4 (5)-2013

Жан азығы

Біздің басты мұратымыз – мәңгілік ел болу. Ата-бабаларымыз бұның табан тірер түп қазығын қадап берді. Енді сапалы етіп іргетасын қалауымыз қажет. Әр ұрпақ өкілі осы бағытта аянбай қызмет етуі тиіс. Әри-не, ең басты үміт пен сенім жастарда. Осы жастарға терең білім, дұрыс тәлім тәрбие, бағыт-бағдар берілсе көздеген мақсаттар-ға жетеріміз анық. Ал бұның негізін балаға ата-ана және кітап береді. Ата-ананың ба-лаға тәрбие беру мәселесі өзекті мәселе болса, кітап оқу мәдениеті де аса маңыз-дылардың бірі. Әйткенмен, бүгінгі жастар кітапқа қарағанда ғаламторда көп отыра-ды. Сондықтан жастарға кітап оқыту мәде-ниетін жаңа технологияның мүмкіншілігін пайдалану арқылы қалыптастыру туралы ойыммен бөліспекпін.

Бөлісу: 

БОЛАШАҚТЫҢ МЕКТЕБІ: ол қандай болмақ?

24 сәуір күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» атты халықаралық оn-lіnе семинар өтті.

Бөлісу: 

Байлықтың кілті

Бабаларымыздың бізге қалдырған өлшеусіз байлығы жер. Әр адамға өзінің туып, өскен жерінен артық жер жоқ. Отансүйгіштік туған жерге деген сүйіспешіліктен басталады.   Туған жердің тарихын терең білген адам елінің шынайы жанашыры, адал қызметшісі болады. Біз үшін туған жердің тарихы құрлықтың кіндігінде орналасқан кең аймақ жерімізді қорғап,  аманаттап жеткізген тарихи тұлғаларымызбен тығыз байланысты.


 

Бөлісу: 

"DANA.kaz" журналының мамыр айындағы санында

Оқырмансыз журнал жетім - Қазбек Құттымұратұлы, журналдың бас редакторы - 3 бет

Жан азығы - Ақбай Баржыұлы - 4 бет

Болашақтың мектебі: ол қандай болмақ? - Елдос Сафуллин, "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары - 5-8 бет . . .

Бөлісу: