3 (4)-2013

Ғұмар ҚАРАШ

(1875-1921)

Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры.

Бөлісу: 

Шолан батыр туралы не білеміз?

Бірден айта кетейік, тарих шығыршығын тұлғалар айнал-дырады десек, төл тарихымызға қатысы бар қаншама тұлғалар тағдыры тарихи талдауға алынбай, зерттеу назарынан тыс қалып, көмескі күйінде қалып отыр. Оған сол баяғы тарихымыздың жұлын тұтасын құрайтын жазба деректердің жеткіліксіздігі, бар жәдігерлердің өзі тиянақты жүйеленбей, ғылыми айналымға толық тартылмауы себепші болса керек. Осыдан келіп, елі үшін атойлап атқа қонған атпал арыстарымыздың артына қалдырған мол рухани мұрасы мен ғұмырнамасын әлі күнге түгендей алмаудамыз.

Бөлісу: 

Малайзиядағы мазмұнды күндер

2011 жылдың мамыр айында экватор сызығының бойында орналасқан мұсылман елі – Малайзия жеріне табаным тиді. Табиғаты таңғажайып, халқы жайлы елде өткен бір ай біз үшін үлкен әсер қалдырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің магистранттарға арналған бағдарламасына сәйкес тәжірибе алмасу мақсатында өткен оқу бағдарламасы ел көріп, жер көріп, басқа мемлекеттен достар табуға мүмкіндік берді.

Бөлісу: 

Жапония жақыннан қарағанда

Арайлым ҚАЙЫРЖАН – 2009 жылы Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейді бітіріп, ҰБТ-дан 121 ұпай жинаған түлек. Сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетіне түскен. Болашақ жапон тілінің маманы, аудармашы.

Бөлісу: 

Тектілік

Біз бүгін ата-бабаларымыздың еңбегінің арқасында  ұлан байтақ кең жердің иесіміз. Бірақ қазіргі кезде «Қазақта бұрын терең білім, тұрақты кәсіп болмаған, ру-руға бөлініп басы қосылмаған» деп, ата-бабаларымыздың бойынан көптеп кемшіліктер таба бастады. Бүгін кемшілік ретінде айтылып отырған институттардың көбі өз заманында жақсы қызмет етіп, оң нәтижесін берді. Әрине, бұрын бәрі де кем-шіліксіз болды деп айту орынсыз. Әйткенмен бабаларымыз-дың (саны жағынан аз болғанмен) жер көлемінің кеңдігінен әлемдегі алғашқы ондыққа кіретіндей жерді мұра етуі еріксіз таң қалдырады.

Бөлісу: 

Біз неге қазақтықтан сақтанамыз?!

Бес күн демалыс, наурыз мейрамын да атап өттік. Басқа күні көп қолданылмай, жинаулы тұратын қазақы шапан-камзол-дардың да қыртысы сол күні жазылып, үтіктеліп, жұрт алдына жарқырап шығатынына куәміз. Қандай әдемі! Әсіресе, қос етек көйлек киіп, ерекше құлпырып кететін қыздар қандай?! Шіркін, біздің қазақтың ұлттық киімдері керемет қой! Неге бізге бұл киімдерді наурызда ғана емес, жыл бойы кимеске?!

Бөлісу: 

"ДАНА" журналының сәуір айының санында...

Ғұмар ҚАРАШ
(1875-1921)
Ғұмар Қараш көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры. 

Бөлісу: