Редактор бағаны

Армысыз, ағайын!

Оқырман байқаған шығар, журналымыздың өткен саны әдеттегідей Алматы қаласында емес, Оралда басылды. Соған сәйкес полиграфиялық сапасы да сәл-пәл төмендегені байқалады. Алайда, бір қиындықтың бір жақсылығы бар деген ғой. Бұрын Алматы қаласында басылған журналымыздың Оралға жетуін бір апта, кейде одан да көп уақыт күтіп қалатын болсақ, бұл жолы редакция дайындаған журналдың жаңа саны сол бойында қолымызға тиеді. Тиісінше, «Қазпошта» мекемесіне де дер кезінде жеткізіліп, өздеріңіздің – журналға жазылушы оқырман қауымның қолына тезірек жететін болды. Міне, біз сол үшін қуаныштымыз.

Өздеріңіз білесіз, «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының қатысуымен мектеп оқушылары арасында «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени, табиғи мұрасы» атты өлкетану олимпиадасы өтіп жатыр. Оның қорытындысын алдағы санда жариялайтын боламыз. Айтайын дегеніміз – олимпиадаға қатысуға тілек білдіріп, туған жерінің тарихын зерттеуге ынталы өрендеріміздің қатары көп екен. «Отан отбасынан басталады», кең байтақ Қазақстанды тану, сүю – алақандай ауылдан, туып-өскен жерден бастау алады. Туған жердің, жерлес тұлғалардың тарихына көңіл аударып, ізденісін бастаған жас өрендердің болашақта үлкен жүректі азамат болып шығуына тілекшіміз.

Қадірлі ағайын, қазақ үшін қастерлі мерейтойлар қарсаңында тағылымды да тарихи еңбектерді жариялаудан танбаймыз. Өздеріңізге арналған басылымның беделін көтеріп, оқылымын арттыратын қызықты хикая, деректі мақалаларыңыз болса, қабыл алуға әзірміз. Бір-бірімізден көз жазып қалмайық!

Бөлісу: 

Жан азығы

Жан азығы

 

Қазақ поэзиясы мен прозасындағы алыптардың ортамыздан күн санап мәңгілікке аттануы қатты алаңдатады. Әрине, олардың еңбектері ұрпағына әлі талай азық болары анық. Бірақ осылардың орнын басатын ақын-жазушы, зиялыларымыз бар ма?! «Жоқ» деп ауызды қу шөппен сүрткен жөн болмас. Бірақ, жағдайдың мәз емес екендігі анық. Мемлекет бұл саланы жүйелі қолдап, нақты жұмыстанбаса, уақыт өте «әй, қап» деп сан соғар кез де алыс емес.

Халықтың материалдық жағдайын жақсартуды мақсат етіп, рухани жағына жете мән бермеу – аурудың нақты диагнозын білмей қате емдеумен бірдей. Мәңгілік елдің іргетасын қалаушыларды бүгін тәрбиелемесек, кеш болады. Ештен кеш жақсы, қолында биліктің кілті бар бас көтергендер, мәселеге мән беріп, қолға алыңыздар.

Ақбай Баржыұлы

Бөлісу: 

Болашақ

Болашақ

Нұржан Қалдыбеков,

ҚР Ұлттық банкі БҚОФ директорының орынбасары,

«Болашақ» халықаралық шәкіртақысы иегерлері Қауымдастығының өкілі

 

«Болашақ» – келешектің кемел жолы»

 

Кез келген мемлекетте әлемдік ауқымдағы жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет басшысы мен халықтың ерік-жігері бір арнаға тоғысуы тиіс. Сонда ғана дамудың жаңа деңгейіне қол жетеді. Қазақстанда мұндай әлемдік жоба бар ма?

«Бар!» - дейді сенімді дауыспен ҚР Ұлттық банкі БҚОФ директорының орынбасары Нұржан Қалдыбеков. – Қазақстан Президентінің «Болашақ» бағдарламасы – тарихи ауқымдағы ерекше жоба!

 

- Нұржан Серікұлы, «Болашақ» президенттік бағдарламасының құрылғанына 20 жылдан астам уақыт өтіпті. Нәтижесі қандай?

- «Болашақ» халықаралық шәкіртақысы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен бекітілді. Бағдарлама барысында бүгінге дейін 11727 шәкіртақы тағайындалды, соның ішінде 8435 шәкіртақы иегері шетелде білім алып, Отанға оралған түлектер. Болашақтықтардың 53%-ы – қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар бойынша, 38%-ы – өнеркәсіптік-өндірістік сектор, 7%-ы – денсаулық сақтау саласының және 2%-ы – шығармашылық мамандықтар бойынша білім жетілдірген.

Бастапқыда, 1994 жылдары гуманитарлық, экономикалық мамандықтарға басымдық берілсе, он жылдан астам уақыт өткен соң техникалық мамандықтарға көбірек назар аударылды. ҚР Президенті «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» атты халыққа Жолдауында индустриалдық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру басталғаны жөнінде жариялаған еді. Нұрсұлтан Әбішұлы жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірістер үшін кадр даярлауды міндеттеді, ал 2005 жылы өзінің кезекті «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында шәкіртақы иегерлерінің санын үш мыңға дейін арттыру туралы хабарлады. 

Бөлісу: 

Меценат

Меценат

 

Шапағат шырақшысы болған Мамановтар әулеті

 

ХХ ғасыр – қазақтың ояну ғасыры. Жаңа ғасырдың 1917-1920 жылдарында қазақтың тұңғыш заманауи үкіметі құрылып, Алаш әскері жасақталып, автономияның ұлттық мемлекеттік даму бағдарламасы бекітілді. ХХ ғасыр басындағы қазақ оқығындарының құрған Алашорда үкіметі – ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы елеулі, маңызды оқиға. Себебі: Алаш – сол «ояну» ғасырындағы ерекше тарихи құбылыс болып саналады. Алаш қозғалысы, Алаш идеясы – ғасыр басындағы демократиялық Ресей құрамындағы қазақ елін еуропалық үлгіде дамыту мен жаңғыртуға бағытталған үлкен жоба болған. Жобаның негізін салушы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған реформаторлар. Өткен ғасыр басында «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» деген реформаторлардың жаңашыл бағыттағы идеясын қолдап, оның жүзеге асуына материалдық (қаржылай) тұрғыдан көмектесіп, қазақ жастарының білім алуына жағдай жасаған, Алаш қозғалысына белсене араласқан ниеттестер болған. Олар – ХХ ғасыр басындағы дәулетімен ұлтына қызмет еткен қазақ байлары. Жинаған мал-мүлкімен ұлтының даму жолына қызмет еткен қазақ байларының бірегейі – Жетісудағы Маман Қалқабайұлының зәузаты. Алайда, Маман қажының ұрпақтары, «Мамания» мектебіндегі ұстаздар мен Алаш әскеріне ат берген Маманұлы Есенқұлдың көмегі, Алаш қозғалысына белсене араласқан жетісудағы азаматтардың есімдері жайында көп айтыла бермейді.

Бөлісу: 

Өлкетану

Өлкетану

 

Жетпіс палуан

 

«Dana kаz» журналының бұған дейінгі сандарының бірінде «Жеңісіне жер алған Жетпіс палуан» атты мақала жарияланған еді. Аталмыш мақалада 19 ғасырда өмір сүрген, Қалқаман тана руынан шыққан атақты Жетпіс палуан жайында жазылып, оның бүгінгі ұрпақтары немесе жерленген жерін білетін адамдар болса хабарласуын өтінген болатынбыз.

 

Осыған орай Жетпіс палуанның Сейфолла Құмарұлы есімді аталас ұрпағы редакциямызға арнайы келді. Ол Жетпіс Бақтыбайұлына байланысты өзі білетін шежірелік деректермен бөлісіп, палуанның жерленген жеріне де бастап барды. Жетпіс палуанның басына орнатылған құлпытастағы араб қарпімен жазылған мәтін оқылып, оның нақты қай жылдар аралығында өмір сүргені анықталды. Аталмыш мәліметтер «Danakаz» журналының бетінде басылды. Сейфолла Құмарұлының арқасында палуанның Орал қаласында тұратын тікелей ұрпағы Жандыр Ғаббасовпен жолығудың да сәті түсті. Жандыр Баязитұлы – атақты алаш қайраткері Ғаббас Жетпісовтың немересі болып шықты. Жандыр ағамыздың әкесі, 1925 жылы туған Баязит Ғаббасұлы көзі тірісінде өз әкесі Ғаббас Жетпісұлының Уфада қызмет атқарған ғимаратына, Сайқұдықтағы палуан Жетпіс атасының зиратына арнайы барып, аталмыш сапарын келер ұрпақ үшін бейнетаспаға түсіріп қалдырған. Ол материалдар бүгінде ұрпақтарының қолында көздің қарашығындай сақтаулы. Сейфолла Құмарұлы ата-баба тарихын түгендеуге келгенде елгезектік танытып, Жетпіс палуанның Ақтөбе облысында тұратын ұрпақтарына да хабарласты. Олардан хат арқылы қызықты дерек алдырды. Төменде Сейфолла ағамыз өзінің шыққан тегіне байланысты айтқан тарихи-шежірелік әңгімелер мен аталмыш хат мәтінін сол күйінде ұсынып отырмыз.

Бөлісу: 

1916

1916

Қайыржан ХАСАНОВ,

ардагер журналист,

өлкетанушы

 

Соналы көтерілісі

 

Белгілі өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың «Соналы көтерілісі» кітабынан ықшамдап беріліп отыр.

DK

 

1916 жылы Орал өңірінде болған ұлт-азаттық көтерілістер

Ресей патшасы Бірінші дүниежүзілік соғыста майдандағы қара жұмыстарға 19 бен 31 жас аралығындағы жігіттерді шақыру туралы 1916 жылы 25 июнь күнгі жарлығына қарсы Орал өңірінің бірнеше болысында халық көтерілісі болды. Шыңғырлау, Бөрлі, Шилі, Қаракөл, Соналы, Өлеңті, Қарабау, Жұбанышкөл, Қараоба, Қалдығайты, Бұлдырты болыстарындағы көтерілістер өз халінше ұйымдастырылды.

Тарих ғылымдарының кандидаты Исатай Насекенұлы Кенжәлиев «Батыс Қазақстан қасыретті жылдары» (Орал. 2000 жыл.) кітабының 31-бетінде: «Орал облысының 50 мыңнан астам азаматы тізімге ілінді. Бұл әрекет ел ішінде наразылық туғызды. Майданға бармаймыз деушілер көбейді. Бөрлі болысында, Шыңғырлау, Тайсойған құмы, Ойыл өзені жағында бас көтерушілер болып, ел арасында толқу басталды» деп жазды.

Беркін Құрманбеков «Орал өңірінің ұлт-азаттық көтерілісі» деген мақаласында (Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті. 1993 жыл, 14 қыркүйек) «Патша үкіметінің июнь жарлығына қарсы қатты қарсылық көрсеткен елдің бірі – Соналы болысы болды. «Калмыков қаласына тізім тапсырылады» деген хабарды естіген соң Есенғали Дәуесұлы (дұрысы Сенғали Дәуешұлы - Қ.Х.) бастаған 200-ден астам жігіт №14 ауылдың старшинасы Қ.Жантөліұлының жасаған тізімін тартып алып, өртеп жіберген», - деп жазды.

Бөлісу: 

Иман

Иман

Жәңгір хан және Ислам діні

 

Лаура ТАЙЫРОВА,

Бөкей ордасы тарихи-музей кешені аға ғылыми қызметкер

 

ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз Ресейдің қол астына өткеннен кейін патшалық Ресей өз үстемдігін орнату мақсатында отарлау саясатын кең түрде қолдана бастады.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында патша үкіметі татар діндарларының қолымен қазақ халқын мұсылмандыққа бейімдеудің оң нәтиже бермегенін түсініп, бұл саясатын өзгерте бастайды. Халықты тілінен, дінінен айырып, орыстандырудың бірден-бір жолы - миссионерлік педагогика жүйесін енгізу еді. Бұл мақсаттың шешуші кілті – орысша білім беретін мектептер екені белгілі. Соған орай патша үкіметі тарапынан мұсылман мектептерін шектеу қолға алына бастады. Бұған негіз болған «ол мектептер халық арасында ислам фанатизмін уағыздайды, содан кейін үкіметке күмән келтіретін қарсы топтардың тууына алып келеді» деген қауіп еді. Оқу ісі министрі граф Д.А.Толстойдың өзі: «Мұсылман мектептерінде дәріс беруді бүкіл орыс халқына өшпенділік дәнін себуші діни фанаттардың қолына беріп қою біздің ең басты саяси қатеміз» - деп есептеген. 

Бөлісу: 

Алаштану

Алаштану

Білімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

 

Халқымыздың өз заманындағы зиялы ұлдарын ардақтап, ұлықтау – Тәуелсіздік жылдары алғаш атқарған игілікті бастама болатын. ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, ұлттық санамызды жаңғыртқан, қоғамдағы санамызды сілкіндіріп оянуына жол ашқан басты саяси оқиғалардың бірі ғана емес, бірегейі болғаны анық.

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында халықтың ұлттық санасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына орай біршама нәтижелі іс-шара өткізілді және әр жыл сайын маңызды тарихымыздың мән-мағынасынан хабардар ететін игі істер атқарылуда. Осының нәтижесінде болашақта халқымыздың өткенін зерделеп, айтылмай келген ақтаңдақ парақтар қайтадан жазылып, келешек ұрпақ үшін құнды дүниелерді қалдыра алатынымызға еш күмән жоқ.

2016 жылы 26 ақпанда Астана қаласында «Тұран-Астана» университетінде «Жас ғалымдардың білім, ғылым, инновацияға қосқан үлесі» атты VII дәстүрлі ЖОО-аралық жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«Досалы сұлтан Бұлқайырұлы»

Е.Пугачев бастаған (1773-1775) шаруалар көтерілісі мен Көрінбейтін адам қозғалысына (1775-1776) қатысқан тұлға ретінде белгілі Досалы сұлтанның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі бұл кітапта тұңғыш рет тың деректермен, архив құжаттарымен нақтыланып, оқырман қолына ұсынылып отыр. Совет үкіметі кезінде таптық көзқарас тұрғысынан қате бағаланып келген тұжырымдар түзетіліп, қазақ қоғамындағы сұлтандар әулеті, олардың қызметі жөнінде шынайы ақпарат берілген. 

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«Әбілмәмбет хан әулеті» (көптомдық)

Еңбек Орта жүз ханы Әбілмәмбеттің ұрпақтарын түгендеп, олардың тағдыры туралы мәлімет береді. Қазіргі Қазақстан, Қытай, Моңғолия мемлекеттері аумағына тарап кеткен бұл әулеттің қазақ халқы үшін қылған қызметі осы жинақта кеңінен баяндалған. Бұл еңбек Совет өкіметі кезінде қазақтың хан-сұлтандарын халық жауы етіп сипаттайтын сыңарезу идеологиядан ада. Монография авторы, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Қият көп жылдан бері қазақтың сұлтандар институтын зерттеп, бірнеше монография шығарған танымал ғалым.

Жоғарыда аталған кітаптарды 87781606207 телефонына хабарласып, жинақ авторы Арман Қиятұлынан тікелей сатып алуға болады. 

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«Шеркешнама»

Кіші Жүз ішіндегі шеркеш руының толық шежіресі басылып шықты. Кітаптың көлемі 1215 бет. Кітап авторы Пернебай Дүйсенбин тоғыз жыл бойы Қазақстанның Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Ресейдің Астрахан, Волгоград, Саратов, Орынбор аймағын аралап, шеркеш руының осы кезге дейінгі барынша толық шежіресін жинақтаған.

Тарихи-танымдық, деректік, әдеби, суретті кітапта тек он екі ата Байұлының үлкен бір тайпасы – шеркеш руының шежірелік тізбегі ғана көрсетілмеген, жалпы қазақ халқының қалыптасу шежіресі, оның аймаққа, аталыққа топтасуы, ол жөнінде зиялылар айтқан тұжырымдар мен қағидалар келтірілген. Көрнекі тұлғалардың өмірбаяны мен суреті басылып, дуалы ауыз билер мен шешендердің тапқыр сөздері де келтірілген.

Шежірелік кітапты Орал қаласы, Сырым Датұлы көшесі, 3, Автобекет ғимаратынан, 8(711-2)23-70-96 телефонына хабарласып, сатып алуға болады. 

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«Күлкі және көз жасы»

Белгілі жазушы, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапайдың бұл әңгімелер жинағында замана тынысы, қоғам мен адам мінезіндегі құбылыстар, қазіргі көңіл-күй сарындары тосын қырларынан бейнеленіп, әсерлі көрініс тапқан. Автордың уытты тілі мен ұшқыр қиялы сананы сергітеді. «Дос жылатып айтады» деген тәмсілден туындаған шығармалар әр қазақтың жанын сақтап қалсам деп аласұрады. Ызалы күлкі, улы тіл, селебе сатира марғау сананы жарақаттайды, жаралы жанды емдейді.

Бұл кітапты сатып алғысы келетін ағайындар болса, 87028860187, 87059886150, 87475011901 телефондарына немесе «DANAkaz» журналының редакциясына хабарласуына болады.

Бөлісу: 

Тұлға

Тұлға

ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛҒАН

 

Совет үкіметі кезін қазіргі жас ұрпақ Қазақстанның басы бұғауда, байлығы талауда болған кезең деп біледі. Алайда сол уақыттың өзінде ел үшін еңіреп қызмет еткен ағаларымыз аз болмаған. Солардың бірі – қазіргі Атырау облысы, Исатай (бұрынғы Новобогат) ауданын ұзақ жыл басқарған Мадияр Қостамбаев.

 

1941-1945 соғыс жылдарында Мадияр Қостамбаев 1 хатшы болған Қазақстанның қиян шетіндегі Новобогат ауданы СССР Қорғаныс Комитетінің Қызыл Туын екі мәрте жеңіп алып, мәңгі ескерткішке алып қалу құрметіне ие болған. Тарихи құжатқа Иосиф Сталиннің өзі қол қойыпты. Бүгінде  сол қызыл барқыт ту облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр.

...1943 жылы Ұлы Отан соғысының қызып тұрған кезеңі, сәуір айының басында, қиын-қыстау сәтте Мадияр Қостамбаев Новобогат аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына сайланды.

- Біз 1942 жылдың қаңтарында соғысқа аттандық. Майданнан аман оралып, аупарткомға келсем, екінші хатшы ғана бар екен, ол менімен жөнді амандаспай, үлкен үстелдің ар жағынан қолының ұшын ғана ұстатты. Келесі күні біріншіге кіріп жағдайымды айттым. Ол өте ақжарқын, кең пейілді, келісті адам екен, туған бауырындай қарсы алып, сөйлесе бастады. Колхоз басқармасынан бастап әр түрлі қызмет ұсынды. Менің соғыста жүргенде отбасымның да орны жоғалған, күйеуге тиген апамнан басқа етжақыным да жоқ еді. Осыны айтып: «Елге барайын, есімді жинап, етегімді жабайын, шоңқалдың түбі болса да, отымды жағайын, маған бірер ай уақыт беріңіз»- дедім.

Бөлісу: 

Мәдениет

Мәдениет

Музей – асыл мұралар мекені

 

Ақ Жайық өңірі – тарихи жәдігерлерге бай қасиетті өлке. Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықтарда осы далада көшпенділердің алғашқы тобы пайда болды. Батыс Қазақстан ғұндардың, печенегтердің, оғыздардың, қыпшақтардың, қимақтардың өмір сүріп, өзінің көне мәдениетінің ірге тасын қалаған жерлері болатын. Ал осы ұлы даланың тарихын, мәдениетін, халықтың тұрмыс-тіршілігін баяндап, мол мағлұмат беретін шежірелі орын – Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейі.

 

«Қазып тапқан,

Жоғалған жүзден бірін,

Ғасыр өткен, ат-жөнін іздеу қиын.

Бұйымдар тұр музейде, иелері

Өмір сүрген сан ғасыр бізден бұрын» - деп ақын Ақұштап Бақтыгереева жыр арнаған бұл музей – сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздан қалған мұраларды сақтап, зерттеп, зерделейтін, келешек ұрпаққа жеткізіп отыратын киелі қарашаңырақ.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі алғашында 1836 жылы Орал әскери училищесі жанында М.Курилин мен Г.С.Карелиннің қатысуымен құрылған. Музей әскери оқу орнында, кейінірек көркем және графикалық факультет, қазіргі уақытта «Пушкин» қонақ үйі ғимаратында орналасқан. 1870 жылы музей Оралдың реальдық оқу орны, қазіргі Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледж ғимаратына көшірілген. Кейіннен облыстық атқару комитетінің шешімімен музейге XІX ғасырдың соңында орыс-қырғыз мектебіне арнап салынған екі қабатты ғимарат берілді. 2004 жылы ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, зал экспозициялары қазіргі заман талабына сай жабдықталып, «Археология», «Қазақ хандығы және Бөкей хандығы құрылуының тарихы залы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының залы», «Тәуелсіз Қазақстан» тарихи залдарымен толықтырылып ашылды. Өткен жылы «Тәуелсіз Қазақстан» залы «Елбасы және Тәуелсіздік» залы болып өзгертіліп, қайтадан жабдықталды.

Бөлісу: 

Мұрағат

Мұрағат

Ұлт һәм туған тіл

(Патшалық һәм бостандық заманында)

Русияда залым патшалар дәурен сүріп тұрған шағында, жалғыз славян ұлты, оның ішінде байлары ғана өзінің барлығын білдіріп, жасай алды. Байлардан шыққан жетіктер Русияда болған түрлі тілде сөйлеуші жүзден аса халықтың әрқайсысының да айырым (дербес – DK) ұлты, ұлтына қарай тұрмысы, білім, өнер барлығын баяндап, кең мағлұматтар таратса да, ғамалға қойылған уағында іс бүтіндей мұның керісінше болып шығып тұрды. Патша хүкметінің ұлттар тұрмысын құрып, оларды көгертіп-көркейтумен ісі болмады; ол әрдайым да халыққа көтере алмастай ауыр салғырттар (салық – DK) салып, оларды өзінің мейірімсіз тырнағында тілегенінше жаншумен болды. Һәм милиондаған халықты, әсіресе шет ұлттарды қалайша қараңғылық пен аңсыз надандықта – өз пайдаларын білместей меңіреу, керектерін сұрай алмастай мылқау етіп, сонымен ғана шұғылданды.

Бөлісу: 

Бастама

Бастама

 

Алаштың 100 жылдығы қалай өтпек?

 

Жақында Орал қаласында «Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай келер жылы Батыс Қазақстан облысында қандай шаралар ұйымдастыруға болады?» деген тақырыппен дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Шара «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің ұсынысымен өтті. Басқосуға тарихшы-ғалымдар, Батыс Қазақстан облыстық өлкетану музейі, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, тарих және археология орталығы, облыстық кітапхана басшылары келіп, өзара ой бөлісті.

- Біз осы кезге дейін редакция құрамында Алаш арыстары қызмет еткен «Қазақстан», «Ұран», «Хабар-Известия», «Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда» газеттерін кітап етіп шығардық. 1919 жылы Ордада шығып тұрған «Дұрыстық жолы» газеті де араб әрпінен түгел аударып, жақында кітап болып басылып шығады. Ендігі мәселе – осы деректерді тарихи айналымға енгізу қажет. Өткен жылдары «Жайық Пресс» ЖШС-ның ұсынысымен облыс орталығының екі көшесіне Елеусін Бұйрин мен Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің есімі берілді. Былтыр көктемде сол қос көшеге тұлғалардың суретін, тарихи қызметін жазып бильборд орнаттық, сенбілік өткіздік. Бұл жұмыс алда да жалғасуы тиіс, - деді Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин.

Бөлісу: 

Тылсым

Әулие ана Мәдина

 

Ел арасында көріпкелдігімен, емшілігімен аймаққа атағы шыққан әулие-әмбиелер көп кездескен. Ұрпақ ауысқан сайын олардың есімі көмескіленіп, ұмытыла беретіні де анық. Ал бүгінгі әңгіме қанша заман өтсе де әулиелігі әлі күнге аңыз боп айтылып жүрген «Бір соғар кемпір» атанған – Мәдина әже хақында болмақ.

Әулие әже туралы ел ішіндегі әңгімелерді өлкемізге танымал күйші әрі өнертанушы, әженің шөпшегі Нұржан Сертековтің өз аузынан жазып алған едік.

- Біз шеркештің Жақау деген баласынан тараймыз. Жақаудан Айдабол–Еділбай-Ербол-Бекбол-Шүмбет тарайды. Мәдина әже сол Шүмбеттің кемпірі, Бекбол атамның келіні. Ал Шүмбеттен – Үмбет – Сертек, одан менің әкем Орынғали дүниеге келген.

Бекбол атамның бірінші кемпірінен Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі есімді жеті бала тараған. «Бекболдың жеті қасқыры» деп аталып кеткен әлгі жетеу шетінен ірі, апайтөс батыр болған деседі. Бай әулеттен шыққан атам үш рет қажылық сапарын өтеген үлкен діндар, емшілікпен де айналысқан. Оның ат баптайтын атбегі болғанын да, қыл қобыздың тілін шебер меңгергенін де әкемнің өз аузынан естігем.

Бөлісу: 

Мерейтой

Мерейтой

Таңдағын тапқан тарихтың

 

Қазақстанның батыс өңіріндегі баспасөз тарихын зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанынан құрылған З. Қабдолов атындағы ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Қылышбай Сүндетұлы 60 жасқа толып отыр.

 

2013 жылы Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері шыға бастағанына 95 жыл толуына орай «Жайық Пресс» ЖШС қызметкерлері газет тарихын шолып, оның ғасырға жуық ғұмырын қамтитын жинақ шығаруға бел байлады. Мекеме басшысы Жантас Сафуллиннің жетекшілігімен басылымның алғашқы сандарын табу үшін Мәскеу қаласына сапар шегіп, Ресей архивтерін ақтардық. Кейінірек «Жайық Пресс» ЖШС жанынан Батыс Қазақстан баспасөз тарихын зерттеу орталығын құрып, «Қос газеттің тарихы», «Қазақстан», «Ұран», «Хабар-Известия», «Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда» атты кітаптар шығаруға ұласқан жүйелі жұмыс осылайша басталған еді.

Алғашқы кезде біз Қылышбай Сүндетұлын білмедік. Қылышбай ағамыздың Қазақстанның батыс өңіріндегі қазақ баспасөзінің дамуы, қалыптасуы туралы ғылыми еңбектері қолымызға тигенде, иығымыздағы ауыр жүк жеңілдеп сала бергені рас. Өйткені, дәл осы Батыс Қазақстан өңірінде баспасөздің тарихы жөнінде Қылышбай Сүндетұлының алдына шығатын ешбір ғалым жоқ.

- Газет тарихы – оны жасаушылардың тарихы ғана емес, ол сол өлкенің өз тарихы, ел тарихы, өлке адамдарының мәдени, рухани, әлеуметтік-саяси кемелдену тарихы, - дейді Қылышбай ағамыз.

Бөлісу: 

Кемпірқосақ

Кемпірқосақ

 

Мұрат Мансұров,

мүсінші:

 

«Арман мен мақсатың жүзеге асуы үшін еңбек ету керек»

 

Алматыдағы «Тәуелсіздік Монументі» авторлық шығармашылық топтың мүшесі, ҚР Жоғарғы Соты ғимаратындағы «Әділ сот Монументі», ҚР Жоғарғы Соты ғимаратындағы «Фемида» интерьері, Алматы қаласындағы «Фемида», Ақтау қаласындағы «Ынтымақ-Согласие», Астана қаласындағы ҚР Қаржы Полициясы ғимараты алдындағы «Барыс» мүсіні, Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Заң университеті ғимараты алдындағы «Фемида», Астана қаласындағы «Қазақ елі» монументі, Астана қаласындағы «Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек хан» монументі, Қарағанды қаласындағы «Қазыбек би» ескерткіші, Астана қаласындағы «Мәңгілік Ел салтанатты аркасы» мүсіні, Павлодар қаласындағы «Ш.Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» ескерткіші, Астана қаласындағы ҚР Бас Прокуратурасы ғимараты алдындағы «Барыс» мүсіні, Астана қаласындағы «Қобызшы» және «Жетігенде ойнайтын бойжеткен» ескерткіші, Павлодар қаласындағы «Қалижан Бекхожин» ескерткіші, Тараз қаласындағы «Қазақ хандығына 550 жыл. Керей мен Жәнібек» ескерткіші, Астана қаласындағы ҚР Қорғаныс Министрлігінің Әскери-тарихи музейіндегі мүсін, Ресей Федерациясының астанасындағы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Орталық музейінің» Даңқ залында орнатылған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің қола мүсінінің авторы, елімізге танымал мүсінші Мұрат Амангелдіұлы Мансұровпен Мәскеу қаласында жолығысып, сұхбаттасудың сәті түсті.

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Балықбай бейітіндегі құлпытас

 

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округіне қарасты Шабдаржап ауылынан батысқа қарай 9 км жерде, Бағырлай өзенінің оң бетінде, «Айбар» шаруа қожалығының қыстауынан 500 метр жерде орналасқан Балықбай көне қорымында сақталған жалғыз құлпытас. Ескерткіш орта тұсынан сынып, құлаған. Тұтас күйіндегі өлшемі: 120х26х18см.

Құлпытастың үш қырына жазу жазылған. Жоғарғы бөлігі жүрек түрінде қашалып, оған қошқар мүйіз өрнек салынған. Мәтін жазуы шығыңқы.

 

«а» беті:

1.    Ұуақ руғының тана

2.    тайфасы Балықбай халалы

3.    Мінсіз Айдынбайқызы офат

4.    8... йашында 1877 йылда

5.    алуб қойды баласы Ақтан

6.    (ру таңбасы)

 

Оң жақ қыры:

1.    Келуб қабрін

2.    зиярат

3.    айдан

4.    ихуан

5.    Қылылар

6.    рухына фатиха

7.    ихсан

 

Сол жақ қыры:

1.    Лә илаһа

2.    Ил-Алла, Мухаммад расул

3.    Алла ...

4.    ...

5.    ...

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Тайпақтағы көне қорым

 

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық округіндегі көне қорым. Тайпақ (бұрынғы Калмыков) селосының оңтүстік-батыс бетінде, томпақ ауылына қарай орналасқан. Қорымды тауып, суретке түсіріп жолдаған – Тайпақ ауылының тұрғыны Асан Нұржанов.

 

№1 құлпытас

Тігінен тұрған, басы доғал құлпытас. Жоғары бөлігіне жаңа туған айдың суреті ойып салынған. Оның айналасындағы жазу оқылмайды. Одан төмен араб әріптерімен мынадай мәтін жазылған:

1.    Қазан губер-

2.    насы Алуғ-

3.    Жакар аулы

4.    Латифа

5.    Ахад қызы

6.    Исмағил

7.    жамағаты офат

8.    1922-нчі йыл

9.    19-нчы ағусы

10. ... (топырақ астында қалған)

 

Түсініктеме: Құлпытас татар ұлтына қойылған. Татар халқының дәстүрі бойынша, марқұмның руы емес, туған жері, мекені жазылады. Ахатқызы Ләтифа Исмаилқызы 1922 жылы 19-тамызда дүниеден өткен екен. Неше жаста болғаны топырақ астында қалса керек.

 

№2 құлпытас

Тігінен тұрған, басы доғал құлпытас. Сақталуы өте жақсы. Ескерткіштің ең жоғарғы бөлігінде өсімдік тектес ою-өрнек қашалған.

1.    Қазан уалаяты Лутши

2.    Закар аулының Ғали

3.    Ахмад Ғабдуллаһ

4.    ұғлының халал

5.    жафаты Куй-Жамал

6.    Исмағил қызы дара-

7.    л-фанадан дәрал-бақайа

8.    рихлат айлады

9.    49 йашында

 

Түсініктеме: Бұл құлпытас та татар әйеліне қойылған. Исмағилқызы Күй-Жамал Ғалиахмад Ғабдуллаұлының зайыбы 49 жасында өмірден өткен. «Дарал-фанадан дарал-бақайа рихлат айлады» дегеннің мағынасы – «уақытша өмірден мәңгі өмірге сапар шекті» дегенді білдіреді.

Бөлісу: 

Жан азығы

Жыл құтты болсын, ағайын!

 

«Хамал (наурыз) басында қазақ ғұрпынша жаңа жыл кіріп, ескі жыл шығады: Ескі өліп, жаңа тірілгенде, өлгенді еске түсіріп, жақсы жағын, қылған жұмыстарын айтып отыру әдет» деп жазыпты сонау 1919 жылы Ғұмар Қараш атамыз. Біз де, міне, қойды жөнелтіп, мешінді қарсылағалы отырмыз.

Өткен жылдар бізге не берді? Қандай нәтижеге жеттік?

Журналымыз шыға бастағалы 3 жылдан асты, 26 мәрте жүздесіппіз, оның 5-еуі қосарланған қалың сан екен. Жылдан жылға жүйеге түсіп, оқырман қатары да қоюланып келеді. Тұрақты демеушісі, қалталы құрылтайшысы жоқ, жарнаманы көздемейтін, пайдасынан шығыны көп басылым үшін осының өзі үлкен жетістік.

Бөлісу: 

Жан азығы

Жан азығы

Көреалмаушылық, бетіне күліп, сыртынан жамандайтын жаман қылықтан құтылуға бүгіннен қимылдауымыз қажет-ақ. Бұндай пасықтықтан арылмасақ, барды жоқ етіп, түзуді қисайтып, болашақтың тамырына балта шабамыз.

Елдің болашағын шынайы ойлайтын, қолдарынан іс келетіндерді қолдап, əрі сөзбен, əрі іспен жанынан табылғанымыз абзал. Айналаңызға қараңызшы, елдің қамы үшін жанұшырып жүрген жан бар ма? Жоқ болса ізде, не өзің сондай болуға ұмтыл. Бірақ еш уақытта қарау ойлап, кері тартпа. Ең болмағанда кедергі жасамай жайыңа жүр!

Қазақ қазақтың аяғынан шалуды қойып, елдің болашағы үшін бас біріктіріп, бірлесе қимылдаса, мұратына жетері анық.

 

Ақбай Баржыұлы

Бөлісу: 

Болашақ

Болашақ

Гауһар Сағадатқызы,

Самбодан Азия чемпионы:

«Күресті тастағаныма өкінемін...»

 

Сағадат Гауһар Сағадатқызы – жастығына қарамай, талай биікті бағындырған палуан қыз. Осы кезге дейін төмендегідей етістіктерге жетіп үлгерген:

ü  Самбо күресінен Ауған және басқа да жергілікті соғыстардан қаза тапқандарды еске алуға арналған 17-ші халықаралық жасөспірімдер турнирінен ІІІ-орын. Рязань қаласы, 2011 ж.

ü  Самбо күресінен 1996-1998 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушы Р.Г. Валиевтың жүлдесіне арналған ҚР біріншілігі І-орын. Астана қаласы. 2012 ж.

ü  Самбо күресінен ҚР Парламентінің жүлдесіне арналаған 1 жекпе-жек фестивалінде ІІІ-орын. Астана қаласы, 2012 ж.

ü  Жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында ІІ-орын. Греция, Салоники қаласы, 2013 ж.

ü  Самбо күресінен 1993-1994 жылы туған жастар арасында ҚР чемпионаты ІІІ-орын. Семей қаласы, 2013.ж.

ü  Самбо күресінен Қабанбай батыр мемориалы ҚР кубогында ІІ-орын. Семей қаласы, 2013 ж.

ü  Самбо күресінен 1995-1996 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР чемпианаты І-орын. Жаркент қаласы 2013 ж.

ü  Самбо күресінен 1996-1997 жылы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР ашық чемпионаты І-орын. Ақтау қаласы, 2014 ж.

ü  Самбо күресінен 1994-1995 жылы туылған жастар арасында ҚР чемпианаты ІІ-орын. Түркістан қаласы, 2014 ж.

ü  Әлем чемпионатына қатысушы. Корея, Сеул қаласы, 2014 ж.

ü  Азия чемпионы. Ташкент қаласы 2014 ж.

ü  Самбо күресінен 1995-1996 жылы туылған жастар арасындағы ҚР чемпианаты ІІ-орын. Ақтау қаласы, 2015 ж.

ü  Қазақстан Республикасының спорт шебері. Астана қаласы. 2015 ж.

Бөлісу: 

Өлкетану

Үкі би және оның заманы

 

Жәнібек Аллаярұлы,

тарих ғылымдарының кандидаты

 

(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)

 

Ел игілерінің келісімі

Орынбор әкімшілігіне иек артқанымен Жантөре хан ел ішіндегі ахуалды реттей алмады. Ханның орыс үкіметіне сенім артуы халықтың наразылығын туғызды. 1807 жылы 20 қыркүйекте далалық қазақтардан қауіптенген Жантөре хан 25 түтіннен тұратын өз ауылымен Мергеновск форпостының жоғары жағындағы Жайықтың тайыз жеріндегі өткел арқылы ішкі бетке өтіп, «Қызыл арна» деген тоғайлы сай-салаға орналасты [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 71-п.].

Жантөренің Орынборға жолдаған үшбу хат-хабарларына қарамастан Үкі би өз қызметін одан әрі жалғастырды. Үкі биді орнынан босату туралы хан ұсынысын Орынбор губернаторы Г.С.Волконский Шекаралық комиссияға бергенімен, беделді биді қызметінен алуды комиссия қош көрмеді ме, әлде ел ішіндегі абырой-беделін ескерді ме, әйтеуір би өз орнында қалды. 1808 жылы 29 ақпанда Үкі Төлепұлы Хан кеңесінің төрағасы Орман сұлтанмен және кеңес мүшелері Бостыбай Тіленшіұлы, Бегімбет Сүйіндікұлымен бірге губернатор Г.С.Волконскийдің Кіші жүзде тәртіп пен тыныштықты қалпына келтіру үшін төменгі Орал шебіне майор Некрасовты жібергенін Жантөре ханға мәлімдейді. Оған қоса Байұлы мен Жетірудың старшын, би, мырза, батырларының комиссия құрамына Орал казак әскерінің атаманы Д.М.Бородинді қосуды сұрағанын ханның қаперіне салады. Өйткені «атаман бұрыннан қазақтармен көршілес орналасуына байланысты орда тәртібін ерекше біледі, сол арқылы орда жақсы тәртіп пен тыныштыққа келеді» деген. Осыған орай кеңес бұл өтінішті ханның жақын арада губернаторға жолдауын әрі өзінің атынан ұсыныс жіберуін сұрады. Аталған өтінішті Хан кеңесіне сұлтандар Әлмәмбет Қарабайұлы, Табылды Шахғазыұлы бастаған Байұлының 43, Жетірудың 18 рубасы старшындары жеткізген еді. Оның ішінде байбақты руынан Әбіл Жылқыайдарұлы, Тоқсанбай Бұланұлы, Нәкен Жантайұлы, Малайсары Байболатұлы, Айтулы Көбекұлы, Алшынбай Көрпебайұлы, Елші Қаратайұлы деген билер болды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 187-193 пп.].

Бөлісу: 

Бастама

Бастама

Жаңақалада өлкетанушылар ұйымы құрылды

 

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы орталығындағы мешіттің имамы Мұратбек қажы Жахатов – жергілікті тарих, көне шежіре, құлпытас құпиясына ден қойып жүрген азамат. Ол өз қаржысына 9 томнан тұратын «Құлпытастар сөйлейді» атты жинақ-альбом құрастырып, сүйінші данасын жақында баспадан шығарды.

 

Аудандық мешіт жанындағы сауат ашу курсы ғимаратында осы кітаптардың таныстырылымы өтті. «Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады» деген бабаларымыз. Тоғыз бөлімнен тұратын альбомның 8-і Жаңақала ауданы, 1-уі Бөкей Орда ауданы аумағындағы көне құлпытастарға арналған. Ескерткіш мәтіндері араб жазуынан қазіргі қаріпке аударылып, мағынасы сараланып, түрлі-түсті суретімен берілген. «Бұл жас ұрпақ үшін қажет дүние» дейді ауыл ақсақалдары.

Дәл осы күні Мұратбек қажы Жахатов аудандық мешіт жанынан «Жаңақала өлкетану тарихи-зерттеу орталығы» қоғамдық ұйымын құру туралы бастама көтерді. Бастаманы ауыл ақсақалдары, кәсіпкерлер және зиялы қауым өкілдері бірден қолдады. «Біз бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай еңбектеніп, өңір тарихы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек» деді бастамашыл топ мүшесі Қабдығали Текебаев ақсақал.

Бөлісу: 

Өлкетану

Өлкетану

Қылыш қорғаны

 

«Ауылыңның шетінде төбе болса, ерттеп қойған атпен тең» дейді қазақ нақылы. Ата-бабамыз ерекше құрметтеген обалар мен қорғандар – жазық далалық аймақтардағы күзеттік немесе молалық үйінді төбелер ғой. Олардың биіктігі 30-60 см-ден 20 метрге дейін жетеді. Көлемі әртүрлі, үлкенді-кішілі, орташа болып келеді. Кейде қорған деп табиғи жолмен пайда болған шағын қыраттарды да атайды. Мысалы, Ресейдің Волгоград қаласындағы Мамай қорғаны – табиғи төбе.

Сармат қорғандары Батыс Қазақстан өңірінде көп кездеседі. Б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасыры аралығында көшпенді өмір салтын ұстанып, негізгі мал шаруашылығымен айналысқан сармат тайпалары жауынгер халық болған. Үнемі әскери жорықтарға қатысып, Батыс Еуропа, Қара теңіз маңын жаулап алып отырған. Осылайша түрлі халықтармен араласуы арқасында сарматтар да дамып, белгілі бір дәрежеде өнер мен мәдениеттің жоғарғы сатысына жеткен. Қара теңіз жағалауындағы қалаларды жаулап алғаннан кейбір сармат отбасылары отырықшылық өмірге де бой ұрады. Осылайша қолөнер, сауда, егіншілікпен де шұғылданған. Еділ мен Жайық өзені бойында өмір сүрген сармат тайпалары да егіншілікпен айналысқан болуы мүмкін. Ол кезде Орталық Азия мен Батыс Еуропа арасын байланыстырушы қызметін сармат мәдениеті атқарғаны белгілі. Хроникалық жағынан сармат мәдениеті үшке бөлінеді: ерте сармат (прохоров мәдениеті), орта сармат (суслов мәдениеті) және кейінгі сармат мәдениеті деп аталады. 

Бөлісу: 

1916

1916

«Айдады патша жыраққа»

 

Мира Кутушева,

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің маманы

 

Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз.

Н.Назарбаев.

 

Кең байтақ даламыздың сан қилы тарихына көз жүгіртсек, азаттық туы көк аспанымызда желбірегенше, қаншама теңдік күресі жүргізілді. Солардың ішінде тарих бетінен ойып тұрып орын алған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске биыл 100 жыл. Бұл көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды.

1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауы қазақ еліне ауыр зардаптарын тигізді.

Бөлісу: 

Өскен өлке

Шәмбіл палуанды еске алғанда

 

Уақыт желтоқсан айының екінші жартысына ауып, қыс күшіне енді ене бастағанда жолға шықтық. Бағытымыз – Қаратөбе ауданына қарасты Ханкөл ауылы. Ханкөлдің ақсақалдары бас болып ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты палуан Шәмбіл Сарқытұлын еске алу шарасын қолға алған. Осынау қазақы сананы жаңғыртатын мәнді дүниеге көзайым болудың сәті түсіп, ұйтқыта соққан боранмен жағаласып келе жатқан бетіміз еді.

Күн кешкіре түсті. Қарсыдан соққан қарлы боран толастар емес. Бірақ жолға әжептәуір дайындықпен шыққандықтан ауа райының жайсыздығына алаңдаушылығымыз шамалы. Тіпті боранмен бірге желпінгендей көңіліміз көтеріліп ән салып келе жатырмыз. Жеңіл көліктегі бес жігіттің менен өзгесінің бәрі әнші. Ханкөлдің тумасы, бүгінде көпке танымал дәстүрлі әншілер Асхат Оразов және Фархат Оразов қатар жайғасқан. Алдыңғы орындықта бәрімізден жасы үлкен Тілекқабыл Жауынбаев ағай отыр. Бұл кісі де домбырасын ала шығыпты. Мұхиттың әндерін нақышына келтіре шырқайды екен. Ал рөлде белгілі әнші-термеші Қатимолла Бердіғалиевтің шәкірті Артур Сисенов. Әншілердің көлік айдаушыдан өзгесі кезек - кезек өзіміздің батыс әндерін төгілдіріп сала берді. Фархат аға домбырамен сүйемелдеп отыр. Орал-Ақтөбе тас жолынан төте тартатын жайын жолдағы қардың қалыңдығынан қауіптеніп, Жусандыой ауылы арқылы өтетін айналма жолға түстік. Әңгімеміздің де ауаны өзгеріп, осы бетте аты аңызға айналған Құныскерейге, өзге де тарихи хикаяларға қарай ойысты.

Бөлісу: 

Алаштану

Алаштану

 

 

«АЛАШ» ГАЗЕТІ ЖӘНЕ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ

ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына шыққан Алаш қозғалысы – алдына қойған саяси мақсаты, әлеуметтік мәні және қамтыған аумағы жағынан қазақ тарихындағы ең маңызды әрі жоғары деңгейде ұйымдасқан қозғалыс еді. Оның басты артықшылығы ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтау және оларды заман талабына сәйкес бейімдеу мәселесін көздеуден саяси-демократиялық партия мен ұлттық дербес мемлекет құруға дейін көтерілгенінде болды.

Алаш қозғалысы әсте оның басшыларының ойлап тапқаны емес-ті. Ол патшалық Ресейдің отарлық саясатының езгісіне, өктемдігі мен әділетсіздігіне қарсы шыққан қазақтың зиялы тобының ұйымдасқан түрдегі саяси іс-әрекеті, ұлттық сана оянуының жаңаша әлеуметтік көрінісі болатын.

Қазақтың тұңғыш ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің әйгілі шығармаларының бірі – «Сот реформасы жайындағы жазбасында»: «Қандай даму сатысында тұрса да, халықтың қалыпты өсуі үшін қажет нәрселер: өздігінен даму, өздігінен қорғану, өзін-өзі басқару...» деген еді [1]. Алайда ол кезде мұны «тәуелсіздік» ұғымы деп түсінген, оны асқақ идея деп көтерген ешкім бола қойған жоқ. Заманы туғанда оны әуелі патшалық Ресейдің отаршылдығынан, сонан соң кеңестік қыспақтан құтылудың бірден-бір жолы ретінде, азаттықтың идеясы деп Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мыржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және т.б. ұлтымыздың алдыңғы қатарлы зиялылары ғана асқақ ту етіп көтере алды.

Бөлісу: 

Қандастар

Қандастар

Ноғайлының елінде

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

 

(Жалғасы. Басы өткен сандарда)

 

 

Бестау биігінде

Тереклі Мектеб ауылынан біз бағыт алған Пятигорск қаласы 300 шақырымдай қашықта екен. Қараңғы түсе жолға шыққан біз межелі жерімізге түн ортасында жеттік. Жолшыбай «Каясула» деген елдімекеннің жанынан өттік. Равиль досымыздың айтуынша, бұл – Қояслы (яғни, Қояс руына жататын адамдардың мекені) деген сөз. «Қояс» - ноғай, татар, башқұрт тілдерінде «күн» дегенді білдіреді. Батыс Қазақстандағы ноғай-қазақтардың үлкен тармағы да «Қояс» деп аталады. Жолбасшымыз Равиль Ишмухамбетовтың айтуынша, бұлардың бәрі ноғай құрамындағы қояс тайпасының атауынан шыққан.

Бүгінгі Пятигорск – Ставрополь өлкесіндегі курорт қала. Іргетасы 1830 жылы қаланыпты. Жер жаннаты дерлік өлкеге аяқ басып, игеруге кіріскен Ресей империясы жаңа қалаға ат қоярда жергілікті «Бестау» (Бештау деп те атайды) атауын аударып ала салған. Бестау – аты айтып тұрғандай, осы өңірдегі ең биік бес шоқылы тау екен, ең биігі 1400 метрге дейін жетеді.

Бөлісу: 

Сән

Сән

Арабтарды «арбаған» «Мария ханым»

 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел экономикасындағы үлкен қиындыққа қарамай ұлттық өнерге бет бұрып, қазақы нақышта киім үлгілерін жасауға ұмтылған кәсіпкерлер өте сирек. Солардың бірі отбасылық кәсіпті ұршықтай үйіріп, отандық өнімді брендке айналдырып, өңірге ғана емес, алыс-жақын шетелге танылып үлгерген «Мария ханым» сән үйі. Олар өткен жылдың аяғында Біріккен Араб Әмірлігінің алып шаһары Әбу-Дабиде өткен Шейх Заед атындағы қайырымдылық қоры ұйымдастырған әлемдік деңгейдегі VІ этномәдени фестивальге қатысып қайтқан еді. Мұхит асқан сапары турасында аталмыш сән үйінің директоры Жұлдыз Құспанованы әңгімеге тартқан едік.

 

Айта кетейік, 1993 жылы отбасылық кәсіптің негізін қалаған тігінші Мария Құспанова мен оның қызы суретші-сәнгер Галинаның ісін бүгінде Жұлдыз Құспанова тізгінге алған. Сән үйі әу бастан-ақ, қазақтың ұмытыла бастаған ұлттық киім үлгісін жаңғыртуға ден қойған. Бұл жерден қазақтың шапанынан бастап ұлттық оюмен көмкерілген жейде мен кәжекей, тақия мен сәукеле, бөрік пен белдіктер, бүрмелі, қос етекті көйлектер мен қамзолдар, заманауи қол сөмкелердің сан түрін табуға болады. Сән үйіндегі киімдер көбіне мерекелік концерттер мен салтанатты жиындарға, тойлар үшін арнайы тапсырыспен тігіледі. Сондай-ақ, коллекциялардың ішінен ұлттық оюмен безендірілген заманауи киім үлгілерін де таба аласыз.

Бөлісу: 

Махаббат аралы

Махаббат аралы

Ағиба Ғинаятқызы,

ақын Жанғали Набиуллиннің жары:

 

«Жәкең сертіне адал болып өтті...»

 

Ақ Жайық өңірінде ақын Жанғали Набиуллиннің есімін білмейтін жан сирек. Бүгінде есімі елге танылған аға буын қаламгерлердің көбі Жәкеңді өзіне ұстаз санайтыны рас. Қолына қалам ұстаған, өлең өлкесіне өз өрнегін қалдырғысы келген оралдық өрендерге Жанғали аға әдебиетке, өлеңге адалдықтың үлгісін көрсетіп кетті. Өмірінің соңғы жылдары жанға батқан ауыр науқасына қарамай, бірнеше кітап шығарды. 2015 жылы 10 шілдеде 79 жасқа қараған шағында дүниеден өткен ақынның соңында мол мұра – қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған асыл жырлары қалды. Ақын ағамызды сағынышпен еске ала отырып, біз бүгін ақынның жесірі Ағиба жеңгей Ғинаятқызының ақжүрек естеліктерін жариялап отырмыз.

DK

Бөлісу: 

Мәдениет

Мәдениет

Ұлттық өнер – ұлылығымыздың белгісі

 

Қазақ дейтін халықты құрсағында тербеткен ұлы даланың аумағында төл тарихымыздың, төл мәдениетіміздің түпкі мәні – ұлттық өнер ежелден-ақ бастау алған. Бұрынғы елін-жерін қорғаған қазақ батырлары, әділеттілік үшін күрескен билері, халқының рухын көтерген әнші-күйшілері өздерінің ұлттық қоғамында өмір сүріп, дәстүрлі мәдениетімізбен тәрбиеленгендіктен, олардың патриоттық сезімі жоғары, рухы күшті болды.

Соңғы ғасырларда бодандық кесірінен төл мәдениетіміз әлсірей бастаса, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды. Мұндайда «өлгеніміз тірілді, ұмыт қалған мұрамыз жаңарды» дейміз.

Ендеше, мәдениетіміздің қайта түлеуіне, өткен ғасырлардан қазына боп қатталып, тарих боп тасада қалған барлық мұраларымызды ел алдына қайта шығаруға Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығы да үлес қосуда.

Бөлісу: 

Руханият

Руханият

 

ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИДІҢ «ДИУАНИ ХИКМЕТ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖАЙЫНДА

 

2016 жыл – ЮНЕСКО көлемінде «Қожа Ахмет Иасауи жылы» болып жарияланды.

Күллі түркі жұртына «Түркістан пірі» деген атпен танымал болған Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» атты шығармасының түркі жазба әдебиетінде алар орны ерекше. Кемелдікті жырлаған сопы-шайырдың асыл мұрасы бүгінгі түркі тілдерінде бірнеше рет жарық көрді, ғылыми зерттеу жұмыстарға өзек болды. Соның нәтижесінде Иасауи шығармашылығы мен тариқатын зерттеуге арналған иасауитану саласы қалыптасты. Басқа түркі халықтары секілді қазақ ғалымдары да баба мұрасын зерттеуде өз үлесін қосып келеді. Иасауитанудың алғашқы кезеңі болып табылатын «хикмет дәстүрі» сатысының мақсаты мен сипаты Қожа Ахмет Иасауидің сопылық көзқарастары мен ғибраттық ой нұсқаларын жинақтау мен тарату болатын. Осының негізінде Иасауидің аманат етіп қалдырған ойлары мен пікірлерін кейіннен хатқа түсіріп, жазып қалдырған Иасауи жолының өкілдері мен шәкірттері болды. Хикмет дәстүрі кезеңі ХІІІ-ХVІІ ғасырлар аралығын қамтиды [1, 82 б].

Бөлісу: 

Жәдігер

Жәдігер

Төре таңбалы қайрақ

 

Ел ішінде, қарапайым адамдардың қолында талай-талай құнды қазына сақталып келеді. Жақында журнал редакциясына арнайы келіп, ата-бабасынан қалған жәдігерді көрсеткен оқырманымыз да осы ойымызды тағы бір дәлелдеп кетті.

 

Ғабит Сәбитұлы Әлмұхамбетов – Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Юбилейный ауылында тұрады екен. Ауылдағы «Госплемстанция» орта мектебінде география-биология пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді.

- Бұл қайрақ – біздің әулеттің ең құнды қазынасы, ата-бабамыздың көзіндей көретін мүлкіміз. Кезінде қылыштың жүзін, найза мен жебенің ұшын қайраған шығар аталарымыз. Қайрақтың бір шетінде төренің таңбасы және арабша әлдебір жазу бар. Осы жазудың мағынасын анықтай алмай жүрген едік. Сізге арнайы келуімнің бір себебі осы еді, - дейді Ғабит Сәбитұлы.

Бөлісу: 

Мерейтой

Мерейтой

Мұрат Наурызғалиұлы 60 жаста

 

Біздің «DANAkaz» журналының ақылдастар алқасының мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Наурызғалиұлы Сдықов осы жылдың басында 60 жастың асуына шықты.

 

 

Мұрат Наурызғалиұлы 1956 жылы 5 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келді.

1978 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.

1987 жылы Мәскеу қаласында «1920-1930 жылдары аралығындағы Қазақстандағы ұлттық жұмысшы кадрлерінің әлеуметтік өзгерісі мен қалыптасу мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертация, 1996 жылы Отандық тарих (Қазақстан тарихы) саласы бойынша Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтында «Батыс Қазақстан тұрғындарының этникалық және әлеуметтік құрамының өзгеруі (1897 жылдан қазіргі кезеңге дейін) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 1997 жылдан – ҚР гуманитарлық ғылымдар Академиясының мүше-корреспонденді. 2005 жылы Жоғарғы Аттестациялық комиссияның шешімімен профессор атағы берілді.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«Отты жылдар жаңғырығы»

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбековтің тапсырысымен «Отты жылдар жаңғырығы» атты анықтамалық кітап жарық көрді. Еңбек Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлер және от ортасынан оралмаған боздақтарды түгендеу мақсатында жазылған.

Бұрынғы деректерде соғыста от кешкен сырымдықтардың саны 3501 немесе 3901 деп түрліше беріліп келді. Кітаптың шығармашылық тобы өкілі Серік Зиятовтың жазуынша, құрастырушылар Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің «Мемориал» сайты арқылы және жинақтың жұмысына араласқан ауылдық округтердегі тарихшы, өлкетанушылардың көмегімен ауданнан соғысқа аттанғандар жөніндегі деректі жаңадан түгендеген. «Отты жылдар жаңғырығы» атты анықтамалық кітапта 4200 жауынгердің есімі аталады. Біразының суреті мен қысқаша өмірбаяны бар. Жинақ аудандық мұражай мен жергілікті газет қорындағы майдан хаттары, ардагерлердің өмір жолы жайлы мақалалар және фотосуреттермен толыққан. 

Бөлісу: 

Жаңа кітап

«Домбырашы-ұстаз Мұхит Айтқалиев»

Қазақстанның құрметті журналисі Қайыржан Хасанов пен республикалық байқаулардың жүлдегері, домбырашы-ұстаз Асқар Кенжеғалиев шығармашылық бірлестікте жазған «Домбырашы-ұстаз Мұхит Айтқалиев» атты жаңа еңбек жарық көрді.

Кітапта дарабоз домбырашы, ұлағатты ұстаз – Мұхит Айтқалиевтің өмірі мен өнердегі еңбек жолдары баяндалады. Орал қаласындағы «Гүлім» баспаханасында басылған жаңа кітап музыка саласының ұстаздары мен оқушыларына, жалпы өнер сүйгіш оқырман қауымға арналған.

Бөлісу: 

Жаңа кітап

Жаңа кітап

«Алашорда. Атылған арыстар»

Орал қаласындағы «ШұғылаПринт» баспасынан Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы, өлкетанушы Қайыржан Хасановтың жаңа кітабы жарық көрді.

«Алашорда. Атылған арыстар» атты бұл еңбекте Батыс Алашорданың Қаратөбеде, Жымпитыда өткен съездері және атылған арыстардың тағдырлары баяндалады. 

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Құлпытас сырын ашайық

Хиуаз батырдың аталары

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарының шегінде, Ұялы ауылдық округі аумағында Байсеңгір атты көне қорым бар. Бұл жер «Байсеңгір» атану себебінің ел аузында бірнеше нұсқасы бар екен.

Әуелгі нұсқа: Кіші жүз Байұлы бірлестігіне қарасты масқар руының шежіресі бойынша Атойнақтан – Масан (1702 ж.т.), одан – Сары (1727 ж. туған), одан – Сырымбай (1753 ж.т.), одан – Байсеңгір (1781 ж.т.) тараған делінеді. Осы жерге ең алғаш болып сол кісі жерленіп, сол себепті Байсеңгір атанған.

Екінші нұсқа: Тағы бір әңгімеде: Орта жүз арғынның тобықтысы Сеңгірбай орыс жерінен келе жатып, жәдік-масқар Естемісұлы Кедей бидің үйіне соғады. Сол күні дүниеге ұл бала келіп, Сеңгірбай құтты қонақ атанып, ұлдың ат-есімін қонақтың құрметіне Сеңгірбай қояды. Бірнеше жылдан кейін сол тобықты Сеңгірбайдың елімен құда болып, Қосықтың Омар мен Оспан деген ұлдарының ортасындағы Айзере деген қызды Өскенбайға ұзатып, ол некеден Құнанбай туады деген де рас-өтірігі белгісіз әңгіме айтылады. 

Бөлісу: 

Құлпытас сырын ашайық!

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жахатовты біздің оқырмандар білікті өлкетанушы, араб жазулы құлпытастардың сырын ашып жүрген ғалым ретінде де жақсы біледі. Жақында Жаңақала ауылында Мұратбек қажының «Құлпытастар сөйлейді» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітап 350 беттен тұрады, Алматыдағы «Арыс» баспасынан басылған. «Арыс» қорының президенті, ғалым Ғарифолла Әнес ағамыз осы кітаптың сүйінші данасын Алматыдан өзі жеткізіп, Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдиновпен бірге тұсауын кесті. Лавр Рашидұлы осы кітаптың басылуына мұрындық болып, өзі алғысөз жазған. Шығыстанушы ғалым ағамыз Әшірбек Муминов оң пікір білдірген. Жинақта Батыс Қазақстан облысының Жаңақала және Бөкей ордасы ауданы аумағында сақталған 700-дей құлпытастың суреті мен араб жазуынан аударылған мәтін-мағынасы берілген.

Бөлісу: 

Редактор бағаны

Ар ма, ағайын!

 

Міне, жаңа жылдың жаңа санын да қолымызға алып, қайта жүздесіп отырмыз. Мың-сан басылым, қызыл-жасыл газет-журнал арасынан бізді таңдап, бізге тоқтағаныңызға бек разымыз. Рахмет!

Бұдан бұрын уәде еткеніміздей, биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына арнайы айдар ашып, алғашқы мақаланы ұсынып отырмыз. Шынына келгенде бұл қозғалыс – ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында әбден пісіп-жетілген азаттыққа, тәуелсіздікке ұмтылыстың басы еді. Осы жолда қаншама арыс қан төкті, Алаштың азаматтары басын бәйгіге тікті. Сол ардагерлердің ерлік жолын, азаматтық үлгісін әрдайым насихаттау – біздің басылымның басты мақсаты.

Биыл «DANAkaz» бетінде отбасы құндылықтарын насихаттайтын, салауатты өмір сүруге шақыратын мақалаларды да жүйелі жарияламақ ниеттеміз. Отбасы, шаңырақ – киелі ұғым, Отан отбасынан басталады, Үлкен Отан – шағын-шағын отбасылардан құралады. Сондықтан отбасы жарастығы, шаңырақ шаттығы – ұлан-ғайыр еліміздің де тыныштығы мен берекесі деген сөз. Ел ішінде, өз жаныңызда жүрген осындай ісі үлгі отбасыны көрсеңіз, бізге мақала жолдаңыз – жақсының жақсылығын жария етейік! 

Бөлісу: 

Болашақ

Болашақ

 

Нұрсұлтан Мәуленұлы,

Ардахан университетінің студенті,

Түркия Республикасы:

 

«Қазақ жастарына мүмкіндік көп!»

 

Бүгін Халықаралық «Меулана» грант бағдарламасы бойынша Түркия мемлекетінің Ардахан қаласында оқып жүрген жерлесіміз Нұрсұлтан Мәуленұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.

 

- Әңгімемізді танысудан бастасақ?

- Мен1996 жылы 10 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Әкем - Мәулен Идрисов, Ақтөбеде орман шаруашылығы бөлімінің жетекшісі, анам - Ақниет Ауханова, №45 жалпы орта білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі. Санжар есімді ағам өз отбасымен Алматы қаласында тұрады. Ал қарындасым Аружан - мектеп оқушысы. 2013 жылы жолым болып Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-дың филология факультетіне оқуға түстім. 80 жылдан астам тарихы бар киелі білім ордасынан талай мықты, елге сыйлы, халыққа танымал тұлғалар түлеп ұшқаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда «академиялық ұтқырлықтың» арқасында Түркияның Ардахан университетіне 1 семестрге ауысып кеп, түркі тілдері бөлімінің 3 сыныбында оқып жатырмын. Осы бағдарламамен оқуыма қол ұшын берген ұстазым Нұрсәуле Кәкімжанқызына алғысым шексіз.

Бөлісу: 

Өлкетану

Өлкетану

Үкі би және оның заманы

 

Жәнібек Аллаярұлы,

тарих ғылымдарының кандидаты

 

Отандық тарих ғылымын зерттеуде өлке тарихының орны ерекше. Себебі, біртұтас қазақ тарихының өзі өлке тарихын танудан бастау алады. Олай болса, өлкетанудың өзекті ұстанымдарын анықтап, оның ақтаңдақ беттеріне қалам тарту бүгінгі уақыт талабы. Соның ішінде осы өлке үшін, оны кейінгі ұрпағына мирас ету жолында жанкешті еңбек етіп, халқының талайлы тағдыры таразыға тартылғанда төрелік танытқан батыр бабаларымыздың, дана билеріміздің, абыз ақсақалдарымыздың, халқының қазығы болған ұлы хандарымыздың өнегелі өмір жолын, ел есінде сақталған ерлік һәм елдік істерін танып білу, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы зор.

 

Сөз басы

Міне, осындай тұғырлы тұлғалар қатарында Үкі би есімін ерекше айтуға болады. Ол ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүздің қоғамдық-саяси өмірінде көзге түсіп, ел істеріне белсенді араласқан, сол тұстағы мұрағат деректеріне есімі таңбаланған тұлға. Оның қызметі атақты Сырым батыр заманынан бастау алып, Айшуақ, Жантөре, Шерғазы, Бөкей хандардың, Қаратай, Орман, Арынғазы сұлтандардың ел басқару кезіндегі күрделі де қым-қуыт тарихи оқиғалармен байланыста дамыды. Осыған орай халық жадында әртүрлі аңыз-әңгімелерге өзек болып келген Үкі би тарихын қағазға басылған жазба құжаттар арқылы саралау, оның ғұмырнамасын бір арнаға түсіріп, саяси келбетін, бітім-болмысын ғылыми тұрғыдан тануға ықпал етеді.

Сонымен өлке тарихында өзіндік ізін қалдырып, есімі ел есінде сақталған Үкі би туралы не білеміз? Оның аты тарихта қалайша қалды?

Бөлісу: 

1916

1916

Елдің батысындағы көтерілістер

 

Тұяқбай РЫСБЕКОВ,

тарих ғылымының докторы, профессор,

Қазақстан гуманитарлық ғылымы академиясы академигі,

Қазақстан Жоғары мектеп академиясының корреспондент-мүшесі

 

1916 жылғы патша жарлығы мен оның отарлаушылық саясатына қарсы басқа «бұратана халықтар» сияқты қазақ халқы да жаппай көтерілгендіктен, бұл көтеріліс жалпыхалықтық ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Қазақстанның барлық аймағындағы сияқты бұл көтерілістің ошақтары Батыс Қазақстан жерінде де орын алды. Сондықтан да кезінде жарияланып, бірақ әртүрлі жағдайлармен ескерілмеген, болмаса, ұмыт қалған материалдар мен архив документтеріне сүйене отырып, елдің батысындағы 1916 жылғы көтерілістің кейбір беймәлім беттерін ашқалы отырмыз. Жарияланып, ескерусіз қалған материалдар қатарына Бөкей ордасындағы көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі – С.Меңдешовтің мақаласын («Екпінді құрылыс», 1936 жыл, 18 маусым); сол жердегі көтерілісті көріп, Ордадан қара жұмысқа алынып, Минск түбінде Ә. Бөкейхановпен кездескен Ғ.Сарыбаевтың («Екпінді құрылыс», 1936 жыл, 18 қыркүйек); Орал облысында болған көтерілісті көзімен көріп, қара жұмыстың тізіміне іліккен Қ.Байдосовтың («Екпінді құрылыс», 1936 жыл, 3-8 қыркүйек) және Батыс Қазақстан жеріндегі көтерілісті өз көзімен көргендер – Б.Қаратаев, Ә.Ипмағамбетов, Орал реалдық училищесі оқушыларының мақалаларын атауға болады.

Бөлісу: 

Өскен өлке

Өскен өлке

Есенаман тауы

 

«DANAkaz» журналы 2014-2015 жылдары оқырмандар арасында «Өскен өлке тарихы» атты байқау ұйымдастырып, өткен жылдың соңғы нөмірінде қорытындысын жариялаған еді. Бірақ байқау жалғасады, редакция өлкетанушылардың, жас оқырмандарымыздың туған жердің тарихына қатысты тың деректері бар мақалаларына әрдайым көңіл бөліп, төрден орын беруге даяр. Хат жазыңыздар, мақала жіберіңіздер!

DK

 

Балабақшаға барып жүрген бүлдіршін шағым. Тәрбиеші Меңдібике апай бізді құм үстінде ойнатқанда төрт түліктің ізі қалай түсетінін үйретіп, ертегі-әңгімелер айтып береді.

Ол сұқ және ортаңғы саусағын ортасынан бүге құмға батыра қойса, қойдың ізі пайда болғандай еді. Ал екі алақанын білекке жақын тұсынан жанастыра, саусақтарын доға пішінінде бүгіп басса, құм бетінен аумаған түйенің ізін көресіз.

Меңдібике апай жаздың жайма-шуақ бір күнінде «Бүгін Есенаман тауына барамыз. Түскілікті сонда, далада ішеміз» деп, біз үшін телпегімізді аспанға атқандай қуанышты хабар айтты. Сірә, «Есенаман тауы» деген атауды осы жолы алғаш рет естіген шығармын. Кідірмей балабақша жанына автобус келіп тоқтай қалды. Көлік толы бүлдіршін «Еліміз қандай көңілді, Жеріміз қандай көңілді, Жырлаймыз шаттық өмірді» деп қосыла шырқап, Есенаман тауын бетке алып, зырлай жөнелдік.

Бөлісу: 

Тағзым

Тағзым

Ұзақ күйшіге кесене тұрғызылды!

 

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округіне қарасты Ақтұлым мекенінде дәулескер күйші-композитор Ұзақ Мырзабайұлына кесене тұрғызылды.

«ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген Ұзақ күйші төкпе күйлердің орындалу мәнерінің негізін қалаушылардың бірі. Күй атасы Құрманғазының ұстазы.Тегі Кіші жүз Байұлы бірлестігіне кіретін Сұлтансиық алаша руындағы Барамықтың Сырлыбайы. Ұзақ күйші Сағырбайдың үйінде болғанда кішкене Құрман 13-14 жаста болған дейді. Ұзақ өзінің «Ұзақ Ақжелең» күйін тартқанда жас Құрманғазы сол күйді аудармай тартып беріп, Ұзақтан бата алған. Кейін күйші ұстазына арнап «Ақжелең» күйін шығарған. Бізге жеткен «Ұзақ Ақжелең» күйінің авторы. А.Жұбанов бұл күйді нотаға Дина Нұрпейісованың тартуында түсіріп, «Құрманғазы» атты кітапқа енгізген. Ұзақтың зираты Қаратөбе ауданының Аққозы ауылдық округі аумағындағы Ақтұлым қорымында. Округ орталығы Қоржын ауылында ұрпақтары тұрады» делінген Қаратөбе ауданының тарихи-танымдық анықтамалығы кітабында.

Бөлісу: 

Алақай

 

Гүлнұр Әсетова – Орал қалалық жалпы білім беретін №12 орта мектебінде оқиды. Оқуда озат. Бос уақытында өлең жазуға талаптанып, қолөнермен айналысқанды ұнатады. Ол жақында әжесіне әдемі, жылы мойыншұлық тоқып берді.

 

Ақ мамама

Күнім менің, ақ мамам,

Жырым сізге арналар, –

Жырдың аты – Жан әжем!

 

Әжем менің – алтын ғой,

Сөзі әжемнің жарқын ғой, –

Ойлағаны асыл ой.

 

Ізгі қасиет бойында,

Жақсы ниет ойында, –

Шаттанады тойында.

 

Атама

Талай түсіп тағдырдың талқысына,

Келдің, ата, сексеннің алтысына.

Жастайыңнан айырылдың ата-анадан,

Соғыс пенен қиындық қатарлаған.

Армандаудан әрдайым жалықпадың,

Тайсалмадың, таймадың, қамықпадың.

Қиындықты жеңіп шыққан қақырата

Сен бізге мақтанышсың, батыр ата!

 

Расул ініме

Міне, бүгін туған күні інімнің,

Арнайыншы бір бөлшегін жырымның.

Бақытты бол, әрдайым да аман жүр,

Ата-анаңның ақ үмітін ақтап жүр.

От боп жанған көздерің,

Былдырлаған сөздерің,

Құлағыма жағады

Сыңғырлаған тәтті үнің.

Гүлнұр Әсетова,

5 сынып оқушысы

Бөлісу: 

Алақай

Алақай

Өнерлі өрендер

 

Нұрила Фархатқызы Орал қаласындағы № 44 жалпы білім беретін орта мектебінің З «д» сыныбында оқиды.

 

ОТАН

Отан – атамекенім,

Өмір сүрген жерлерім.

Бабалардың мирас қып

Ұрпағына бергені.

 

Мен Отанды сүйемін,

Отан деп отқа күйемін.

Байтақ жердің иесі

Халқыма бас иемін.

 

Адамның жүрегі

Өмір өтеді

Жылдар келеді.

Айлар мен күндер

Өтіп кетеді.

 

Адамның жүрегі

Дүрсілдеп жүреді.

Тіршілік ғұмырда

Көп нəрсе біледі.

Нұрила Беркін,

3 сынып оқушысы

Бөлісу: 

Страницы