6 (7)-2013

Армысыз, әлеумет!

Орал қаласынан «DANA.kaz» тарихи-танымдық журналы жарық көре бастағанына да жетінші айға аяқ басты. Өлкетану шежіресіне, соның ішінде Батыс Қазақстан өңіріне қатысты тың дерек, қызықты мақалаларға мол орын беріп отырған журналымыздың әр санын асыға күтетін оқырман шоғыры да қалыптасып келеді. Әсіресе, осындай салалық журналдың пайда болғанына қуанып, тың да тосын деректерімен бөлісіп отырған авторларымызға, кәсіби тарихшыларға айтар алғысымыз мол.

Бөлісу: 

Жан азығы

«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» дейді Абай атамыз. Бүгінгі қала жағдайында тірлігіміз қалай? Таңертең тұрамыз, тамағымызды ішіп алып жұмысқа барамыз. Кешкісін шаршап-шалдығып үйге келіп, тамақтанып ұйқыға кетеміз. Осылайша бір-біріне ұқсас күндер зымырап өте шығады. Ай өткен соң осы қызметің үшін жалақыңды алып, мәз-мейрам боп керек-жарағыңды алып, келесі айдың айналымына кете барасың. Ал бұл кім үшін? Әрине, өзің және отбасыңның тамағы, киімі, оқуы, тағы басқа қажет материалдық дүниелерді алып, жайбарақат өмір сүруің үшін. Біреулер «бәрі де бала-шаға, жанұя асырау үшін, сананы тұрмыс билеген заман ғой» дейді. Сонда көпшілігіміз жалақы үшін жалданып тек өзіміз, қара бастың қамы үшін күнелтіп жүргеніміз ғой. Бірі бұған «біз мемлекеттік қызметті атқарып жүріп-ақ елге қызмет етіп жүрміз» дейді. Сонда ел үшін ақы төлесе ғана қызмет етеміз бе?

Бөлісу: 

Болашақ

  Әуелі өзіңіз туралы айтып берсеңіз. Қандай отбасында дүниеге келдіңіз? Шет елге сапар шекпестен бұрын қандай ортада болд«Қазақта да жігерлі әрі білімді жастардың бар екендігін дәлелдеуіміз керек!»

Бөлісу: 

Орал қаласының іргетасы – Жайық қалашығы

2001 жылы «Ақсай- Үлкен Шаған- Атырау» құбыр жолы бойын тексеру жұмыстары кезінде Орал қаласының жанынан ортағасырлық көне шаһар орны табылған болатын. 2005 жылы ескерткішке «Жайық қалашығы» атауы берілді. Көне шаһар орнында 2002-2005 жылдары Алматыдағы Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының қызметкерлері мен Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының мамандары бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2012 жылдан бастап облыстық орталық мамандары зерттеу жұмыстарын қайта жалғастыра бастады.

Бөлісу: 

«Біз таппаған қалалар бар Жайықта...»

2013 жылы наурыз айының соңында Қазан қаласында Алтын Орда тарихына арналған ІІ халықаралық ғылыми форум өтті. Оған әлемнің 17 елінен ғалымдар қатысты. Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының мамандары да осы форумға арнайы шақырту алған болатын. Форумда профессор М.Сыдықов Батыс Қазақстандағы ортағасырлық қалалар туралы баяндама жасады. Жайық бойында болған көне шаһарлар туралы болжам көптен айтылғанымен, осы кезге дейін оны ешкім нақты дәлелдей алмаған. Сондықтан Мұрат Наурызғалиұлының баяндамасы форумның сенсациясы ретінде қабылданды. Біз төменде профессор М.Сыдықовтың Батыс Қазақстандағы қала мәдениеті туралы мақаласын ұсынып отырмыз.

Бөлісу: 

Алтын Орда кезінде 210 шаһар болған

Орал қаласында 2012 жылдың қыркүйек айында «Жайық өзені алабындағы ортағасырлық қала мәдениеті және көшпенділер өркениеті» атты халықаралық ғылыми конференция өткен болатын.

Конференция жұмысына қатысуға 8 мемлекеттен 67 ғалым ынта білдіріп, баяндама жолдаса, солардың жартысынан астамы Оралда бас қосты. Олардың арасында ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов, Ресей ҒА Археология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марина Мошкова, Нидерланд елінен келген ғалым, Еуроодақ кеңесшісі Босх Рикс, Сока (Жапония) университетінің профессоры Һаяши Тошио, Ә.Марғұлан атындағы Археология институты Астана филиалының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашев, әйгілі реставратор Қырым Алтынбеков, «Арқайым» тарихи-мәдени қорығы (Ресей, Челябинскі) директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Геннадий Зданович, тағы басқалары бар.

Бөлісу: 

Халелдің Ташкенттегі қызметі

Алаш арыстарының бірі Халел Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл толды. Жақында осы датаға орай Батыс Қазақстан облысында «Батыс Алашорда тарихы: кеше, бүгін және ертең» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. Төменде алаштанушы ғалым Х.Тұрсынның Халелдің Түркістандағы қызметіне қатысты зерттеуін ұсынып отырмыз.

Бөлісу: 

Бесік жыры

Әй-әй  бөпем,  әй  бөпем.

Ән  айтайын,  бал  бөпем.

Ән  тыңдағың  келсе  егер,

Және  айтайын,  жан  көкем...

Бөлісу: 

Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына:

Анау тағаны, балам, ала жүр! - дейді. Бала әкесіне:

 Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - дейді.

Әкесі үндемейді. Тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді.

Бөлісу: 

«Салы суға кетті»

Қазақта «Елдің ішін ала тайдай бүлдірген» деген сөз бар. Бірақ «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» де, соңынан толықтырылып жарық көрген  «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» де бұл туралы жұмған аузын ашпай кетеді. Жалғыз-ақ «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» ғана: «Лаң, бүлік салды, атыстырып шабыстырды; астан-кестені шықты», - деген мағынасын ашып көрсетіп, мысал келтіреді. Болды. Басқа ақпар мәлімет жоқ.

Бөлісу: 

Байбақтыда Наушадай батыр өткен...

(«Бес ғасыр жырлайды2002 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясында байбақты руының белгілі батыры Науша Қаржауұлы туралы біраз дерек келтірілген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Жәңгір ханның озбырлығына қарсы бүкіл Бөкей ордасын шарпыған толқуда қол бастаған Наушаның есімі архив құжаттарында да көп кездеседі.
Бөлісу: 

Жәнібектің Жанғалиы

Біздің қазақта тас жарарлық таланты болса да, танылмай кеткен тұлғалар өте көп. Солардың бірі – жәнібектік ақын Жанғали Мырзалиев. Тірі болса, 65 жасын тойлап отыратын ағамыздың есімін бүгінде әдебиетсүйгіш қауымның өзі біле бермейді. Оған себеп – ақынның талайлы тағдыры ма, халқының ұмытшақтығы ма, белгісіз...

   Жанғали Мырзалиев 1948 жылы 16 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. Жас кезінде алғыр болып, мектепті бірден үшінші сыныптан бастап оқыпты. Ақоба ауылында сегізінші сыныпқа дейін білім алып, орта мектепті аудан орталығынан, Жәнібектен бітірген. Оқушы кезінен жас тілшілер құрамында аудандық газетте жұмыс істеп, алғыр да талапты жан болған екен.

Бөлісу: 

Күй анасының камзолы

Күні бүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ата-баба тарихын қастерлеп, өткен тарихтың дәлеліндей болып келе жатқан көне жәдігерге өте бай. Солардың бірі «Өнер» залында көненің көзіндей болып қазақ күй өнерінің хас шебері Дина әжеміздің киген камзолы экспозицияға қойылған.

Камзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат матадан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі оюмен кестеленіп өрнектеледі. Қамзолдық астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына қамзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Қамзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді.

Бөлісу: 

ЕРЛЕР МЕН ПІРЛЕР

 

(«Төрт батырға» тағы бір үңілгенде)

 

Күні кешеге дейін кез келген дерлік қазақ азаматы баласының батыр болғанын қалап, тілеп келді. Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар.

Әрине, ешкім ұл-қызының мұқтаждықпен күн кешкенін қаламайды, бірақ материалдық игіліктерге құндылықтар шкаласында құрметті орын тек соңғы кезде ғана тие бастады. «Байлық – бақыт кепілі» деген ұстаным ұлтымыздың етіне енді-енді сіңе бастағанда жаһандық дағдарыс келіп, байлыққа қатысты біршама стереотипті шайқалақтатып кетті. Ағыл-тегіл ақша басқасын-басқа қаржылық қауіпсіздікті, яғни қара басының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтыны әшкере болып қалды. Бұл әуелі және, әсіресе, алпауыт Америкада білініп, «естиярымыздың» өзін есеңгіретіп тастағаннан кейін, ол түшкірсе «жәрекімалла» деп, етегінен ұстап үйреніп қалған ішінде біз де бар, бүкіл ел, амал жоқ, өз бетінше тырбанып жол іздеуге кірісті.

Басқаны қайдам, бізде жол біреу. Ол жолға түскеніміздің күмәнсіз көрсеткіштерінің бірі мен бірегейі «балам батыр болсыншы» деп тілеу. Бұл батырлық пен байлықты бір-біріне қарама-қайшы қою емес. Мәселе күн туа қалғанда қайсысы қайсысының садағасы екенінде ғана.

Бөлісу: 

Сыры жұмбақ «Сарыжүйрік»

Жаңақала өңірінде туып-өсіп, кейін полигонға байланысты елді көшіргенде Теректі ауданының Ақжайық өңіріне қоныстанған, осы жерде ұзақ жасап дүниеден өткен Ахметқали Сейітмолдаұлы туралы аңызға бергісіз қызық әңгіме ел ішінде жиі айтылады. Жас кезінде «Ұзын сарыжүйрік» атанған бұл кісінің тылсым қасиеті – адам айтқысыз жүйріктігінде болса керек...

Бөлісу: