2 (3)-2013

Күмбезін күй көмкерген кеш

Ақпанның 22-жаңасында Орал қаласында «Алтын жүрек домбыра» атты күй кеші өтті. Бұл «DANA.kaz» журналының Құрманғазы атындағы Орал саз колледжімен бірігіп ұйымдастырған тұңғыш мәдени шарасы болатын.

Күй кешінің ең басты ерекшелігі – сахнада, концерттік бағдарламаларда көп орындала бермейтін ойлы күйлер осы шарада армансыз шарықтады.

Бөлісу: 

Тақымың қалай, жігіттер?!

Атам қазақ жасы ұлғайған кезде тек ақыл-есін ғана емес, «қойнындағы қалашын» да сақтап қала алғаны туралы дерек аз емес. Сонау жаугершілік заманда қазақтың саны жоғалмауы – «балақтан бала саулатарлық» қасиет біздің халқымызда ортадан жоғары болғаны туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Бұның сырын тағы да салт-дәстүрден іздейміз. Біраз адам қазір бұрынғылардың белдік қуатын ет пен қымызбен байланыстырады.

Бөлісу: 

Жүсіп сұлтан Нұралыханұлының құлпытасы

1748-1786 жылдар аралығында Кіші жүзде хандық құрған Нұралы Әбілхайыр хан ұлының он бірінші баласы Жүсіп сұлтанның зираты қазіргі Ресей Федерациясы, Орынбор облысы, Беляев ауданы аумағында жатыр. Бораншы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4,3 км жердегі мұсылман зираты «Орынбор-Беляевка» күре жолының 84-шақырымы тұсында орналасқан.

Бөлісу: 

Асқат Бекқалиұлы Әбдешев

Асқат Бекқалиұлы Әбдешев 1984 жылы 21 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Карманов ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Кармановка орта мектебін бітірді. 2001-2005 жылдары Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын үздік тәмамдаған. Осы оқу орнына оқытушылыққа қалдырылып, күні бүгінге дейін осы салада жұмыс істеп келеді. Отбасылы, жұбайы, екі баласы өсіп келеді

Бөлісу: 

Қайсар қыздың сезімі мен сенімі

1978 жылдың көктемінде болған сол бір оқиға Тілекқабыл Есқазиевтің есінен бір сәтке де ұмытылған емес. Боз кілемге шығар сәттегі көріністерде оның көз алдында. Мүмкін сол жолы жарысқа қатыспағанда әлде қалай болар еді... Өткен күнді өкінішпен еске алып, арбаға таңылғалы биыл отыз бес жыл болады. Әйтсе де, Ботагөздей адал жар мен ұл-қызының қуанышы, немере-жиеннің тәтті қылығы оның өмірге құштарлығын оятты.

Бөлісу: 

Көне Оралдағы әдеби бірлестік

Төмендегі суретті редакциямыз-ға ұсынған – белгілі өлкетанушы Амантай Боранқұл ағамыз. Сыртындағы жазбаға қарағанда сурет 1934 жылы 1 шілде күні түсірілген болса керек. Бір үстелді айнала орналасқан он адам «Орал облысының ақын-жазушылары, сыншылары, оқытушылары және белсенділері» деп жазылған. Ішінде Абдолла Жұмағалиев, Қасым Аманжолов, Жәрдем Тілеков сынды ақындар және Ораз Исаев бар екені айтылады.

Бөлісу: 

Ой

Мұң шарасыз ой түбінде кірлейді,

Күн бағасыз сүрлеуменен сүрлейді.

Тыныштығын сұрап жердің бетінде,

Тым мазасыз бақыт кезіп жүр дейді.

Бөлісу: 

Жыласаң жетер...

Ғашықтық жәйлы сыр атып барам,

Қызғанышыммен жылатып та алам...

Күн сайын саған жынданып жүріп,

Күн сайын сені ұнатып қалам.

Бөлісу: 

Тәуба...

- Сары қыз, шайдың орнын жинай салшы. Ал мен аздап демалып алайын, - деп баяғы әдетіне басқан Ұлболсын кереуетіне қисая кетті.

Орнынан еріне тұрған сары қыз:

- Жаным-ау, мен сенің бұныңа көнермін, ал ертең егер енең қасқырдың нағыз өзі болса ше? - өз сөзінен өзі қорыққандай әдемі көздері моншақтай дөп-дөңгелек боп кетті.

Бөлісу: 

Жалпақталда, сол кезде...

«DANA.kaz» атты журнал алғаш қолыма тигенде, мұқабадағы сурет пен мақала тақырыбы көзіме оттай басылды. Өйткені, «Қазақ халқын қорғаушылар одағын» құрып, қуғын-сүргінге ұшыраған жалпақталдық жастардың тағдыры маған жақсы таныс болатын.

Бөлісу: 

Қалқаман мен Шолан кім?

Бір байқағанымыз және қатты қынжылғанымыз – біздің тарихта белгілі тұлғаларымыздың туған, дүниеден өткен жылдарын көрсетуде көптеген ала-құлалық бар екен. Мысал келтірер болсақ, Жиембет жырау туралы ізденгенде осындай жағдайға тап боламыз. Көпшілікте Жиембеттің өзінің әйгілі толғауында айтқан Есім ханның замандасы екеніне сүйеніп, нақтылыққа жетуге болады деген пікір бар. Сөйтсек, Есім ханның да хандық құрған жылдары әр деректе әр түрлі көрсетіледі екен. Жә, оның бәрін дәлелдеп жатпай-ақ, осы тақырыпқа үңіліп көрген жан бірден-ақ көзі жететіні ақиқат. Сіз оны айтасыз, архивтерде мұқият түрде қаттаулы, патшаға қараған заманның өкілі деген Сырым Датұлы өмірбаянына да осы айтылған әңгімеміздің қатысы бар.

Бөлісу: 

«Хан жалғыз да біз үшеу...»

«Жиембеттің арғы атасы – ноғайлыдан шыққан атақты Алау батыр. Алау – XVI ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, тарихқа белгілі адам, «Қырымның қырық батырында» жырланатын айтулы тұлғалардың 6ipi. «Алау батыр» жырында Айса баласы Алауға «Есен, Сүйін қалмақты іздейтін болсаң сен балам, Шаттың бойын жағалаған Teмip деген 6ip жер бар» дейді. Шат Жем өзенінің бұрынғы атауы болса, Жем де, Teмip де Ойылмен жапсарлас ағып жатқан өзендер. Және «Әнет батыр» жырында Әнеттің ағасы Алаудың iзін қуып батыр болғаны, Ойылдың 6ip саласы Қиылмен қатар ағатын Қарақобданың Елекке құяр жерінде оншақты үй болып отырғаны жырланады.

Бөлісу: 

Әмет

Ғұмар Қараш құрастырған «Шайыр» жинағынан, Орынбор, 1910

Әз Жәнібек хан үш қайтара той жасапты. Әуелі Астраханды салдырды, екінші даладағы көлге шекер төктіріп, қуды мас етіп, құладынға алдырды, үшінші қарындасы Қанбет сұлуды Мағалы байдың ұлы Тастемірге ұзатты. Осы үш тойға да Асан қайғыны шақыртып еді. Келмеді. Төртіншіде жіберіп алдырады һәм айтады: «А, Асан! Үш қайтара жұрт жиып той еттім, тойыма сені шақырттым. Біреуіне де келмедің, оның себебі не?» Сонда Асан қайғы бүй деп жауап беріпті:

Бөлісу: 

Асан қайғы СӘБИТҰЛЫ:

Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің

Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Бөлісу: 

Асан қайғы СӘБИТҰЛЫ:

Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің

Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Бөлісу: 

Асан қайғы: аңыз бен ақиқат

Құрметті оқырман!

Асан қайғының өзінің және оған қатысты шығарылған жыр-шумақтардағы, зерттеушілердің еңбектеріндегі елдімекен, жер-су атаулары бабамыздың өмір сүрген кезеңін және қай аймақтарда болғандығын топшылауға бағыт береді. Сондықтан бүгінгі мақалаларымызды түсініп, қорытуға қолайлы болсын деген ниетпен

14 ғасыр (1350-1400 ж.ж.) және 15 ғасырдың ортасында (1465 ж.ж.) қазіргі қазақ даласы көрсетілген карталар-ды арнайы бердік.

Бөлісу: 

Ритон – күміс түтікше

Жәдігердің атауы – ритон (күміс түтікше). Ритон – су ішуге арналған ыдыс. Мүйіз пішіндес жасалған оның төменгі жағында аңның немесе адамның бейнесі салынған. Бұл ыдыс құрбан шалған кездегі діни жоралғыларды орындауға, сондай-ақ шарап ішуге арналған. Мұндай ыдыс – ритонның металдан, саз балшықтан, сүйектен, мүйізден нақышталып, өрнектеліп жасалған түрлері болғаны тарихтан белгілі.

Бөлісу: 

«Тәуелсіз елімнің тірегі болсам деймін»

Самал Берікқызы Биғалиева 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Мұхит ауылында (бұрынғы Саралжын) дүниеге келген. Орта мектепті Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында үздік аяқтап, 2009 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша грант иегері болды. Осы мамандықтың үшінші курсында АҚШ-тың Global UGRAD бағдарламасына қатысып, АҚШ-тың Вест Либерти университетінде бір жыл тегін білім алу грантын жеңіп алды. Қазіргі таңда білімін аталмыш университетте жалғастыруда.

Бөлісу: 

Жан азығы

Журналымыздың алғашқы нөмірлерінде осы өңірден шыққан, барша қазақ елінің болашағы үшін өлшеусіз қызмет еткен тұлғаларымыз кеңінен насихатталды. Бірі 20 ғасырдың орта тұсында отарлау саясатының нағыз күшіне енген, қылышынан қан тамған кезінде тәуелсіздікті талап еткен Ғұбайдолла Әнес, екіншісі 16-17 ғасырларда қазақ елін тәуелді ел болу қаупінен сақтандырған, қолбасшы, жырау, әрдайым әділдікті жақтаған, атқарған ісі, айтқан сөзінен сусындаған ұрпақтардан талай елге пана болар тұлғалар шыққан Жиембет Бортоғашұлы. Өкініштісі, осы бабаларымызды бүгінгі ұрпағының жете білмеуі. Бұл үшін жастарды кінәлаудан аулақпыз. Бұны жастарға жеткізуді ұйымдастыра алмай отырған аға буынның хәліне налимын...

Бөлісу: 

Асан қайғыны іздеу

Армысыз, ағайын!

«DANA.kaz» журналының кезекті саны көктемнің алғашқы айында қолыңызға тиіп отыр. Түнекті жарық жеңерде «Жыл келді!» деп құшақ жая көрісетін барша әлеуметке бақ-береке, ырыс-құт тілейміз.

Өздеріңіз көріп отырғандай, журналымыздың жаңа нөмірінде жұртын Жерұйыққа жеткізем деп өткен бабамыз Асан қайғы Сәбитұлы тұлғасына ден қойғанбыз.

Бөлісу: