  суреттері  мен  қосымшасы.

Еңбегіңіз  жана  берсін!

Бөлісу: 

«Иа, Сәт!»

Бөлісу: 

Жаһаншаның “Мерседесі” қайда екен?!

 


 

ХХ ғасырдың басындағы Алашорда тарихына қатысты ақтаңдақ әлі көп. Соның бірі Алашорданың батыс қанаты – Ойыл уәләятына қатысты. Жаһанша мен Халел Досмұхамедұлдары басқарған Батыс Алашорда аз уақыт тұрса да, өз әскерін, милициясын, банкін, газетін, тағы басқа маңызды мемлекеттік құрылымдарын құрып үлгерген екен.

 

Иә, Батыс Алашорданың өз әскері болғанын, Ойылда юнкерлер мектебін, Жымпитыда милиция мектебін ашқанын, онда кәсіби әскерилер сабақ бергенін бүгінде көп адам біле бермейді. Алашордашылар Уақытша үкіметтің Самарадағы кеңсесі – «Учредительное собраниемен» («Ко-мич») келісімге келіп, одақтас ретінде көп көмек алған. Жазушы Әнес Сарайдың айтуынша, бұлар Алаш әскеріне 2 млн. сом ақша, 3000 әскерге киім-кешек, қару-жарақ беріпті. Ал Батыс Алашордаға арнайы 2000 мылтық, 37 пулемет, 2 зеңбірек, 2 автомобиль берілген.

Бөлісу: 

Хан ордасындағы құлпытас

 


 

 

Ермекжан ханым Шыңғали сұлтан қызы

Мына құлпытас – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан кесенесінің сол жағында, кесенеге ең жақын тұрған құлпытас. Қазақ тарихындағы бірнеше айтулы тұлғаға туыстығы бар. Біріншіден – Жәңгір ханның келіні, Сейіткерей Жәңгірхан ұлының әйелі. Екіншіден – атақты Шәңгерей ақынның анасы. Үшіншіден – Мәншүк Мәметованың нағашы апасы.

Құлпытастағы жазу: «Һәзәл қабр, әл мархум, әл мадфун» – мағынасы: Қабыр иесі қамқорлық, мейірімділік көрсетер жердегі, жерленген». «Кічі юз қазақ юртының ханы Әбулхаир ұғлы Нұралі хан ұғлы Орхан сұлтан ұғлы Чинғали сұлтанның қызы Ермекжан ханым, сұлтан Сейткерей Жиhангирхан ұғлының заужаты офат 31 яшнде 1850-інчі ил, әсет» деген жазулар бар.

Бұқар жыраудың Абылайға: «Отының болсын жантақ-тан, Қатының болсын қалмақтан. Сегіз қиыр шартарап, Жатып төрде салмақтан» - дегеніне құлақ асқандай, Нұралы ханның Ырыс атты әйелі қалмақ болатын. Сол Ырыстан туған Орман сұлтанның азан шақырып қойған аты Орхан деп ойлаймын. Қиямет күні махшар алаңында азан шақырылған атпен шақырылатын болғасын құлпыға дұрыс есімін жазуы түсінікті.

Бөлісу: 

Мыңбай ата қауымындағы

Бөлісу: 

Құбаша қауымындағы дөңгелек құлпытас


 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округіне қарасты Құбаша қауымында жатқан дөңгелек құлпытас.

Бөлісу: 

Құнан бейітіндегі қос құлпытас


 

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылдық округі аумағындағы көне бейіт. Ел аузында «Құнан» немесе «Үш мола» атанған. Кезінде бірнеше биік шошақ мола болғаны байқалады. Қорымда құлап жатқан, жартылай көміліп қалған құлпытастар көп. Бұл қос құлпытас жартылай құлап, жойылуға жақындаған кесененің батыс жағында орналасқан.

Бөлісу: