1-2012

Армысыз, әлеумет!

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні тұсында тұсауын кесіп отырған «Дана.каз» журналының сүйінші саны желтоқсан айымен тұспа-тұс келуі тегін емес. Желтоқсан – әу бастан қазақ үшін ерекше қастерлі ай. Осыдан  95 жыл бұрын, дәл осы желтоқсан айында Алашорда автономиясы құрылған еді. Дәл осы желтоқсан айында, 1986 жылы қазақ жастары қылышынан қан тамған кеңестің өктемдігіне қарсы шығып, қанға боялып еді. Дәл осы желтоқсан айында, 1991 жылы ата-бабамыз сан ғасыр армандаған тәуелсіздікке қолымыз жетті. Біздің ендігі міндетіміз – адалбақанға ілініп, көкке көтеріле берген Қазақ елінің шаңырағына уық болып қадалу, ұлтты ұлт қылатын ұлы істерге үлес қосу.

Бөлісу: 

«Ольга әже Жаһанша атамды шын сүйген»

«Менің атам Олдан мен әкем Құдес Мәскеудегі Қадеспен хабарласып тұратын. Ольга Константинқызымен де араласып, Мәскеуге барып, үйіне соғып жүрді. Қадес аға қайтарынан бұрын, 1971 жылы мамыр айында атамекенге келіп кетті.

Мен өзім де жасырақ кезімде Ольга Константинқызымен хат жазысып тұрдым. Ол бізге ауылда қат тауарлар – әдемі автоқаламдар, фонариктер, қарттарға – үнді шәйін посылка етіп жіберетін.

Бөлісу: 

«Ольга Константиновна Жаһаншаның туыстарымен өле-өлгенше араласып тұрыпты»

Жаһаншаның әкесі Досмұхамедұлының үйленетінін естігенде мынадай хат жолдапты: «Егер әйел аламын десең, оның байлығына қызықпа, ақылы мен тәрбиесіне қара! Ұлтының кім болғанында ештеңе жоқ. Әйелің – өмірлік досың, әр ісіңді қолдаушы, арың мен абыройыңды сақтаушы болсын!»

Бөлісу: 

«Жаһанша мен Тұрар бажа болған»

Тағдыр төңкеріс кезінде және азамат соғысы жылдарында бір-біріне қарама-қарсы көзқарас ұстанған қазақтың аса көрнекті екі азаматын – Жаһанша Досмұхамедов пен Тұрар Рысқұловты туыс, дәлірек айтсақ, бажа болуға жазыпты. Олар апалы-сіңлілі Ольга мен Надежда Константинқызы Пушкареваларға үйленген болатын...

Бөлісу: 

Жаһанша сүйген ару

Алаштың ардақтысы – Жаһанша Досмұхамедов 1887 жылы қазіргі Сырым ауданы «Бұлдырты» кеңшары, Тамды өзенінің бойында дүниеге келген. Бес жасынан тіл сындырып, ауыл молдасынан оқып, кейін екі кластық орыс-қазақ мектебін тәмамдап, 1899 жылы Оралдағы әскери-реалды училищенің дайындық класына қабылданады. Бұл оқу орнын 1905 жылы 31 мамырда аяқтап, осы жылдың 27 қарашасында аттестатын алады және жоғары оқу орнына түсу үшін даярлық курсында оқуын жалғастырады.

Бөлісу: 

Тәуелсіздік келгенде «Арманым орындалды» деп еді…

Менің әкем Сатқали Молдағалиев – «Қазақ халқын қорғаушылар одағының» бел-сенді мүшелерінің бірі болған, сол үшін он жылға сотталған. Елге, Орал облысының Фурманов ауданына келген соң өмір бойы электрмен дәнекер-леуші болып қызмет етті.

Бөлісу: 

Жалпақталдық жалын жастар

Көзі қарақты оқырман Жалпақталдағы жастардың жасырын ұйымы «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» туралы аз жазылмағанын біледі. Тәуелсіздік таңын аңсаған боздақтардың таңғаларлық ісі мен талайлы тағдыры әр жылдары белді-белді басылым беттерінен орын алып, белгілі журналист Аманкелді Шахиннің «Сол бір сүргін» атты кітабында салиқалы сарапталды.

Бөлісу: 

Қарап жатпа!

(поэмадан үзінді)

Сөз айтты Ғұбайдолла балаң, халқым,

Адамзат өмірдегі асыл затым.

Адамсыз бұл дүниеде өмір де жоқ,

Ием дейді барлық мақұлық адам атын.

Бөлісу: 

Батыс пен Шығысты жалғаған хаттар

Сейітқали Бажекенов – «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» мүшелерінің арада жарты ғасыр өткенде ақталғанына куә болған санаулы азаматтың бірі. Өйткені, ұйым басшысы Ғұбайдолла Әнесов 19 жасында атылып кете барса, өзгесі ұзақ жылдарға сотталып, солардың көбі түрме мен айдауда қаза тапқан болатын. «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» туралы терең зерттеп, арнайы жинақ шығарған ағамыз Амангелді Шахин сонау 2002 жылы шыққан «Сол бір сүргін» атты кітабында Өскемен қаласында тұратын Сейітқали Бажекенов ағамызбен кездесіп, кейінірек ұзақ уақыт хат алмасқан екен. «Сол бір сүргін» жинағын жаңа деректермен толықтырып, баспаға дайындап жатқан Амангелді ағамыз «Dana.kaz» журналының оқырмандарына бұрын еш жерде жарияланбаған төмендегі хаттарды тұңғыш рет ұсынып отыр.

Бөлісу: 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері Жамбыл ХАБИБОЛЛАЕВ: «Баланы ата-ана бағыттау керек»

1993 жылғы 5 қарашада ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Содан бері «Болашақ» бағдарламасы аясында жастарымыз әлемнің ең мықты деген оқу орындарынан білім алуда.

Сондай талапкер жастың бірі – Жамбыл Хабиболлаев. Елге келіп жүргенінде онымен аз-кем әңгімелесудің сәті түсті.  

Бөлісу: 

«Ағам қолына кісен салғызбады...»

...Ағам Ғұбайдолланы ұстауға келгенде мен 12 жастамын, бәрі есімде. Үйіміз үлкен, төрт бөлмелі болатын. Ағайынды төрт бала әке-шешемізден бөлек, бір бөлмеде жататынбыз. 1941 жылдың 22 желтоқсаны еді, таңғы сағат 5-те келді. Сыртта неше адам болғанын білмеймін, үйге үш адам кірді.

Бөлісу: 

Олар қазақ халқын қорғаушылар еді

Қазақ халқының азаттық жолындағы күрес тарихы небір жан тебірентерлік тағдырға толы. Соның ішінде ХХ ғасырдың басында қаулап өсіп, қараңғы қазақ көгіне күн болуға ұмтылған Алаш арыстарының өмір жолы бүгінгі оқырман қауымға там-тұм танымал. Кеңес үкіметінің қанды қылышы турап түскен қазақ зиялыларының есімі КСРО-ның тұяқ серпер «қайта құру» жылдарында жаппай ақталып, газет бетінде жариялана бастады. Ал 1940-1941 жылдары Батыс Қазақстан облысында астыртын жұмыс жасаған «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» туралы көпшілік әлі толық біле бермейді. Өрімдей жасында өлімнен қаймықпаған сол бір жап-жас батырлар жайлы алғаш қаузап жазған – журналист Аманкелді Шахин ағамыз еді.

Бөлісу: 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері Жамбыл ХАБИБОЛЛАЕВ: «Баланы ата-ана бағыттау керек»

1993 жылғы 5 қарашада ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Содан бері «Болашақ» бағдарламасы аясында жастарымыз әлемнің ең мықты деген оқу орындарынан білім алуда.

Сондай талапкер жастың бірі – Жамбыл Хабиболлаев. Елге келіп жүргенінде онымен аз-кем әңгімелесудің сәті түсті.

Бөлісу: 

Тәуелсіздік

Дұшпан-көздің тұз жалатқан көр-ішін,

Өткен жылдар теңдесі жоқ өрісім.

Ата-бабам қанын төгіп, аңсаған,

Жаным құрбан, Тәуелсіздік, сен үшін!

Бөлісу: 

Жан азығы

Жиырмасыншы ғасырдың басы қазақ халқы үшін ең қиын кезеңдердің бірі болды. Кең байтақ жерімізге қызығушылар ұлт ретінде жойып жіберу үшін тіліміз бен тарихымыздың тамырына балта шапты. Халықты бірін «бай», бірін «кедей», бірін «ұлтшыл» деп жік-жікке бөліп, өзара араз етті. Қолдан қысымшылық жасап, аштықтан жаппай қырды. Осындай қиын қыстау кезеңде халыққа оң бағыт-бағдар берер билік те, құрал да болмады.

Бөлісу: